Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.04 Кб
Скачать

30 Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Компьютерлік бағдарлама құрылымын анықтаңыз.

Программалау технологиясы - программалық жабдықтарды жасау процесіндеқолданылатын қолданылатын арнайы әдістер мен құралдардың жиынтығы.Бағдарламалау процесін жақсартатын және кең қолданылатын әдістердің бірі – құрылымдық бағдарламалау. Құрылымдық бағдарламалаудың 3 бөлігі (құраушысы) бар:1.Модульдік программалау;2.Құрылымдық кодтау;3.Жоғарыдан төменге қарай жобалау;

Модульдік бағдарламалау дегеніміз – программаны логикалық бөліктерге бөлу процесі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мына 2 мақсат орындалуы тиіс:

1)  Модулдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет; 2)  Модулдің ішкі жұмыстарын білмей тұра әр түрлі модулдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет. Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады, Cи тілінде функциялардың көмегімен құрылады.

Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың – шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.

Программаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.

31 ЭЕМ - да мәтінмен жұмыс істеу, өңдеу құралдарын атаңыз және қызметтерін анықтаңыз.

Ақпаратты автоматты өңдеу – адамның қатысуынсыз өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады:Мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық;

Компьютер өңдеу үшін бұл ақпараттың бәрі де сандық түрге айналдырылуы тиіс. Мысалы: мәтіндік ақпаратты өңдегенде компьютерге енгізілген әрбір әріп белгілі бір санмен (0 мен 1-лерден тұратын) кодталады, ал адамға түсінікті болуы үшін, мониторға немесе принтерге шығарғанда кодтары бойынша әріптердің бейнелері шығарылады.

Компьютердің аппараттық құралдары:

- кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуға арналған енгізу құрылғыларынан;

-ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған компьютер жадынан;

- мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы – процессордан;

- өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;

- бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізуші қызметін атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.

Мәліметтерді бағдарламамен өңдейді. Бағдарлама – нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.

Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Оны бағдарламалық жасақтама деп те атайды.

Олар:

- жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау жұмыстарын басқаратын;

- қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

- бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде Опреациялық жүйе (ОЖ) негізгі болып табылады. Себебі:

  1. ОЖ компьютердің барлық мәліметтерін өңдеу жұмысын ұйымдастырады;

  2. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады.

  3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырады.

ОЖ түрлері көп. Бірақ біз Windows типті Ож-ді қарастырамыз. Бұл ОЖ-ні әзірлеген американың Microsoft компаниясы.

Компьютерде жұмыс жасау негізінен оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады. Сондықтан компьютермен жұмыс жасаудың жеңіл, қиындығы оның ОЖ-нің адаммен қандай қарым-қатынас ұйымдастыруына байланысты. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі – интерфейс деп аталады. Интерфейстің екі түрі бар. Олар:командалық және терезелік.

Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ-нің командалары арқылы қатынасады. Командалар көп және жазылу дұрыстығы сақталу қажет болғандықтан мұндай тәсіл жұмыс жасауға қиын. Командалық интерфейсі бар ОЖ – MS-Dos. Ол Windows-қа дейін қолданылды.

Терезелік интерфейс Windows типті ОЖ-де қолданылады. Мұнда компьютермен қатынас маус арқылы жүзеге асады. Команда жазып қажеті жоқ, тек керек әрекетті маус арқылы таңдап, жұмыс атқарылады.

Сонымен бірге Windows-тың MS-Dos-қа қарағандағы артықшылығы, бір мезгілде бәрнеше мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіні.

Жүйелік бағдарламалық жасақтамаға драйверлер де кіреді. Бұл компьютерге қосымша құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалары. ОЖ қосымша құрылғылармен олардың драйверлері арқыллы қатынасады. Қолданбалы программалық жасақтама арнайы және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Арнайы бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады. Мысалы: бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын программалар.

Әмбебеп бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, т.б. адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады.

Бағдарламалау жүйелерінң құрамына бағдарламалау тілдері және анайы бағдарламалар кіреді, олар көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады. Бағдарламалау жүйелерін көбінесе прораммистер қолданады.

Ақпаратты компьютерде сақтау.

Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді. Оны көп жағдайда оперативті (жедел) жады деп атайды. Компьюттер өшкенде жедел жады тазарады. Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшығына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтың адресі бойынша қатынасады.

Компьютердің сыртқы жады ақпаратты ұзақ уақытқа сақтауға арналған. Ол қатқыл дискіде, иілгіш дискіде, лазерлік дискілерде, магнитті таспаларда орналасады. Ал сыртқы жадқа ақпарат белгілі бір үлестер (порциялар) түрінде жазылады. Мұндай үлестер файлдар деп, құрылым файлдық деп аталады. Басқаша айтқанда файл – бір типті байттар тізбегі.

Файл деген ағылшын тілінен аударғанда қапшық дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады. Файл дегеніміз – бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктерден тұрады. Бірінші бөлігі өз аты, екінші бөллігі кеңейтілуі.

Файлдарды біртұтас обьект ретінде жазуға, көшіруге, жоюға, даярлауға, жылжытуға, қайта атауға болады.

Яғни сыртқы тасуыштағының бәрі де файл ретінде сақталады.

32 ЭЕМ - да мәтіндік құжат ішінде гиперсілтеме және макростарды құру технологияларын және қолдану мақсатын түсіндіріңіз.

Гиперсілтеме - сілтемелер көмегі арқылы басқа файлдармен байланысы. Олар сілтеме жасалған жерден автоматты түрде басқа жерге өту үшін ыңғайлы. Сілтеме жасалатын басқа құжаттағы орынның бетбелгісі болу қажет. Гиперсілтеме жасау. Бетбелгі жасалған орынға сілтеме ұйымдастыру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1. Кірістіру→Гиперсілтеме менюі командасын орындайды.

2. Экранда Гиперсілтемені кірістіру терезесі пайда болады.Осы жерде сілтеме жасайтын объектіні, басқаша айтқанда қапшықты (файл) анықтап, ондағы файлды ерекшелейді.

3. Бетбелгі (Закладка) батырмасын сырт еткізіңіз.Экранда терезе пайда болады,оның ішінде құжаттағы қажетті бетбелгіні тауып, Жарайды батырмасын басыңыз.

Макростар. Бір әрекетті бірнеше рет қайталап орындайтын енгізу мен мәтнді түзету процесін жеделдету үшін макростарды қолданған тиімді. Макростар-бір команда болып жазылған бірнеше командалардың тізбегі,басқаша атауы-макрокоманда.Макростарда әрекеттердің орындалу барысында тізбектеліп командалар жазылады.Макростарды жасау.Макросты жасау үшін Құралдар→Макростар→Жаңа макрос жазбасы командасын орындаңыз.Сосын макрос жазбасы терезесі пайда болады,онда:

•Макрос аты өрісінде макростың атауын теріңіз;

•Макросты тағайындау өрісінде Құралдар үстелі немесе Пернетақта- макрос мақсатының объектісін таңдаңыз;

•Макросты сақтау өрісінде қандай құжаттарға кқатынай алатынын нұсқаңыз;

•Сипаттама өрісінде макростың күні мен авторы беріледі.

Макросқа атау беріп,макростың мақсатының объектісін таңдап, Жарайды батырмасын басыңыз.

33 ЭЕМ - да кестелік процессорда мәліметтер қорын құру және басқару технологияларының қолдану мақсатын түсіндіріңіз.

Электрондық кестелер процессоры – электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған программалар жиынтығы. Кестелер деректер қоймаңыздың негізі болып табылады, нақ соларға барлық деректер сақталады.

Кесте- бұл деректеріңді сақтайтын обьект. Кестен құруда бір типті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Кестелер құрылымын құрар алдында деректер қоймасын құру нәтижесінде жететін мақсатыңызды көрсетуіңіз керек. Қойылған мақсаттан оған жету үшін қолданылатын кестенің қандай болуы керек екенін айқындап алып, қажетті кестені құруға кірісіңіз. Excel – кестелік құжаттармен жұмыс істеуге арналған көрнекті бағдарламаның бірі. Excel құжаты жұмыс кiтабы деп аталады. Бiр жұмыс кiтабы бiр файлға жазылады, ал әp файлдың бiр немесе бiрнеше кecтeci болуы мүмкiн. Электрондық кecтeнiң жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жол аты – оның номері. Жол номері 1-ден басталып 65536 аяқталады. Баған аттары – латын алфавитінің бас әріптерінен A-дан Z-қа дейін, сосын AA -дан AZ, BA, BZ-қа дейін, т.с.с. тұрады.

Жолдармен бағандардың қиылысуы ұяшықтарды құрайды, екеуінің бірігуі оның адресі болып есептелінеді. Адрестерді білу үшін сілтеулер жасалады

Ұялар (ұяшықтар) және олардың адрестерi. Жолдар мен бағаналар қиылысында ұялар орналасады, оларға мәлiметтер (мәтін, сан, формула) енгiзiледi. Ұялардың бiреуi әрдайым активтi, яғни екпiндi күйде болып тұрады. Ұялар жиыны (диапазоны - ауқымы). Қатар орналасқан көршi ұяларда бiртұтас мәлiметтер орналасады да, оларға адрес арқылы сiлтеме жасауға болады. Ұялардың осындай жиынын диапазон деп атайды.

34 ЭЕМ - да электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері және оларды өңдеу технологияларын анықтаңыз. Өзтолтыру маркері. Электрондық кестелерде қарапайым есептеулердің алгоритмдерін ұсыныңыз.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелермен ақпаратты енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша ком.ге жазылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету оларды дискілерге сақтау түрлендіру қағазға басып алу сияқты көптеген өрнектер өте жылдам орындалады. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер: 1)Сан 2)Формула 3)Мәтін. Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.

Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз.Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.

Сандық пішімде экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б.  Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады.

Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.

Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады.

Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.

Сандарды автолтыру. Сандармен жұмыс істеген кезде автолтыру әдісі пайдаланады. Ағымдағы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автолтыру жүзеге асырылады.MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері. Формуланы құру (=) теңдік белгісін енгізуден басталады. Формуланы құру кезінде қиындықтар кездессе, онда Функция Шеберін қолдануға болады. Мұнда Автоқосындылау командасы да бар. Берілген бағаналар немесе жол ұяшықтарын ерекшелеп (кез келген ұяшық диапазонын) «Автоқосындылау» батырмасын басу қажет.

35 ЭЕМ - да электрондық кестелерінде есеп шығару. Функция шебері арқылы есептеулер алгоритмдерін ұсыныңыз. Функцияларды категорияларға жіктеңіз.

Электрондық кесте – магниттік тасыуыштарға орналастырылған екі өлшемді немесе n-өлшемді мәліметтер жиымдары, яғни кестелер. Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Әрбір жұмыс параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер: Сан, Формула, Мәтін.

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.

Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады. Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек. Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады: • біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады; • екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады. Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады. Excel – дегі кітап оның  беттерін көркемдеуге ерекше көңіл бөледі. Мұндай мақсаттар үшін сандар және мәтіннің, түс және стильдің, шрифт және т. с. с. пішімдерін қолданады.

Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады. Excel программасында, күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200-ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл қосымшада қолданушының Excel-дің програмалау мүмкіндіктерін (VBA) пайдаланып өзіне қажет функцияларды да құрып алуына жағдай жасалған.

Функция шеберін пайдаланып фукнцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, полный алфавитный перечень, финансовые, дата и время, математические, статистические, ссылки и массивы, работа с базой данных, текстовые, логические, проверка свойств категориялары бойынша топтастырған. Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы:

=СУММ(А5:А7) мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді;

=СРЗНАЧ(G4:G6) мұндағыСРЗНАЧ функциясы G4, G5, G 6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.

Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады, мысалы: =ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2).

36 ЭЕМ - да электрондық кестелерге енгізілетін ақпарат түрлері және оларды өңдеу технологияларын анықтаңыз. ЭЕМ - да электрондық кестелердегі ұяшықты адрестеу, сілтемелер түрлерін анықтаңыз. Мысалдармен түсіндіріңіз.

Microsoft Excel – Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі. Microsoft Excel-дің қолданылу аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т.б.) жасау үшін қолданылады. Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады.

Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады:

• біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;

• екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады. Ұяшықтарға сілтемелер. Формулада ұяшықтарға сілтемелер, яғни есептеуде қолданылатын ұяшық адрестері болуы мүмкін. Демек есептеу нәтижесі басқа ұяшықта орналасқан мәнге тәуелді, ол мән өзгерсе, нәтиже де автоматты түрде қайта есептеледі. Сілтемелер салыстырмалы, абсолютті және аралас болуы мүмкін. Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады. Абсолют сілтеме. Абсолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады. Формулаларды редактрлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсолют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.