Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.04 Кб
Скачать

5 Ақпарат ұғымын анықтаңыз. Үздіксіз және үзілісті ақпараттарды анықтаңыз. Ақпарадты кодтау. Ақпараттардың өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз. Олар бізді қоршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мәлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады. Ақпарат нақты дүние бейнесінің мәліметтер, хабарлар арқылы айтылуы. Тұрмыста ақпарат деп кез келген қажет болған мәліметті немесе хабарды айтады; Техникада ақпарат деп таңбалар мен символдар түрінде берілетін кез келген хабарды айтады; Кибернетикада ақпарат деп бағыт алу, екпін түрде әрекет ету, басқару үшін пайдаланылатын, яғни белгілі бір жүйені сақтау, дамыту, жетілдіру мақсатында қолданылатын білімнің бөлігі. Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан. Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "атасы" Н.Винер өте дəл айқындап берді: ақпарат- сыртқы ортадан сезімдеріміз бен оған бейімделуіміз арқасында алынған түсініктерді белгілеу. Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтауға болады. Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді: • Қарапайым –бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.• Биол-қ – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді. • Әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеум-к ақпараттық түрі мен типін ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады. Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады: • визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады; • аудиальды – дыбыс арқылы таратылады; • тактильді – сезім арқылы; • органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы; • машин-қ – есептеу тех-ң көмегімен таратылады. Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады. 1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта же кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, муз-қ шығармалар.) 2. үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).

Ақпараттың қасиеттері:

Сенімділігі – ақпарат сенімді, егер ол істің шындығын көрсететін болса.

Анықтылық– ақпарат іс-ң ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның анық, айқын болғаны.

Толықтық – егер ақпарат түсінуге ж/е белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса.

Дәлдік – ақпарат дәлдігі оның сол объектінің, процесстің, құбылыстың нақты жағдайына жақындығы жатады.

Нақтылығы – объективті жағдайының ақиқаттылығын бейнелейтін ақпарат қасиеті.

Адекваттылығы – жұмыстың нақты объективті күйінің сәйкестік дәрежесін білдіретін қасиет.

Қол жетімділігі– керек ақпаратты алу мүмкіндігінің шамасын анықтайтын қасиет.

Маңыздылығы – ақпараттың ағымды уақытпен сәйкестігін анықтайтын қасиет.

Объективтігі – ақпараттың бұрмалану дәрежесін анықтайтын ақпарат қасиеті.

Өзектілік– дер кезінде алынған өзекті ақпарат көп пайда береді.

Түсініктілік егер ол ақпарат жіберілген адамның пайдаланатын тілінде берілсе.

Бағалылық – ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады.