- •1 Девиантты мінез-құлық проблемасының теориялық негіздері
- •1.2 Жеткіншектер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
- •1.3 Жеткіншектердегі девиантты мінез-құлықты түзетуде психологиялық-педагогикалық іс-шараларының ұйымдастыру негіздері
- •Девиантты мінез-құлықтың алдын-ала түзету шаралары
- •2 Жеткіншек кезеңдегі девиантты мінез-құлықты анықтау және түзету
- •Ч.Д.Спилбергер мен ю.Л.Ханиннің «Жеке адамның үрей мен реактивтілігі шкаласы» (жүрш) әдістемесі.
- •Қалыптастырушы және бақылау эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, өңдеу оның нәтижелері
- •Психологиялық түзету жұмыстарының әдіс – тәсілдері мен ұсыныстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •А қосымшасы
- •Ә қосымшасы
- •Б қосымшасы
- •Джаннет Тейлордың сұрақтар жиынтығынан тұратын оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау әдістемесі.
- •Б қосымшасы
- •В қосымшасы
Қалыптастырушы және бақылау эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, өңдеу оның нәтижелері
Қалыптастыру эксперименті барысында жеткіншектер мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды жоюға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзіндік реттеу және өзіндік құндылық бағдарларын дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесі мен оны ұйымдастыру формалары сараланды. Оның нәтижесінде жеткіншектердің бойындағы теріс іс-әрекеттер жойылады, жеткіншектердің өмірге деген көзқарастары өзгереді, өзің керексіз, оқшау қалғандай сезінбейді, яғни өзін-өзі бағалау қасиеті жоғарылап, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Қалыптастырушы эксперименттің негізгі міндеті – девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді психологиялық-педагогикалық жұмыстар арқылы жағымды қасиеттерін қалыптастыру, дамыту жұмыстарын жүргізу.
Қалыптастырушы эксперимент кезінде психологиялық-медициналық жұмыстардың көмегімен, жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды жою мақсатында әр түрлі психологиялық мәні бар әдістемелер мен тренинг-жаттығулар қолданылды.
Қалыптастырушы эксперименттің: бірінші кезеңі- бағдарлаушы кезең; психотехникалық жаттығулар жүргізу арқылы балалардың өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі түсіне білудегі кедергілерді қалыпқа келтіруге бағытталды. Жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-құлықты жеңу мен төмендетуге арналған психологиялық тренинг жүргіздік. Тренингтің мақсаты агрессивтілік деңгейін төмендету, өзінің мінез-құлқын ырықты басқаруға қабілеті мен мүмкіндіктерін қалыптастыру. ««Өзін-өзі бағалау”»медитациясы, «Сен арыстансың!» релаксация, «Кім күлкілі күледі?» тренинг-сабақ, «Ұжымдық сурет» тәрбие сағаты, «Тышқан мен қақпан» ойындары жүргізілді [63].
Оқушыларға О.А.Матвееваның [59] «Развивающая и коррекционная работа» әдістемелерінен «Мен кіммін?» – деген өзін-өзі анықтауға арналған тестісін жүргізіп «Өз-өзіңді қабылдау» - сызбасын толтыруды талап еттік. Экспериментке 19 бала (үрейі 12-і орташа деңгейлі, ал 7-бала үрейі жоғарғы) қатысты.
11-кесте-«Өз-өзіңді қабылдау» әдісінің сипаты
Менің жетістіктерім |
Менің кемшіліктерім |
|
|
«Өз-өзіңді қабылдау» диаграммасын толтыруға 10мин уақыт берілді. Бұл диаграмма баланың қаншалықты өзің бағалау мақсатында жүргізілді. «Өз-өзіңді қабылдау» диаграммасын толтырылып болған соң, оқушыларға «Мен кіммін» әдістемесі өткізілді. Бұл әдістеме оқушының ата-анасы мен құрбы-құрдастарының ойынша қандай екендігі анықталады. Жеткіншектер өз ойлары бойынша бір нұсқаны белгілейді. Белгілеп болған соң, оқушылардың «сәтті» және «сәтсіз» жауаптары саналады.
