- •61.Сабақтардың құрылымы және типтері
- •63 Сабақтың мақсаты
- •62 Билет. Сабақ - оқу жұмысының негізгі түрі
- •35 Билет. Оқу шеберхана бөлмелеріне жабдықтарына, безендірілуіне және оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын талаптар.
- •64 Билет. Оқу шеберханаларындағы санитарлы-гигиеналық қағидалары және еңбекті қорғау.
- •46.Кәсіптік оқытудың оқу-материалдық базасы
- •74 Билет .Оқу әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар.
- •17 Билет. Оқытудың сөздік әдістері
- •27 Билет. Оқушылардың іс тәжірибесін ұйымдастыру формасы ретіндегі технологиялық карталар
- •10.Билет. Жаттыгу ..........
- •35.Кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері және құрылымы
- •Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
- •Оқыту әдісіне жалпы сипаттама
- •2) 11 Сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
35.Кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері және құрылымы
Сабақтың дидактикалық құрылымы мына элементтерді камтиды:
- тірек білімдері мен қимыл тәсілдерінің көкейкестілігі;
- жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру;
- білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу;
- білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру;
Бұл кұрылымды ары қарай мына 3 бөлікке бөлуге болады:
- логикалық - психологиялық;
- мотивациялық;
- әдістемелік.
Логикалық-психологиялық: бөлімде негізінен сабақта таным процесін қалыптастыратын психологиялық әрекеттерден тұрады - Олар:бұрынғы алған білімдерін қайта жаңғырту;білім мен әрекет тәсілдерін қабылдау; материалдарды ой елегінен өткізіп, есте сақтау; білім негіздері мен әрекет тәсілдерін жалпылау; білім мен жаңа әрекет тәсілдерін түрлі жағдаяттарға байланысты практикада қолдана білу.
Сабақтың мотивациялық құрылымы:оқушының зейінін жинақтау және бағыттай білу; сабақтағы негізгі қимыл - әрекет мәнін түсіндіру; оқушылар қызметіне түрткі жасау; оқушылар мен бірлесе отырып сабақ мақсатын айқындау; түпкі мақсатқа жетуде жағдаяттармен қамтамасыз ету; оқушылар қимылындағы сенімділік әрекетін қуаттау нәтижесі мен іс - әрекетті бағалау.
Әдістемелік құрылым:сабақтың барлық кезеңінің практикалық тұрғыда жүзеге асуына ұйытқы болады.
Өндірістік оқыту (практикалық) сабақтарын оқу. Шеберханаларында цехтарда өткізудің мынандай түрлері бар:
- жаңа еңбек тәсілдерін үйрететін сабақ;
- өткен тәсілдерді бекітуге арналған сабақ; Мұның өзі: а) жаттығусабақтары;ә) оқу - өндірістік бұйымдарды өз бетінше жасау сабағы б) аралас сабақтар (комбинированные). Өнеркәсіп не өндіріс ұйымдарында жүргізілетін өндірістік оқу түрлері:
- өндірістік жағдайды білім мен дағдыларды қалыптастыратын, кешенді және күрделі жұмыстар түрін атқару;
- өндірісте білікті жұмысшылар іс - әрекетті оқушылардың бақылауын ұйымдастыратын оқыту түрі;
- сол жұмысты практикант - студенттің атқаруы;
- нақты кәсіп бойынша штаттық жұмыс орнында өндірістік практика өткізу.
- бақылау - тексеру және біліктілік сынақтарын жүргізетін оқыту түрі,
- топ саяхат ұйымдастыру (экскурсия)
Сабақтардың құрылымы және типтері
Сабақ түрлері мен құрылымы сабақты жетілдіру жайындағы күрделі мәселелердің бірі. Сабақ құрылымы деп сабақ барысында оның құрамды бөліктерінің кезеңдерінің бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Сабақтың құрлымы – оқытудың мақсат-міндеттеріне, оқу материалының мазмұнына қарай қолданылатын әдіс-тәсілдеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Сабақ түрлері дидактиканың аяғына дейін шешілмеген мәселесі. Сабақты топтастыруда бірнеше көзқарастар бар. Ең көбірек қолдану тапқан Есеновтың топтастыруы болады. Ол сабақтың негізгі дидактикалық мақсатына сай, сондай-ақ оның сабақтар жүйесіндегі жеке орнына отырып сабақ типтерін анықтады.
кіріспе
жаңа білімді хабарлау
білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту
жаттығу және практикалық
лабораториялық сабақ
қайталау, қорыту сабағы
оқушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын тексеру және бағалау
аралас сабақ
Қазіргі кезде мектептерде сабақтың дәстүрлі түрімен қатар лекция, семинар, конференция, пікірталас, пікірталас – панорамалық, сынақ сабақ
Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы
сабақтың бастамасын ұйымдастыру, оқушыларды сабаққа дайындау
сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
жаңа материалды түсіндіруге оқушыларды дайындау, ынта мен қызығуын тудыру, өткенді еске түсіру
жаңа материалды түсіндіру – бұл сабақтың негізгі бөлігі мен кезеңі, сондықтан оған назар аудару керек.
сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру
Экскурсия сабағының құрылымы
топсеруенге дайындау
топсеруен мақсатын түсіндіру, және оны өткізудің тәртібімен таныстыру
оқушылардың бақылау әрекетін ұйымдастыру
Экскурсияның бұл негізгі бөлігінде оқушылардың заттар мен құбылыстары бақылау, мұғалім әңгімесінен, сондай ақ балалардың өздерінің практикалыық жұмыстарымен ұштастыру ойын әлемінде пайдалануға болады. Экскурсияны қорытындылау. Оқушылардың алған әсерлерін жинақтау, ауызша айту, шығарма жазу, графикалық және практикалық жұмыстарды орындау.
Бекіту сабағы
Бұл сабақ мектеп оқушыларының күнделікті алған білімдерін нығайту мақсатында жүргізілеі.
Қайталау сабағы
Материалды қайталап отыру білім беру процесінің басты бөлігі болып табылады.
мақсаты ашық болу керек
түрі белгіленуі керек
жоспар негізінде өткізілуі керек
өткенді еске түсіріп қана қоймай, терең ұғынуға, қосымша материалдармен толықтыру
қайталау жүйелі өткізілуі керек
балалардың белсенділігін арттыру қажет.
