Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экзамен Г-я , Э-я жауаптары 1 денгеи.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

17 Балалардағы гипотиреоз . Келіп шығу себебі

Жүре пайда болған гипотиреоз жеке нозологиялық ауру ретінде қарастырылмайды.

Оның клиникалық жҽне лабораториялық симптомдары әр түрлі аурулары бар науқастарда

дамиды.

Этиологиясы. Біріншілік жҥре пайда болған гипотиреоз мыналардың салдарынан

дамиды:

- эндемиялық йод тапшылығында;

- аутоиммунды тиреодитте;

- қалқанша безге операцияларда;

- қалқанша бездің қабыну жҽне ісік ауруларында;

- тиреотоксикозды тиреостатикалық дҽрілермен қадағалаусыз емдеу.

Екіншілік жүре пайда болған гипотиреоз гипофиздың түрлі зақымдануының салдары

болуы ықтимал:

- туылу кезіндегі жарақаты;

- мидың қабыну жҽне жарақатты зақымданулары;

- оперативты және сәулелік гипофиз эктомиясында.

Ту а б і т к е н г и п о т и р е о з – балалардағы қалқанша без ауруларының арасында ӛте

жиі кездесетін ауру. Осы аурудың жиілігі 1 науқастың 3,5-4 мың жаңа туылған

нҽрестелермен 1-нің 6-7 мың нҽрестеге шаққандағы аралығында кездеседі. Ауру ер

балалармен салыстырғанда қыздарда екі есе жиі кездеседі.

Этиологиясы: Туа біткен гипотиреоз 75-90% жағдайда қалқанша бездің даму

ақауының – гипо- немесе аплазиясының нҽтижесі болып саналады. Жиі гипоплазия, бездің

тілдің түбіріне немесе кеңірдекке эктопияланған түрінде кездеседі. Қалқанша бездің даму

ақауы құрсақішілік дамудың 4-9 апталарында келесілердің салдарынан қалыптасады:

- анасының вирусты ауруларынан;

- анасындағы қалқанша бездің аутоиммундық аурулары;

- радиация (мысалы, медициналық тексеру кезінде, жҥкті ҽйелге радиоактивті йодты

енгізу);

- дәрілер мен химиялық заттардың уытты әсері.

Туа біткен гипотиреозға 10-25% жағдайда генетикалық детерминизациаланған

гормондар синтезінің бұзылыстары, сондай-ақ Т3, Т4 немесе ТТГ-ға кірпікшелердің

тұқым қуалайтын ақауы алып келеді.