12-кесте- «Мен кіммін?»- әдістемесі бойынша нұсқау
№ |
Эпитеттер |
Ата-анасының жауаптары |
Құрбыларының пікірі |
||
Сәтті жауап |
Сәтсіз жауап |
Сәтті жауап |
Сәтсіз жауап |
||
1 |
Сүйкімді |
мені жақсы көреді |
сүйкімсіз |
келісемін |
ұнамайды |
2 |
Істер |
істерімен разы |
Ештене жасағысы келмейді |
кез-келген істе істей алады |
Ештене білгісі келмейді |
3 |
Батыр |
әлі де батылдыққа ұмтылу |
қорқақ |
Өте еңбекқор |
еріншек |
4 |
Адал |
адалдығыма сенеді |
өтірікші |
Адал дос |
Адал дос емес |
5 |
Бауырмал |
өте бауырмал |
қатыгез |
жаны ашығыш |
ешкімге жаны ашымайды |
6 |
Қабілетті |
әртүрлі істерге қабілетті |
төмен қабілетті |
қолынан бәрі келеді |
Еріншектігі басым |
7 |
Белсенді |
екі айтқызбайды |
жалқау |
белсенділігі жоғары |
Белсенділігі төмен |
8 |
Ақкөңіл |
қолы ашық |
сараң |
ылғи көңілді |
уайымшыл |
9 |
Ақылды |
жаман іске бармайды |
ақылы аздау |
сабақта байқалады |
білмеймін |
10 |
Мәдениетті |
өзін-өзі ұстайды |
дөрекі |
мәдениетті |
өте аз мәдіниетті |
Баланың «сәтсіз» жауабы жалпы үрей деңгейімен көрсетіледі. Үрейленген балалар көп жағдайда 6(алты) және одан да көп «сәтсіз» жауап береді. Деңгейлер:
0-2- «сәтсіз» жауабы төменгі үрей көрсеткіші – оқушының ата-анасымен, құрбы-достарымен қарым-қатынасы жақсы, ешқандай мәселе жоқ, өзін-өзі бағалау қабілеті жоғарғы оқушылар.
2-5 – «сәтсіз» жауабы орташа үрей көрсеткіші – өзін орташа деңгейде бағалайды, аз деңгейде қарым-қатынаста қиындыққа ұшырайды, өзіне толықтай сенбейді.
6 немесе одан да көп – «сәтсіз» жауабы жоғары үрей көрсеткіші – бұл оқушылар қарым-қатынасқа түскенде қиналады, бойында үрей жоғарғы деңгейде, қандай да көмекті қажет етеді.
13-кесте- Эксперимент тобының үрей деңгейін зерттеу нәтижесі
№ |
Аты-жөні |
Берілген жауаптар |
|
«сәтті» |
«сәтсіз» |
||
1 |
Аманжол |
9 |
1 |
2 |
Тоғжан |
7 |
3 |
3 |
Байтөре |
6 |
4 |
4 |
Арайлым |
8 |
2 |
5 |
Мұхтар |
4 |
6 |
6 |
Дамир |
6 |
4 |
7 |
Нұрхан |
8 |
2 |
8 |
Ержан |
9 |
1 |
9 |
Альбина |
7 |
3 |
10 |
Ернақ |
4 |
6 |
11 |
Ақбаян |
7 |
3 |
12 |
Ақжол |
8 |
2 |
13 |
Бекзат |
2 |
4 |
14 |
Нұржігер |
7 |
3 |
15 |
Темірлан |
2 |
8 |
16 |
Карина |
9 |
1 |
17 |
Аружан |
7 |
3 |
18 |
Абылай |
6 |
4 |
19 |
Мадина |
8 |
2 |
8-сурет. Зерттеу нәтижесі бойынша үрей деңгейінің нәтижелік көрсеткіші бойынша
төменгі деңгей – 7 оқушы - 38,5%
орташа деңгей – 9 оқушы – 45%
жоғары деңгей –3 бала– 12,5%
Жеткіншектердің эмоциялық жағымды көңіл-күйін тұрақтандыру, жағымды жағдайлар жасау арқылы мінез-бітістеріне әсер етуді қалыптастырдық.
Эксперименттің екінші кезеңін жеткіншектер мен ата-ана қатынасын зерттеуді және ата-аналарымен ынтымақтаса отырып мінез-құлықтарына жағымды әсер етуді көздедік. Ата-аналарымен жұмыс істеудің жоспарын құрдық:
Ата-аналар жиналысын өткізу
Ата-аналармен анкета жүргізу
Ата-аналармен дербес жұмыс істеу
Ата-аналармен өте тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнату барысында «Жеткіншек жастағы балалар психикасы», «Өтпелі кезең ерекшеліктері», «Девиантты мінез-құлықты бала қайдан шығады» (қосымшада) - деген тақырыптарда ата-аналарға жиналыс өткізілді ( сынып жетекші мен психологтың көмегімен). Ата-аналар жиналысқа 72% келді. Басында ата-аналар жаратпай, сөйлегісі келмей, қарым-қатынасқа әзер түсті. Біртіндеп жеткіншектермен тәрбиедегі өз бастарындағы қиындықтарын сынып жетекшісі арқылы айта бастады. Соңына әртүрлі сұрақтар қойып, ашыла түсті. Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар нәтижелі болып, ата-ана мен мектеп ұжым арасын одан әрі нығайта түсті. Ата-аналарға анкета таратылып, жауаптарының нәтижелері мынадай болды:
14-кесте- Ата-аналардың ойынша анкеталық талдау қорытындысы (%)
№ |
Көтерілген мәселе |
Жауаптар жиыны |
1 |
Қандай тәртіп формаларын мөлшерден ауытқу деп атар едіңіз? |
75%-мектеп тәртібін бұзу 25-үйден қашу |
2 |
Өз балаңыз немесе құрдастары арасында қайсысы көп таралған? |
Көп ата-ана құрдастары арасында ондай олқылықты байқамадық деп жауап береген. |
3 |
Күніне қанша рет уақыт көңіл бөлесіз? |
75% - әрқашан 25%- 1 рет, уақыт бола бермейді |
4 |
Сабақтан тыс бос уақытта балаңыз не істейді? |
65%- достарымен 35%-үйде болады |
5 |
Сіздің ойыңызша тәртіптің мөлшерден ауытқуына негізгі себеп? |
95%-қатты әсер алуға талпыну 5%- денсаулығына |
6 |
Балаңыздың қиын ортаға кіріп кетуіне қорқасызба? |
100%-иә |
7 |
Егер үрей туса, не нәрседен? |
Көп ата-ана қоршаған ортадан деп жауап берді. |
8 |
Сіздің ойыңызша, неліктен жеткіншектердің қылмыс жасауы мөлшерден ауытқу болып саналады? |
85%- ережені сақтамағандықтан 15%-білмеймін |
9 |
Егер Сізден көмек сұраған жағдайда қандай жәрдем берер едіңіз? |
100%-қолдан келген көмекті |
10 |
Тәртіптің мөлшерден ауытқуын қандай түрлері, Сіздің ойыңызша үлкендердің араласуына алып келеді? |
2 нұсқаны да 100% ата-ана қолдады |
Ата-аналармен жүргізілген жұмыстардың көмегі мол. Себебі, қандай да тәрбиелеу процесін жүргізу барысында мақсатты түрде, нәтижелі болу үшін екі жақты қарым-қатынас болуы керек. Көптеген ата-аналардың өз балалары үшін бәрін жасауға дайын екендіктерін, сонымен қатар өз балаларының өмірлеріне өздері жауап беретіндіктерін де айтты. Баланың сыныптан тыс бос уақытын тиімді ұйымдастыруға өздерінің де ойларын ортада салды. Көптеген оқушылар өздерінің бос уақыттарында ата-аналарына көмектесетіні және өз бауырларына қарайтындығы айтылды. Көптеген оқушылардың ата-анасы өз балаларының өз уақытын тиімді өткізетінін, яғни шығармашылық үйірмелерге, спорттық үйірмелерге баратындарын айтты. Ал кейбір ата-аналар заман талабына сай техниканың жаңаруына байланысты өз балаларының интернет желісінде отыратындарын да жасырмады. Қазіргі уақытта барлық білім беру мекемелерінде ұялы телефондарға шектеу қою, бала денсаулығы үшін де, бала назарын басқа затқа аудармау үшін де тиімді ереже екендіктерін ата-ана ұжыма қолдады. Бұл ереженің қолдануы, ата-ана үшінде, балалар үшін де тиімді екенін айтты. Яғни, ұялы телефондардың қолданылмауы оқушылар арасындағы қарым-қатынастың бұзылмауына, яғни бәсекелестің алдын алуға, қызғаныш немесе көре алмаушылықтың алдын алуға, сонымен қатар оқушының назарын сабақтан басқа ештененің алаңдатпауы, сабаққа деген қызығушылықтарының артуына алып келеді.
