Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дрысталанннн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
574.05 Кб
Скачать
    1. Психологиялық түзету жұмыстарының әдіс – тәсілдері мен ұсыныстар

Девиантты мінез-құлықтың қарастырылған себептері мен мінез-құлық ауытқушылығы бар тұлғаларға берілетін психологиялық көмектің негізгі бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді:

  • позитивті құндылықтарды қалыптастыру, әлеуметтік талаптарды орындауға бағытталу мен өзін сақтау;

  • өзін-өзі реттеуді жетілдіру;

  • стреске тұрақтылығын дамыту;

  • өмірлік мәні бар біліктерді қалыптастыру;

  • бейімделмейтін мінез-құлықтың көрінуін ығыстыру немесе азайту;

  • жеке тұлғаның әлеуметтік жағымды жаңа тәжірибесін кеңейту;

  • әлеуметтік бейімделу деңгейін күшейту.

Девиантты мінез-құлқы бар тұлғаны психологиялық түзетудің негізгі мақсаты анықталған бағыттар бойынша жағымды мінез-құлық өзгерістеріне жету деуге болады.

Психологиялық кеңес беру, педагогикалық түзету, тренинг, психотерапия арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, оның жекелей, жанұялық және топтық жұмыс түрлері бар. Қазіргі таңда мінез-құлық психологиясындағы әдістерді мынандай негізгі топтарға жіктеуге болады:

  • мінез-құлықты өзгерту түрткісін ынталандыру;

  • эмоционалды құбылыстарды түзету;

  • өзін-өзі реттеу әдістері;

  • жағымды мінез-құлық қалыптастыру әдістері [62].

15-кесте- Қалыптастырушы экспериментте өткізілген тренинг-жаттығулар мен әдістемелер (қосымшада толық нұсқа)

Әдіс-тәсілдер

Әдістеме, тренинг, сауалнамалар

Мақсаты

1

1

Мінез-құлықты өзгерту түрткісін

ынталандыру

«Телетайп» жаттығуы,

Жеткіншектердің қайта позитивті бейімделуін, әлеуметтік бейімделуін түзету.

«Ақ лента» жаттығуы,

Өмірлік мақсатын анықтауды дамытып, болашаққа өз-өзін баулуғаүйрету, жағымсыз мінезден арылуға көмектеседі

арттерапия

Оқушылардың өзің еркін сезініп, ой ойлары мен шығармашылығын дамыту.

2

Эмоционалды құбылыстарды түзету

Дж.Тейлор сұрақтар жинақтамасы

Оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтайды

«Жаңбыр астыңдағы адам» әдістемесі

Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді, оқушының ішкі жан дүниесіне үңілу.

«Үш ағаш» әдістемесі

Жеткіншектердің өздерінің отбасы, яғни ата-ана, апа-қарындастарының қарым-қатынасын анықтау мақсатында

«Өзіңе қол жұмсау картасы»

Оқушылар арасындағы суицидтің алдын-алу жолдары

3

Өзін-өзі реттеу әдістері

И.Панарин тесті

«Психогеометриялық фигуралар»

Әрбір жеке тұлға өзінің бойындағы жаңа қасиеттерді біле алады және ол қасиеттерін көрсете алуы

««Өзін-өзі бағалау”»медитациясы

Өзін-өзі тану, өзі туралы ойын дамыту.

«Сен арыстансың!» релаксация

Бойындағы кері әсерлерден арылтып, сенімін арттыру

«Кім күлкілі күледі?» тренинг-сабақ

Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкі рөлінің маңызы жөнінде түсінік беру

4

Жағымды мінез-құлық қалыптастыру әдістері.

«Ұжымдық сурет» тәрбие сағаты

Оқушылардың бір-біріне деген жылы сезімін оятып, қиялын дамыту.

«Тышқан мен қақпан» ойыны

Оқушылардың өз қорқынышын жеңуге және ептілікке үйрету мақсатында

Дана халқымыз «Аурудың алдын ал» демекші кез келген мәселенің пайда болмай тұрып жойған жөн. Жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтары тек қана отбасы жағдайы емес, сонымен қатар мектеп ұжымы мен әлеуметтік ортасына да байланысты. Жеткіншектердің мұндай олқылықтарының алдын-алу шараларының отбасымен жүргізілетін, яғни девиантты іс-әрекетке ие балаларының ата-анасымен одақтасу, педагогикалық отырыстар ұйымдастыру. Ал мектеп ұжымы: директор, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, психолог, әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, сынып жетекшілерінің бірігуімен жүргізіледі. Ол іс-шараларға:

  • білім және бос уақытын дұрыс өткізудің негізгі бағдарламасын жасау;

  • психолгиялық-педагогикалық ағарту жұмыстары, сауықтыру шаралары;

  • девиантты оұушылардың диагностикасы мен зерттеу картасын жасауы. Ал, оған қоса әлеуметтік ортаның: білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы, құқық қорғау саласының бірігуімен жүргізілетін шараларға:

  • арнайы оқу бағдарламасын жасап, ата-анамен бірлесе жұмыс жасау;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды біріктіру;

  • девиантты іс-әрекетке ие балалардың қызығушылығын қорғайтын нормативтік-құқықтық базаны жақсарту.

Жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды алдын-алу шаралары тиімді түрде жүргізілуі тиіс. Сондықтан тек мәселені анықтап, талдап қана қоймай, жеткіншектерді түзетуге ұсыныстар беруді жөн көрдік. Мына жағдайды есте ұстаған жөн:

  • девиантты жеткіншектердің жақсы қасиеттерін анықтап арттыру, шыңдау, мадақтау, белсенділігін арттырып, ынтасын қолдау;

  • спорт, өнер, техника, қоғамдық жұмыстарға қызықтыру және қатыстыру;

  • сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерлің оқушының ар-намысына тимеуі;

  • оқушыны орынсыз жазаламау, барлық оқушыны өз баласындай көріп, объективті түрде бағалау.

Осы аталған жағдайлардың бәрін ескере отырып, жеткіншектермен әр түрлі қарым-қатынас жасай отырып, оларды жеке-жеке бақылап, әрқайсысымен жүйелі жұмыс жасау керек. Жеткіншектердің мінез-құлқын реттеу мен өзіндік болжау жұмысы көп факторлы құбылыс, сондықтан оны іс жүзінде асыруға ата-анаға көмектесу мақсатында, психологиялық жағынан мұғалімдер мен психологтар, әлеуметтік педагогтар мен заң қызметкерлерінің көмегі ауадай қажет. Өйткені, біздің ойымызша мінез-құлығында ауытқушылығы бар оқушылар бала тәрбиесі дұрыс ұйымдастырылмаған және икемі жоқ отбасылардан шығады.