- •1 Девиантты мінез-құлық проблемасының теориялық негіздері
- •1.2 Жеткіншектер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
- •1.3 Жеткіншектердегі девиантты мінез-құлықты түзетуде психологиялық-педагогикалық іс-шараларының ұйымдастыру негіздері
- •Девиантты мінез-құлықтың алдын-ала түзету шаралары
- •2 Жеткіншек кезеңдегі девиантты мінез-құлықты анықтау және түзету
- •Ч.Д.Спилбергер мен ю.Л.Ханиннің «Жеке адамның үрей мен реактивтілігі шкаласы» (жүрш) әдістемесі.
- •Қалыптастырушы және бақылау эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, өңдеу оның нәтижелері
- •Психологиялық түзету жұмыстарының әдіс – тәсілдері мен ұсыныстар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •А қосымшасы
- •Ә қосымшасы
- •Б қосымшасы
- •Джаннет Тейлордың сұрақтар жиынтығынан тұратын оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау әдістемесі.
- •Б қосымшасы
- •В қосымшасы
1.2 Жеткіншектер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толлыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды [39].
Жеткіншектік кезең – адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе, осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады [40].
Ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу;
Мектептегі қиындық пен сәтсіздік;
Тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.
Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.
Демек, жас баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздік, аномалды мінез-құлықтың қайнар көзі болып табылады.
Жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.
Девиантты мінез-құлықты жеткіншек агрессивтілікпен көзге түседі. Жеткіншек мінез-құлқындағы агрессивтілік ішімдік ішумен тікелей байланысты. Ішімдікке бейімділік пен нашақорлыққа құмарлық жеткіншектің девиантты түрдегі өмір құрылымына сіңіп кетеді. Қандай қоғамда болмасын, тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі. Олар дене жағынан немесе психологиялық әлеуметтік жағынан ауытқулары бар адамдар болып табылады. Ондай адамдар қашанда басқа адамдар тобынан ерекшеленіп тұрады. Бүгінгі таңда кейбір адамдардың қасиеттері мен мүмкіндіктері қалыпты жағдайға сәйкес келмейді деп айтуға болады.
Қалып (норма) ұғымы медицина ғылымында кеңінен қолданылады. «Қалып» ұғымының қиындығы оның терминдік түсінігінде ғана емес, мазмұнында да. Мысалы, адамгершілік нормалардың өзі әр түрлі болады. Тіпті адамдардың мінез-құлқының нормалары да заман ағымына сай әр түрлі болады. Олай болса, «қалып», «қалыптан ауытқу» ұғымдары өте үлкен маңызға ие. Ол баланың әлеуметтік мінез-құлқының даму процесін сипаттау үшін қолданылады. Баланың нормадан ауытқуы кейде оның ақыл-ойы жағынан кемістігі болып саналса, кейде ол талантты болуымен айқындалады. Әлеуметтік педагогикада «қалып» және «ауытқу» ұғымдары жоғарыда екі жақты ұғымдарды айқындап беруде қолданылады [41].
Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабілетінен кейін қалған, ашуланшақ әр түрлі жүйке ауруларына, тәрбиеге әрең көнетін жеткіншектерді қиын балалар қатарына жатқызуға болады.
Мінез-құлқында қиыншылығы бар девиантты мінез-құлықтың ішіне мыналар жатқызылады:
гиперкинетикалық мінез-құлықтың бұзылуы;
мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы;
әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы;
әлеуметтендірілген мінез-құлықттың бұзылуы;
деликвентті мінез-құлық;
ерте кезден ішімдік қолдану, нашақорлық;
девиацидті сексуалды мінез-құлық;
тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы [42].
Гиперкинетикалық мінез-құлық – өз дегеніне жете алмау, оқуда табандылық көрсетпейтін, бала бір тапсырманы аяқтамай, екінші тапсырмаға тез өтумен көрініс береді. Мұнымен санасыздық, испульсивтік, үнемі келеңсіз жағдайға түсіп қалу, қоғам нормасына қарсы келетін көзкарастарды айтқаны. Ересектермен қарым-қатынаста аралықты сезінбеу, балалар оны ұнатпайды, олармен ойнаудан бас тартады. Кейде өзін-өзі бағалау төмен болуы да мүмкін.
Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы – әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез-құлық қарсы шығу, дөрекелік көрсетуі. Мұны тек үйде ата-анасымен қарым-қатынаста, туысқан бауырларына көрсетеді. Кейде үйдегі заттарды ұрлау, заттарды қирату, бұзумен, яғни оларға қатыгездік істеу, кейде үй өртеу.
Әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы – бұл әлеуметтік қоғамда қалыптасқан нормаларды бұзу, балаларға қатыгездік істеумен көзге түседі. Және өз құрбы-құрдастарымен жақсы қарым-қатынаста болмауы, беделінің болмауы немесе олармен тығыз қарым-қатынаста болмауы. Әдетте үлкендермен қарым-қатынаста оларға қарсы шығады, қатыгез, жақсы қарым-қатынасы өте сирек болғанымен, оларға сенбейді. Кейде көңіл-күйінің бұзылуымен қатар жүреді. Әдетте бала мен жеткіншек жалғыз. Бұл мінез-құлыққа бұзықтық, төбелес құмарлық, өзгенің затын, ақшасын тартып алу, қатыгездік зорлық-зомбылық көрсету, тыңдамау, дөрекелік тән.
Әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы – мұның айырмашылығы әлеуметтікке жат тұрақтылық (ұрлау, өтірік айту, сабақ кезінде қыдыру, үйден кетіп қалу, дөрекілік) немесе агрессивті мінез-құлық қарым-қатынасқа тез түсетін балаларда көрінеді. Олар жиі әлеуметтік нормаға қарсы топтар құрамында болады, бірақ кейде деликвентті емес топтар құрамында болады. Беделді ересектермен қарым-қатынасы нашар.
Аралас мінез-құлық көрсеткенімен, олардың басым көпшілігі ашу-ызалылық, депрессия белгілері көрінеді. Кейде үнемі депрессияда болады, қатты уайымда болу, қызығушылығының жоғалуы, ойын, қандай да бір тапсырмаларға қызықпау. Сонымен қатар, қорқақтық, өзін-өзі үнемі кінәлау.
Деликвентті мінез-құлық – бұл қылмысқа жатқызуға, соттауға болмайтын бұзақылық. Оларға сабақ кезінде қыдыру, әлеуметтік норманы бұзатын топтармен қарым-қатынаста болу, өзінен кішілерге, әлсіздерге күш көрсету, ақша тартып алу, велосипед, мотоциклдарды ұрлап айдап кету, үй заттарын ұрлау т.б. жатады. Мұның себебі – тәрбиенің жетіспеушілігінде.
30-80% деликвентті балалардың отбасы құрамы толымсыз, 70% жеткіншектердің мінез-құлқы күрделі бұзылған, 60% - акцентуанттар. Ауруханадағы жеткіншектердің 40%-ы психозсыз деликвентті балалар. Олардың жартысында психопатияның белгілері көрінеді. Үйден кету, көшеде жүру деликвенттіліктің 3\1 құраса, 4\1-ін үйден кетумен ұсталған. Жеткіншек алғаш рет үйден жазалау қорқынышынан кетеді немесе жауап қайтару, өзін көрсету белгісі ретінде. Мұның мақсаты көңіл көтеру, ата-ананың қатал талабына қарсы шығу, жақын туыстарының жеткіншекке көңіл бөлмеуінен, жаза қорқынышынан, армандап, қиялданып кетуінен, ата-ана бақылауынан, тәрбие ескертулерінен құтылу үшін, достарының нашар қарым-қатынастының нәтижесінен, күрделі өзгеріске, жаңа өмірге ұмтылу мақсатында болады [43].
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа жағдайға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп қалуды, агрессияны келтіре алмаймыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қатар бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі де басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.