Жеткіншектік жастағы психофизиологиялық ерекшеліктердің бала мінезіндегі көріністері жайлы сөз қозғалғанда, көпшілік ата-ана қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, өздері ортақ ойларын ортаға салды. Біздің ата-аналармен жүргізілген жұмыстар жүйелі түрде өз нәтижесін берді.
Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезеңі эксперимент тобындағы жеткіншектермен жалғасты. Бұл кезеңде мазасыздық деңгейі әліде орташа деңгейдегі жеткіншектердің өз ата-аналары, отбасымен қарым-қатынасын білу мақсатында ұйымдастырылды. «Телетайп» жаттығуы, «Ақ лента» жаттығуы, Дж.Тейлор сұрақтар жинақтамасы, «Жаңбыр астыңдағы адам» әдістемесі, «Үш ағаш», «Суицид картасы» т.б. тренинг-жаттығулар жүргізілді. «Үш ағаш», «Жаңбыр астыңдағы адам», «Өмірде жоқ жануар» әдістемесі – анықтау әдістемесінде жеткіншек пен ата-ана арасындағы бала күйзелістеріне ерекше мән беруді негізге алдық және тапсырманы орындау барысында белгіленді.
«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі «Әлемде жоқ жануар» әдістемесі
«Үш ағаш» әдістемесі
9-сурет. Эксперимент тобында жүргізілген проективті әдістемелердің көрінісі
Суретте көрсетілгендей қалыптастырушы экспериментте жеткіншектердің жұмыстары бейнеленген. Ең бірінші «Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі бойынша, яғни түрлі-түсті қаламдарды пайдаланған, жаңбырдың тамшылары болса да ол түрлі-түсті боялғандықтан, жеткіншек қандай проблема болмасын оны қалыпты қабылдай алады. Бұл жеткіншектің бойында ешқандай үрей бар деп айта алмаймыз. Қолындағы қолшатырдың өзі қорғануды білдіреді. Яғни, қандай мәселе туындамасын оны қорғайтын, жақын адамдарының бар екенін, соларға сенетінін көрсетіп тұр. Бірақ баланың бойында аздап қана үрей белгісі көрінеді. Ал, екінші «Әлемде жоқ жануар» әдістемесі бойынша, суреттің пішініне қарап, бұл жеткіншектің өзің жоғары бағалайтынын, бірақ шектен тыс үлкен салынуы, бұл қоршаған әлемді өзіне қарату, өзін мойындатуды көрсетеді. Эгоцентризм басым, көп жағдайды тек өзін ойлайды, жан-жағы инелі бөлшектерден тұрғандықтан, бұл қорқынышты, агрессияны білдіреді. Қауырсыны өзін-өзі анықтауға, өз-өзін әсемдеуге деген тенденция. Шешім қабылдайтын кезде қызбалық, сенімсіздікті көруге болады. Өткір түстерді пайдалану басқаларға деген сенімсіздін және кез келген сәтте өзін қорғауға дайын тұрады. Суреттің қатты тонда боялуы, оқушы бойындағы энергияны көрсетеді. Сонымен қатар, «Үш ағаш» әдістемесі бойынша, бұл әдістеменің мақсаты жеткіншек пен ата-ананың қарым-қатынас деңгейін анықтауға арналған. Бұл суретте жеткіншек өзінің әкесін үлкен ағашты салған, бұл отбасындағы әке орнының ерекше екенін, әкенің рөлі бірінші және отбасындағы билік әке арқылы жүзеге асыратындығын көруге болады. Суретте жасыл, қоңыр түстерді пайдаланған. Бұл түстердің өзіндік «+» және «-» жақтары бар. Мысалы, жасыл түс – үмітті. Жақсылықты білдірсе, оның «-» белгісі жеткіншектің әлі есеймегендігін, қандай да уайым бар екенін көрсетеді, ал қоңыр түс – ата-ананың махаббатын, балаға көңіл аударын білдіреді, оның «-» жағы балшық және жердің түсі болғандықтан бала бойындағы үрейді білдіреді.