Жобалық сабақ
Жобаны дайындау, өткізу оқушылардан шғармашылық ізденіс, көп күш жігер және уақыт талап етеді. Жоба бұл алдын ала жоспарланған, алдына қойған мақсаты бар сабақтың ерекше бір түрі. Сабақтың басында ұсынылған мәселені шешу үшін оқытушы мен оқушылар бірігіп жоспар құрып, жұмыс істеу әістерін талдайды және жосарлайды, жұмысты орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі қазіргі өмір шындығын пайдаланады. Жоба әр түрлі кезең мен қадамдардан тұрады:
дайындық кезеңі: негізгі тақырыты түсіндіру, талдау, өз ойларын айту. Сабаққа қажетті жаңа сөздермен жұмыс істеу.Қосымша материалдар енгізу.
тақырыптарды бөлу: оқушылары кіші топтарға топтастырып, әр топқа тақырып табу. Тақырытарды талқылау.
тақырытары нақтылау: сұрақтар құрастыру, жоспар құру, рольдерді тасырмаларды бөлу, кім не істейді, қашан, қалай.
мәліметтер жинау: түпнұсқадағы кітап, сурет, журнал және тағы басқа мәліметтер. Телерадио, хабарлардағы мәліметтер. Белгілі бір жерде зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер. Көшеде алынған сұхбат мәліметтер. Фото сурет
жиналған мәліметтерді презентацияға дайындау:реттеу, өңдеу, презентацияға лайықтап дайындау*плакаттар дайындау, карта жасау, газет шығару, көрме дайындау, брошура жазу*презентация:*әр кіші топ өз резентациясын баса оқушылар алында айтып түсіндіреді, көрсетеді.*Жұмыстың нәтижесін көрме, брошура, плакат түрінде дайындау.*Қысқаша жұмыс жоспарымен, іс барысымен таныстыру, не істеуі жоспарлады, не істелді, жұмыс қалай жүрді, бұдан да жақсы істеуге болар ма еді.*пікірталас, пікірсайыс.
Жобаны дайындап өткізу үшін ең алдымен оқушыларды келесі дағдыларға үйрету қажет:
топтарда, тар жұпта жұмыс істеуге;
жұмыс кезінде бірін бірі қолдап, көмектесу;
басқалардың жетістіктерін бағалауға;
бір бірімен тіл табысып жұмыс істеуге үйрету қажет.
Жобаны дайындау кезінде келесі әдістерді пайдалануға болады:сұрау жүргізу, экскурсияға бару, сұхбат алу, кітапханадан мәліметтер іздеу, әр түрлі мекемелермен байланысу, мәліметтерді интернеттен іздеу, эксперимент жүргізу, мамандармен әңгімелесу, обьектілерді бақылау, мәліметтер сұрастыру.
Кәсіптік оқыту құралдары мен олардың түрлері
Оқыту құралдары. Оқыту құралдары білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға, білім негізін қалауға арналған түрлі ақпарат жиынтығы. Оның көмегімен шебер мен білім алушы белгілі бір мақсатқа жету жолында бірлескен іс-әрекет жасайды.
Оқыту құралдарына жататын материалды объектілер табиғи және адам қолымен жасалған заттар деп екіге бөлінеді. Ал педагогикалық қарым-қатынас ауызекі сөйлеу арқылы не басқа жолдармен да жасалуы мүмкін. Сондықтан оқыту құралдарына педагогтің сөйлеу мәнерін, көзқарастарын және оқулық, оқу құрал-жабдықтары, аспаптар және көрнекі құралдарды жатқызуға болады. Оқыту құралдарының түрлері сан алуан, олар соңғы ғылым мен техника, ақпараттық технологияның дамуына байланысты жетілдіріп отырады. Қазіргі кезде кәсіптік-техникалық оқу орындарында оқыту құралдарының мына төмендегі түрлері кеңінен пайдалануда.
Баспа материалдары: оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, түрлі картотекалар, нұсқаулар, оқу алгоритмдері т.б.
Оқу құралының ең бастысы – оқулық. 2002 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Елбасының қолдауымен кәсіптік білім саласы бойынша жылына 800-ге жуық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары жазылуда. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы бағдарламасы бар екені баршаға мәлім. Оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға көптеген кәсіптік және өндірістік оқыту шеберлері тартылуда.[9]
Оқулық әдебиеттердің мақсаты келешек тұлғаның тәлім-тәрбие мен білім алу міндетін жүзеге асыру екендігі баршаға аян. Алайда осы уақытқа дейін тәлім-тәрбиелік тағылымы бар ақпараттар оқулық мазмұнында нақты көрініс таппағандықтан, тәрбие жұмысы негізінен сабақтан тыс мезгілде жүргізіліп келеді. Сондықтан тәлім-тәрбие жұмысын жолға қою үшін, білім алушыларды әзірленетін жаңа типті оқулық әдебиеттерге тәрбиенің түп-тамыры да, қайнар көзі де – ұлттық мүдде тұрғысынан аса маңызды ұлттық мәдени құндылықтар туралы жаңа ақпараттар енгізілуі тиіс. Ол үшін тағылымдық мәні бар ұлттық-мәдени құндылықтарға жататын объектілерді және олар туралы ақпараттың мазмұны мен оның тәлім-тәрбиелік мән-мағынасын жүйелі түрде анықтау қажет.
Ұлттық мүдде – аясы өте ауқымды ұғым. Ұлттық мәдени байлықты нығайтуға бағытталған және заңдар мен тиімті шарттарда бекітілген ұлттық идеялар, ережелер мен іс-әрекеттер жиынтығы ұлттық мүдде болып саналады. Өзінің дамыған ұлттық мемлекеті мен ұлттық мүддесі бар халықтың шынайы тарихы да, болашағы да бар болады. Ұлттық идея – мемлекеттік мүдде тұрғысынан ұлттыұ мәдени құндылықтардың жаһандастыру дәуірінде қауіпсіз өмір сүріп, дами алатын жағдайын көксеген мақсат-мұраттың көрінісі.
