Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2016_byltyr_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
411.89 Кб
Скачать

61.Сабақтардың құрылымы және типтері

Сабақ түрлері мен құрылымы сабақты жетілдіру жайындағы күрделі мәселелердің бірі. Сабақ құрылымы деп сабақ барысында оның құрамды бөліктерінің кезеңдерінің бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Сабақтың құрлымы – оқытудың мақсат-міндеттеріне, оқу материалының мазмұнына қарай қолданылатын әдіс-тәсілдеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Сабақ түрлері дидактиканың аяғына дейін шешілмеген мәселесі. Сабақты топтастыруда бірнеше көзқарастар бар. Ең көбірек қолдану тапқан Есеновтың топтастыруы болады. Ол сабақтың негізгі дидактикалық мақсатына сай, сондай-ақ оның сабақтар жүйесіндегі жеке орнына отырып сабақ типтерін анықтады.

кіріспе

жаңа білімді хабарлау

білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту

жаттығу және практикалық

лабораториялық сабақ

қайталау, қорыту сабағы

оқушылардың білім, іскерлік пен дағдыларын тексеру және бағалау

аралас сабақ

Қазіргі кезде мектептерде сабақтың дәстүрлі түрімен қатар лекция, семинар, конференция, пікірталас, пікірталас – панорамалық, сынақ сабақ

Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы

сабақтың бастамасын ұйымдастыру, оқушыларды сабаққа дайындау

сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

жаңа материалды түсіндіруге оқушыларды дайындау, ынта мен қызығуын тудыру, өткенді еске түсіру

жаңа материалды түсіндіру – бұл сабақтың негізгі бөлігі мен кезеңі, сондықтан оған назар аудару керек.

сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру

Экскурсия сабағының құрылымы

топсеруенге дайындау

топсеруен мақсатын түсіндіру, және оны өткізудің тәртібімен таныстыру

оқушылардың бақылау әрекетін ұйымдастыру

Экскурсияның бұл негізгі бөлігінде оқушылардың заттар мен құбылыстары бақылау, мұғалім әңгімесінен, сондай ақ балалардың өздерінің практикалыық жұмыстарымен ұштастыру ойын әлемінде пайдалануға болады. Экскурсияны қорытындылау. Оқушылардың алған әсерлерін жинақтау, ауызша айту, шығарма жазу, графикалық және практикалық жұмыстарды орындау.

Бекіту сабағы

Бұл сабақ мектеп оқушыларының күнделікті алған білімдерін нығайту мақсатында жүргізілеі.

Қайталау сабағы

Материалды қайталап отыру білім беру процесінің басты бөлігі болып табылады.

мақсаты ашық болу керек

түрі белгіленуі керек

жоспар негізінде өткізілуі керек

өткенді еске түсіріп қана қоймай, терең ұғынуға, қосымша материалдармен толықтыру

қайталау жүйелі өткізілуі керек

балалардың белсенділігін арттыру қажет.

Жобалық сабақ

Жобаны дайындау, өткізу оқушылардан шғармашылық ізденіс, көп күш жігер және уақыт талап етеді. Жоба бұл алдын ала жоспарланған, алдына қойған мақсаты бар сабақтың ерекше бір түрі. Сабақтың басында ұсынылған мәселені шешу үшін оқытушы мен оқушылар бірігіп жоспар құрып, жұмыс істеу әістерін талдайды және жосарлайды, жұмысты орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі қазіргі өмір шындығын пайдаланады. Жоба әр түрлі кезең мен қадамдардан тұрады:

  • дайындық кезеңі: негізгі тақырыты түсіндіру, талдау, өз ойларын айту. Сабаққа қажетті жаңа сөздермен жұмыс істеу.Қосымша материалдар енгізу.

  • тақырыптарды бөлу: оқушылары кіші топтарға топтастырып, әр топқа тақырып табу. Тақырытарды талқылау.

  • тақырытары нақтылау: сұрақтар құрастыру, жоспар құру, рольдерді тасырмаларды бөлу, кім не істейді, қашан, қалай.

  • мәліметтер жинау: түпнұсқадағы кітап, сурет, журнал және тағы басқа мәліметтер. Телерадио, хабарлардағы мәліметтер. Белгілі бір жерде зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер. Көшеде алынған сұхбат мәліметтер. Фото сурет

  • жиналған мәліметтерді презентацияға дайындау:реттеу, өңдеу, презентацияға лайықтап дайындау*плакаттар дайындау, карта жасау, газет шығару, көрме дайындау, брошура жазу*презентация: әр кіші топ өз резентациясын баса оқушылар алында айтып түсіндіреді, көрсетеді. Жұмыстың нәтижесін көрме, брошура, плакат түрінде дайындау. Қысқаша жұмыс жоспарымен, іс барысымен таныстыру, не істеуі жоспарлады, не істелді, жұмыс қалай жүрді, бұдан да жақсы істеуге болар ма еді. пікірталас, пікірсайыс.

Жобаны дайындап өткізу үшін ең алдымен оқушыларды келесі дағдыларға үйрету қажет:

  • топтарда, тар жұпта жұмыс істеуге;

  • жұмыс кезінде бірін бірі қолдап, көмектесу;

  • басқалардың жетістіктерін бағалауға;

  • бір бірімен тіл табысып жұмыс істеуге үйрету қажет.

Жобаны дайындау кезінде келесі әдістерді пайдалануға болады:сұрау жүргізу, экскурсияға бару, сұхбат алу, кітапханадан мәліметтер іздеу, әр түрлі мекемелермен байланысу, мәліметтерді интернеттен іздеу, эксперимент жүргізу, мамандармен әңгімелесу, обьектілерді бақылау, мәліметтер сұрастыру.

Сабақтың типтері, құрылымы. Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан. Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер): 1. Жаңа білімді игерту. 2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары). 3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау. 4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме. 5. Білімді қорыту және жүйелендіру. Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі. Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1,19). Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді. Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі. Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі: — дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников); — дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев); — оқыту әдісі (И.Н. Борисов); — сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]