Жеткіншектік кезеңді зерттеуде Э.Ширангердің теориясы айрықша орын алады. Ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның ішкі дүниесі қандай болса да, табиғи немесе әлеуметтік детерминанттармен байланыспайды. Оның шектеуінше, 14-17 жас аралығындағы жеткіншектік шақ балалық тәуелсіздіктен арылуға ұмтылу дағдарысымен түсіндіріледі. Берілген жастың негізгі жаңадан қалыптасқан қасиеттері ретінде «Меннің» ашылуы, жаңадан рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке тұлғалығын ұғыну көрінеді [44].
Жеткіншектердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:
дұрыс тәрбиеленбегендердің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орындалмағаны, ата-аналардың, мұғалімдердің сыныптас жолдастарының дұрыс емес қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;
психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстарындағы, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;
ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтындығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ, жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және әлеуметтік жеке құндылықтарының жағымсыз түрде ауысуы [45].
Жеткіншекдер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік – педагогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жеткіншектердің пікірінің, тағдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.
Қазіргі кездегі жеткіншектердің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушылық мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындардың да, тіпті үйде де көреді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жеткіншектер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюға міне-құлықтың өзгеруіне ықпал етеді.
Балалар мен жеткіншектердің дамуы мен мінез-құлықтың өзгеруіне ықпал ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:
Қоғамдағы өтіп жатқан үрдістер:
қоғамдық құндылықтар иреархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
жұмыссыздық (нақты және жасырын);
экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
өскелең ұпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;
балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде ауытқудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризациясының болмауы
темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.
Отбасының жағдайы және оның ахуалы:
толық емес отбасы; отбасының материалық жағдайы
ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;
отбасындағы тәрбие стилі (балаға бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы);
ата-аналардың ішімдікті, нашқорлық заттарды теріс пайдалануы;
ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.
3. Мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:
оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және меткептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырлуы; мектепте балалар ұйымдарының болмауы;
мұғалімдердің бала және жас ерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарының автолитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы;
Зерттеушілер мінез-құлық ауытқушылығы мен түрткісін, себебі мен жағдайларын, оның дамуын, белгісі мен жеңу мүмкіндіктерін анықтауға көп көңіл бөлді. Мінез-құлық ауытқушылығының пайда болуына құқықтық және адамгершілік сана кемшілігі, тұлға қажеттіліктерінің мазмұны, мінез ерекшеліктері, эмоционалды еріктік сферасы әсер етеді. Алғашқы мінез ауытқушылықтары балалық және жеткіншектік кезеңде байқалып, интеллектуалды дамудың төмен деңгейімен, тұлға дамуының аяқталмауымен, жанұя мен қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерімен, тұлға талаптары мен құндылықтар бағдарына тәуелділігімен түсіндіріледі. Жеткіншектердегі мұндай мәнез-құлық өзін сендіру тәсілі, ересектердің әділетсіздігі мен әрекетіне қарсылығы. Мінез ауытқушылығы жақсы адамгершілік нормаларын білумен сәйкес келуі мүмкін. Соңғы жылдары тәуекелге бейім балалар саны артып келеді. 1970-1990 жылдары мұндай жеткіншектер саны үздіксіз өсіп, жалпы жеткіншектер санының 20% құрап отыр [46].
2-кесте–Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептерін психологтар төмендегідей жіктеді
Психологтар |
Себептері |
А.Е.Личко, В.С.Мухина, А.В.Петровский, Л.Пожар, Х.Ремшидт, Т.П.Шилова |
тұлға дамуы мен қалыптасуының бұзылуы |
. Б.Элконин, М.Ю.Кондратьев |
онтогенез жолының бұзылуы |
А.Бандура, М.И.Буянов, |
жанұя өмірі мен жанұя қатынастарының (бала – ата-ана, бала – бала, ата –ана) әлеуметтік мәдени ерекшеліктер
|
А.И.Захаров, М.И.Лисина, А.Б.Шнейдар |
Қоршаған ортамен өзара әрекет нәтижесінде пайда болған мінез-құлықжәнге тұлғалық өзгерістер |
А.В.Петровский, М.В.Розин |
формалды емес бірлестіктердегі әлеуметке қарсы бағыттағы әлеуметке қарсы нормалары бар жеткіншекдер тобына мүше болу |
Қазіргі заманда ол БАҚ-ның нашар деңгейіндегі кино өнімдерінің (әсіресе батыс боевиктері); жыныстық қатынастағы (М.В.Цулейко); компьютерлік ойындар әлемінің (О.Ю.Ермолаев, Т,М.Морютина, М.Лукьяненков) әсерінен; сондай-ақ жақсылық түсінігінің жойылуымен, тұрғылықты жеріне байланысты әлеуметтік формалды емес қатынастың бұзылуынан пайда болады (В.Абрамкин, В.Сеснокова) [47].
Көптеген зерттеушілер девиантты мінездің кең таралған себебі бала дамуындағы жағымсыз әлеуметтік жағдай мен оның психологиялық қасиеттерінің комплекстілігі (темперамент, мінез-құлық,тұлға ерекшеліктері) деп есептейді (М.И.Буянов, А.И.Захаров [10], А.Е.Личко [22]). Қылмыстық психологияда осы себептер бұзақылық мінезінің механизмі болып табылады деп есептейді (В.Ф.Пирошков) [48].
Мінез ауытқушылығының келесі механизмі ересектер мен құрдастар арасындағы әлекметтік қатынастар бұзылуынан пайда болған жеткіншектердегі тұлғаның диформациялануы. Х.Ремшмидт тұлға сапасын реттеуші адамның мінезі дей отырып, жеткіншектер мінезінің ауытқушылығы белгілі бір ортамен ситуация типіне байланысты деді [49].
Жеткіншектердің мінез-құлық ауытқушылығының себептері:
күшті әсер алу ұмтылысы;
баланың дертке шалдығуы;
шектен тыс қозу, өзін бақылай алмау;
жанұядағы толымсыз жағдай;
өзбеттілік пен тәуелсіздікке ұмтылыс;
ата-ананың педагогикалық жағдай туралы білімдерінің жеткіліксіздігі;
оқуда аотта қалу;
құрдастарының дұрыс қарамауы;
ересектердің бала қиналысын түсінбеуі;
баланың өзіне деген сенімділігінің жеткіліксіздігі;
ересектердің бала қабілетін жағымсыз бағалауы;
өмірдегі стресстік жағдайлар;
бала өміріндегі әлеуметтік қысымшылық жағдай
ата-ананың бала үшін уақытының болмауы;
ата-ананың тиымдарының көптігі;
жанұяда үнемі болатын ұрыс-керіс;
баланың интеллектуалды сферасының әлсіздігі;
эмоционалды-еріктік бақылауының төмен деңгейі;
жалғыздық, өзгелердің оны түсінбеуі;
ата-ананың шектен тыс бақылауы;
генетикалық бейімделгіштік;
әлеуметтік мінез дағдыларының болмауы;
мәдениет деңгейінің төмендігі;
бос уақытының көптігі;
еркіндік;
өзіне көңіл аударту тілегі;
толық емес жанұя;
экономикалық тұрақсыздық;
көшенің әсері.
Жеткіншектер арасындағы девиантты мінез-құлықтың мына себептері де кездеседі:
психикалық және психофизиологиялық бұзылыстардан пайда болған себептер;
әлеуметтік және психологиялық сипаттағы себептер;
жас дағдарысына байланысты себептер.
Қазіргі кезде И.А.Невскийдің көзқарасы да өте танымал. Ол жеткіншектер мінезінің ауытқушылығы қандай да бір қаталдықтан емес, мінездегі девиантты немесе деликвентті элементтердің қалыптасуына себеп болатын ерекшеліктермен байланысты дейді [27].
Н.В.Майсак зерттеулерінде анықталғандай девиантты мінезді жеткіншектің тұлғалық ерекшелігі мен нормаға сай мінез-құлық сипатына қарай, яғни қысымшылық деңгейі, экстраверттілігінің жоғарылауы, эмоционалдық қозғыштығы жеткіншектің дағдарыстың пайда болуымен ұқсас келеді, бірақ та тұлғалық жақтары ерекше болады. Нормаға сай мінез-құлқы бар жеткіншекте нормалар мен құндылықтарға бағыттылық, интеллектуалдылық және жанұядағы өзара қатынастарының жақсы екендігін көрсететін ата-ананың позитивті белгісі тән болса, девиантты мінезі бар жеткіншекке мына белгілер тән:
жағымсыз психикалық қысымшылдық;
тәуекелге деген ерекше дайындық;
девиантты жеткіншек топтағы нормаға бағыттылық;
күтпеген мінез белгілері;
жоғары агрессивтілік [50].
