Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.04 Кб
Скачать

8 Ақпараттарды сақтау құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Жадтың өлшем бірлігі. Жедел жад (жж), кэш-жады, тұрақты жад (тж) қызметтерін анықтаңыз.

Жедел жад (ОЗУ) деректерді уақытша сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілемі.бір ұяшықты бір байт ақпарат сақталады. Жедел жад компта модельдер д а/тын стандартты тақталарда орналасады. Ж жад/ң сипаттамасы оның сыйымдылығы. Казір 128Мб, 256Мб, 512Мб, 1Гб болып келеді. Тұрақты жад (ПЗУ) стандыртты прог/рды, өзгермейтін мәліме/рді ж/е жүйелік ақпараты энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезде бұдан мәліметі тек оқуға болады. Жадтын өзгермейтін түрін құрайды. Мұнда комп құрыл/рын басқаруға арналған жүйелік прог/р орналасқан.

Тұрақты есте сақтау құрылғысы

(ROM) - процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысымен мəлімет алмасып отырады. Тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа BIOS (Basic Input Output System –енгізу/шығару базалық жүйесі) деп аталады. BIOS – MS DOS жүйесінің «Енгізу/шығару базалық жүйесі», ол ЭЕМ іске қосылған сəтте процессордың, жедел жадының жəне де басқа құрылғылардың жұмыс істеуге қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жады (Саsh) деп атайды. Кэш-жад - процессордың өте жылдам жұмыс істейтін шағын көлемді жады, н/е бүркеме жад д те а/ды, ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дəнекер жад ретінде пайдалынады.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информ көлемін өлшеуде сегіз биттен (1 мен 0 тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем б арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,2Мб болжазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт) = 1024 байт, 1Мб (1 мегабайт) = 1024кб, ал винчестер деп аталыжүрген қатты дискіде, 1000-4000Мб (1-4 Гигабайт) жəне одан да көлемді информация жазылып сақталады

Ал сыртқы жад құрылысы мүлдем басқа. Мұнда сақталатын ақпарат көлемі үлкен болғандықтан, байттық әдіс қолайсыз. Біріншіден көлемі үлкен, екіншіден, пайдаланушыға қиындық тудыратындығынан. Байттық әдіс жағдайында пайдаланушының үнемі құрылғынын типін, ондағы ақпараттың берілу схемасын тексеріп, байттың ішіндегісінің дерек н\е программа екендігін анықтап отыру қажет.

9 Сан ұғымы. Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелерін түрлеріне қарай жіктеңіз. Позициялық санау жүйесін түсіндіріңіз.

Сан ұғымы – математикадағы сияқты информатиканың да іргелі негізі. Егер математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлінетін болса, информатикада сандардың берілу әдістерінің маңызы ерекше, өйткені солар ғана жадының қажет ресурсын, есептеу жылдамдығы мен қателіктерін айқындайды. Сандарды арнайы символдар көмегімен бейнелейміз.Информатикада сандарды атау және жазу тәсілі санау жүйелері деп аталады.Санау жүйелері позициялық және позициялық емес деген екі топтан тұрады. Позициялық емес санау жүйесінде сан цифрының тұрған орнының ешқандай мағынасы жоқ. Мысалы, Римдік санау жүйесіне қатысты ХХХ санында Х цифры кез-келген позицияда 10 (он) деген мағынаны береді. Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау күрделі болғандықтан барлық есептеулер позициялық санау жүйесінде іске асады. Позициялық санау жүйесінде цифрдың мағынасына оның тұрған жерінің ролі зор. Позициялық санау жүйесінің негізі болып жүйедегі пайдаланылатын цифр сандары табылады. Позициялық санау жүйесі төмендегі санау жүйелерінен тұрады: 1)ондық сж2)екілік сж3)сегіздік сж4)оналтылық сж.Ондық санау жүйесі. Санау жүйесінің 10-дық деп аталатын себебі, бұл жүйенің негізі 10 саны болып есептеледі. Бұл жүйеде сан енгізу үшін төмендегі цифрлар пайдаланылады: Санның цифрына бөлінген позиция дәреже д.а. 2) Екілік санау жүйесі. Комп-де позициялық негізі 2 болатын екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесінде кез-келгенсан 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады және екіліксанау жүйесі деп аталады. Ондық санау жүйесіндегі сияқты екілік санау жүйесінде де кез-келген санды қосынды түрінде жазуға болады. Сегіздік санау жүйесі сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді. Он алтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары ...же жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін ондық сандардың мәні болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады.