Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дрысталанннн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
574.05 Кб
Скачать

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз қоғамдағы мектеп, отбасы орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі кезде оқушылардың арасындағы девиантты мінез-құлық мәселесіне көптеген ғалымдардың назарын аудартты. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуының себебін көбінесе, қоғамның өзгеруі мен тәрбиенің жетіспеуінен болады. Қоғамдағы күнделікті жаңа өзгерістер, ата-аналардың жауапсыздығы, бақылаусыздығы және олардың балаға деген назарының аздығы, девианттық мінез-құлықты қоғамның елемейтіндігі – жеткіншектердің девиантты мінез-құлқының негізі болып табылады. Девианттық мінез-құлық мәселесінің көкейкестілігі қазіргі жеткіншектердің әлеуметтендіру процесіндегі негативті көрінісімен сәйкес келеді. Өмірде дұрыс көзқарастың болмауы, девиантты мінез-құлықтың өсіне алып келеді.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап, мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 – тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. «Қазақстан – 2050» бағдарламасында «Әкелер мен аналар, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2]. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті де кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығы, халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің сауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесінде қолға алынуы тиіс.

Өкінішке орай, қазіргі таңда болып жатқан қылмыс, бұзақылық, ұрлық, зорлық-зомбылық, жеткіншектер арасындағы суицидтің көбейуі, үйден кету, бастауыш сыныптағы балалардан ақша алу, тағы басқа болып жатқан қылмыс айыптылардың басым көпшілігі, девиантты мінез-құлықты 14-16 жас аралығындағы жеткіншектер екенін көрсетіп отыр. Дәлірек тоқталсақ, 14 жастағылар – 11%, 15 жастағылар – 7%, 16 жас аралығындағылар – 42%, көбіне 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды. Ал қыз балалар тарапынан жасалған жалпы қылмыстың 5% құрайды. Бұл дегеніміз, қазіргі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буын психологиялық денсаулығының бұзылуына және девиантты мінез-құлықты жеткіншекртің көбеюіне алып келуде. Қазақстан Республикасының өзінде, тіпті әлемдік деңгейде халқымыздың психологиялық, физиологиялық денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының аймақты бюросының мәліметтері бойынша дүние жүзінде 14 – 24 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі өлтіру соңғы 15 жылда екі есе өскен. ҚР Агенттігінің статисикалық есебі бойынша Республика бойынша өзін-өзі өлтіру жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 – 18 жас аралығындағы жастардың 154 – і ер балалар, 57 – сі қыз балалар. Ал өзін-өзі өлтіруден дүние жүзі бойынша Қазақстан бірінші орында тұрады екен. Ол әсіресе, 15–18 жас аралығындағы қыз балалар арасында көп орын алатынын статистикалық мәліметтер дәлелдейді.

Сонымен қатар, әлеуметтік ортаның ықпалын былай қойғанда, тәрбиелі, мақсатты түрде ұйымдастырылатын әлеуметтік институттардың бірі мектептің өзінде жеткіншектердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін қадағалау қиынға соғып отыр. Оған дәлел, ең көп стресс алатындар мектеп жасындағы балалар екендігі анықталған. Мысалы, мектепке келген 1 – сынып оқушылар арасында 25 – 30% әр түрлі аурулар келсе, 11 – сыныпты бітіретін оқушылардың 80% - ы денсаулығын бұзып, әр түрлі диагноздармен мектепті бітіреді екен [3].

Бұдан шығатын қорытынды, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас және оқу еңбегінің мөлшерден тыс көптігі бала денсаулығының бұзылуына әкелетінін көрсетеді.

Болашақ Қазақстан Республикасының азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата – анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті, дене тәрбиесімен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитирия шараларын сақтауға бағытталған» делінген [2].

Қазақстан Республикасының Конститутциясында Адам және адамзат заңында, Білім туралы заңында тәлім – тәрбие тұжырымдамасында да салауатты өмір сүруге ерекше басымдық беріледі.

Қазіргі кезде жеткіншек тәрбиесін қадағалау әлеуметтік және педагогикалық үлкен мәселе болып отыр. Барлық кезде мұғалімдердің жұмыстануы тек оқушыларға білім берумен шектелмей, сонымен қатар оқушыларды адамгершілік бейнесі мен мінез-құлық мәдиниетіне тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі таңда тұлғаның рөлі мен қалыптасуының алар орны ерекше, соның ішінде девиантты мінез-құлқы бар жеткіншектердің өз өмірлік әрекеттері мен жеке уақыттарын ұйымдастырулары өте маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жеткіншектік кезеңдегі девиантты мінез-құлық пайда болу себептері мен факторларын анықтау, арнайы зерттеу жүргізу арқылы девиантты жеткіншектердің мінез-құлқын түзету жолдарын қарастыруды негіздеу.

