- •1.Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз. Ақпараттық технологиялардың жіктелуін түсіндіріңіз. Ақпараттық технологияларды қолдану ауқымын анықтаңыз.
- •2. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақп-қ техн-ң дамуының сатыларын, (кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.
- •3. Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз.Н.Винер мен к.Шеннонның анықтамасын жазыңыз. Ақпараттың қасиеттерін топтастырыңыз
- •4Ақпараттың эем-де берілуі және өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз
- •5 Ақпарат ұғымын анықтаңыз. Үздіксіз және үзілісті ақпараттарды анықтаңыз. Ақпарадты кодтау. Ақпараттардың өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.
- •6 Ақпараттық технологиялар пәні. Пәннің объектілері мен мақсатын анықтаңыз. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •7 Ақпараттарды көрсету және енгізу/шығару құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Пернелік және пернелік емес енгізу құрылғыларын анықтаңыз.
- •8 Ақпараттарды сақтау құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Жадтың өлшем бірлігі. Жедел жад (жж), кэш-жады, тұрақты жад (тж) қызметтерін анықтаңыз.
- •9 Сан ұғымы. Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелерін түрлеріне қарай жіктеңіз. Позициялық санау жүйесін түсіндіріңіз.
- •10 Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелеріндегі түрлендірулер мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсетіңіз.
- •12 Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз. Ақиқат кестелерін талдаңыз.
- •13 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың аппараттық(техникалық) жасақтамаcын анықтаңыз. Эем-ң ұйымдастырылуының жалпы принциптерін(фон Нейман принциптері) атап көрсетіңіз.
- •14 Дербес компьютердің архитектурасын анықтаңыз. Компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз және қызметтерін анықтаңыз.
- •15 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Бағдарламалық жасақтаманы жіктеңіз, қызметін анықтаңыз.
- •16 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Инструменталдық(аспаптық) бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •17 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Қолданбалы бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •18 Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Амалдық жүйелерді қызметтері мен түрлеріне қарай жіктеңіз.
- •19 Бумалар мен файлдарға анықтама беріңіз. Файлдық жүйені басқару технологиясын түсіндіріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •20 Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесіндегі стандартты қосымшаларды(бағдарламалар) атаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •21 Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттерін анықтаңыз.
- •22 Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің берілу түрлеріне қарай жіктеңіз.
- •24 Компьютерлік вирусқа анықтама беріңіз. Компьютерлік вирустарды қызметі мен тіршілік ортасына қарай жіктеңіз.
- •25 Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғауда вирусқа қарсы бағдарламалық құралдарды қызметіне қарай жіктеңіз.
- •26 Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін анықтаңыз.
- •27 Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Электрондық цифлық қолтаңба және оны пайдалану аумағын атап көрсетіңіз.
- •28 Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз. Файлды архивке енгізуді және архивтен шығаруды түсіндіріңіз.
- •29 Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз және бағдарламалау тілдерін түрлеріне қарай жіктеңіз.
- •30 Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Компьютерлік бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •37 Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлерін анықтаңыз. Компьютерлік графиканы қолдануы бойынша жіктеңіз.
- •38 Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелерін атап көрсетіңіз. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •39 Web парақтарды шолушы бағдарламалар. Internet Explorer және басқа да шолушы бағдарламалардың қызметін анықтаңыз.
- •40 Интернет – әлеуметтік ақпарат құралы екенін анықтаңыз. Интернеттің қосымша қызметтері түрлерін атаңыз және жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз.
- •41 Мәліметтер қорын(мқ) және оның мақсатын анықтаңыз. Мқ модельдеріне қарай жіктеңіз.
- •42 Ms Access бағдарламасының интерфейсіне шолу жасаңыз. Ms Access-те мәліметтер типтері және қасиеттерін анықтаңыз.
- •43 Ms Access бағдарламасында базалық кестелерді(таблицы) анықтаңыз және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз.
- •44 Ms Access бағдарламасында пішімдер(формалар) түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз.
- •46 Ms Access бағдарламасында басылымдар(отчеты) түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз.
- •47 Ms Access бағдарламасында кестеаралық байланыстарды түсіндіріңіз. Кілтті өріс. Кестеаралық байланыстар түрлерін анықтаңыз.
- •49 Электрондық үкіметтің (эү) қызметін анықтап көрсетіңіз. Эү дамуының концепциясын атаңыз. Электрондық үкіметтің бұқаралық ақпарт құралы ретінде пайдалануын дәлелдеңіз.
- •50 Есептеу желіні құру принциптерін анықтаңыз. Желінің аппараттық, бағдарламалық және ақпараттық жасақтамаларын атаңыз. Желіні топологиясына қарай жіктеңіз.
50 Есептеу желіні құру принциптерін анықтаңыз. Желінің аппараттық, бағдарламалық және ақпараттық жасақтамаларын атаңыз. Желіні топологиясына қарай жіктеңіз.
Жергілікті желі (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұрған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютерлер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін).
Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:
1. Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режімінде қолданылуы;
2. Барлық пайдаланушылардың ортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;
3. Пайдаланушылардың өзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру мүмкіндігі;
4. Сыртқы жадты тиімді қолдануы;
5. Пайдаланушының кез келген компьютерден, жалпы желінің коммуникациялық торабы болған жағдайда, жалпы желінің ресурстарына қамтамасыз етуі;
6. Оқу процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі (жетекші компьютерден ілесетін компьютерлерге жұмысты көрсету және керісінше).
