Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2016_byltyr_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
411.89 Кб
Скачать

62 Билет. Сабақ - оқу жұмысының негізгі түрі

Білім беру ісі ұлттық сананы қалыптастырудың мәдени ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың құралы ретінде төмендегідей үш бағытта қарастырылуы тиіс:

1. Табыстаушылық (Ұлттық мәдениетті, өнерді өркендету, сақтау және дамыту);

2. Саралаушылық (адамның, этникалық топтың немесе этностың ұлттық мәдени қажеттіліктерін айқындау);

3. Ынтымақтастырушылық (өнер мен мәдениеттердің өзара бірлігін, бірігуін, байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесі ұмтылысын қамтамасыз ету).

Сабақ – оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіпппен өтілетін жұмыс.

Оқыту жұмысы сабақта, кластан тыс және үйде ұйымдастырылады. Оқыту процесінде сабақтан басқа оқыту жұмысын ұймдастырудың экскурсия, практикалық және лабораториялық жұмыстар, семинар, консультация, үйдегі оқу жұмысы т.б. формалары кеңінен қолданылады. Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан, класс деп аталатын тұрақты құрымымен мұғалімнің басшылығыменжүргізілетін оқу жұмысы.

Сабақтар тұрақты сабақ кестесі бойынша алмасып отырады.

Сабаққа қойылатын талаптар. Қазіргі мектептегі сабаққа қойылатын негізгі талаптар мыналар:

Әр сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала белгілі болуы тиіс.

Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл Ж. Аймауытовтың мұғалімге сабаққа байланысты берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн дейді:

- жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;

- тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;

- сабақтың алдын-ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау;

- қажетсіз мағлұматтардын сақтанып, баланың іл типатын қоздыратын қызықты

нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;

- баланың іші пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, таныстыру, ұқсастыру, түрлі әдіс, оңтаймен оқытуды жандандыруға тырысу;

- алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болу. Оған сай жобаларды дұрыс

қолдану;

- өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсені өзі де ынталану, өзі де жақсы көру; оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді;

- сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай

ұғынымды, түсінікті бол уы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс;

- сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір

сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе;

- сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. “Баланың ынтасын тарту үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек” – деп Аймауытов жай айтпаған;

- сабақта оқушылардың таным белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық, міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет;

- сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым -қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек.

Сабақ түрлері және олардың құрылымы.

Сабақтың түрлері мен оның құрылымы сабақты жетілдіру жолындағы маңызды проблемалардың бірі. Әсіресе сабақтарды топтастыру туралы әртүрлі көзқарастар бар.

Қазіргі кездегі дидактикада сабақтарды топтастыру мынадай белгілерге негіізделеді: оқыту мен нақты сабақтың мақсат -міндеттері және сабақтың кезеңдері (құрылымды бөліктері). Осыған орай сабақтардың мынадай негізгі типтерін ажыратуға болады:

1. Жаңа білімді хабарлау сабақтары.

2. Жинақтау және қайталау сабақтары.

3. Білік пен дағдыларды қалыптастыру сабақтары.

4. Білімді тексеру, бақылау сабақтары.

5. Аралас сабақтар.

6. Дәріс сабағы.

7. Пікірталас (дискуссия) сабағы.

Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

3. Жаңа материалды түсіндіруге оқушыларды дайындау, олардың ынтасы мен қызығуын тудыру, өткендерді еске түсіру.

4. Жаңа материалды түсіндіру. Бұл – сабақтың негізгі бөлігі мен кезеңі. Сондықтан оған баса назар аудару керек.

5. Сабақты қорытындылау және үйге тапсырма беру.

Бекіту сабағаның құрылымы

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

3. Бұрын өтілген материалды бекіту. Түрлі жаттығулар мен практикал ық әдістерді, ойын элементтерін т. б. қолдану. Бұл – сабақтың негізгі бөлігі мен кезеңі. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне баса назар аудару керек.

4. Сабақты қорытындылау және үйге тапсырма беру.

Қайталау сабағының құрылымы.

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

3. Бұрын өтілген материалды қайталау. Сабақтың бұл негізгі бөлігі мен кезеңінде қайталаудың мақсаты - өтілгендерді тек еске түсіру, қайта жаңғырту ғана емес, ойлау тәсілдерін қолдану арқылы өткен материалдарды жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

4. Сабақты қорытындылау және үйге тапсырма беру.

Аралас сабағының құрылымы.

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

4. Жаңа материалды түсіндіру.

5. Оны пысықтап, бекіту.

6. Сабақты қорытындылау және үйге тапсырма беру.

Білімді тексеру сабағының құрылымы.

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа дайындау.

2. Бақылау жұмысының мақсатын түсіндіру.

3. Бақылау жұмысының мазмұны мен және орындау тәртібімен таныстыру.

4. Жұмысты оқушылар өздігінен орындауы.

5. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың «жаңа» түрлері туралы.

Соңғы кездерде педагогикалық журналдар мен газеттерде сабақ туралы, әсіресе оның жеке түрлерге жіктелуі туралы теріс пікірлер айтылып жүр. Мысалы, кейбір авторлар сабақтың мынадай түрлерін айтады: концерт – сабақ, конкурс – сабақ, көкпар

– сабақ, сайыс – сабақ, бәйге – сабақ, пресс-конференция сабағы, экспедиция – сабағы, өзара көмек сабағы т. б.

Дәстүрлі емес мұндай сабақ түрлерін жіктеудің ғылыми -педагогикалық негіздері қандай деген сұрақ туады?

Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше екенін білу қажет.

Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани қасиеттері мен ақыл -ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым -қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады. Оқыту процесінің негізгі компоненттері: мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері, бақылау мен бағалау – сабақта да орын алатыны заңдылық.

Сондай-ақ, кеңес дәуірінде және одан кейінгі кездерде жарық көрген дидактикалық еңбектерде сабақтарды топтастыру, жалпы алға нда, мынандай критерийлерге, яғни негізделеді:

1. Сабақтың дидактикалық мақсаты

2. Сабақтың құрылымы

3. Сабақта қолданылатын негізгі бір әдісі.

Сабақ тура уақытымен өткізіледі және де сабақ кестесі болады. Сабақ өткізілетін орындар: кабинет, бөлме, лабораториялар, шеберхана болып табылады.

Сабақта оқытушы әртүрлі әдістерге сүйене отырып өзінің белгіленген дидактикалық міндеттерін бағдарлама арқылы шешіп отырады. Ұйымдастыру формаларының түрлері сабақта өңделетін – саяхат, семинар сабақтары, курстық және дипломдық жұ мыстар, өзіндік дайындықтар, оқушылардың үй тапсырмасы.

Оқытудың маңызды формасы – сабақ. Кәсіби және орта мектептерде сабақ теориялық және өндірістік оқыту сабағы болып табылады. Олардың әрбіреуінің құрылымы оқу материалының мазмұнына және қойылған мақса тқа байланысты болады.

Теориялық оқыту сабағы 45 минут болса, өндірістік оқыту сабағы күні бойы жүреді. Теориялық оқыту сабағында сұрау, жаңа материалды түсіндіру және оқу материалымен бекіту кездері мұғаліммен оқушылардың жалпы топтық формасы қолданса, өндірістік оқытуда шебер әрбір оқушымен жеке жұмысжасайды.

Сабақтың негізгі құрылымдық әлементтеріне мыналар жатады:

- оқушыларды ұйымдастыру;

- өткен материалды қайталау;

- жаңа материалды түсіндіру;

- бекіту сабағы;

- оқушылардың іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру;

- қорытынды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]