Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.04 Кб
Скачать

46 Ms Access бағдарламасында басылымдар(отчеты) түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз.

мәліметтердің керекті құрылымын баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі Баспаға басу командасы деректерді қағазға басумен қатар принтердің параметрлерін де анықтауға мүмкіндік береді.Құжатты құрын және сақтағаннан кейін оны жариялау мәселесі туылады. Құжатты көрсету типі бойынша жариялау үш типі бар: құжатты басу (таспада қатты көшірме жасайды), электрондық жариялау (электрондық почта арқылы), веб құжаттары(интернет арқылы). Есеп беру конструкторы терезесінен немесе деректер базасының терезесінен құрылған есеп беруді басу үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланамыз:

• Файл │Печать командасын орындаңыз. Баспа параметрлерін беретін «Баспа» сұхбат терезесі ашылады.

• MS Access саймандар панелінде Печать батырмасын басыңыз. Бұл жағдайда есеп беру ағымдағы орнатылуымен баспаға шығарылады.

«Баспа» сұхбат терезесінде басқыңыз келетін бет номерімен көшірме санын көрсетіп, файлға баспа режимін таңдай аласыз. Басып шығарылатын бет номерін беру үшін сұхбат терезесінің төменгі сол жақ бұрышындағы «басу» аймағында беттер опциясын орнатыңыз. С: енгізу өрісінде басылатын беттердің біріншісін, ал По: енгізу өрісінде басылатын беттердің соңғысын көрсетіңіз. Басылатын көшірмелер санын беру үшін Көшірме саны санаушының көмегімен «Көшірмелер» аймағына тиісті мәнді орнатыңыз.Баспа бағдарын беру үшін «Баспа» сұхбат терезесінің Свойства батырмасын басқанда ашылатын Кітаптық (Portrait) және Альбомдық (Landscape) опциялары пайдаланылады. Бет өрістерінің мөлшерін өзгерту үшін «Баспа» сұхбат терезесінің Настройка батырмасын басқанда ашылатын «Бет параметрлері» сұхбат терезесі пайдаланылады. Ашылған сұхбат терезесінің «Өрістер» жапсырмасына көшіп, өзгерткіңіз келген бет өрісінің мәнін ерекшелеп, орнатылған өзгерту бірліктерін (дюймдер немесе миллиметрлер) ескеріп, жаңа мәнді енгізіңіз. MS Access-тің есеп объектісі деп ДБ-дағы деректерді қолданушыға қажетті мәліметтерді басып шығаруға дайындалған есеп құжатын айтамыз. Форма мен есеп объектілерінің құрылымдары ұқсас, яғни формада айтылған мәліметтердің көбі есеп объектісі үшін де орынды. Есеп құру кезінде жұмыстың басым көпшілігі оның Конструктор режимінде орындалады. Есеп құрылғаннан кейін оны баспаға басып шығаруға болады. ДҚ терезесінде Есеп жапсырмасы мен Құру батырмасын шерткенде пайда болатын Жаңа есеп терезесінде есеп құру тәсілдерін қарастырамыз. Баспаға шығару Accessте форманың экрандағы көрінісі бойынша баспаға шығару мүмкіндігі бар. Бірақ баспаға шығар алдында төмендегідей кемшіліктерді ескеру керек. Егер құрал саймандар қатарындағы Баспа(Печать) батырмасын бассақ, онда форманың әрбір жазбасы әрбір параққа басылып шығады, 100 жазба 100 параққа басылып шығады. Формадағы бір жазбаны баспаға шығару керек болғанда ғана форманы баспаға шығаруды қолданады. Көптеген жазбаларды баспаға шығару үшін Есепті(Отчет) қолданылады

47 Ms Access бағдарламасында кестеаралық байланыстарды түсіндіріңіз. Кілтті өріс. Кестеаралық байланыстар түрлерін анықтаңыз.

MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ.

Кесте – мәліметтер базасымен деректерді сақтайтын негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (баған–поле) мен жазбалардан (жол–запись) тұрады.

Бөлек-бөлек кестелерді құрғаннан кейін, MS Access-те кесте объектілерін байланыстыратын әдісті таңдау керек. Кестеаралық байланыс кілттік өрістердің сәйкес мәндерінің арасындағы қатынасты орнатады. Олардың екі кестедегі аттары да бірдей болады. Көп жағдайда бір кестенің кілттік өрісімен екінші кестенің сыртқы кілттік өрісі байланысады. Кестеаралық байланыс СХЕМА ДАННЫХ терезесінде анықталады.

Кестеаралық байланыстар түрлері:

  • Бірдің көпке қатынасы

  • Көптің көпке қатынасы

  • Бірдің бірге қатынасы

Бірдің көпке қатынасы – кестелер арасында өте көп қолданылатын байланыс типі. Бірдің көпке қатынасы кезінде «А» кестесіндегі бір жазбаға «В» кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес болуы мүмкін.

Көптің көпке қатынасы – кезінде «А» кестесіндегі бір жазбаға «В» кестесіндегі бір жазбаға «В» кестесінен бірнеше жазба сәйкес келеді, «В» кестесіндегі бір жазбаға «А» кестесінен бірнеше жазба сәйкес келеді.(кілттік өріс жоқ)

Бірдің бірге қатынасы – «А» кестесіндегі бір жазбаға «В» кестесіндегі бір жазба сәйкес келеді және керісінше.

48 Сайт жасау технологиясы қалай жүзеге асырылады. HTML құжатының құрылымын анықтаңыз. HTML тегтерін қызметіне қарай жіктеңіз. HTML тілі (Hypertext Markup Language) – құжаттардың әйгілі стандартты гипертексттік белгі тілі. Барлық веб-беттер HTML (немесе XHTML) тілінің көмегімен жасалады. HTML тілі браузерде анықталады және адамға ыңғайлы құжат ретінде көрсетіледі. HTML тілі SGML (Standard Generalized Markup Language) қосымшасы болып табылады және әлемдікпрограммалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

1. Навигациялық құрылымын жасау.

2. Беттің дизайнын жасау.

3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Бағдарламау: Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда.a

Тестілеу Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

1. Сілтеменің жұмысы; 2. Мәтіндегі қателер; 3. Навигацияның тиімділіғі.4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы. 5. Графикалық файлдардың ашылуы.6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Тегтер - текстті белгілеу құралы. Тегтер бас əріппен де кіші əріппен де жазыла береді, еш айырмашылығы жоқ. Əрі олар жұптарымен де, жалғыз да болады. Жұптарымен тұратын тегке мысал ретінде келесі тегті келтіруге болады: <html></html>. Бұл тег кез-келген HTML құжатты ашып жəне жабатын тег. Тегтің екінші бөлігін бірінші бөлігінен мына символ арқылы "/" ажыратуға болады. Бірақ бірінші бөлігі қосымша параметрлерден тұруы мүмкін. Мысалы: <font size="4"></font> тегінде, size="4" параметрі мəтіннің өлшемін анықтайды. Ал дара, яғни жұп емес тегтің мысалы ретінде <hr> тегін келтіруге болады, ол HTML құжатқа көлденең сызықты орналастырады.

<html></html>

Бұл программада беттің HTML құжат екенін көрсетеді

<head></head>

Құжаттардың денесінде көрінетін, әртүрлі ақпараттар орналасқан орынды анықтап, мұнда құжаттың атына арналған тегтер орналасады

<body></body>

Құжаттың көрінетін бөлігі яғни денесі анықталады

<title></title>

Программаның бетті көру мазмұнына құжаттың аты кіреді

<body_bgcolor=?>

RRGGBB түріндегі түстердің мәнін қолдана отырып құжат мәтінінің түсін береді

<body_text=?>

RRGGBB түріндегі түстердің мәнін құжат мәтінінің түсін береді (мысалы, 000000 = қара түс)

<body_link=?>

RRGGBB түріндегі түстердің мәнін қолдана отырып гиперсілтемелердің түсін береді

<body_v link=?>

RRGGBB түріндегі түстің мәнін қолдана отырып сіз қолданып кеткен гиперсілтемелердің түсін береді

<pre></pre>

Формат-н мәтінді шамалау

<h1></h1>

Ең үлкен тақырыпты құрады

<h6></h6>

Ең кіші тақырыпты құрады

<b></b>

Батырылған (жирный) мәтін

<i></i>

Курсивті мәтін

<tt></tt>

Баспа машинасының стиліне ұқсас

<cite></cite>

Дәйексөзде қолданылатын, әдеттегі курсив

<em></em>

Мәтіннен сөз бөліп алу үшін қолданылады

<font_size=?></font>

1-ден 7 аралығындағы мәтіннің өлшемін анықтайды

<font_color=?></font>

Мәтіннің түсін анықтайды

<a_href=”URL”></a>

Басқа құжатқа немесе сол құжаттың бір бөлігіне гиперсілтеме

<a_href=”mailto EMML”></a>

Құжаттың авторына хат жазу үшін пошталық программаны шақыратын гиперсілтеме жасау

<a_name=”NAME”></a>

Құжаттағы сілтемеге арналған мақсат ретінде мәтіннің бір бөлігін белгілейді

<a_href=”#NAME”></a>

Сол құжаттың бір бөлігіне сілтеме жасайды

Егер абзац жасап бос жол қалдырмай жаңа жолға көшу қажет болса, онда жалғыз қолданатын<br> тегін пайдаланамыз.

1.Әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін <font> тегін пайдаланамыз.

Сolor=   – әріптің түсін таңдау мүмкіндігін береді. face=  – қаріп (шрифт) типін береді.

Text – мәтін түсі;

Link – гиперсілтеме түсі;

Vlink – қаралған гиперсмідтеменің түсі;

Alink – сілтемені тышқанмен басқан кездегі түс.

align=” bottom”- мәтін суреттердің төменгі жағында.

align=” lest”- мәтін суреттердің сол жағында.

align=” middle”- мәтін суреттердің ортасында.

align=” top”- мәтін суреттердің жоғарғы жағында.

align=” right”- мәтін суреттердің оң жағын