Зерттеу нысаны: Жеткіншектердегі девиантты мінез-құлықты өзіндік реттеу үдерісі.

Зерттеу пәні: Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктері.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер девиантты мінез-құлқы бар жеткіншектермен жағымды қарым-қатынас орнатып, олармен түрлі бағыттағы түзету жұмыстары үйлесімді жүргізілсе, онда жеткіншек кезеңдегі балалардың мінез-құлқының түзелуіне жағдай жасалады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Психологиядағы девиантты мінез-құлық теорияларына талдау жасау.

  2. Жеткіншектерде девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері мен факторларының психологиялық негіздерін айқындау.

  3. Жеткіншектердің девиатты мінез-құлықты түзету жолдарын қарастыру, жағымды мінез бітістерін қалыптастыруда психологиялық әдістемелер жүйесін іріктеп, талдау жасау және қорытындылау.

  4. Жеткіншектердегі девиантты мінез-құлықты эксперимент жүзінде тексеріп, болжамын дәлелдеу.

Зерттеудің әдістері: теориялық зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, эмпирикалық педагогикалық бақылау, сұхбаттасу өткізу, сауалнама алу, тестілеу, психологиялық-педагогикалық эксперимент, психодиагностикалық әдістемелер жүргізу, математикалық өңдеу әдістері.

Зерттеу көздері: философтар, психологтар, педагогтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар және т.б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері; әр дәуірде өмір сүрген қазақ ойшыл-ғұламаларының бала тәрбиесі туралы ой-пікірлері; ғаламтор сайттары, үкіметтің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, баяндамалар т.б.); ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі нормативтік құжаттары, тұжырымдамалары, кешендері, бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың тиімді әдістемесін жүзеге асыру жөніндегі тәжірибелер.

Зерттеу базасы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласындағы №33 жалпы қазақ білім беру мектебі.

Зерттеудің практикалық мәні: Диплом жұмысы мазмұнында қарастырылған жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктері туралы теориялық материалдарды және әдістемелерді «Педагогика», «Әлеуметтік педагогика» пәні, мазмұны және жалпы білім беретін орта мектептегі тәрбие процесінде сынып жетекшілер жұмысына пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі: дипломдық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігі, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар.

1 Девиантты мінез-құлық проблемасының теориялық негіздері

1.1 Девиантты мінез-құлық проблемасының ғылыми әдебиеттерде теориялық талдануы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп аталатын өз халқына арналған биылғы Жолдауында адамдардың дұрыс мінез-құлқының дамуына баса назар аударды. Бүгінгі күнде әлеуметтік, саяси нормалар саласы үлкен өзгерістерге ұшырауда. Әр қоғамның әлеуметтік, саяси норма туралы өз түсінігі бар, демек, девиация туралы да өз түсінігі бар деген сөз. Сонымен бірге әлеуметтік, саяси нормалардың сол қоғамдағы әр түрлі таптар мен топтарға тән айырмашылығы да бар. Сонымен, мінез-құлық, қоғамдық пікірден қолдау таппайтын, девианттық деп түсінеміз. Бұл: билетсіз жол жүруден бастап адам өлтіруге, отанын сатуға дейінгіні қамтитын мейілінше кең құбылыс тобы [2].

Девиантты мінез-құлық (лат.deviatio – ауытқу) – жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары, қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқы [4].

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбекқорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өз-өзіне қол жұмсау және т.б.) ауытқушылықты білдіреді.

Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсіндіріледі. Мұндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеліп соқтырады (Э.Дрюкгейм) [5]. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта, әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылығында (Р.Мертон). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды [6].

Девиантты мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеуметтанушысы Эмиль Дрюкгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б. жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де ықпалын тигізеді:

  • қоғамдық үрдістер (әлеуметтік – экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, БАҚ, т.б.);

  • тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе);

  • микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

Әдетте, қабылданған нормаларды бұзу – қоғамның әлеуметтік топтары мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды жою бағытындағы нақты және айқын жағымсызреакциясын іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін, девиацияға қарсы күрестің бірден-бір құралы болып табылады.

