Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Antaev-Zh-T-Ekonomikalyk-teoriynyn-aspektileri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.48 Mб
Скачать

2.Нарықтың құрылымы және оның жіктелуі

Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлерге бөлуге болады:

1.Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

  • игіліктер мен қызметтер нарығы;

  • өндіріс құралдарының нарығы;

  • ғылыми- техникалық құралдар нарығы;

  • құнды қағаздар нарығы;

  • жұмыс күші нарығы.

2.Нарықтарды тауарлы топтар бойынша жіктеуге болады.

  • өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;

  • халық тұтынатын тауарлар нарығы;

  • шикізат пен материалдар нарығы.

3.Кеңестік критериі бойынша мынадай нарықтар болады.

  • аймақтар ішіндегі;

  • аймақаралық;

  • республикалық;

  • республика аралық;

  • халықаралық (әлемдік) нарықтар.

4.Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:

  • монополиялық;

  • олигополиялық;

  • сала аралық нарықтар.

5.Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтыр болады:

  • көтерме сауда нарықтары;

  • бөлшек сауда нарықтары;

  • ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.

6.Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:

  • заңды, ресми нарықтар;

  • заңды емес, көлеңкеленген нарықтар.

Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты.

Тауарлар мен қызметтер нарығы

  • тұтыну тауарларының нарығы – азық – түлік және азық – түлік емес тауарларының нарығы;

  • қызметтер нарығы;

  • тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.

Өндіріс факторының нарығы

  • жылжымайтын мүліктер нарығы;

  • еңбек құрылымдарының нарығы;

  • шикізат пен материалдар нарығы;

  • қуат ресурстарының нарығы;

  • пайдалы қазбалар нарығы.

Қаржы нарығы

  • капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;

  • несие нарықтары;

  • құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);

  • валюта, ақша нарықтары.

Интелектуалды өнімдер нарығы - инновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің және еңбектердің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Экономикалық теориядағы жасырын экономика – әр түрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр әлеуметтік экономикалық салаларға лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.