Ұлттық идеология – ұлттық мүддені мейлінше анық белгіліген идеяға толы жеткізудің нақты әрекет қимылына сілтеу жасап, бағыт-бағдар беретін үгіт-насихат мазмұны. Білім алушылар үшін арналған үгіт-насихаттың негізгі қайнар көзі оқулық. Үгіт-насихат жүргізгенде ұлттық идеяны жүзеге асырудың жолы анық, әрі нақты көрсетілуі тиіс. Сондықтан жаңа типті оқулық әдебиеттер тек уағыз құралы ғана емес, сонымен қатар ол жұмыс жоспарына, іс тетігіне, табыс тұтқасына, тәлім-тәрбиенің қайнар көзіне айналуы тиіс. Оқулық әдебиеттердің әр тармағына ұлттық мүдделер туралы ақпараттар енгізілуі тиіс. Ғылымның, өркениеттің дамуына қарай қалыптасқан оқулық әдебиеттердің анықтамалары:
Оқулық – қоғамның әлеуметтік тапсырысына сай нақты оқу-тәрбие прцесінің таңбалық жүйесін жүзеге асыруда стратегиялық бағыты бар педагогикалық жүйенің моделі.
Оқулық – білім алушылар меңгеруге міндетті пәндік ақпарат көзі қызметін атқарушы, білім алушылардың логикалық ойлауын қалыптастырушы, біліктілігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытушы және адами құндылықтарды тасымалдаушы, әрі білім алушылар санасына дарытушы құрал.
Оқу-әдістемелік кешен – жеке тұлғаның танымдық қызметін басқарудың әдістемелік жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ететін, ядросы оқулық болып саналатын, дидактикалық-әдістемелік құралдардың жиынтығы.
Оқулық әдебиеттер – тәрбиелеу, білім алу және біліктілікті дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың жиынтығы.
Оқулық әдебиеттерде адамзат баласының ақпарат арқылы меңгерген дүниетанымы туралы мағлұматтардың таңбалар мен шартты белгілер түрінде жинақталғанына оңай көз жеткізуге болады. Тәрбиелеу, білім алу және біліктілікті дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулық әдебиеттердің құрамы туралы қысқаша мәлімет беретін, қазіргі заманда басылымдардың мынадай түрін қамтиды:
- оқулықтар;
- электрондық оқулықтар;
- мультимедиялық және үйретуші бағдарламалар; әдістемелік оқу құралдары;
- есептер мен жаттығулар жинағы;
- диктанттар жинағы;
- жұмыс дәптері;
- кестелер мен экрандық оқулықтар;
- хрестоматиялар;
- оқиғалы мазмұнды картиналар альбомы;
- әдістемелік басшылықтар;
- өзіндік жұмыстарға және өз бетімен оқуға арналған ақпарат көздері;
- анықтамалар көрсеткіштер;
- түсіндірме сөздіктер және т.б.[21]
Оқулықтың атқаратын бірнеше қызметтері бар. Оның үйлестірушілік қызметі оның басқа оқу құралдарын өз төңірегіне топтастырып, олардың ұйытқысы болуынан көрінеді. Басқаша айтқанда, барлық басқа құралдар оқулықта көрініс тапқан бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қызмет етеді. Сөйтіп, оқулықтың бұл қызметі шебердің білім берудің даралық тәсілін жүзеге асыруына, білім алушылардың ақпараттар тасқынын бағдарлай білулеріне, алған білімдерін практикада қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға арналған.Жүйелеушілік қызметі оқу пәнінің мазмұнын құрайтын ақпараттың қатаң түрде бірізді баяндалуын қамтамасыз етеді. Оқулықтың өзі білім алушыға дәйекті білім, айналадағы әлем туралы біртұтас түсінік бере отырып, ғылыми жүйелеу тәсілдері мен әдістеріне де үйретуге тиіс.
Оқулық бұлардан басқа мынадай дидактикалық қызметтер атқарады:
Ақпараттық қызметі пәнді оқып-үйрену кезінде меңгерілетін ақпараттың міндетті көлемін анықтай отырып, білім берудің пәндік мазмұны мен пәнді оқып-үйрену кезінде білім алушылардың меңгеретін іс-қимыл түрлерін белгілеуден тұрады. Бұл қызмет оқу процесінде білім берудің тиімділігіне қол жеткізуге арналған. Сол арқылы білім алушылардың дамуындағы оңды өзгерістерге негіз қаланады;
Жинақтау (трансформациялық) қызметі – оқу-материалын қамтитын ғылыми-теориялық, дүниетанымдық, техникалық, технологиялық білімдерді, көркемдік құндылықтарды білім алушыларға ескере отырып, дидактикалық принциптер мен қағидалар негізінде жинақтауға арналған. Соның арқасында танымдық қызметтің ұштастырылады да, сол арқылы білім алушылардың үйрену белсенділігін айтарлықтай арттыруға болады;
Оқулықтың білім алушылардың алған білімін бекітіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру қызметі – шебердің басшылығымен білім алушылардың іс-әрекет түрлерін қалыптастырудың, олардың міндетті оқу материалын берік меңгерулеріне қол жеткізуді, практикалық қызметте сол материалды бағдар тұтып, оған сүйене алатындай болуларын көздейді;
Өздігінен білім алу қызметі – білім алушылардың білімді өздігінен алуға деген ынтасы мен бейімділігін, танып-білуді қажетсіну, өз қабілетін қалыптастыруға бағытталған;
Кіріктіру (интеграция) қызметі білім алушылардың әр қимылы іс-әрекет барысында түрлі бастау – кездерден алған білімдерін талғап, біртұтас түрде меңгерулеріне көмектеседі;
Дамытып-тәрбиелеу қызметі жан-жақты дамыған жеке тұлғаның негізгі қасиеттерін белсенді түрде қалыптастыруға бағытталған
60 билет . Оқыту құралдарының сипаттамасы мен классификациясы.
Мамандандырылған жұмысшыларды тиімді дайындау оқу орнының жақсы жабдықталған материалды-техникалық базасына байланысты. Ол өз ішінде білім беру ппроцесін ұйымдастырда қажетті оқыту кабинеттері, лабораториялары мен зертханалар, сонымен қатар оларға сәйкес жабдықтарды құрайды. Оқыту жабдықтары мыналардан тұрады:
оқыту құралдары
оқытудың техникалыық құралдары
қажетті құралдар
жиһаз
Оқыту құралдары оқту жабдықтарының бірінші тобын құрайды. Осылайша «оқыту құралдары» деп- шебер ақарат беру үшін, сонымен қатар әр түрлі оқыту іс-әрекетінде білім алушылардың оқу материалын меңгеруін бақылау және өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін қолданатын оқу жабдықтары айтуға болады.