Психологияда «қылық» - адамның рухани – адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыда оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және қоршаған табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырады. Қылықтың адамгершілік көзқарас тұрғысынан бағаланатын жағымды және этикалық, моральдық нормаларды бұзумен сипатталатын жағымсыз аморальды жақтары бар. Заң тұрғысынан алып қарағанда, норма ережелерін бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың құқығы мен жеке меншігіне қол сұғушылық болып табылады.

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім – тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Иассауи еңбектерінде, қазақ ақын-жыраулары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы т.б. мұраларынан да елеулі орын алған [7].

Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Ұжым бастапқыда ғылымда емес, күнделікті өмірде қолданып жүрді. Біраз уақытта ұмытылып, ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қайтадан қоданысқа енді. Алғашқылардың бірі болып бұл салада зерттеу жүргізгендердің бірі – П.П. Бельский. Ғалым мінез-құлығында ауытқушылығы бар балалардың жеке басылық ерекшеліктерінің өмір жағдайларымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді түрде зерттеулер жүргізіп, оны тәжірибеде қолдану жолдарын анықтады [8].

Ал, А.С. Макаренконың бұл мәселеге арналған еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына енді [9].

Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т.В. Лодкина, А.В. Захаров, В.С. Мухина, З. Матвейчик, Е.О.Смирновалар атап көрсеткен [10].

Белгілі психолог ғалым Б.Г.Ананьев тұлғаның мінез-құлқының деңгейіне және күрделігіне қарамастан, оларда:

  • Адамдар туралы ақпарат пен тұлғааралық қарым-қатынас арасында;

  • Адамның қарым-қатынас процесс кезіндегі қылықтарының өздігінен реттелуі мен коммуникация арасындағы;

  • Тұлғаның өзіндік ішкі әлемін өзгертуі сияқты қарым-қатынастар түрлері болатындығын дәлелдейді [11].

Бұларда да балалар мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды бағалау мен сипаттауда және олардың себептері мен жою шарттарын анықтауда есте сақтау қажет.

Сонымен, девианттық мінез-құлық – кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлықы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санынң өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жеткіншектердің әкімшілік жазалау шраларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту, тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, құмар ойындарға қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.

ХIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында девиацияның биологиялық және психологиялық табиғаты туралы түрлі концепциялар пайда бола бастады [12;13;14;15;16;17;18;19]

1-кесте – Ғалымдардың теориялары мен негізгі жетекші ойлары

Түсіндіру тұрғысынан девиация

Теория

Автор

Жетекші идея

1

2

3

4

Биологиялық тұрғыдан

«Қылмыстық бағыныштылықпен байланысқан физикалық белгілер»

Ч.Ломброзо

Дене бітімінің физикалық ерекшеліктері девиацияның есебіне айналады

«Девианттар арасында жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері»

У.Х.Шелдон

Психологиялық тұрғыдан

«Психоаналитикалық теория»

З.Фрейд

Тұлғаға тән қақтығыстық жағдайлар девиацияны тудырады

Әлеумет-

тік

тұрғыдан

«Аномия»

Э.Дрюкгейм

Девиация әлеуметтік нормалардан ауытқу салдарынан туындайды.

«Әлеуметтік дезорганизация»

Шоу Маккей

Көп жағдайда девиация мәдениет құндылықтарының, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың бұзылуынан, әлсізденуінен қарама-қайшы жағдайға түскендігінен пайда болады.

«Мәдениеттанушылық теориялар»

Селлин, Миллер, Сутерленд,

Девиацияның пайда болу себебі, субкультура мен мемлекеттік нормалар арасындағы конфликтілер.

«Стигмaтизация теориясы»

Клауорди, Оулин Беккер

Девиация билігі бар топтарың барынша аз қорғалған топтардың мінез-құлықтарына қоятын таңба тәрізді.

«Радикалды криминология»

Турк, Квинни, Тэйлор, Уолтон Янг

Девиация капиталистік қоғамның нормаларына қарсы әркеттің нәтижесі болып табылады.

Девиантты мінез-құлық үлкен екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, ашық немесе жабық психопатологиясы бар, психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай және оларды жазаланатын болса – қылмыс деп атайды. Оқушылар арасында соңғы жылдары тәртіп бұзушылық, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық, жезөкшелік кең орын алуда. Жеткіншектердің дан дүниесі өте сезімтал және нәзік. Үлкендердің айтқанын, іс-әрекеттерін, ақпарат құралдарын теледидар, түрлі түсті бейрисми журналдар, т.б. көргендерін тез қабылдайды. Міне, сондықтан да алған ақпарат пен телехабарлар беріліп тұратын қылмыс хроникасы, жағымсыз мәліметтер жастарды қатыгездік пен жүгенсіздікке ұрындыруда [20].

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жеткіншектерде көбірек байқалады. Оның объективті себебі, жеткіншектерде құқықтық әлеуметтену процесі және деликвенттік мінез-құлық бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты жалпы қабылданған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз.

Неліктен жеткіншектік шақ қауіп тудыратын шақтар?

Біріншіден, психогармоналды процестерден басталып, «Мен» концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар әсер етеді.

Екіншіден, жеткіншектің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы.

Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері әлі қалыптасып үлгермеген [21].

Статистикалық зерттеулерге қарағанда жасы томаған құқық бұзушылардың 44% - ы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер. Ғалым А.Е. Личко отбасының сәтті дәрежесін талдай келіп, жиі кездесетін 4 жағдайды бөліп көрсетті.

  1. Отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека)  баланың ішкі өмірінің көріністерінен (оның ойлануына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы;

  2. Немқұрайлық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы;

  3. Бейнесіне жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;    

  4. Отбасында «күл қызының» пайда болуы, яғни ата-ана тек өзіне көп көңіл бөліп, ал балаларына аз көңіл бөлуі [22].

Ресейлік ғалым Я. Гилинский девиацияның шығу көзі деп – қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті атайды. Девиация сондай – ақ экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдени және т.б. факторларға байланысты келеді. Бұл проблема, әсіресе, өтпелі кезеңдерде күшейе түседі, себебі, бұл кезде қоғам өмірінің барлық салалары түбегейлі өзгерістерге түсіп, бұрынғы мінез-құлық ережелері қайта қаралады. Жеткіншектердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде, олардың сана – сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни, объективтілік және субъективтілік факторлар [23].

Девианттылықтың пайда болуы туралы танымал теориялардың бірі – Говард Кэпленнің девиантты мінез-құлық теориясы. Бұл теория нашақорлықты, деликветті мінез-құлық, өзге де психикалық бұзылыстарды лангьютивтік әдіспен зерттеу арқылы дәлелденген. Кэплен ең алдымен девиантты мінез-құлық және өзің сыйлаудың төмендеуін өзара салыстырудан бастады. «Менге» ұмтылғандықтан, өзің сыйлаудың төмендеуі жағымсыз жағдай болып есептелінеді де, өзін қабылдау жарақатташы қайғырулардан арылумен байланыстырылады. Осының нәтижесінде адам өзің жоюдың субъективті мүмкіндігін жоғарлатуына алып келеді. Өзін жоюдан өзгелерге қарағанда қатты қайғыратын адамдар өз мінез-құлқы арқылы осы жағдайды өзгерткісі келмейді. Сондықтан өздерін жоғары қабылдаған адамдар өздерін кері итеруші адамдарға қарағанда өздерін жоюға бейім келеді.

Өзін сыйлаудың төмендеуі статистикалық тұрғыдан қарағанда жеткіншектердегі девиантты мінез-құлықтың кез келген түрімен тығыз байланысты. Олар: әділетсіздік, әр түрлі қылмысты топқа тәуелді болу, заңсыз істерді жасауы, наша қолдану, заңбұзушылық, маскүнемділік және түрлі психикалық бұзылыстар.

Жүргізілген зерттеулер бойынша жеткіншектерде девиантты мінез-құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар:

  1. Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлаудың төмендеуіне септігін тигізеді. Себебі, соған қатысты жеке тұлға еріксіз өзінің әрекеттеріне қоғамды қарсы қояды.

  2. Өзің құрметтеудің төмен болуы тұрақты емес мінез-құлықтардың емес, ұйымдардың әрекеттеріне қатысуы арқылы жеткіншек өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қаблдау әдістерін тапқысы келеді.

  3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе, төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлауына, өзің сыйлау деңгейінің өсуіне әсер етеді.

  4. Деликветтіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгерістер әсерін береді.

12 жастан бастап жеткіншектердің өзін сыйлау динамикасын ұзақ уақыт бойы салыстыра отырып Кэплен екінші және үшінші болжамдардың дұрыстығын дәлелдеді. Негізінен көптеген жеткіншектердің өзін бағалауларының жағымды болуын жағымсызы реттеп, есейе келе осы тенденция күшейіп, өзін сынау, өзіне көңілі толмау нәтижесінде өзіндегі кемшіліктерді жойып, өзін сыйлауы жоғарылайды екен. Ал, кейбір жеткіншектерде бұл жағдай болмағандықтан, олар өздерін долы болмайтындай сезінеді. Олардың өздерін қабылдауларының жағымсыз болуы үш түрлі, бірақ өзара тығыз байланысты тәжірибелерден тұрады:

Біріншіден, олар өздеріне тұлғалық құндылық сапалары жоқ деп немесе тұлғалық құндылықты әрекет істей алмаймыз және керісінше жағымсыз сапалар бар, әрі жағымсыз әрекет істей аламыз деп есептейді.

Екіншіден, оларға маңызды адамдар жағымды қарамайды немесе жағымсыз қарайды деп есептейді.

Үшіншіден, олар алғашқы екі тәжірибенің элементтерін жұмсартатын немесе мүлдем жоятындай психологиялық қорғаныс механизмдерімен жұмыс істей алмайды немесе тиімді қолдана алмайды. Бұндай жеткіншектерде өзін сыйлау қажеттілігі өте күшті, бірақ бұл қанағаттандырылмағандықтан, олар девиантты мінез-құлық формаларын қолданады. Кэплен 12 жастағы жеткіншектермен жұмыс істей отырып, өзін сыйлаудың маңызын 28 түрлі девиантты мінез-құлқы бар жеткіншектермен салыстырды. 26 жағдайда түзету статистикалық тұрғыдан маңызды болды, яғни өзін сыйлаудың төмендеуі девиантты мінез-құлықпен байланысты (ұсақ ұрлықтар, өзін өлтіремін деп қорқыту, заттарды сындыру, т.б.) [24].

И.С.Кон өзін жою сезімі, яғни талапқа сай болмау, субьект алдына таңдау мәселесін қояды. Ол талапқа бағынып, өзін жоюға қатты қайғыру жалғаса береді немесе өзін сыйлауды жоғарылатып, осы талаптарға қарсы әрекеттенеді. Әрине, екінші таңдау қолайлы болғандықтан, ұжымның, қоғамның тілегіне сәйкестілік жойылып, олардан қашу тілегі артады. Нәтижесінде, ұстанымдар да, референтті топ та, жеткіншек мінезі де антинормаға айналып, девиацияға бағытталады [25].

Кей жағдайда өзін сыйлау мақсатына қол жеткізіледі. Маскүнем өзіне зиян келіп жатқанын түсінбей, өзі үшін мақтанады. Бұзақы топ арасында әлеуметтік қысым көрген индивид өзін сыйлаудың жаңа критериялары мен тәсілдеріне қол жеткізеді, енді ол жағымды жағынан емес, жағымсыз әрекеттен өзін пайдалы сезінеді. Жаңа әлеуметтік бірлік бұрынғы өзін бағалау критерияларын жойып, бұрынғы кемшіліктер жойылып, жаңа жетістікке жетеді. Әрине, девиация өзін жою сезімінен құтылудың бір ғана тәсілі емес. Е.М. Новиков нашақорлық пен маскүнемдікті уақытқа созылған, ерекше, ұзақ уақыттық стресс деп қарастырады. Бұзақының өзін сыйлауының жоғарғы болуы мәселелі жағдай, ол өзін көрсетуге тырысқанымен, шындығында ол өзін жалпы әлеуметтік тұрғыдан бағаламауы мүмкін емес, ерте не кеш бұл көрініс береді де. Бірақ та өзін сыйлауды жоғарылату және психологиялық қорғаныс құралы ретінде девиациялық мінез-құлық өте тиімді [26].

Девиантты (ауытқулы) мінез-құлық – қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез-құлықты айтады (И.А.Невский) [27]. Танымал социолог И.С.Кон анықтамасында: «Девиантты мінез-құлық – ол психикалық саулық, құқық, мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы» - деп қарастырады.

Бейімделген мінез-құлық тұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез келген бейімделуді бұзады (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік – психологиялық орта). Әлеуметтік ауытқуды С.А.Беличева «девиантты мінез-құлық» деп деп төмендегідей топтастырады:

  • пайдақор бағытта: құқық бұзу, материалды,ақшалай, мүліктен пайда табу (ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б.);

  • агрессивті бағытта: жеке бас дамуына кері бағытталған қимыл (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау);

  • әлеуметтік – енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу,нашақорлық, ішімдік және суицид, белсенді өмір сүруден қашу,азаматтық жауапкершіліктен жалтару) [25].

Девиантты мінез-құлықтың бастамасы туралы әлеуметтену теориясы толық мәлімет береді. Жеткіншектердің әлеуметтену ерекшеліктерін ескере отырып, бұл құбылыстың барлығына ортақ бағытын іздеуіміз керек. Әлеуметтену дегеніміз – адамның әлеуметтік қатынастар жүйесінің бір компонетіне айналу процесі, яғни адамның қандай да бір қоғамның, ұйымның мүшесіне айналуы. Осы процесс барысында мәдениет, әлеуметтік қалып және құндылықтар элементтерін игеріп, осы негізде тұлға ретінде қалыптасады.

Осы теория бойынша адамның мінез-құлық генетикасы әлі анықталмаған. Жаңа дүниеге келген сәби «адам атануға тек потенциалды үміткер ғана» (А.Пьерон) [28]. Және де әрбір индивид тек осы тәжірибені игеріп, қолданғаннан кейін ғана адамзат атына сай ұрпақ бола алады. Қоғамдық – тарихи және мәдени тәжірибені игеріп, именденуі адамның онтогенез жолы. Ал оқыту мен тәрбиелеу дегеніміз – адамның облигатты және фвкультативті дамуын қамтамасыз ететін, адамзат тәжірибесін үйретідің қоғам орнатқан әдіс-тәсілдері.

Себастьян де Гразилс «қарапайым» және «күшті» аномия түсініктерін енгізген. «Қарапайым» аномия қазіргі кездегі өнер, әдебиет құндылықтарына келіспеушіліктер жағымсыз жағдай туғызғанда пайда болса, «күшті» аномия сенімдер жүйесінің мүлдем жойылуынан, психикалық бұзылыстардың, өзін өлтіру мен массалық қозғалыстардың пайда болуынан туындайды [29].

Кез келген қоғамда әлеуметтенудің жетілмеуінен, ішкі келіспеушіліктен нормаға сай еместілікке орын беріледі (Г.Беккер) [30].

Ж.Н.Фишер белгілі девиантты мінез-құлықты әлеуметтік жүйедегі мәдениет типі ретінде анықтама береді. Егер құндылықтар мен нормалар өзгерсе, онда девиацияның өзі – құрастырылған әлеуметтік ақиқат болып табылады. Ол қалыпты процестердің қарапайым нәтижесі болады, бірақ әлеуметтік өзгерістрдің потенциалды факторы болып табылады. Девиация феноменін Фишер үш бағытты қарастырады:

1. девиация дезадаптация ретінде екі аспектісі бар: әлеуметтік психикалық иммуниция мен девиантты тұлғаны шеттету;

2. девиантты тұлғаның орны;

3. ауытқушылық [31].

Баланың жоғарғы дәрежедегі мінез-құлқындағы психологиялық қызмет деңгейіннің де түрліше болатындығын ескеру қажет. Мінез-құлық бірден пайда болмайды, өсе келе пайда болады. Алайда, осы мінез-құлықтарды байқағанда кемістігін аңғаратын болсақ, ондай олқылықтарды қалайша тоқтатуға болады және сол кемшіліктерді даму кезеңдерінде жоюды, жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіру керек.

Осы орайда кемшіліктерін қарапайым психологиялық жаттығулар арқылы түзетуге болады.

Кеңес ғалымдарының, яғни Л.С.Выготский, Н.Л.Коломинский, В.Н.Мясищев, Б.И.Пинский, С.Я.Рубинштейн, К.С.Лебединская, Г.В.Грибанова пікірлері бойынша мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының даму заңдылықтарына сай болып келеді [32]. Сондықтан, мінез-құлқы ауытқушы болған балаларды дұрыс тәрбиелеу жұмысы, арнайы мекемелерде жүргізіліп отырған жағдайда, ол қоршаған ортасына тікелей қарым-қатынас жасауға өз бетінше жұмыс жасап, өмір сүруі әбден мүмкін.

К.К.Платонов «мінез-құлық» терминіне кең танылған тарихи жинақталған мағынаны бекітуін ұсынған, яғни мінез-құлық – бұл оның субъективті құрамдарын ескермей-ақ, іс-әрекеттің сыртқы көрінісі болып табылады [33].

Л.И.Божович, В.А.Крутецкий, Т.В.Драгуновтың зерттеулерінде, жалпыға бірдей мектеп оқушыларының көбісінде, өз жас шамасына сай адамгершіліктік – өнегілік ұғымдар дұрыс талқылауы көрсетіле отырып, барлық жастағы оқушыларда мінез-құлықтың адамгершіліктік нормалары жөнінде білімі дұрыс бола бермейтіні де анықталған [34;35;36].

Л.И.Рувинский өз зерттеулерінде мінез-құлықтың адамгершіліктік бағалау қызметі мен психологиялық механизмдерінің, білімдер мен қасірет аралық байланыс орнату шарт деп қарастырған. Нәтижесінде автор, адамгершіліктік – өнегеліктің құнды саналы – эмоционалды меңгеру концепциясын ұсынды [37].

Кеңес психологы А.Н.Леонтьев мінез-құлықтың мотивін теориялық тұрғыда түсінуіне көп үлесін қосып, осы мәселеге бағытталған бір қатар зерттеулер жүргізген. Ол, мотивті өзекті қажеттілікке жауап беретін, яғни оны қанағаттандыру шарасы ретінде көріне отырып, мінез-құлықты белгілі бір жүйемен ұйымдастыратын зат деп анықтады. Бақыланған мінез-құлықтың бір қажеттілік мотивациясында әр түрлі заттар орындалуы мүмкін.

А.Н.Леонтьев, зерттеу жүргізу барысында, қажеттілік өз бетінше мінез-құлықтың моттиві бола алмайтынын көрсетті, өйткені мұқтаждық күй ретінде ол ағзаның тек бағытталмаған белсенділігін ғана тудыруға және мұқтаждықтан пайда болған күштің толық жойылуына дейін, оны белгілі деңгейде күшейтіп немесе әлсіретіп тұруға қабілетті болады. А.Н.Леонтьев, толық мотив үшін, яғни мінез-құлықты белгілі бір жүйеге бағыттау үшін, кемінде екі мотивациялық факторлар қажет деген шешімге келді: ол қажеттілік және мотив. Сонымен, «мотив» дегеніміз – іс-әрекетке, белгілі бір қылықтарға итермелеуші күш.

Бұл баланың қажеттіліктері, қызығушылықтары, құмарлықтары және эмоциялары болуы мүмкін. А.Н.Леонтьев қажеттілік пен мотв арасындағы айырмашылықты, тек мінез-құлық мотивациясындағы үрдіс ретіндегі әр түрлі рөлінде ғана емес, басқа деп ұйғарды. Қандай да болмасын қажеттіліктің, қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі субъективті тұрғыда ғана көрінеді, демек, санасыз түрде эмоцияда ғана көрініс береді. Ал мотив адам санасында мінез-құлық бағытталған объект немесе мақсат ретінде көрінеді. Қандай да болмасын мінез-құлықты бағалау, оны бір нормалармен, ережелермен салыстыруды ұйғарады [38].

Жеткіншектік кезең адамның өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең, яғни өзімен-өзі ақылдасып, «жан дүниесіне үңілуге құштар» шағы деуге болады. Адам өзінің сыртқы табиғатын біліп, оның күшін өз игілігіне пайдалану үстінде өз жан дүниесінің жұмбақты сырларын да білгісі келеді. Өзінің ішкі жан дүниесін, алуан түрлі сырларын адам өзі жақсы білсе, ол сыртқы дүниеге күнбе-күн жасайтын ықпалын түсініп, адамзат қоғамына пайдалы істер жасауға тырысады. Адамдардың өмір сүру құштарлығы, олардың мақсаттары, бірі адамның өзін-өзі тани білуімен байланысты. Жеткіншектік кезеңдегі балалардың психикалық дамуының қозғаушы күші мектеп пен отбасының қоятын талаптары мен балалардың психикалық даму дәрежесінің арасындағы қайшылықты айтады.

Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жеткіншекдердің мінез-құлқы мен тұлғасын зерттей отыра, олардың құрылымындағы сақталған компоненттерді ашуға мүмкіндік туады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар, қасиеттерінің қалыптасуымен, оның даму деңгейі және мінез-құлқының тұрақтылығы үшін керекті коррекциялық жұмыстарды және шараларды ұйымдастыруға болады.