- •Анемия тұралы түсінік.Анемия жіктелуі.
- •I. Геморрагиялық анемиялар.
- •II. Эритропоэздің жетіспеушілігінің нәтижесінде пайда болатын анемиялар.
- •2 .Теміртапшылықты анемия.Этиопатогенезі.
- •3.Организмде зат алмасуында темірдің ролі.
- •5.Апластикалық анемия ,оның түрлері.Этиопатогенезі.
- •1.Идиопатиялық апластикалық анемия
- •2.Екіншілік апластикалық анемия
- •6. Постгеморрагиялық анемия,шығу себептері және әртүрлілігі
- •7. Балалардағы гемолитикалық анемия , жіктелуі.
- •8. Балалардағы гемоглобинопатия.
- •9. Геморрагиялық диатездер. Жіктелуі жене түсінік.
- •10 Геморрагиялық васкулит. Оның синонимдері.
- •11 Идиопатикалық тромбоцитопениялық пурпура ( итп). Автор бойынша итп қалай аталады.? Этиопатогенезі.
- •12 . Гемофилия .Аурудың түрлері жене оның сипаттамасы .
- •13 Балалардағы жедел лейкоз. Этиопатогенезі. Лейкоздың пайда болуындағы әр түрлі теориялар.
- •14Балалардағы созылмалы лейкоз..Лейкоз туралы түсінік , сипаттамасы жене түрлері.
- •15Балалардағы қант диабеті. Этиопатогенезі.
- •16.Эндемиялық зоб. Этиопатогенезі.
- •17 Балалардағы гипотиреоз . Келіп шығу себебі
5.Апластикалық анемия ,оның түрлері.Этиопатогенезі.
Апластикалық анемия- сүйек миында қан өндірілудің қызыл, гранулоциттік және мегакариоциттік өскіншелерінің редукциясымен және қанның панцитопениясымен сипатталатын гемопоэздің бұзылыстары.
Классификация
1.Идиопатиялық апластикалық анемия
2.Екіншілік апластикалық анемия
Радиациялық
Дәрілік препараттар және токсиндер
Вирустардан кейін пайда болатын
Иммундық аурулар фонында дамитын
Ауырлығына байланысты :
жеңіл
Ауыр
Өте ауыр
Этиология
Қазіргі таңда нақты этиологиялық факторлары жоқ,бірақ мына жағдайлар себеп болуы мүмкін:
Кейбір химиялық заттармен ұзақ уақыт контактта болу (бензол және оның туындылары, инсектицидтер ж.т.б);
Ионизирленген радиация;
Сүйек қызыл кемігіне токсикалық әсер ететін дәрілік (мысалы, бутадион, индометацин, кейбір антибиотиктер – левомецитин, карбенициллин, ж.т.б )
Кейбір инфекциялық аурулар (гепатит А, В, С, ЦМВ);
генетикалық бейімділік.
Апластикалық анемияның патогенезі
Сүйек қызыл кемігі Перифериялық қан
м иелоидты қатардағы жасушаның азаюы эритропения
эритрокариоциттерде темір жиналуының жоғарлауы анизоцитоз( макроцитоз)
миелоидты жасушалар санының көбеюі қандағы гемоглабиннің азаюы
тромбоцитопения
лейкопения
6. Постгеморрагиялық анемия,шығу себептері және әртүрлілігі
Постгеморрагиялық анемия – бұлжедел немесе созылмалы қан жоғалтулардан дамитын гемоглабин концентрациясы және эритроциттер көлемінің азаюымен жүретін ауру.
Себептері
Жас балаларда жиі мына себептерден пайда болады:
Кіндік жарақаттары;
Қанайналым жүйесінің туа пайда болған патологиясы;
Кесар тілігі кезінде плацентаның зақымдануы;
плацентаның ерте ажырауы;
босанудағы жарақаттар;
12 елі ішек және асқазанның ойық жара ауруларында;
Түрлері
Клиникалық жіктемесінде 2 түрін:
Жедел постгеморрагиялық анемия ;
Созылмалы постгемморагиялық анемия
Ауырлық дәрежесіне байланысты :
Жеңіл,егер гемоглобин 90 г/л жоғары болса;
Орта дәреже,гемоглобин 70 - 90 г/лболса;
Ауыр — гемоглобин 50 д- 70 г/л болса;
Өте ауыр—гемоглобин 50 г/л төмен болса.
7. Балалардағы гемолитикалық анемия , жіктелуі.
Гемолитикалық анемиялар (ГА) – гемолиз синдромымен (эритроциттердің үстеме ыдырауы) сипатталатын анемиялар тобы.
Қалыпты жағдайда эритроциттер 120 күн өмір сүреді, кейін олар ыдырайды – көбіне талақтың макрофагтары фагоцитоздайды. Гемолитикалық анемияларда эритроцит өмірінің ұзақтығы 12-14 күнге дейін қысқарады.
Классификациясы.
Гемолитикалық анемияны екі үлкен топқа – тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын ГА деп бөледі.
Тұқым қуалайтын Гемолитикалық Анемиялар.
Жүре пайда болған Гемолитикалық Анемиялар.
Тұқым қуалайтын ГА:
1) эритроцит мембранасының бұзылуымен байланысты ГА
2) эритроциттегі ферменттер активтілігі бұзылуынан дамитын ГА;
3) глобин тізбегінің құрылымы мен синтезі бұзылуымен байланысты ГА Жүре пайда болатын ГА:
1) антиденелер әсерінен дамитын ГА;
2) соматикалық мутация нәтижесінде эритроциттер мембранасының құрылысы өзгеруіне байланысты дамитын ГА ;
3) эритроциттер мембранасының механикалық зақымдануынан дамитын ГА
4) эритроциттердің химиялық зақымдануымен байланысты ГА;
5) Е витаминінің жеткіліксіздігінен дамитын ГА;
6) паразиттар (безгек) әсерімен байланысты ГА.