Қазіргі кездегі барлық оқу құралдары белгілі бір ақпараттық және дидактикалық мүмкіндіктерге ие, және бір-бірінен ақпаратты беру тәсілімен ерекшеленеді. Осыдан, білім алушылардың іс-әрекетіә мен оқыту формасын ұйымдастыруына тәуелді Қандай да бір білім беру процесі – ақпараттар ағыны арқылы, білім алушылардың оқыту құралдары көмегімен әр түрлі көрнекі іс-әрекет түрлерін орындауы кезінде іске асырылады. Бұл ақпаратты біз- көру, есту және басқа сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз. Кәсіптік білім беруде әр түрлі оқыту құралдарын баспа, экранды, дыбыстық және көлемді деп бөлуге болады. Көлемді оқыту құралдарын ерекшелеу – адамның кеңістікте ақпаратты жақсы сезіну үшін жасалады. Осылайша, барлық оқыту құралдары келесі топтарға бөлінеді:
баспа – оқулықтар, анықтамалар, тапсырма жинақтары, нұсқаулар, нұсқау-технологиялық карталар, плакаттар, карточкалар
экранды – диаозитивтер, диафильмдер, транспоранттар және компьютерлер
дыбысты – аудиотаспалар мен радиохабарлар
көлемді – табиғи обьектілер, модельдер, макеттер, муляждар.
Оқыту құралдары атқаратын барлық функциялардың ішіндегі ең негізгісі – білім берушілердің оқу іс-әрекетін қамтамасыз ету функциясы болып табылады.
Окыту әдістері
Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И.Архангельский, С.И.Зиновьев, Н.В.Кузимина, Н.Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әртүрлі негізінде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Сскаткин, И.Я.Лернер):
түсіндірмелі хабарлау әдісі;
репрадуктивтік әдіс;
проблемалық баяндау әдісі;
эвристикалық әдіс;
Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина):
жаңа білім беру әдісі;
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
Техникалық құралдар мен жұмыс істеу әдісі;
Өзіндік жұмыс істеу әдісі;
Білімді тексеру әдісі;
Проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
оқу – танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
оқуға ынталандыру;
оқытудағы бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері.
Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг):
ауызша баяндау әдісі;
есеп шығару әдісі;
өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):
жаңа білімді игеру әдісі;
өзіндік білім әдісі;
проблемалық әдіс;
практикалық әдіс;
көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны – білім берудің көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голанд):
сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
көрнекілік әдістер;
тәжірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып, табылады немесе мұғалім оқушыларға білім беруде көрнектілерді қолданса, онда білім алу көзі көрнектіліктер болып есептеледі т.с.с.
Оқыту әдісіне жалпы сипаттама
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мамұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқыту процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: Түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекті әдістер: Иллюстрация және демонстрация.
Тәжірибелік әдістер: Лабораториялық, практикалық, әртүрлі жаттығу жұмыстары.
Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтармен ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруінде әрқашан да пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.
Әңгіме– мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.
Әңгімелесу– мұғалім мен оқушылар арсында жаңа білімді хабарлау, пысықтау, қорытындылау дұрыс ұйымдастырылған сұрақ – жауап тәсілдерінде қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып есептеледі. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етеді.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады. Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ – жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиіс.
Дерісбаян– сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Көрнекілік әдістероқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация (көрсету)оқшыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.
Иллюстрация– демонсрация әдісі мен тығыз байланыста болады. Бұл әдісі иллюстративті ұүралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, портреттер, модельдер) көрсетуде қолданылады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттармен көрнекті және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытында мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өзінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады..
Тәжірибелік әдістер.Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Графикалықжұмыстар барлық пәнен орындалады бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылар әрекеттері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, суреттер сабақтарында кеңінен пайдаланылады.
Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар
Жоспар:
1 Технология сөзіне анықтама
2 Инновация сөзінің анықтамасы
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен процестердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы ілімдер жиынтығы.
Технология ұғымы тар мағынада – бір нақты объектінің технологиясы ретінде және кең мағынада – ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:
дәстүрлі дидактика – әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды;
әдетте, дидактиканың пәні – білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактианың пәнін былай сипаттауға болады: бұл – оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері мен принциптері;
дидактиканың міндеттері:
оқыту үрдісін суреттен түсіндіре отырып оны іке асыру жолдарын көрсету;
оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.
Технология оқу процесімен – оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымы мыналардан тұрады:
1) концептуалдық негізі;
2) оқытудың мазмұндық бөлігі:
- оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;
- оқу материалының мазмұны;
3) процессуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;
- оқытушының жұмысының әдістері мен формалары;
- оқушылардың оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс-әрекеті.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықмалар кездеседі. Педагоикалық технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда (Іnnоvаtіоn) «новацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды.
Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, товар алмасу процестеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, сонан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру мекемелерінің практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді.
«Инновация» сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:
- үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;
- оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;
- мүнда үйренушінщ дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;
- үйренушінің танымдық процеске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
- көрнекілік қуралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету.