Топологиясы бойынша жергілікті желілерді мыналарға бөлуге болады:
1. Жекеарналы (шина). Мұндай желі арқылы бір торап берген деректерді, барлық тораптар қабылдайды, бірақ тек оған ғана арналған торап қана, оны таниды және қабылдайды.
2. Сақиналық (тұйық). Мұндай желіде деректер бергенде маркерлер қолданылады.
3. Жұлдыз пішінді. Мұндай желінің барлық компьютерлерін біріктіретін активті орта болады. Деректер бергенде мұнда да маркер қолданылады.
4. Ақшақар. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.
5. Ағаш түрінде. Жұлдыз топологияның бір түрі.
Жергілікті желілер, қосу және бағдарламалық жабдықтамасының құрылым бойынша мыналарға бөлінеді:
1. Бір рангылы;
2. Тікелей қосу желілері (екі компьютер)
3. Клиент – сервер
4. Бірнеше файлдық серверлерді қолданатын желілер
Жергілікті желіде қолданылатын операциялық жабдықтама немесе желі қызметі бірнеше негігі топқа бөлінеді:
1. NET WARE 4. 1
2. Windows NT
3. Vines 6. 0
4. OS 2 Warp.
5. UNIX
Жергілікті есептеу желісі – бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер (есептеу машиналары, жад құрылғылары, принтерлер және т.б. электрондық құрылғылар) жиынтығы. ЖЕЖ негізгі аппараттық жабдықтарына
жұмыс станциялары (ЖС);
серверлер
интерфейстік тақша (желілік адаптер);
кабельдер (коаксиальды кабель, қорғалмаған есулі қос өткізгіш, қорғалған есулі қос өткізгіш, талшықты-оптикалық кабель)жатады. ЖС және серверлер желіде орналасу көлемінде бір-бірімен мәліметтерді жеткізу арналары – кабельдер арқылы біріктіріледі. Компьютерлерді кабелге қосу интерфейстік тақша - желілік адаптер көмегімен жүзеге асырылады. Қолданылатын желілік адаптерлердің үш негізгі мінездемелері бар: қосылатын компьютердің шина типі (ISA, EISA, Micro Chanel, т.б.), разрядтылығы (8, 16, 32, 64), құрылатын желі ( Ethernet, Arcnet, Token Ring) топологиясы
Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі, work - жұмыс) –берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.
Екі немесе одан да көп комьютерлерді қосу арқылы компьютерлік желі құрға болады.Желіге қосылған комьютер немесе жұмыс станциясы оның торабы болады . Комьютерлік желі үшін арнайы аппараттық жабдық пен програмалық жабдық қолданылады.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Желінің тораптарының ара қашықтарына байланысты есептеу жүйелері 3 сыныпқа бөлінеді
Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) -бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютер-лер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін).
Ауқымды, ғаламдық(глобальные-Wide Area Network, WAN) – бірнеше мемлекетті,континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.
Аймақтық, интранет(региональный -Metropolitan Area Network MAN) – бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.
Бұлардың ішінде ең көп қолданылатыны ИНТЕРНЕТ желісі. Интернет ---ондаған мың ЭЕМ нің желілерін біріктірген .жүзден астам мемлекеттер , миллиондаған компьютерді, жүздеген миллион пайдаланушыларды қамтыған глабальді телекоммуникациялық информациялық желі.
ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:
А
)
шиналық (магистралдык) құрылым-жалпы
пайдалануны мүмкіндігі бар байланыс
сызықтары
В
)
сақина құрылым (дөңгелек)(айналмалы)-бір
бірімен бір бағытта тізбектеліп қосылған
тұйық байланыс сызығы . Бұл байланыста
эстафета сияқты беріледі. Біреуі істемесе
бәрі істемейді.
С) жұлдыз тәріздес – орталық комьпютер болады. Сервер желіні басқарады ақпарат берілудің маршрутын анықтайды.
Д) тармақталған-жоғарыдан төмен қарай кеңейтілген
Желілік программалық жабдық немесе желілік программалар ЭЕМнің барлық ресурстарын басқарып оның информацияны өңдеу процестерін ұйымдастырады,пайдаланушы адам мен ЭЕМ,аппараттық пен программалық құралдардың арасындағы байланысты (интерфейсті) орнатады.Олар қолданбалы программаларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс. Желілік программалық жабдық (System software)-ЭЕМнің немесе оның тораптарының жұмысын қамтамасыз ететін программалар мен программалар кешенінің жиыны.Желілік программалар ЭЕМ-де шешілетін есептердің түріне байланыссыз,бірақ комп-ң типімен тығыз байланыста болады.Оларды екі топқа бөлуге болады:1)базалық программалық жабдық 2)сервистік программалық жабдық. Операциялық қабықшалар пайдаланушының операциялық жүйенің командалары мен жұмысын жеңілдетуге арналған арнайы программалпр. Олардың кең тараған түрлері: Norton commander, Far, Windows commander, XTree, Gold4.0, Norton Navigator және т.б. Утилиттер-жеке даяр программалар, әр түрлі қызметтерді орындауға арналған, мысалы, дискілерді тексеру, форматтау, дефрагментация жасау және т.б.
Желі құрамындағы негізгі элементтер:
Компьютерлер:(ПК; ноутбуктер; мэйнфреймдер).
Коммуникациялық жабдықтар:(коммутаторлар; маршрутизаторлар; байланыс арналары).
Операциялық жүйелер:(Windows; Novell NetWare; Unix).
Желі қосымшалары:(желілік принтер; желілік диск; мәліметтер базасы).