И.С.Кон девиантты мінез-құлықта алғашқыда ешқандай себеп болмайды деп есептейді. Жеткіншек қоғам талаптарына сай болғысы келеді, бірақ қандай да бір себептерге байланысты (әлеуметтік жағдайлар, рөлін дұрыс анықтай алмауы, материалдық ресурстардың жетіспеуі, әлеуметтік бейімделу жағдайларын нашар игеру немесе қиындықтарды жеңе алмау) ондай бола алмайды. Бұл оның өзіндік санасына әсер етіп, өзге бағыттарды іздеуге алып келеді. Осыған байланысты алғашқы девиациядан (нормаға сай емес) екіншісін (девиантты мінездің бекуі) айыра білу керек.
Оның дамуының негізгі факторы – девиантты құрдастар. Девиантты топтың ерекшеліктері:
егер тұлға іштей дайын болса, девиантты әрекетті жүзеге асыруын жеңілдетеді;
осындай әрекетке қатысқаны үшін психологиялық қолдау көрсетіп, мақтау;
девиантты бейімделуді тежейтін жеке және әлеуметтік бақылау механизмдерінің күштілігін азайту [51].
Осы кезеңнен бастап күшті ұйым құрылады. Девиантты әрекеті бар жеткіншек осы бағыттағы өзгелердің қызығушылығын оятып, өзіне зейіндерін аудартып, қызығушылықтарын тудырады. Осыдан келіп девиантты әрекеттер әлеуметтік топтың қолдауын қажет етеді, әсіресе ол девиантты әрекеттерді сынға алатын қалыпты ортада өскен болса. Нәтижесінде жеткіншектің девиантты әрекеті «қалыпты» топтың қарсылығын тудырады. Бұл әлеуметтік оқшауландыру жеткіншектің девиантты ортамен әрекетін белсендендіріп, әлеуметтік бақылау мүмкіндігін азайтып, девиантты мінез бен оған бағытталуды күшейтеді. Осы жағдайда жеткіншектің жанұядағы қатынасына кері байланыс орнап, девиантты топқа деген құштарлығы арта түседі. Енді себепсіз девиантты әрекеттер себептіге айналады. Тіпті жеткіншектің девиантты мінезін қалыптастыратын себептер туады. Енді оларға тоқталып өтсек.
3-кесте– Жеткіншектің заңға қарсы әрекеттенуіне негіз болатын социопатиялық сенімдер жүйесі.
№ |
Социопатиялық сенімдер |
Сипаттама |
1 |
Мен кінәсізбін, өзгелер мен істеп жүрген әрекеттерді істеуіме мәжбүрлейді.
|
Тәжірибе негізінде білім ала алмайтын жағдайда болғандықтан, өз әрекетіне жауап бере алмайды. Энергиясы өзін ақтау мен өмірге деген теріс көзқарасын сақтауға жұмсалады. Достық қарым-қатынас орнатуға, мәселені шешуге құлқы болмайды. Егер өзгелер маған керек нәрселерді берсе, мен толықтай қалыпты боламын.
|
2 |
Алдымен өзгелер өзгерулері керек |
Үнемі оны мақтаулары керек. Жолы болмаған жағдайда оған өзі емес өзгелер кінәлі. |
3 |
Менің істегім келген нәрселерді істеуге құқығым бар және мен нені қолдансам да өзім білемін. |
Еш уақытта өзіне сұрақ қойып оған баға бермейді. Талаптарын қанағаттандырмау зұлымдық, әділетсіздік деп қабылдайды. Өзін ерекше деп санайды.