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы
1999 жылғы7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
Бiлiм туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) адъюнктура - әскери оқу орындарында бiлiктiлiгi жоғары ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны; 2) академия - жоғары кәсiптiк бiлiм мен жоғары оқу орнынан кейiн кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын; өндiрiстiк, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтiң белгiлi бiр саласы үшiн жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттiң көбiнесе бiр саласында ғылыми зерттеулердi орындайтын жоғары оқу орны; 2-1) бiлiм беру ұйымдарын аккредитациялау - кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын iске асыратын ұйымдардың мәртебесiн бiлiм бағдарламаларының тiзбесiн белгiлей отырып, олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) мен түрiне қарай (институт, академия, университет) мемлекеттiң тануы (кезектi мерзiмге растауы). Бұл ұйымдардың бiтiрушiлерге аталған бағдарламалар бойынша бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттар беруге құқығы бар; 3) аспирантура, докторантура - оқу орындары мен ғылыми мекемелерде бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны; 3-1) ассистентура-тағылымдама - өнер оқу орындарында жоғары бiлiктi ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны; 4) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттay - тиiстi бiлiм беру деңгейiнде олар көрсететiн бiлiм беру қызметiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм; <*> 4-1) педагогикалық қызметкерлердi аттестаттау - педагогикалық қызметкердiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм; 5) бакалавр, магистр - жоғары кәсiптiк бiлiмнiң тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже; <*> 6) гимназия - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, оқушыларды олардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес тереңдетiп, салаға бөлiп, саралап оқытуды көздейтiн, жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны; 6-1) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын стипендия; 7) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы - мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыру; кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiн кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн сатып алу; конкурстық негiзде мемлекеттiк бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн беру арқылы iске асырылатын, тиiстi мемлекеттiк органдар белгiлейтiн бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау жоспары; 8) мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорны - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлттық Банкi не жергiлiктi атқарушы орган құратын ұйым; 9) мемлекеттiк бiлiм беру мекемесi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын бiлiм беру мекемесi; 10) девианттық мiнез-құлық - балалар мен жасөспiрiмдердiң әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемi жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемi кетiп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгiлерi бар, қоғамға қауiптi әрекеттер жасауы; 11) дистанциялық оқыту (алыстан бiлiм беру) - оқыту нысандарының бiрi, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы бiлiм беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметi мен дамуына нысаналы және әдiстемелi түрде ұйымдастырылған басшылық жасау; 12) қосымша бiлiм беру - азаматтардың, қоғам мен мемлекеттiң бiлiмге деген қажеттерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегi қосымша бiлiм беру бағдарламаларының негiзiнде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесi; 13) доцент, профессор: тиiстi жоғары оқу орны беретiн академиялық атақ жоғары оқу орнының немесе ғылыми-зерттеу ұйымының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аттестаттау органы беретiн ғылыми атақ 14) рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдары - дiн қызметкерлерiн даярлаудың кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары; 14-1) бiрыңғай ұлттық тестiлеу - кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен бiрiктiрiлген жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарында жоғары сатыда бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау нысандарының бiрi; 15) жеке педагогикалық қызмет - жеке нысанда бiлiм беру қызметiн көрсетуге бағытталған қызмет; 16) институт - кәсiптiк жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын жоғары оқу орны; 17) интернаттық ұйымдар - белгiлi бiр санаттағы азаматтардың жатын орын берiле отырып, бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн орта бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары; 18) интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының студенттерiн нақты мамандық бойынша бiр жылдық даярлау нысаны; 19) бiлiм алушыларды қорытынды мемлекеттiк аттестаттау - олардың тиiстi бiлiм деңгейiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартын меңгеру дәрежесiн анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм; 19-1) атаулы стипендия - тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым қабiлеттi бiлiм алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия; 20) бiлiктiлiк - бiтiрушiнiң бiлiмi туралы құжатында көрсетiлген кәсiптiк қызметтi орындауға немесе бiлiмiн жалғастыруға деген кәсiби даярлығының түрi мен дәрежесi; 20-1) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн бiлiм беру гранттары мен кредиттерiнiң шектi саны; <*> 21) колледж - орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлаудың бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орны; 21-1) кешендi тестiлеу - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бiрнеше оқу пәндерi бойынша бiр мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны; 22) лицей - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, оқушыларды кәсiби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны; 23) шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы бiлiм беретiн мектеп; 23-1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдiк жоғары оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқыту үшiн Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын стипендия; 24) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе Қазақстан Республикасында құрылған шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған азаматтарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм; 25) бiлiм беру - қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiк, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсiби бiлiктiлiгiнiң жоғары деңгейiне қол жеткiзудi мақсат ететiн үздiксiз тәрбиелеу мен оқыту процесi; 26) бiлiм беру гранты - бiлiм алушыларға кәсiптiк бiлiмге төлеу үшiн тегiн берiлетiн нысаналы ақша сомасы; 27) бiлiм беру кредитi - бiлiм алушыларға кәсiптiк бiлiм алуға төлеу үшiн берiлетiн нысаналы кредит; 27-1) бiлiм беру мониторингi - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың нәтижелерi мен шарттарының, бiлiм алушылар контингентiнiң, бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң жай-күйiн және өзгерiстер серпiнiн жүйелi түрде байқау, талдау, бағалау және болжау; 28) жалпы бiлiм беретiн мектеп - негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс iстей алатын үш сатыдан: бастауыш, негiзгi және жоғары сатылардан тұратын жалпы орта бiлiм беретiн оқу орны; 28-1) бiлiм алушыларды аралық аттестаттау - бiр оқу пәнiнiң оны бiтiргеннен кейiнгi бiр бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм; 28-2) аралық мемлекеттiк бақылау - бiлiм сапасын бiлiм беру ұйымдарына тәуелсiз бақылаудың бiр түрi; 28-3) тексеру - бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның iс-әрекетi; 29) кәсiптiк мектеп - жалпы орта, кәсiптiк бастауыш бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша бiлiктi еңбек қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз ететiн орта оқу орны; 30) кәсiптiк лицей - жалпы орта, бастауыш кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны; 31) кәсiп - адамның бiлiмi туралы тиiстi құжаттармен расталған кәсiбiнiң, еңбек қызметiнiң негiзгi түрi; 32) клиникалық ординатура - жоғары оқу орнынан кейiн тереңдетiлген медициналық бiлiм алу нысаны; 33) мамандық - бiлiмi туралы тиiстi құжаттармен расталған белгiлi бiр қызмет түрi үшiн қажеттi, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжiрибесi арқылы алынған бiлiм, шеберлiк және дағдылар кешенi; 34) стипендия - бiлiм алушыларға олардың тамағына, тұруына және оқу әдебиетiн сатып алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеу үшiн берiлетiн ақша сомасы; 35) студенттiк кредит - бiлiм алушыларға тамағына, тұруына және оқу әдебиетiн сатып алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге берiлетiн нысаналы кредит; 36) университет - мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын; жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды, ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлердi қайта даярлауды және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын; iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзетiн; өзiнiң қызмет саласында жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны; 37) оқу бағдарламасы - әрбiр оқу пәнi бойынша меңгерiлуге тиiстi бiлiмнiң, шеберлiк пен дағдылардың мазмұны мен көлемiн айқындайтын құжат; 38) оқу жоспары - тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi оқу пәндерiнiң тiзбесi мен көлемiн, оларды зерделеу тәртiбi мен бақылау нысандарын регламенттейтiн негiзгi құжат; 39) бiлiм беру ұйымының филиалы - бiлiм беру ұйымының одан тыс жерде орналасқан және бiлiм беру бағдарламаларын осы Заңда белгiленген шекте iс жүзiне асыратын құрылымдық бөлiмшесi; <*> 39-1) штаттағы оқытушы - бiлiм беру ұйымының штат кестесiнде көзделген қызметтi атқаратын және еңбек шартының негiзiнде лауазымдық мiндеттерiн орындайтын оқытушы; 40) экстернат - бiлiм алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ бiлiм беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерiн өз бетiнше оқитын оқыту нысандарының бiрi; 40-1) мектеп-гимназия (мектеп-лицей) - гимназияның жалпы бiлiм беру бағдарламаларын - гимназия сыныптарында; лицейдiң жалпы бiлiм беру бағдарламаларын лицей сыныптарында iске асыратын жалпы бiлiм беретiн орта оқу орны; 41) элитарлық бiлiм - ерекше дарынды азаматтар үшiн мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын бiлiм беру бағдарламалары бойынша алынатын бiлiм. 41-1) эксперименттiк алаң - жаңа педагогикалық технологиялар мен бiлiм беру бағдарламаларын мақұлдаудан өткiзуге арналған эксперимент режимiнде бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы.
