- •1.Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз. Ақпараттық технологиялардың жіктелуін түсіндіріңіз. Ақпараттық технологияларды қолдану ауқымын анықтаңыз.
- •2. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақп-қ техн-ң дамуының сатыларын, (кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.
- •3. Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз.Н.Винер мен к.Шеннонның анықтамасын жазыңыз. Ақпараттың қасиеттерін топтастырыңыз
- •4Ақпараттың эем-де берілуі және өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз
- •5 Ақпарат ұғымын анықтаңыз. Үздіксіз және үзілісті ақпараттарды анықтаңыз. Ақпарадты кодтау. Ақпараттардың өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз.
- •6 Ақпараттық технологиялар пәні. Пәннің объектілері мен мақсатын анықтаңыз. Ақпараттық ресурстар және ақпараттық үрдістерді атап көрсетіңіз.
- •7 Ақпараттарды көрсету және енгізу/шығару құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Пернелік және пернелік емес енгізу құрылғыларын анықтаңыз.
- •8 Ақпараттарды сақтау құрылғыларын атап, анықтама беріңіз. Жадтың өлшем бірлігі. Жедел жад (жж), кэш-жады, тұрақты жад (тж) қызметтерін анықтаңыз.
- •9 Сан ұғымы. Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелерін түрлеріне қарай жіктеңіз. Позициялық санау жүйесін түсіндіріңіз.
- •10 Санау жүйелеріне түсініктеме беріңіз. Санау жүйелеріндегі түрлендірулер мен ауыстыру технологияларының ережелерін мысалдармен көрсетіңіз.
- •12 Бульдік алгебраға түсініктеме беріңіз. Логикалық амалдарды атап, анықтама беріңіз. Ақиқат кестелерін талдаңыз.
- •13 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың аппараттық(техникалық) жасақтамаcын анықтаңыз. Эем-ң ұйымдастырылуының жалпы принциптерін(фон Нейман принциптері) атап көрсетіңіз.
- •14 Дербес компьютердің архитектурасын анықтаңыз. Компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз және қызметтерін анықтаңыз.
- •15 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Бағдарламалық жасақтаманы жіктеңіз, қызметін анықтаңыз.
- •16 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Инструменталдық(аспаптық) бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •17 Ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың бағдарламалық жасақтамасына анықтама беріңіз. Қолданбалы бағдарламаларды атап, қызметін анықтаңыз.
- •18 Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Амалдық жүйелерді қызметтері мен түрлеріне қарай жіктеңіз.
- •19 Бумалар мен файлдарға анықтама беріңіз. Файлдық жүйені басқару технологиясын түсіндіріңіз. Амалдық жүйеде файлдар мен бумаларды іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •20 Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесіндегі стандартты қосымшаларды(бағдарламалар) атаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз.
- •21 Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің қасиеттерін анықтаңыз.
- •22 Алгоритм, бағдарлама ұғымдарына анықтама беріңіз. Алгоритмнің берілу түрлеріне қарай жіктеңіз.
- •24 Компьютерлік вирусқа анықтама беріңіз. Компьютерлік вирустарды қызметі мен тіршілік ортасына қарай жіктеңіз.
- •25 Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғауда вирусқа қарсы бағдарламалық құралдарды қызметіне қарай жіктеңіз.
- •26 Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін анықтаңыз.
- •27 Компьютерлік ақпаратты қорғауға түсініктеме беріңіз. Электрондық цифлық қолтаңба және оны пайдалану аумағын атап көрсетіңіз.
- •28 Мұрағаттаушы(архивтеуші) бағдарламалармен жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз. Файлды архивке енгізуді және архивтен шығаруды түсіндіріңіз.
- •29 Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз және бағдарламалау тілдерін түрлеріне қарай жіктеңіз.
- •30 Бағдарламалау технологияларына түсініктеме беріңіз. Компьютерлік бағдарлама құрылымын анықтаңыз.
- •37 Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлерін анықтаңыз. Компьютерлік графиканы қолдануы бойынша жіктеңіз.
- •38 Әлеуметтік желілер. Іздеу жүйелерін атап көрсетіңіз. Әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу технологиясының қолдануын түсіндіріңіз.
- •39 Web парақтарды шолушы бағдарламалар. Internet Explorer және басқа да шолушы бағдарламалардың қызметін анықтаңыз.
- •40 Интернет – әлеуметтік ақпарат құралы екенін анықтаңыз. Интернеттің қосымша қызметтері түрлерін атаңыз және жұмыс істеу технологияларын анықтаңыз.
- •41 Мәліметтер қорын(мқ) және оның мақсатын анықтаңыз. Мқ модельдеріне қарай жіктеңіз.
- •42 Ms Access бағдарламасының интерфейсіне шолу жасаңыз. Ms Access-те мәліметтер типтері және қасиеттерін анықтаңыз.
- •43 Ms Access бағдарламасында базалық кестелерді(таблицы) анықтаңыз және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз.
- •44 Ms Access бағдарламасында пішімдер(формалар) түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз.
- •46 Ms Access бағдарламасында басылымдар(отчеты) түрлері және оларды құру технологияларының алгоритмдерін жазыңыз.
- •47 Ms Access бағдарламасында кестеаралық байланыстарды түсіндіріңіз. Кілтті өріс. Кестеаралық байланыстар түрлерін анықтаңыз.
- •49 Электрондық үкіметтің (эү) қызметін анықтап көрсетіңіз. Эү дамуының концепциясын атаңыз. Электрондық үкіметтің бұқаралық ақпарт құралы ретінде пайдалануын дәлелдеңіз.
- •50 Есептеу желіні құру принциптерін анықтаңыз. Желінің аппараттық, бағдарламалық және ақпараттық жасақтамаларын атаңыз. Желіні топологиясына қарай жіктеңіз.
20 Амалдық жүйеге анықтама беріңіз. Windows амалдық жүйесіндегі стандартты қосымшаларды(бағдарламалар) атаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз.
Амалдық жүйе (АЖ) – бұл құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б. АЖ болмаса, қазіргі заманғы компьютердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады. Әрбір компьютерлік бағдарлама АЖ-ның қызметтерін пайдаланады. Windows (тікелей аударғанда – терезелер) бейне беттің терезелерге бөлінуі арқасында осындай атауға ие болды. Әрбір терезе іске қосуға болатын қандай да бір ақпараттан, кескін немесе бағдарламадан тұрады. Бейне бетте бір мезгілде бірнеше терезе орналастырып қойып, бірінен біріне ауысып жүруге болады. Windows жүйесінің негізгі функциялары:- компьютердің барлық қүрал-жабдықтарын (аппараттарын) басқару;- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;- қолданбалы программаларды іске қосу.
Windows операциялық жүйелеріне тән негізгі ерекшеліктер:
- олардың негізгі кілттік идеясы программалардың компьютердің аппараттық бөліктерінен толық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, яғни программалық үйлесімділік;- біртұтас қолайлы графикалық пайдаланушы интерфейсі;- көпесептілік;
- желілік ортада жұмыс істеу мүмкіндігі;- әр түрлі қолданбалар арасында мәліметтер алмасу құралдарының әмбебап жүйесінің болуы.Windows-та графика да әмбебап болып табылады, сондықтан нақтылы дисплей немесе принтер типімен үйлесілімділікті қамтамасыз ету мәселесі жойылады.
Windows жүйесінің негізгі түсініктері: Терезе — Windows жүйесіндегі ең негізгі үғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы "терезе" екені осыны білдіреді. Терезе – экранның төртбүрышты қоршаулы аумағы, онда өртүрлі программалар орындалады, кез келген мөліметтер өңделіп түзетіледі жөне басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесі экранды толығымен, жартылай алуы немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;- қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;- шартбелгі (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп шартбелгіге айналып кеткен.
WINDOWS 98 операциялық жүйесін орнатқанда жүйе пайдаланушылардың көпшілігіне есептелінгені белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Бірақ әрбір пайдаланушы компьютерді өз "мәнеріне" сәйкес- терезелердің түсін өзгертіп, жұмыс үстелінің бетіне өрнек таңдап немесе оған стандартты сурет қойып, командалар мәтін қарпінің өлшемін үлкейтіп немесе кішірейтіп, маустың қозғалу жылдамдығын орнатып және т.с.с баптауына болады.