|
4 |
Маған бермегенді алуға және маған қарсылық білдіргендерді жазалауға құқығым бар |
Ол үшін құқық бұл өзге адамдар мен обьектілерді билеу деген сөз. Өз тұлғасы мен өзгелер арасында ешқандай шекара жоқ. Өзгелерді өзінікі деп есептегендіктен оларды жаралай да, соға да аламын деп түсінеді. |
5 |
Мен заңнан биікпін, ал менің әрекеттерім маңызды емес.
|
Заңдарды өзгелер, яғни өз әрекеттерін дұрыс, маңызды деп санайтындар орындаулары керек. |
6 |
Ешкімде маған не істеу керек екенін айтпайды және де маған қандай да бір әрекетті істете алмайды. |
Ол үшін «Мен» өзгелерге билік жүргізу, ал «жақсы» мен «жаман» эгоцентрлік түрде анықталады. Бостандық рұхсат етілмегендермен араластырылған. Кез-келген әлеуметтік талаптар мен міндеттер әділетсіз. |
7 |
Мен бәрінен жақсымын және бәрін түсінемін. |
Өзгелерді тыңдау міндетті емес. Қатынас «кім күшті?» сайысына негізделген. |
8 |
Қандай да бір нәрсені еңбектеніп алу еңбектенбей алудан жақсы емес. Еңбектену – «өз ерекшелігін» бұзу, билікті жоғалту |
Өзгелерден қандай да бір нәрсені бұзақылық жолмен алу қанағат алып келеді және оны энергиялы түрде жүзеге асырады.
|
9 |
Сен неғұрлым көп алсаң соғұрлым маңызды тұлғаға айналасың. |
Әлеуметтік және ұжымдық мақсаттар маңызды емес, жеке пайдасы маңызды
|
Шет ел және отандық психологтардың еңбектеріне сүйене отырып мақсатты түрде девиантты мінез-құлықты қылмыстық, аморальды, адамгершіліксіз мінез-құлық деп жіктеуге болады. Жалпы адамзат қауымының моральды – адамгершілік нормаларынан ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік патологияның түрлі формаларында: маскүнемдік, нашақорлық, ұрлықтан көрінеді. Осы мінез-құлық түрлерінің негізгі байланысы бұзақылық жасай отырып аморальды мінез-құлықтың көрінуінде. Девиантты мінез-құлық түрлері әр түрлі болғанымен, И.С.Конның тұжырымдауынша олар өзара тығыз байланыста. Маскүнемдік, наша қолдану, агрессивтілік және заңға қарсы мінез-құлық тұтастай бір жүйені құрайды, себебі девиантты мінез-құлықтың бір түріне құмартқан жеткіншек келесі түріне де еліктейді. Заңға қарсы мінез-құлық психикалық денсаулық бұзылысымен тығыз байланыста емес. Бірнеше деңгейге дейін девиантты мінез-құлықтың пайда болуына себеп болатын әлеуметтік факторларға өте ұқсас келеді [25].
Девиацияны әр түрлі ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Оларға: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік – педагогикалық, моралді – этикалық, әлеуметтік – экономикалық деп бөліп қарастырды.
Билогиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анотомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ойының дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдануынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсерін ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер. Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінезіндегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік – психикалық ауруларда, психопатияда т.б. көрінеді. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену – невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
Әлеуметтік – педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға мән бермей қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
Оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
Мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды.
Әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
Криминалдық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттермен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы – ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
Дисгармонды стиль – бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
Тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
Асоциалды стиль – ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальды өмір сүру жағдайы, отбасылық, қатыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қатыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жойылады, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
Әлеуметтік – экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
Моралді–этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әркеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар кұру [52].
Қазіргі таңдағы психологиялық мінез-құлықта жеткіншектердегі кең тараған түрлері нашақорлық, токсикомания, маскүнемдік, көліктерді айдап кету, қашу, үйдегіні ұрлау, бұзақылық, жеткіншекдік вандализм, агрессивті және аутоагрессивті мінез, күшті құмарлық (В.Г.Василевский [53], Н.В.Востроктиуов [54], Т.А.Донских и И.П.Короленко [55]) түрлерін анықтады.