Бөлшектерді салу реті, суреттің қағазда орналасуы, қандай түстермен боялуы, өшіруі, баланың пікірлері, эмоционалды реакцияларымен қатар олардың қандай да бір көмекті қажет ететіні және де ішінде айта алмай жүрген проблемаларының кескін мазмұны, зерттеу нәтижесі өнделді. Жеткіншектер бойындағы қандай да бір олқылықтарды жою мақсатында тренингтер өткізілді.
Үрей көрсеткіштері нәтижесінде үрейі жоғары деңгей 3 бала (16,5%) анықталды.
Людмилла Анның [63] «Психологический тренинг с подростками» - әдістемесіндегі «Өзіңді сүй», «Өзіңді-өзің қабылдау», «Өзіңді-өзің сыйлау», «Өзіңді-өзің құпта», «Өз-өзіңнің қалауың бойынша өмір сүр» - психотехникалық жаттығулар жүргізілді. Нәтижесінде жеткіншектер өз-өздеріне деген сенімділігі, шыдамдылығы, айналасындағы адамдарға мейрімділігі мен жанашылықтары өзгере бастады.
Людмила Анн келтірген «Жеке бастық дифференциал» әдістемесі арқылы жеткіншектердің жеке басы қасиеттерін, сана - сезімін және қарым – қатынас ерекшеліктерін анықтауды мақсат еттік. Әдістемеде жеке адамның 21 қасиеті іріктелген. Қатысушы жеткіншектер өздері таңдаған қасиеттерін өздері анықтап, белгіледі. Мысалы:
+ Сүйкімді 3 2 1 0 1 2 3 – Сүйкімсіз
3 – максималды - ең жоғарғы қатынас. Көрсетілген саннан өзіне жақын санды, біреуін ғана белгілейді. Соңынан әр фактор бойынша сандардың қосындысы есептеледі. Фактордың екі белгісі: (-) (+) бар. Таңдаған қасиеттердің жиыны қосу арқылы мәліметтер өңделеді. Жеке бастық диффренциал әдістемесі арқылы жеткіншектердің
өзін - өзі бағалау, құрметтеу (Б);
өз - өзіне сенімділігі (С);
өз-өзінің белсенділігі немесе экстраверттілігі (Э) факторларын анықтауды көздедік.
15-кесте- «Жеке бастық дифференциал» - әдістемесі
Фамилиясы Сыныбы ______________________ Жынысы ______________________ Жасы ________________________
|
||
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Сүйкімсіз |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Мықты |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Үндемейтін |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Адал ниетті |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Көнгіш |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Ашық |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Өзімшіл |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Тәуелсіз |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Баяу |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Қайырымды |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Тартыншақ |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Жігерлі |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Әділетсіз |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Ынталы |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Жайлы, баяу |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Жылы шырайлы |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Сенімсіз |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Көпшіл |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Арам ойлы |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
+ Дербестік |
|
3 2 1 0 1 2 3 |
- Сабырлы |
Нәтижелері барлық жиналған факторлар бойынша сандардың қосындысы есептеледі:
ЖД = (Б+С+Э):
46-60 – жоғарғы деңгей – белсенділігі күшті, басқа адамдармен қарым-қатынасқа тез түсе алады, өзіне сенімі мол, өзін бағалай алатын, жауапкершілігі мол оқушылар.
33-45 – орташа деңгей – өзіне сенімділігі орташа деңгейде, істеген жұмыстарына күмәнмен қарайды, қарым-қатынасқа тез түсе алмайды, қандай да бір қорқыныш сезімі байқалатын оқушылар.
20-32 – төменгі деңгей – қарым-қатынасқа түсу өте қиын, өзіне сенбейді, өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен, жауапкершіліктен қашады.
Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезеңіндегі «Жеке бастық дифференциал» әдістемесі бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі төмендегі көрсетілген.
10-сурет. Эксперимент А тобының «Жеке бастық дифференциал» әдістемесі бойынша көрсеткіштері
Жоғарғы деңгей 18 бала – 78%
Орташа деңгей 5 бала – 22%
«Жеке бастық дифференциал» әдістемесі бойынша жеткіншектердің көпшілігі өзін-өзі бағалап, құрметтейтін, өзін-өзі түсінетін, әрі өз іс-әрекетіне сын көзбен қарайтын, өздеріне сенімді, қиыншылық жағдайда өздерін ұстай алатын, белсенді, қарым-қатынасқа еркін түсе алатындықтарын көрсетті. Мұндай көрсеткіштерді көрсетудің өзі жеткіншек бойындағы девиантты мінез-құлықтың жағымды мінез-құлық бітістеріне өзгеруі деп байқауымызға болады. Бұл әдістеме жеткіншек бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыра отырып, түзету-дамыту жұмыстарының нәтижелігін көрсетеді. Яғни, эксперимент тобында басым көпшілігі жоғарғы деңгейді көрсетті. Жоғарғы деңгейлі оқушылар өте белсенді, жауапкершілігі мол, бастаған ісін соңына дейін жеткізе алатын, өзіне сенетін және өзін бағалайтын оқушылар.
Эксперименттік бөлімнің соңғы кезеңі бақылау экспериментті. Бақылау эксперименті кезеңінде бастапқы анықтаушы эксперименте жүргізілген әдістемелер қайтадан эксперимент және бақылау топтарына жүргізілді. Анықтаушы экспериментте жүргізілген Ч.Спилбергер мен Э.Л.Ханиннің «Жеке үрей мен реактивтілік шкаласы», заманауи талаптарға сай әр тоқсан сайын өткізілуге тиіс мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында «Юнисеф» сауалнамасы және проективті әдістің бірі Г.Роршахтың «Сия дағы» әдістемелері қайтадан жүргізілді. Бақылау экспериментінде қайтадан жүргізілген бұл әдістемелердің қорытындылары, бастапқы анықтаушы эксперимент кезеңде жүргізілген нәтижелері елеулі өзгерістерге ұшырады. Анықтаушы экспериментте жүргізілген Ч.Д.Спилбергер мен Ю.Л.Ханиннің «Жеке адамның үрей мен реактивтілігі шкаласы» (ЖҮРШ) әдістемесі қайтадан қолданылды. Анықтаушы эксперименттегі нәтиже бойынша елеулі өзгерістерді көрсетті. Алғашқы нәтиже бойынша эксперимент топта жоғары үрей көрсеткішін 31%-ы көрсетсе, ал бақылау экспериментінде 0%-ға дейін өзгерді, ал орташа көрсеткіш алғашқы нәтиже бойынша 52%–дан 26%-ға, ал төмен деңгей керісінше 17%-дан, 74%-ға дейін жоғарылады. Ал бақылау тобында елеулі өзгерістер бола қойған жоқ.
11-сурет. Анықтауыш экспериментте жүргізілген алғашқы нәтиже көрсеткіші
12-сурет. Бақылау экспериментте жүргізілген соңғы нәтиже көрсеткіші
Сонымен қатар анықтаушы экспериментте өткізілген оқушылардың психологиялық жай-күйін анықтау мақсатында «ЮНИСЕФ» сауалнамасы жүргізілген болатын. Бұл сауалнама барлық мектептерде әр тоқсан сайын заман талабына сай өткізіледі. Осы сауалнаманы да қайтадан өткіздік. Көріп тұрғанымыздай көп өзгерістер болған. Жоғарғы деңгейлі оқушыларды байқамадық.
13-сурет. Анықтауыш эксперимент бойынша алғашқы нәтиже көрсеткіші
14-сурет. Бақылау эксперимент бойынша соңғы нәтиже көрсеткіші
Бақылау экспериментінде жүргізілген «Юнисеф» мазасыздық деңгейі бойынша жүргізілген әдістеме көрсеткіштерінде де өзгерістерді байқадық. Анықтаушы экспериментте эксперимент тобында мазасыздық деңгейі жоғары 26%-ды көрсетсе, ал бақылау эксперимент нәтижесі бойынша жоғарғы мазасыздық деңгейі жойылған, ал орташа көрсеткіш 57%-дан 22%-ға, ал мазасыздық деңгейі төмен оқушылар саны артты, яғни 17%-дан 78%-ға дейін жоғарылаған. Бұл дегеніміз эксперимент тобында мазасыздық деңгейі жойылып, өздеріне сенімді оқушылардың деңгейі артқан. Ал бақылау тобында елеулі өзгерістер бола қойған жоқ.
Анықтаушы экспериментте жүргізілген тағы бір әдістеме Г.Роршахтың «Сия дағы» деп аталатын әдістемесі. Бұл әдістемені де қайтадан жүргіздік. Бұл әдістеме жеке тұлғаның мінез-бітістері мен шығармашылығы мен дарындылығын анықтауға бағытталған.
15-сурет. Анықтауыш экспериментте жүргізілген алғашқы нәтиже көрсеткіші
16-сурет. Бақылау экспериментте жүргізілген соңғы нәтиже көрсеткіші
Көріп тұрғанымыздай көптеген оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылығы жоғарылаған. Кей оқушылардың қарым-қатынас деңгейі мен тіл табысушылықтары артқан. Үрей көрсеткіштері де төмендеген. Оқушылардың ойлау қабілеттері мен зейіннің артуы да байқалады. Жеткіншектердің басым бөлігі өздерінің экстраверт екендіктерін байқадық. Бұл біздің жүйелі түрде жүргізілген түзету-дамыту жұмыстардың нәтижесі, яғни болжамымыздың дәлелденгендігін білдіреді.
Бақылау сыныбында анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша елеулі өзгерістер болған жоқ
Алынған мәліметтерді негізге ала отырып, келесі тұжырым жасауға болады: сынып жетекшінің, ата-ананың, психологтың біріккен іс-әрекетінің нәтижесінде, сонымен қатар дұрыс таңдалған әдістемелер мен трениг-сабақтардың жеткіншектердің мінез-құлқындағы елеулі ауытқшылықтарды өзгертуге, алдын-алуға болатынын көрсетті. Жеткіншектердің өміріндегі ең басты рөлді алатын – ата-анасы. Оқушылардың ата-аналары мен сынып жетекшінің біріккен іс-әрекеті нәтижелі жұмысты беретіні белгілі. Сондықтан сынып жетекшісі жалпылай түрде емес, әр оқушымен нақты жеке-жеке дұрыс жұмыс жүргізуі қажет. Оқу – тәрбие процесі кезінде ата-ананың да, сынып жетекшінің де ескеруі қажет жәйттерде бар. Оларға:
баланың тілегі, ынта жігері;
баланың өзіндік қызығушылығы;
баланың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеруі;
шектен тыс қысымның түспеуі, жазалау әдісінің жоғарғы дәрежеде болмауы;
баланың бос уақытын тиімді де пайдалы ұйымдастыра білуі. Олардың бәрі жеткіншек бойындағы қандай да бір ауытқушылықтардың жойылуына және жеткіншектердің өзіндік реттелуіне пайдасы зор.
Ұсынылған тапсырмалар жүйесінде тапсырмалар біртіндеп күрделендірілді. Олардың орындалуы оқушылардың қабілеттерінің даму деңгейін көрсетті.
Сонымен, жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу кезінде оқушыларда пайда болатын қиындықтарды атай отырып, олардың қандай да бір қиындықты жеңе алатындығына көз жеткіздік. Бойындағы үрей сезімдері мен өз-өзіне сенімсіздігігің жойылғандығы, психологиялық тренинг-жаттығулар мен ойындардың, мән – мағынасы бар тренинг-сабақтардың әсер еткеніне көз жеткіздік. Жеткіншектердің мінез-құлқына әсер етуші факторлардың алдын алып, жаңа нәтижелерге көз жеткіздік Эксперименттің қалыптастыру кезеңі жаңа әдістемелерді тиімді қолдану оқушылардың мінез-құлқының дұрысталуына, өзіндік құндылықтарды дамытуға елеулі әсер ететініне, сондай-ақ оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, өмірге деген көзқарастарын түбегейлі өзгерткенін көрсетті.
Осындай арнайы өткізілген сабақтар арқылы бірнеше әдістемелерді, психологиялық ойындарды қолдана отырып, оқушылардың танымдық қабілеті дамып, өзіне деген сенімділігінің арқасында, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы жақсарып, сынып ұжымында әр баланың өзіндік құндылығының пайда болғандығы және өзін құрметтеуі мен сыйлауы, бойындағы үрей-қорқыныштың жойылуына септігін тигізді деп айтуға болады. Оған қалыптастырушы эксперименттен соң жүргізілген бақылау, сауалнама, әдістеме нәтижелерінен көз жеткізуге болады.
