Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Antaev-Zh-T-Ekonomikalyk-teoriynyn-aspektileri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.48 Mб
Скачать

5.Экономиканы реформалауда меншіктің орны

Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдік ететін меншік формасының өзгеруі қалайда қажет деп тілемейді. XXғ. Басына қарай нарық механизмдеріне негізделетін және еркін нарықпен реттелетін экономикалық үлгі өзін – өзі жоюға мәжбүр болды. Еркін нарық механизмінің орнына реттелген нарық механизмі келді.

Меншік формасы экономикалық бағыттың өзгеруінің қатал жүргізілуіне кедергі етпейді. Белгілі жағдай, монополияда, бюрократияда экономикалық өкіметтің тоталитарлық сипатына икемділігін білдіреді. Осылай, XXғ. 30-шы жылдарының ортасында КСРО-да қоғамдық меншік жағдайында әкімшілік экономика орнады, ал Германияда, жеке меншік негіздерінің мықтылығына қарамастан, бұйрық экономикасы орнады. Кейін осы жағдай Франко тұсындағы Испанияда, Пиночет тұсындағы Чилиде қайталанды. Бұлардың барлығында тоталитаризмнің келуіне үлес қосқан, сол мерзімде осы елдерде орыналған, экономикалық және саяси шешімдердің үстемдігі болды.

Өндірістің шоғырлануы мен бәсеке меншіктің орталықтануына ат салысады. Бұл процесс шаруашылық субъектілері болып табылатын меншік иелерінің санын біршама төмендетеді. Мысалы, меншік иелерінің (акциялар иелері) санына қарамастан, акционерлік қоғам нарықта келісім жасасатын бір ғана заңды тұлға болып танылады.

Ал экономикалық жүйелердің өздеріне тән айырмашылықтары сақталады:

  • тауар өндірісі мен тауар айналымының даму дәрежесі;

  • экономикалық өкіметтің типі және оны жүзеге асыратын формалар;

  • осы қоғам жүйесіндегі байлық деп түсінетін экономикалық әрекеттердің орны, рөлі.

Реформа жүргізу сырттан қарағанда субъективтік акт болып көрінеді. Оны жүргізудің дүниежүзілік тәжірибесі осы процестерді анықтайтын бірсыпыра құбылыстарды ашты.

Бақылау сұрақтары:

  1. Меншіктің экономикалық мазмұны?

  2. Меншіктің құқықтық мазмұны?

  3. Қазақстан Республикасындағы меншіктің формалары?

  4. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесі?

  5. Жекешелендіру тәсілдері?

  6. Экономикалық жүйе және оның түрлері?

  7. Экономикалық жүйедегі аралас жүйенің негізгі үлгілері?

  8. Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама?

  9. Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері?

  10. Экономиканы реформалаудағы меншіктің орны?

Тақырып 1.4.Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал

Негізгі ұғымдар:Натуралды шаруашылық, тауарлы шаруашылық, тауар, тұтыну құны, айырбас құны, еңбек-құн теориясы, капитал, несиелік пайыз, инвестициялау, физикалық тозу, инвестиция өтімділігінің шекті мөлшері, инвестицияның шекті таза өтімділігі.

Дәріс жоспары:

1. Натуралды және тауарлы шаруашылық: негізгі белгілері мен ерекшеліктері

2. Еңбек-құн теориясы

3. Ақшаның қызметтері. Ақша айналымының заңы

4.Капитал

1. Натуралды және тауарлы шаруашылық: негізгі белгілері мен ерекшеліктері

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

1.4.1-сызба. Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал - сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз - адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз.

Олардың негізгі белгілері мыналар:

  • өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

  • өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан - жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Өндірдік - тұтындық приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Тауарлы деп – өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты:

  • нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі;

  • жеке меншіктің болуы;

  • тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы.

Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді.

Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.

  • жеке меншіктің пайда болуы;

  • тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабілеттілігі;

  • еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

  • қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

  • экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

  • адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

  • басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:

Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды.

Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек - бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екінші жағы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен (ҚҚЕШ) өлшенеді.

Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.