Лангитюдтік мәліметтер (Л.Роббинс) бойынша, жас кезеңдегі девиантты мінездің ересектік кезеңінде де әсер етуі әр түрлі екендігін анықтады. Девиантты мінез неғұрлым қиын болса, ересектік кезеңде мүлдем болмауы мүмкін. Бірақ та жеткіншектік кезеңдегі статистикалық орташа девианттылық ересек кезде мүлдем жойылған [56].
Сонымен тек жеткіншек қандай және қанша қылық істегеніне ғана емес, сонымен қатар осы мінездің тұлғалық маңызына да көңіл аудару керек. Тұтастай алғанда, Э.Эриксонның жеткіншектердің қиындықтан қашуы мен ересектердің қарсылығынан қорғаныс іздеп, табатын жағымсыз иденттілігінің қалыптасуы жеткіншектің девиантты субмәдениетке енуімен байланысты, бұл шамамен 15 жаста болады. Девиантты мінезі өзің сыйлаудың төменделуімен байланысты, бұл 11-14 жаста мүлдем байқалмайды [57].
Заңға қарсы мінез-құлықты жеткіншектердің себептерін талдағанда тек тұлғалық сапа мен қасиетті ғана емес, әлеуметтік ортаны, мінез-құлық ережесі мен нормаларын, құндылықты-нормативті сферасының қалыптасуын да ескеру керек.
Адамның әлеуметтенуіне оның мінезі мен белсенділігін талап ететін бірнеше факторлар әсер етеді. Жеткіншекнің әлеуметтік дамуына оның материалдық, рухани және моралдық тәртіп құндылықтарына ішкі қатынасын көрсететін құндылықтар бағдары көп әсер етеді. Құндылықтар бағдары идеалдардан, сенімдері мен қызығушылықтары, т.б. тұлғалық көріністерінен байқалады.
Жас жеткіншектер мәселесі ерте заманнан келе жатқан мәселе. Ал соңғы жылдары тіптен маңызды болып отыр. Біздің қоғамымыздың білімі мен материалдық жағдайының артуы біздің өсіп келе жатырған ұрпағымыздың рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі мен мүмкіндіктерін де арттырды, бірақ дұрыс тілектер мен ұмтылыстардың қалыптасуын күрделендіре түсті.
Қарым-қатынастың қоғамдық құралдары арқылы (радио, теледидар, басылымдар) әлемді қабылдау мен тану аймағы кеңей түсті. Қазіргі ақпараттар арқылы жастардың қандай да бір нәрсені талдап, терең түсінуі қиындай түсті, сондықтан олар қызық қуып, интеллектіні қажет етпейтінді қабылдайтын болды. Ондай жеткіншектер күні бойы теледидар қарап, жағымсыз әуен тыңдап, керексіз детективтерді оқиды. Бұл уақыт өткізу тәсілдері өзін ұйымдастыру мен өзін басқару қабілеттері мен оқудағы қиын тапсырмаларды шешу мүмкіндіктерінен айырды. Бұндай жастар қарсылығы аз жолмен жүріп, аз уақыттық сезімдерден қанағат алып, болашағын ойламайды.
Адамның өмірлік әрекеті табиғат әлемімен бір мезгілдегі өзіндік даму механизмдері және функциясы бар қоғамдық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Қоғамдық ақпарат құралдарынаң негізгі ерекшелігі адамзат өркениетінің үнемі өз қолдарымен оның аймағын кеңетуге деген ұмтылысы болып табылады (жеке тұлға, топ, ұйым, әлеуметтік институттар, т.б.). Қоғамдық ақпарат құралдарының соңғы кезде тез қарқынмен дамып келе жатқандығы байқалып тұр.
Жеткіншек тұлғасының ақпараттық-технологиялық қауіпсіздігін жалпы ақпараттық және технологиялық қауіпсіздіктен бөлек жеке бағыт ретінде қарастыру керек. Оның себептері:
Біріншіден, жалпы ақпараттық қоғамға көшуге байланысты ақпарат ағымдары күрделеніп, көлемдері арта түсті және адамзат психикасына әсер етуі күн санап артып келеді. Бұл адамның тұлға ретінде тіршілік ету механизмдерінің жаңаларын қалыптастыру қажеттіліктерін тудырып, оның қазіргі қоғамда белсенді әлеуметтік субьектіге айналуын талап етіп отыр.
Екіншіден, ақпараттың негізгі және орталық әсер ету көзі жас адам және жеткіншек тұлғасының әлі қалыптаспаған психикасы болып саналады.
Қауіпсіздік мазмұны дегеніміз – балалар жанына қауіптің мүлдем болмауы немесе оларды сақтау көздерінің сенімділігі деген сөз. Қауіптіліктің өзі олардың әсер ету көздері мен күштіліктеріне даму деңгейі мен қорқыту деңгейіне байланысты жіктеледі. Олардың ішінде Шығыстағы, Оңтүстік Азия, Африка, Америкадағы балалар жөзекшелігі туралы басылымдардың орны ерекше. Олардың жеткіншектер санасына толықтай әсер етуі жастардың теріс жолға түсулеріне алып келеді. Бұл әсерлердің жағымсыз екендіктерін Г.Р.Грачев, Н.В.Данилов, Н.А.Оцепков [58], Л.В.Матвеева [59], Ю.О.Курдюков, Э.В.Лидская, М.О.Мдиквани [60], т.б. психологтар атап көрсетті.
Шет ел зерттеушілерінің айтуынша теледидар, нақтырақ айтқанда БАҚ қоғамда супер-эго немесе жоғары сана рөлін атқарады. Ал көрермен мен оқырмандар бала қағидасын ұстанып, «жақсы мәліметтер басылымын», «журналдардағы танымал тұлғаларды», т.б. күтеді.
Л.М.Матвеева ұзақ жылдар бойы санадағы осы феномендерді зерттеп келді. Көрермендер мен оқырмандар БАҚ қолдана отырып, оларды ақпараттандырып, адамгершілік нормаларын кеңейтіп, адамдардың арына сыйластықпен қарайды деп күтеді. Бірақ ақпарат көздері бұл күтілген жағдайлардан әлдеқайда алыста. Күнделікті ақпараттар ағымы мен жаңалықтар легі трагедияға толы, көңіл көеретіндері өте нашар әрі биологиялық инстинктерге толы, ал фотоматериалдар әлем көріністерін, тіпті адам баласы тұлғасын да көрсетеді [59].
Ю.Курдюкова, Э.Лидский, М.Мдивиани зерттеулерінде видиокассетаны сататын орындарда 1198 видеофильмдердің аттарына сапалы-сандық талдау жүргізген. Нәтижесі көрсеткедей көпшілік фильмдердің аттары (72%) адамдардың физиологиялық қажеттіліктеріне байланысты ( физиологиялық, жыныстық және өзін сақтау қажеттіліктері) екендіктері анықталды. БАҚ басылымдары да осымен байланысты. Талдау көрсеткендей соңғы жылдары ақпарат құралдарының маңызды бөліктері агрессивті болып отыр [60].
Девиантты іс-әрекетке ие балалар мен жеткіншектер жағымсыз іс-әрекеттер мен қылықтар жасайды, сол себепті өз құрбыларының, мұғалімдер мен ата-аналардың және жалпы қоғамның теріс көзқарастарына ие болады. Олар өз құрбы-құрдастарының арасында зорлық-зомбылық жасайды.
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықты мәселесін қазақстандық педагог-психологтар мен әлеуметтанушылар да қарастырды (Л.К.Керімов, Э.И.Шыныбеков, Г.А.Уманов, Ш.Е.Жаманбалаева, Д.Қазымбетова, Т.М.Шалғымбаев, А.М.Қарабаева). Бұл зерттеушілердің пікірінше девиантты сияқты жағымсыз қасиеттің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететінін зерттеген. Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын спорт, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, бойындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге араластыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетіп берген [61].
Жеткіншектер мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педагогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жеткіншектердің пікірінің, тағдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді. Жеткіншектердің тұлғалық және әлеуметтік құзырлығын қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық көріністері түзетуді олардың жағымды «Мен» бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу сезімін, сындарды ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн.
