- •61.Сабақтардың құрылымы және типтері
- •63 Сабақтың мақсаты
- •62 Билет. Сабақ - оқу жұмысының негізгі түрі
- •35 Билет. Оқу шеберхана бөлмелеріне жабдықтарына, безендірілуіне және оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын талаптар.
- •64 Билет. Оқу шеберханаларындағы санитарлы-гигиеналық қағидалары және еңбекті қорғау.
- •46.Кәсіптік оқытудың оқу-материалдық базасы
- •74 Билет .Оқу әдістерін таңдауға әсер ететін факторлар.
- •17 Билет. Оқытудың сөздік әдістері
- •27 Билет. Оқушылардың іс тәжірибесін ұйымдастыру формасы ретіндегі технологиялық карталар
- •10.Билет. Жаттыгу ..........
- •35.Кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері және құрылымы
- •Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
- •Оқыту әдісіне жалпы сипаттама
- •2) 11 Сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
27 Билет. Оқушылардың іс тәжірибесін ұйымдастыру формасы ретіндегі технологиялық карталар
Өндірістік білім берудің мазмұнын анықтайтын құжаттар.
Тақырыптың осы тарауын оқып-зерттеу ерекшелігі: мұнда осы құжаттардың міндеті мен мәнін қарастырмағанымен, келешекте өзінің педагогикалық тәжірибесінде жұмыс істейтін нақты құжаттарды тындаушыларға таныстыру болып табылады.
Мамандық бойынша (мамандық тобы) квалификациялық сипаттаманы қарастыра отырып, тындаушылардың назарын, жұмысшыға кәсіптік және жалпы талаптар қоюға жоғары дәрежеге арналған аттестация үшін қосымша талаптарды анықтауға, қосымша мамандық пен негізгі (топ құрайтын) мамандыққа арналған квалификациялық талаптардың сипатына аудару қажет. Квалификациялық сипаттамада квалификацияның дәрежесі мен мамандығына сәйкес қызметтерді даярлауға арналған әлеуметтік сұраныстын мәні көрсетілмегендігін ескере отырьш (бірынғай тарифті — квалификациялық анықтама, яғни мемлекеттік кұжат негізінде құрастырылады), оқушының ісі мен біліміне квалификациялық талаптарды тындаушыларға өз жұмыс дәптерлеріне жазуды ұсыну қажет.
10.Билет. Жаттыгу ..........
жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасалды. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д. Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды. Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жаттығудың нәтижелі болуы оның мақсаттылығы мен жүйелілігіне, түсінікті болуына, мотивациясы мен ынталандыруына, бақылау мен түзетуге, оны жүргізудің орны мен уақытына байланысты. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топтық және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет. Оқушы өмірдегі теріс жағдайларда тұрақты қасиет таныта алса, жаттығлар оң нәтиже берді деген сөз. Тұрақты әдеттерді қалыптастыру үшін жаттығуларды ертерек, баланың дүниеге келген сәтінен бастау қажет. Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән (балаға түсінікті талаптар). Оқушыларға қойылған талаптар шешімді болуы қажет, онда мұғалімнің оқушының ісі мен тәртібіне деген қатынасы білінеді. Жанама татаптар ақыл-кенес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі. Жаттығулар мен талаптар ойын формасында жиі қолданылады (рөлдік, сюжеттік ойындар). Жаттығу мен талап етуді қолданудың басты шарты оның шамасын білу, яғни белгілі бір уақыт аралығында баланың жас ерекшелігіне қарай екі не үш талап қойылады. Жаттығу түрлерінің бірі — үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады. Бұл әдісті көбінесе балабақшаларда, бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады. Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар әр түрлі болады: сырқат жолдасының көңілін сұрау, кішкентай балаларға ойыншықтар жасау т.б. Мектепте оқу сипатындағы тапсырмалар кеңінен қолданылады: кеңесшінің, мұғалім көмекшісінің жұмысын атқару. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам (мұғалім, сынып белсендісі) бақылайды. Тапсырманың орындалу сапасы жөнінде көпшілік пікірге сүйенген дұрыс. Жаттығу мен үйретудің бір түрі — тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Мұндай жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады. Іс-әрекетті, мінез-құлықтың оң тәжірибесін ұйымдастыру әдістерінің бұл тобы тәрбиенің басқа да амал-тәсілдерімен, түрлері мен әдістеріне байланысты.
