- •Анемия тұралы түсінік.Анемия жіктелуі.
- •I. Геморрагиялық анемиялар.
- •II. Эритропоэздің жетіспеушілігінің нәтижесінде пайда болатын анемиялар.
- •2 .Теміртапшылықты анемия.Этиопатогенезі.
- •3.Организмде зат алмасуында темірдің ролі.
- •5.Апластикалық анемия ,оның түрлері.Этиопатогенезі.
- •1.Идиопатиялық апластикалық анемия
- •2.Екіншілік апластикалық анемия
- •6. Постгеморрагиялық анемия,шығу себептері және әртүрлілігі
- •7. Балалардағы гемолитикалық анемия , жіктелуі.
- •8. Балалардағы гемоглобинопатия.
- •9. Геморрагиялық диатездер. Жіктелуі жене түсінік.
- •10 Геморрагиялық васкулит. Оның синонимдері.
- •11 Идиопатикалық тромбоцитопениялық пурпура ( итп). Автор бойынша итп қалай аталады.? Этиопатогенезі.
- •12 . Гемофилия .Аурудың түрлері жене оның сипаттамасы .
- •13 Балалардағы жедел лейкоз. Этиопатогенезі. Лейкоздың пайда болуындағы әр түрлі теориялар.
- •14Балалардағы созылмалы лейкоз..Лейкоз туралы түсінік , сипаттамасы жене түрлері.
- •15Балалардағы қант диабеті. Этиопатогенезі.
- •16.Эндемиялық зоб. Этиопатогенезі.
- •17 Балалардағы гипотиреоз . Келіп шығу себебі
2 .Теміртапшылықты анемия.Этиопатогенезі.
Темі р т а пшы лық а н еми я – теміртапшылығының ең ауыр түрі,
лабораториялық тұрғыдан сипатталады: гемоглобиннің қанның көлемдік бірлігінде және
бір (әрбір) эритроцитте концентрациясының азаюы; эритроциттердің
микроцитозымен, анизацитозымен, пойкилоцитозбен; төмен реңдік көрсеткішпен, қан
сарысуындағы темір мен ферритиннің мөлшерінің тӛмендеуімен; трансферриннің
темірмен қанығуының төмендеуімен, сарысудың темір байланыстырушы қабылетінің
және эритроцитарлы протопорфириннің артуы.
Этиологиясы:
І. Туылғанда темір қорының төмен болуы. Қауіпті топтар:
- шала туылғандар, әсіресе өте төмен салмақпен туылғандар;
- жүктілік кезінде теміртапшылығы байқалған аналардан туылған балалар, әсіресе өзінің
алдындағы баладан бір жылдан кейін туылғандар;
- көп ұрықты жүктіліктен туылған балалар;
- перинатальды кезеңде қан жоғалтқан балалар;
- құрсақішілік дамуы тоқыраған балалар;
ІІ. Алиментарлы факторлар – бала организміне темірдің аз тҥсуіне әкелетін,
темір тапшылықтың негізгі себептері. Қауіпті топтар:
- туылғаннан бастап, темір қосылмаған жасанды бейімделмеген қоспалармен
тамақтанатын балалар;
- қосымша тамақты кеш бастау жҽне қосымша тамақ ретінде өсімдіктік өнімдерді
пайдаланатын балалар;
- кезкелген жаста негізінен вегетариндік тағамдар қолдану;
510
- мектепке дейінгі жҽне мектеп жасындағы балалардың тамақ қҧрамында сиыр сҥтінің
көп болуы(тҽулігіне 0,5 литрден артық);
ІІІ. Темірді шектен тыс жою және пайдалану. Қауіпті топтар:
- жедел және созылмалы, әсіресе ішек- қарын, инфекциялары;
- созылмалы инфекциялық емес, ішек-қарын жолдарының қабынулы аурулары (тоталь-
ды немесе селективті мальсобция синдромдарында – целиакия, муковисцидоз,
экссудативная энтеропатия, дисахаридазалар жетіспеушілігі жҽне басқалар - шектен
тыс жойылуы жҽне темірдің организмге жетіскліксіз түсуі);
- айқын (мелена, эпистаксис, гематурия, метроррагии жҽне басқалар) жҽне оккультты
(мысалы, тағам қҧрамында сиыр сҥтінің шектен тыс болуы, гельминтоздар, ішек
инфекциялары, ісіктер жҽне басқалар) қан кетулер;
- ювенильді гормондық қайта қҧрылулар;
- токсикалық факторлар (қорғасын, сынап жҽне басқалармен улану);
- айқын себебі анықталмайтын, себебі асқазаннан жҽне он екі елі шектен сорылудың
бұзылуынан болатын эссенциальды (диопатиялық) себептер.
Темірді физиологиялық жоғалтумен қатар, кейбір төмендегі жағдайларда қосымша
көп мөлшерде жоғалтуда байқалу мүмкін: жасырын және айқын жоғалту; глисті инвазия-
лар; анасының жүктілік немесе босану кезінде қосымша қан жоғалтуы немесе шектен тыс
темірдің жойылуы; құрсақ ішілік немесе құрсақтан тыс кезеңде инфекциялардың байқа-
луы; баланың үздіксіз өсуі. Бұдан басқада темір жетіспеушілігнің себептері болу мүмкін:
темірдің эндогенді трансплацентарлық жетіспеуі (шала туылу, көп ұрықты жүктілік,
анасының жүктілік кезіндегі анемиясы, қан кетулер және аурулар, жүктілік токсикозы,
патологиялық босанулар мен босану кезінде қан кету жҽне т.б.); темірдің тамақтануға
байланысты жетіспеушілігі (емшекпен тамақтандыру кезінде анасында анемияның байқа-
луы, қан кету, тамақтандырудың қосымша факторларын дер кезінде бермеу, бір жақты
дұрыс тамақтандырмау және т.б.). Анемияның бұл түрін алиментарлық анемия (А.Ф. Тур)
депте атайды, бірақ соңғы кезде бұл пікір көптеген қаламгерлермен қошталмайды.
Бҧл себептердің қатарына темірді жұмсаудың қосымша өсуінде (жиі инфекциямен
науқастану немесе олардың ауыр дамуы) қосады. Ал, алиментарлық жетіспеушілікпен
қосарланса, ондай анемиялар алиментарлық-инфекциялық анемия депте аталады. Темірдің
сорылуының бұзылуыда анемияның себебі болуы мүмкін (асқазан-ішек жолдарының,
оның ішінде целиакия, муковисцидоз, энтеропатия, даму ақаулары сияқты арулардың
маңызы зор).
Инфекциялық аурулар тіндерде темірдің артық қорытылуына әкеледі, сондықтан
оларға емделгеннен кейін темір препараттарын тағайындау қажет. Адам организмінің 60%
темірі эритроциттерден, қалғаны миоглобинндерден және темірлі ферменттерден
алынады. Организмде темір қоры сҥйек майы, бауыр, талақ (көк бауыр) болып есептеледі,
оларда темір ферритин жҽне гемосидерин кҥйінде болады.
6-айда жҽне екінші жартыжылдықта (туылғанда темір қоры толық болғанда) бала
организміне 1 мг\кг темір қажет, ал 1 литр ана сҥтінде бар болғаны 0,5-0,6 мг темір
болады. Осыған байланысты 5-6 айда табиғи тамақтанатын мерзімінде туылған балада ,
шала туылған балада 3-4 айда темір жетіспеушілігі байқалады. Гемдік темірге қарағанда
бауырдағы ферритин мен гемосидириннің абсорбциясы мен ыдырауы шамалы жүреді.
