Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.04 Кб
Скачать

1.Ақпараттық технологиялар ұғымын анықтаңыз. Ақпараттық технологиялардың жіктелуін түсіндіріңіз. Ақпараттық технологияларды қолдану ауқымын анықтаңыз.

Ақпараттық технология – бұл ақпаратты жинау, беру, өңдеу, сақтау, ұсыну және пайдалану әдістері мен тәсілдерінің жүйесі. Ақпараттық технологиялар пәні бұл адамдардың ақпаратты басқаруда және өңдеуде пайдаланатын әдістер мен құрылғыларды әртүрлі салаларда қолдану жиынтығы туралы ғылым. Сондай-ақ ақп-тық тех-лар дегеніміз-ЭЕМ жадындағы сақталған карточкадағы, катологтардағы, әр түрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен информациялық жүйелер Жалпы "Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Ақпараттарды өңдеу үшін адамзат мыңдаған жылдар еңбек етіп келеді. Алғашқы ақп технологиялар есептеулер мен жазуға негізделді. Осыдан елу жылдай бұрын бұл технологиялар-ң жылдам дамуы басталды, бұл бірінші кезекте компьютерлердің пайда болуымен байланысты еді. Қазіргі кезеңде "ақпараттық технология" термині ақпараттарды өңдеуге арналған комп-ді пайдалану арқылы қолданылады. АТ пәні Инф-а пәнінің құрамдас бөлігі. Пәннің объектілері:

  1. Ақпарат

  2. Ақпаратты басқаруда, өңдеуде пайдаланатын құрылғылар

  3. Ақпаратты басқару, өңдеу тәсілдері, әдістері.

Ақпараттық технология бұл адамдардың ақпараттарды өңдеу үшін пайдаланылатын әдістері құрылғыларының жиынтығын қамтиды. Олар өндірісте, саудада, басқаруда,банктік жүйеде, білім беруде, денсалық сақтауда, медицина мен ғылымда, көлік пен байланыста, ауыл шар-да, əлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, əртүрлі мамандықтағы адамдар мен үй шаруасындағы əйелдерге қызмет етеді.Қазіргі уақытта ірі масштабтағы ақп-технологиялық жүйелерді құру экономикалық тұрғыдан мүмкін болып отыр, бұл оларды дайындауға бағытталған ұлттық зерттеу жəне білім беру бағдарламаларының пайда болуына негіз жасайды

Пәннің мақсаты: бұл ғылымның тек компьютерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

2. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасаңыз. Ақп-қ техн-ң дамуының сатыларын, (кезеңдерін), ерекшіліктерін атап көрсетіңіз.

Ақпараттық жүйелер қоғамның даму тарихынан бастап бар. Онымен жұмыс есептеу техникасы пайда болғанға дейін жүргізілді. Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері:

Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты почта, шабарманның көмегімен таратқан. Бұл кезеңде ақпаратты өңдеу өнімділігі өте төмен болды, әрбір хат қолмен көшірілді. ХІХ ғасырдың аяғында қол техникасын механика техникасы алмастырды. Жазба машиналардың, телефонның, диктофонның пайда болуы жұмыс өнімділігіндегі табанды өзгерістер үшін негіз болды. Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Бұл кезде электрлік жазба машиналар, қарапайым қағазға көшіру машиналары, диктофондық телефондарды кеңінен қолдануға негізделген «элекртлік» техниканың пайда болуымен сипатталады. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етті.

Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекеттерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды.

Төртінші кезең (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық почталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды