Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дрысталанннн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
574.05 Кб
Скачать

1.3 Жеткіншектердегі девиантты мінез-құлықты түзетуде психологиялық-педагогикалық іс-шараларының ұйымдастыру негіздері

Жалпы білім беретін мекемелерінде мұғалім оқу-тәрбиелеу үрдісінде және түзету педагогикалық іс-шарасында ең басты тұлға болып табылады. Ол ерекше педагогикалық ықыласты қажет ететін оқушылармен түзету педагогикалық үрдісін ұйымдастырады, нақты мазмұнын анықтайды және жүзеге асырады. Ол оқушылар мен ата-аналар арасында байланыс орнатады, қарым-қатынасты түзетеді, балалар мен жеткінщектердің дамуы мен мінез-құлқындағы кемшіліктердің алдын алуға және жеңуге бағытталған нақты әдістер мен амалдарды іріктейді және қолданады.

Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық әрекеті көпаспектілігімен және көпфункционалдығымен ерекшеленеді. Мұғалім оқушылармен әр түрлі бағыттардағы санаттармен жұмыс жүргізу барысында дефектолог, әдеуметтік-педагог қызметтерін атқарады. Мұғалімнің түзету педагогикалық әрекеті біріңғай педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі болып табылады, ал мұғалім – оның белсенді қатысушысы. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушының дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтын алдын алу және жеңу міндеттерін жүзеге асыру үшін, мұғалім педагогикалық үрдістің қатысушысы болып қана қоймай, оны жүзеге асыруға педагогикалық, физикалық және интеллектуалды, адамгершілік, ең бастысы – кәсіби тұрғыдан дайын болу қажет. Яғни, мектептің әр мұғалімі оқушылармен кәсіби – педагогикалық әрекетке дайын болумен қатар, дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушылармен де түзету педагогикалық жұмыс жүргізуге дайын болу керек.

Педагогикалық жұмыс жүргізуге дайындық интегралды үлгі ретінде де, мұғалімнің жеке тұлғасының ерекше жай күйі ретінде де көрініс табады, бұл оның бірнеше құрылымдарының өзара әсері кезінде көрінеді: мотивациялық – құндылық, танымдық, эмоционалды – еріктік және рефлекстік. Мінез-құлықты түзету ауытқушы мінез-құлықты тұлғаға психологиялық ықпал етудің ең адекватты және тиімді формаларының бірі болып табылады. Ол тікелей мінез-құлықты өзгертуге бағытталған және айқын тәжірибелік сипатта болады. Бихевиоризмнің пайда болғаннан бері және бүгінгі таңға дейін тұлғаның мінез-құлқы көбінесе сыртқы әрекеттермен байланыстырылады. Қазіргі таңда ол классикалық мінез-құлық теориясы, танымдық әдіс, әлеуметтік ілім теориясы, нейропсихология секілді бірнеше бағыттың синтезі болып табылады.

Психологиялық білімдерді енгізу заңды түрде «мінез-құлық» ұғымының тереңдеуіне әкелді. Мінез-құлық бірнеше деңгейлерге бөлінеді: мінез-құлыққа түрткі болатын мотивация, мінез-құлықпен бірге жүретін эмоционалды үдерістер, мінез-құлықтың өзің-өзі реттеуі, ақпаратты танымдық тұрғыдан өңдеу, сырттай бақыланатын көріністер мен мінез-құлықтар.

Девиантты мінез-құлық кезіндегі психологиялық араласудың басты міндеттерін төмендегідей тұжырымдауға болады:

  • әлеуметтік бейімделуге немесе сауығуға мотивация қалыптастыру;

  • тұлғалық өзгерістерге ынталандыру;

  • ауытқушы мінез-құлықтың нақты формаларын түзету;

  • тұлғалық өзгерістер немесе сауығу үшін әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдайлар жасау;

Әр түрлі елдердің тәжірибелерін бағалай отырып, тәуелді мінез-құлықты әсер етудің ғаламдық әдеуметтік стратегияларын үш топқа бөлуге болады:

  • біріншіден, жазалау саясаты (қоғамның оның жекелеген мүшелерімен күресу);

  • екіншіден, қауіпті азайту (зиянды азайту) саясаты – прагматикалық әдіс;

  • үшіншіден, қайтадан әлеуметтендіру саясаты (әлеуметтік-психологиялық оңалту).

Девиантты мінез-құлықты алдын-алу – бұл жеке тұлғаға әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының әсерін жоюға және олардың қалыпты өмір деңгейін қорғауға, денсаулығын сақтауға және қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық және медициналық ғылыми негізделген және дер кезінде қолданылған кешенді шаралардың жиынтығы. Девиантты мінез-құлықтың алдын-алу шаралары жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы алдын алу шаралары жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің қалыпты өтуі үшін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасауға бағытталған бірқатар ескерту шараларын жүзеге асыру болып табылады. Арнайы алдын-алу шаралары нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған шара қолдану жүйелерін жүзеге асыру болып табылады: нашақорлық, делинквентті мінез-құлық, қараусыз қалу, жезөкшеліктің алдын – алу шаралары және т.б.

Девиантты мінез-құлық саласындағы алдын алу жұмыстарын мынадай басты бағыттарға бөлуге болады:

  • адамдардың материалды және рухани қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруда әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тәрбиелік және де басқа да тапсырмалардың жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейде шешілуі;

  • адамның тіршілік ететін микроортасын сауықтыруға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық шараларды жүзеге асыру;

  • нақты адамның мінез-құлқындағы девиацияны ескерту мен түзетуге бағытталған индивидуалды тәрбиелік алдын-алу шараларын өткізу.