Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.04 Кб
Скачать

15 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Бағдарламалық жасақтаманы жіктеңіз, қызметін анықтаңыз.

Бағдарламалық жасақтама (Software) деп есептеуіш жүйесінде орындалатын бағдарламалар жиынтығын айтады.

Бағдарламалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалық жасақтамасының классификациясы:

Қолданбалы бағдарламалар; Жүйелік бағдарламалар; Инструменталдық(аспаптық) бағдарламалық жүйелер.

Қызметтік БЖ

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтама түрі

Жүйелік бағдарламалар - қолданбалы бағдарламалармен бірге орындалады және компьютер ресурстарын орталық процессор, жады, енгізу-шығару, басқаруға қызмет етеді. Олар компьютерді пайдаланушылардың бәріне бірдей арналған, жалпы қолданылатын бағдарламалар.

Инструменталдық бағдарламалық жасақтама – кез келген пәндік аумақта (сонымен қатар ЖБЖ және ҚБЖ) ерекше бағдарламалық құралдарды құруды автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама бөлігі. Оның негізін құрастырушылар:

- бағдарламалау тілдері (Delphi, Visual Basic және т.б.);

- компиляторлар;

- интерпретаторлар;

- стандарттық бағдарламалар библиотекалары (СПБ);

- бағдарламаларды редактрлеу, жөндеу, тестілеу құралдары.

Қызметтік бағдарламалық жүйелер ол негізгі сатыдағы бағдарламалар мен де, жүйелік сатыдағы бағдарламалар мен де байланысты. Қызметтік бағдарламалар жүйену тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады.Сонымен қатар олар жүйелік бағдарламалар қызметін жақсарту/кеңейту мен айналысады. Олар компьютерлік жүйені тексеру, баптау ж/е жөндеу жұмыстарын автоматтандырады.

16 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Инструменталдық(аспаптық) бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.

Бағдарлама-магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, қолданушының бұйрығы бойынша компьютер зердесіне жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Бағдарламалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

Бағдарламалық жасақтамасының классификациясы:

- жүйелік БЖ;- инструменталдық БЖ;- қолданбалы БЖ, қызметтік БЖ.

Инструменталдық бағдарламалық жасақтама – кез келген пәндік аумақта ерекше бағдарламалық құралдарды құруды автоматтандыруға арналған бағдарламалық жасақтама бөлігі. Оның негізін құрастырушылар:

- бағдарламалау тілдері (Delphi, Visual Basic және т.б.);

- компиляторлар;

- интерпретаторлар;

- стандарттық бағдарламалар библиотекалары (СПБ);

- бағдарламаларды редактрлеу, жөндеу, тестілеу құралдары.

Инстументалды (аспаптық) бағдарламалық жасақтама – адам қызметінің әр түрлі салаларында қолданылатын программалардың барлық ықтимал дестелерін әзірлеуге қолданылады. Инструменталды тобына мыналар кіреді: программа тілінің машина аударуды жүзеге асыратын әр түрлі алгоритмдік тілдердің трансляторы; программалардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, бір бүтін тұтас ететін байланыстырушы редакторлар, сондай – ақ жөндеуші – оның көмегімен программаны жазу барыснда кеткен қателіктер табылып, жойылады; ыңғайлы жасалуы үшін жоғарыда аталған компоненттерді біріктіретін әзірлеушілердің интеграциялық ортасы.