Кәсіптік және еңбек оқытудың жүйесі Жалпы техникалық дайындық – Жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында «Материалтану», «Электороника», «Техникалық сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді.
Өндірістік оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылырадың біліктілігін орттыруға жол ашады. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы ролі бар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескенқимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процессі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі.
Практикалық білік – еібек қызметкерлерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдерммен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оның нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеден орындаудан көрінеді.
Кәсіби дағды – кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жатығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.
Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар:
Қимыл дағдысы;
Ойлау дағдысы;
Сезім дағдысы.
Қимыл дағдыларында жұмысшылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандартты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс-әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай-ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс процестерін ұйымдастыру ментауар сапасын бақылау кезінде байқалады.
Оқу жоспарлары
Жоспар- оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың негізі. Сабақтың табысты өтуі үшін іргелі даярлық қажет. Оның негізгі бөлігі жоспарлау болып табылады. Оқу сабағын жоспарлаудың екі түрі бар:
Күнделікті;
Перспективті.
Перспективті жоспарлаудың мақсаты оқу материалын үйренудің логикалық жүйесін белгілейді. Келесі оқу жылының жүктемесі осы оқу жылының аяғында белгілі болатындықтан, алдын ала жұмыс жоспарын жасаудың мүмкіндігі бар. Оқу қызметінің перспективі жоспарын жасау үшін мұғалім төмендегілерді орындауы қажет:
бағдарламалық материалды тыңғылықты үйреніп, оған талдау жасау;
пәнаралақ байланыстарды бкелгілеу;
мектептің материалдық-техникалық базасының мүмкіндіктерін бағалау, оны толықтыруға байланысты деректерді анықтау;
оқушылардың еңбек етуінің тұрлері мен мазмұнын анықтау;
техникалық құжаттарды дайындау, қажет құралдарды, материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын (ТОҚ) анықтау;
көрнекі құралдарды, кестелерді, плакаттар мен оқу әдебиеттерін дайындаудағы қиындықтарды анықтау.
Оқу жоспары – бұл оқу орындарының берілген түрдегі оқу-тәрбие процестерінің уақыты мен мерзімін, жүйеліліктерін, түрін, көлемін, мазмұның анықтайтын мемлекеттік құжат.
Бұл құжатта көрсетілген оқу пәндерінің тізімі, оларды үйрену жүйелілігі, әрбір оқу пәндерін оқытуға бөліп берілген сағаттар саны, консультация және емтихандар, сонымен қатар емтихандардың тізімі әрбір оқу тобы үшін міндетті болып табылады яғни кәсіби және орта мектеп білім берудің рұқсатсыз өзгертілуі мүмкін емес.
Кең мағынада оқу жоспары дегеніміз – оқыту процесін және мазмұның белгілейтін барлық оқу-бағдарламасының құжаттануын айтамыз. Оқу жоспары оқу орындарының түрін, оның мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың контингентін және олардың оқу мерзімін анықтайтын мемлекеттік директивтік құжаттардың негізінде жасалады.
Календарлық жоспар 1 жылға, жарты жылға, тоқсанға арналып жасалуы мүмкін. Жоспар құрастырудың бірегей формасы жоқ, әр мұғалім бұл жұмысқа жекеше шығармашылық тұрғыдан қарайды.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар - бағдарлама мен әдістемелік ұсыныстарды оқып шығып, жыл бойына берілген сабақтарды бөлімдер мен тақырыптар бойынша ойластыру негізінде құрылады. Жоспарлау мұғалімнің сабақ мазмұны мен реттілігін, мақсатын нақты анықтауына мүмкіндік береді. Күнтізбелік жоспар әр түрлі болады. Өндірістік білім беру бағдарламасының талдауын мыналардан бастау қажет: күнтізбелік-тақырыптық жоспарды талдау, бағдарламаның құрылысында өндірістік білім беру жүйесінің негізгі ережелерін нақтылы түрде көрсету, теория мен практиканың өзара байланысы, оку материалының біртіндеп күрделенуіне назар аудару, тексерілетін жұмыстардың, өндірістік практикалардың, квалификациялық емтихандардың жүргізілетін орны (уақыты). Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды конспектіге жазып қою керек. Содан кейін еңбек процесінің негізгі функцияларының көрінетін (жоспарлау, дайындау, жүзеге асыру, бақылау, қызмет көрсету), операцияларды орыңдау тәсіддері мен әдістерінің мәнін анықтау сипатына назар аударып, бір-екі операциялық тақырыптарды талдау қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсету сабағында оқулықпен жұмыс істеу. Өзіне-өзі қызмет көрсету сабағында оқулық мұғалімнің маңызды көмекшісі болып табылады. Сондықтан оқушылардың оқулықпен жұмыс істей білуі маңызды рөл атқарады. Бұл әсіресе сызбалары мен технологиялық атаулары бар оқулықты алғаш рет пайдаланатын оқушыларына қатысты.
Сабақтың мазмұны және құрылымы бағдарлама бойынша сабақтың мақсатына келетіндей етіп, мұғалім анықтайды. Ол үшін мұғалім сабақтың әрбір элеметіне кететін жұмыс уақытының шамасын анықтауға тиіс.
