- •1 Девиантты мінез-құлық проблемасының теориялық негіздері
- •1.2 Жеткіншектер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
- •1.3 Жеткіншектердегі девиантты мінез-құлықты түзетуде психологиялық-педагогикалық іс-шараларының ұйымдастыру негіздері
- •Девиантты мінез-құлықтың алдын-ала түзету шаралары
- •2 Жеткіншек кезеңдегі девиантты мінез-құлықты анықтау және түзету
- •Ч.Д.Спилбергер мен ю.Л.Ханиннің «Жеке адамның үрей мен реактивтілігі шкаласы» (жүрш) әдістемесі.
- •Қалыптастырушы және бақылау эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, өңдеу оның нәтижелері
- •Психологиялық түзету жұмыстарының әдіс – тәсілдері мен ұсыныстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •А қосымшасы
- •Ә қосымшасы
- •Б қосымшасы
- •Джаннет Тейлордың сұрақтар жиынтығынан тұратын оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау әдістемесі.
- •Б қосымшасы
- •В қосымшасы
Девиантты мінез-құлықтың алдын-ала түзету шаралары
1-сурет. Девиантты мінез-құлықтың алдын-ала түзету шаралары
Осы үлгідегі алдын-ала түзету жұмыстары жүйелі де бірізділікпен ұйымдастырылса, жеткіншектердің девиантты мінез-құлқын алдын-алуға болады. Девиантты мінез-құлқы бар тұлғаны психологиялық түзетудің негізгі мақсаты анықталған бағыттар бойынша жағымды мінез-құлық өзгерістеріне жету деуге болады.
Психологиялық кеңес беру, педагогикалық түзету, тренинг, психотерапия арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, оның жекелей, жанұялық және топтық жұмыс түрлері бар. Қазіргі таңда мінез-құлық психологиясындағы әдістерді мынандай негізгі топтарға жіктеуге болады:
мінез-құлықты өзгерту түрткісін ынталандыру;
эмоционалды құбылыстарды түзету;
өзін-өзі реттеу әдістері;
жағымды мінез-құлық қалыптастыру әдістері [62].
Осы әдістерді пайдалана отырып, мінез-құлықты өзгерту түркісін ынталандыруға байланысты көптеген әдістемелер мен тренинг-жаттығуларды қолданамыз. Яғни, түрткімен жұмыс істеу бірінші мінез-құлық кеңесін берудің алғашқы минуттарынан басталады. Алғашқы деңгейдегі сұрақтар оқушылардың неліктен көмек сұрады – оның осы кездесуге келуінің түрткісі қандай дегеннен басталады. Осы алғашқы әдістерде ғылыми әдебиеттерде дәлелденген әр түрлі трениг жаттығуларды жүргізіледі. Мысалы, «Телетайып» жаттығуы, «Ақ лента» жаттығуы және арттерапия. Бұл жаттығулардың бәрі жеткіншектердегі девиантты мінез-құлық бітістерін жағымды мінез-құлыққа ауысуына септігі мол. Жағымды өзгерістер түрткісін ынталандыру мақсатында, психолог өзі қол жеткізе алатын және оқушыларға әсер ететін әдістерді қолдана алады. Осы әдістерді қолданудағы ең маңызды фактор – шынайылық, жауапкершілік, қолдау көрсету және сыйластық қарым-қатынас жасау.
Эмоционалды құбылыстарды түзету девиантты мінез-құлықпен тікелей байланысты. Девиантты мінез-құлық көптеген жағымсыз эмоциялармен, әсіресе мазасыздану, қорқыныш, агрессиямен байланысты. Эмоциональды жағдайды түзетудің екі әдісі бар – олардың күшін азайту және альтернативті реакцияларды өңдеу. Мысалы, трениг-релаксация және сенімділіктерін арттыруға байланысты әдістемелер. Эмоционалды құбылыстарды түзетуде Дж.Тейлордың сұрақтар жинақтамасы, «Жаңбыр астындағы адам», «Үш ағаш», «Өзіңе қол жұмсау» сияқты әдістемелерді басшылыққа алған жөн [63]. Себебі, бұл проективті әдістемелер оқушылардың эмоционалды құбылыстарына жауап береді. Дж.Тейлор әдістемесі жеткіншектердің бойындағы мазасыздық деңгейін көрсетсе, «Өзіңе қол жұмсау» картасы жеткіншек бойындағы қандай да қорқыныш немесе қысымды анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, проективті әдістемелер жеткіншек бойындағы ашуды, қорғану мақсатын, үрейді, өзін мазалайтын мәселелерді анықтау мақсатында қолдануға болады. Эмоциональды жағдайды түзету әдістерін шығармашылықпен, сахналық қойылымдармен, денелік терапиямен, яғни рөлдік ойындар арқылы да түзетуге болады.
Өз-өзіңді реттеу – психологиялық әсер етудің келесі маңызды кезеңі. Релаксация процедуралары арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдістің кең таралған түрін Э.Джекобсон ұсынған тренинг-релаксация түрі. Релаксация тренингтерімен қатар өзін басқару стратегиясын құру әдісі қолданылады. Ол үшін алдымен зерттелушіге өзін-өзі бақылау үйретіледі, яғни өмірде өз мақсатын қоюды, мақсатқа қарай жасалған әрбір қадамды жоспарлағанын, жағымды мінез-құлықты біріктіруін көздейді. Бұл әдісте И.Панариннің «Психогеометриялық фигуралар», «Өзін-өзі бағалау» медитациясы, «Сен арыстансың» релаксацияларын негізгі бағытта қолдануға болады. Осы әдістемелердің бәрі оқушының алға жылжуына септігін тигізеді.
Жағымды мінез-құлықты қалыптастыратын әдістің кең тараған түрі қарым-қатынасты жақсарту. Мінез-құлықты жаттықтыру мінез-құлық ауытқушылықтарында кеңінен қолданылады. Бұл әдіс трениг, топтық ойындар, модельдеу және қойылым қою түрінде жүзеге асады. Тәжірибеде жағымды мінез-құлық қалыптастыру үшін сенімділік тренингтері, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, шешім қабылдау, әлеуметтік қысымға жауап беру, келіспеушіліктерді жою мақсатында қолданылады. Бұл кезеңде «Кім күлкілі», «Ұжымдық сурет», «Тышқан мен мысық» ойындары сияқты басқа жаттығуларды жүргізуге болады. Бұл кезде түрлі мінез-құлық психологиялық жаттығулары, күнделікті жағдай тренингі модельдерге үйрету, видеотехника, топтық пікірталас, өзін бағалау әдістері арқылы жүзеге асырылады [61].
Жеткіншек салауатты өмір салтын қалыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға қарсылықты агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне баулуды, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған мәселелерді әлеуметтік-жағымды құралдарымен шешуге мүмкіндік беретін құндылықтармен қатар қалыптастыру қажет.
Балалар мен жеткіншектер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге асса ғана тиімді болады:
оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;
оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, әлеуметтік педагог, мұғалімдерімен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.
Соңғы жағдай тікелей түрде әлеуметтік қорғалумен байланысты. Оған мыналар кіреді:
оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие үрдісіндегі басқа субъектілердің бұлжытпай орындалуы;
оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;
оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.
Бұл талаптарды орындау жеткіншектердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда жеткіншектерге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
