Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Antaev-Zh-T-Ekonomikalyk-teoriynyn-aspektileri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.48 Mб
Скачать

2.Халықтың табысы: түрлері және қалыптасу көздері

Өмір сүру деңгейін қарастырған кезде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың барлық жиынтығын ескеру қажет, әйтпесе материалдық және рухани құндылықтарды тұтынуды, олардың адам үшін қол жетімділігін, еңбектің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін, денсаулық және өзге де сипаттамаларды бағаламай тұрғындардың шынайы қалыптасқан өмір сүру деңгейін толықтай сипаттау мүмкін емес.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің құндық көрсеткіштері болып келесілер саналады:

Тұрғындар табысы – жеке еңбек және өзге де көздер есебінен қалыптасатын адамның тұтынуын қанағаттандырудың белгілі бір деңгейінде оның физикалық, моральдық, экономикалық және интеллектуалдық жағдайын қолдау үшін ақшалай және натуралды құралдар жиынтығы.

Жанұяның кірісін қалыптастырудың негізгі көздері – еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, кәсіпкерлік табыс, дивидендтер және меншіктен өзге де кірістер, жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен қаражаттар.

Кірістерді бөліп қарастырады: ақшалай бағаланатын жиынтық кіріс мөлшеріндегі (субъекті белгілі бір кезең аралығында табатын немесе алатын ақша сомасы және өзге де құндылықтар мен игіліктер) номиналды кірістер; ақшалай (номиналды) табысқа сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер сомасы ретінде шынайы кіріс, яғни тұтыну бағасы индексіне түзетілген міндетті төлемдер мен жарналар алынып тасталған номиналды кірістер.

Әлеуметтік дифференциация жөніндегі неғұрлым толық ақпаратты еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы түріндегі түсімдер жанұяның жалпы ақшалай кіріс және жиынтық кірісіне аударылған жанұя бюджетін зерттеу нәтижелері бойынша алуға болады.

Жанұяның ақшалай кірісі - еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, кәсіпкерлік табыс, дивидендтер және меншіктен өзге де кірістер, жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен қаражаттар түріндегі ақшалай түсімдер сомасы.

Жиынтық кіріс ақша кірістерінің барлық түрлерін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан алынған және жеке (үй) тұтынуға пайдаланылған натуралдық түсімдер құнын кірістіреді.

Әлемдік практикада тұрғындарды бөлуді есептеу орташа жанұяға ақшалай кіріс көлемі бойынша артықшылықты жүзеге асырады.

Күнкөріс деңгейі – адамның физиологиялық өмір сүруін және ресурстармен қамтамасыз етілген (республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары мен тауарлар мен қызметтердің бары) оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті ақша қаражаттарының ең төменгі мөлшері.

Күнкөріс деңгейі бюджеті – ересек тұрғындардың белсенді физикалық жағдайын, балалар мен жас өспірімдердің әлеуметтік және физикалық даму жағдайын қамтамасыз ететін маңызды материалдық құндылықтар мен қызметтерді ең төменгі рұқсат етілген деңгейде тұтыну көлемі мен құрылымының көрсеткіштері.

Ең төменгі тұтыну бюджеті – азық-түлік өнімдерін, азық-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметтерді тұтынудың ғылыми негізделген ең аз нормалары мен нормативтерін кірістіретін және адамдардың негізгі материалдық және рухани қажеттіліктерін ең төменгі деңгейде қанағаттандыруды қамтамасыз ететін кешенді әлеуметтік норматив.