Оқу пәндерінің бағдарламасы – бұл теориялық және практикалық мәліметтердің оқытылу бірізділігін, мазмұнын, міндетті көлемін анықтайтын мемлекеттік құжат.
Оқу бағдарламасы оқу жоспарындағы әрбір пәнге жасалады. Оқу бағдарламасы орта мектептердің және кәсіби - техникалық мектептердің мұғалімдері үшін міндетті түрде қажет.
Сабақтың ағымдық және алдын-ала жоспарлануы
Перспективті жоспарлау мақсаты-оқу материалын логикалық жүйесін белгілейді. Келесі оқу жылын жүктемесі осы жылының аяғында белгілі болатындай алдын-ала жұмыс жоспарын жасау. Мұғалім тиянақты орындау қажет – бағдарламалық материалды тыңғылықты үйреніп, оған талдау жасау. Пәнаралық байланыстарды белгілеу. Мектептің материалдық техникалық базасының мүмкіншіліктерін ескеруі қажет. Оқушылардың еңбек ету түрлерінің мазмұнын анықтау, техникалық құжаттарды дайындау. Қажетті құралдары материалдармен көрнекі құралдарды техникалық оқыту құраладарды анықтау, көрнекі құралдарды кестелер мен плакаттар, оқу әдебиеттерін дайындаудағы қиындықтарды анықтау. Преспективті жоспардың түрлері- әр мұғалім өз калауы тәжірбесіне байланысты жасайды. Бір жылға немесе бір тоқсанға және бірінші жарт жылдыққа жасауы мүмкін. Преспективті жоспардың мазмұны әр оқу орнына бекітілген стандарттық құжаттардан алынады. Ал ағымдық жоспар тақырыптық жоспарда бөлінген сағаттар мен тақырыптардан бойынша жасалады.
Ағымдық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының құрлымы. Инені орналастыру
Күні: 24.01.08
Сынып: 6 «а»
Уақыты:90 мин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік,Дамытушылық,Тәрбиелік.
Сабақты оқыту әдісі: түсіндіру,демонстрациялау, тәжірибелік жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ, теориялық және сарамандық
Оқушылардың жұмыстарын ұйымдастыру түрі: жеке дара
Көрнекіліктер: суреттер, плакаттар, схемалар
Құрал-жабдықтары: тігін машинасы, жіп, ине,қайшы
Пән аралық байланыс: физика
Құрал-жабдықтар: Тігін машинасы, жіп, қайшы, қағаз қалам.
Әдебиеттер:Оқушыларға: оқулық 6 сынып технологиясы.
Мұғалімге: оқулық. 5-9 сыныптағы технология, дидактикалық құралдар, әдістемелік материалдар 6 сынып.
Сабақтың барысы:
1кезең.Себептік 5-7мин
2кезең.Іс-әрекет 35мин
3кезең.Рефлексия 3-5 мин
1.Ұйымдастыру кезеңі (5 мин) Сәлеметсіндерме? Бүгін кім жоқ? Кезекшілер кім?
Себеп арқылы тақырыпты атау.
2. іс-әрекеттік кезең. Үй тапсырмасын тексеру. (15мин
Негізгі бөлім:
Сабақтың мазмұны. (20 минут)
Тәжірибелік жұмыс (30 мин)
Қорытынды бөлімі:Сабақтың қорытындысын шығару, оқушыларды бағалау.
Рефлексия. (5 мин) Не білдік? не үйрендік? сұрақтарына жауап беру
Үй тапсырмасын беру: жаңа тақырып бойынша қайталап келу.
Сабақты дайындау кезеңдері.
Сабаққа мұқият дайындалу, оын мазмұны мен ұйымдастыру процессін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзінің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс.
Сабақты дайындау үшін мына төмендегі сұрақтарды қарастырады:
Сабақтың мақсаты қандай?
Білім алушылық, тәрбиелік, дамытушылық.
Оқушылар қандай жаңа білімер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйретеді?
Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
Сабақта қандай әдістер және көрнекі құралдар пайдаланбақ?
Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қанадй бақылау сұрақтарын қою керек?
Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын қою керек?
саббаққа дайындалу үрдісінде пәнді өткізу барысында жылдық тақырыптық жоспар түзіледі. Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсатарды анықтауа бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әреетін белгілеуге, пәнаралық байланысты орнықтыруға, оынң барысында пайдаланатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақытыл тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжау мүмкіндік береді.тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде,оқу материалын оқып біледі, осы тақыырп бойынша өткен оқу жылында жүргізілген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімділік ғана емес, сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуін де белгілейді.
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайды, соны арқасында оларға жоғары сапаа білім беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі , сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектпте өт үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сл сияқты оқушыларды сабақ сұрады және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескертуге ммүкіндік береді
Оқыту құралдарының сипаттамасы мен топталуы
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал – тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланылады.
Оқыту құралдары. Оқыту құралдары білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға, білім негізін қалауға арналған түрлі ақпарат жиынтығы. Оның көмегімен шебер мен білім алушы белгілі бір мақсатқа жету жолында бірлескен іс-әрекет жасайды.
Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекті және техникалық құралдар жатады.
Оқу кітаптары – оқулықтар, оқу - әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.
Көрнекті құралдар – кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық – географиялық карталар т.б.
Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.
Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқытуды процесінің дұрыс ұйымдастырылғаны сипаттайды. Бұл турасында Л.Н. Толстой дейді: «Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын балса да, оны оқушының сабақ оқудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті.
Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгеруге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.
Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімінің басшылық ету тәсілдері. Амалдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту демекпіз.
Кітап – білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек ашып, оқушылардың оны кеңірек игеруіне көмектеседі. Оқулық және кітаптың көмегімен оқушылардың сабақта немесе сабақтан тыс кездерніде түрлі жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған білімдерін толықтырып отырады.
Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптармен жұмыс істей отырып, белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, ой - өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып табылады. Қазіргі мектеп тәжірибесінде жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер арсында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдан білмейтіндер кездеседі.
Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар. Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл – ой күшімен ерік – жігерімен көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс - әрекетін жандандырып оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге, адамдар – арасындағы қарым – қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Яғни, ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы.
Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның саналы көзқарасын және өзіне - өзі бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалім тарапынан жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет етеді.
баспа – оқулықтар, анықтамалар, тапсырма жинақтары, нұсқаулар, нұсқау-технологиялық карталар, плакаттар, карточкалар;
экранды – диаозитивтер, диафильмдер, транспоранттар және компьютерлер;
дыбысты – аудиотаспалар мен радиохабарлар;
көлемді – табиғи обьектілер, модельдер, макеттер, муляждар.
Оқыту құралдары атқаратын барлық функциялардың ішіндегі ең негізгісі – білім берушілердің оқу іс-әрекетін қамтамасыз ету функциясы болып табылады
Оқытуды ұйымдастырудың формалары Қазіргі сабақ
Оқу ұйымдастыру формасы – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы, дəрістің белгілі бір түрі (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.) Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге байланысты қарастырылуы мүмкін. - Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай – кіріспе сабақ; білімді тереңдете оқыту дəрісі; практикалық сабақ; білімді жүйелестіру жəне қорытындылау сабағы; білім, ептілік жəне дағдыларды бақылау, тексеру сабағы; аралас сабақ формалары. - Дидактикалық мақсаттарға орай – теориялық, практикалық, еңбектік, аралас сабақтар формалары; Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық , тьюторлық, менторлық, гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу. Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция, олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды қамтиды. Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық шомдыру (погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, жоба (курстық, диплом) жұмыстары. Сабақ - оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ – оқу - тәрбие барысының нақты түрі. Мұның, нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Сабақ беру — білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс - әрекетінің күйі. Оқу - оқушылардың нақты білім алып, біліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс. Оқушылардың есін, зейінін елестеуін (қиялын), ойлауын дамытуды, жан-жақты тәрбиелеуін қамтамасыз етеді. Сабақты дұрыс ұйымдастыру оқушылардың үздіксіз өз бетімен білім және тәрбие алуды қажетсінуін туындатады. Оқудың сипаты, оның нәтижесі мұғалімдер құрамына, олардың теориялық және педагогикалық дайындығына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу іс - әрекетінің сипаталауына (мотивтеріне), оқуға олардың қатынасына тәуелді болады. Кәсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер - педагог оқушыларды білім деңгейі бірдей нақты топтарға, топтарға, бригадаларға біріктіріп, белгілі бір мерзім ішінде, ақпарат береді. Кәсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері қалыптасқан:
- теориялық оқыту сабағы;
- практикалык оқыту сабағы.
Теориялық оқыту сабағы оқушыларға болашақ кәсіби - қызметін жүзеге асыруда ғылыми - теориялық білім мен парасат, білік, дағдылық қабілеттіліктерін жетілдіруге арналған оқу үрдісі. Кәсіптік мектептерде (дидактикалық мақсатына қарай) сабақ мынадай түрлерге жіктеледі.
1. Жаңа білім негіздерін игеру;
2. Білім мен дағдыны жетілдіру және бекіту;
3. Қайталама - жалпылау;
4. Бақылау - тексеру;
5. Аралас сабақтар т.б.
Теориялық оқыту үрдісінде негізінен аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады. Мұнда сабақтың ұйымдастыру және дидактикалық құрылымы болады. Ұйымдастыру құрылымы мыналардан тұрады:
- ұйымдастыру кезеңі;
- үй тапсырмасын орындауын тексеру;
- оқушылардан өтілген материалдарды сұрау;
- жаңа сабақ түсіндіру;
- жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;
- жаңа сабақ материалдарын бекіту;
- сабақты корытындылау;
- үйге тапсырма.
Өндірістік оқытудың мынадай формалары бар:
оқу шеберханаларында оқыту;
өндірісте окыту.
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды. Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады. 2. Сабаққа қойылатын талаптар Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн: • жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру; • тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; • сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау; • қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету; • баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу; • алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек; • өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді. I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: • білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау; • оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру; • оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру; • оқыту принциптерін қолдану; • оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау. II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: • оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау; • оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу; • оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы; • білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру: • жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау; • оларға жеке тапсырмалар беру; • әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау. III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар: • қалыпты температуранық болуы; • ауаны тазартып түру; • жарықтың болуы; • балаларды шаршатпау; • іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады; • сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу; • оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары; • сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және оның өсуіне ықпалы. IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар: • сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы; • сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі; • мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру; • мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс. Тәрбиелік талаптар: • оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою; • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік міндеттер қою; • оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ: табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу; • балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу' • ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу. Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы: • балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту, шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау; • оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу; дамудағы сапалы, жаңа өзгерістерді қуаттау.
Оқыту әдістерінің сипаттамасы мен топталуы
Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға койған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Оқыту әдістері деп – оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс-әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн. Іс-әрекет бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.
Инженерлік психологияда іс-әрекеттің мына түрлері бар: пәндік-практикалық; пәндік-ойлау; практикалық белгілеу; ойлау белгілері аркылы.
Пәндік-практикалық іс-әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл сипат басты мәнге ие.
Пәндік-ойлау іс-әрекеті пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, оны әркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады.
Практикалық белгілеу іс-әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне негізделген (түрлі есептерді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтер іздестіру, жинақтау т.б).
Оқыту үрдісін қамтамасыз ету оқыту әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асады. Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығьш оқыту әдістері деп жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әрсабақтың белгілі бір міндеттерін белгілеп, соған лайық қимыл-әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Оқыту әдістері (сурет 1).
Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіби пәндер циклі бойынша теориялық; сабақ барысында мәліметтерді барлық оқушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға, қажет болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі.
Оқыту әдістері туралы түсінік
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық – педагогикалық сөздік «әдіс» - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс - әрекет» - деген анықтама береді.
Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым – қатынасының тәсіл – амалдары – деген де пікір айтылады.
Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағы қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
«Әдіске» қатысты анықтамаларды бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым – қатынас және іс - әрекет».
Олай болса оқыту әдістері – оқытудың мақсат – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгеруде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал – тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс - әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал – тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланылады.
Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекті және техникалық құралдар жатады.
Оқу кітаптары – оқулықтар, оқу - әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.
Көрнекті құралдар – кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық – географиялық карталар т.б.
Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.
Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқытуды процесінің дұрыс ұйымдастырылғаны сипаттайды. Бұл турасында Л.Н. Толстой дейді: «Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын балса да, оны оқушының сабақ оқудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті.
Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгеруге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.
Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімінің басшылық ету тәсілдері. Амалдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту демекпіз.
