Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Antaev-Zh-T-Ekonomikalyk-teoriynyn-aspektileri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.48 Mб
Скачать

4. Капитал

«Капитал» сөзі латын тілінен аударғанда «басты» (негізгі) дегенді білдіреді.

Капитал - бұл:

а) өндірісте пайдаланылатын жабдық, ғимарат және аяқталған құрылыстардың жиынтығы;

ә) құрал-жабдық, ғимарат және аяқталған құрылыстарды сатып алуға бөлінген қаржылар;

б) ақша, тауар, өндіргіш күштер түрлерінде болып келеді.

Құнды ауыстыру тәсілі бойынша капитал негізгі капитал және айналмалы капитал болып бөлінеді. Негізгі капитал өндірістік үрдіске ұзақ уақыт бойы қатысатын және өзінің құнын өндіріске біртіндеп жұмсайтын ғимараттар мен құрылыстар (зауыттар), құрал-жабдықтар, машиналар мен станоктар түріндегі өндіріс факторлары немесе еңбек құралдары ретінде сипатталады. Айналмалы капитал- бұл өндірістік үрдістің цикліне өзінің құнын бірден жұмсайтын немесе ауыстыратын шикізат, еңбектің негізгі және көмекші материалдары, жұмыс күші түріндегі капиталдың бір формасы.

«Адам капиталы» – бұл оқу немесе білім алу үрдісінде, тәжірибелік әрекеттер арқылы алынған және игерілген ақыл-ой қабілеттіліктері мен еңбек дағдылары түріндегі капитал. Адам капиталының мөлшері жұмыс күшіне құйылған және соған деп жүзеге асырылған инвестицияларға тәуелді болып табылады.

Меншіктік түрі жағынан капитал:

  • жеке меншіктік (жеке, жанұялық);

  • корпоративтік-ұжымдық (АҚ-дар, кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, бірлестіктер);

  • мемлекеттік (республикалық, коммуналдық);

  • аралас және шетелдік капиталдар болып бөлінеді.

Капиталдың тозуы және өндірісті ұлғайтуға тырысу жеке немесе заңды тұлғалардың өндірістік тауарларды сатып алуларына қажеттіліктерін тудырады. Бұл үрдісті инвестициялау, ал дәл сол тауарларды сатып алуға белгіленген ақшаны - инвестиция деп атайды.

Капитал нарығының ерекшелігі мынада, яғни капиталдың ұсынысын жинақтар құрайды, жинақтар ағымдағы және болашақтағы табыстарды уақытаралық салыстыру негізінде қалыптасады. Ал капиталға деген сұраныс ағымдағы шығындар (инвестициялар) мен болашақта әкелетін табыстарды салыстыруға байланысты қалыптасады.

Инвестицияның көзі жинақтар болып табылады, ал жинақтардың инвестицияға айналу үрдісі дамыған қаржы нарықтары жағдайында қарыз пайызының мөлшерлемесі арқылы реттеледі. Пайыз мөлшерлемесі жоғары болған сайын, басқа да шарттар тұрақты болған жағдайда, капиталға берілетін жинақтардың көлемі де артып отырады.

Капиталдың бағасы, яғни пайыз мөлшерлемесі капиталға деген нарықтық сұраныс пен оның ұсынысы арасындағы тепе-теңдіктің нәтижесі ретінде қалыптасады.

Капиталға деген нарықтық сұраныс инвестициялық өтеудің шекті нормасы қисығымен сипатталады, ал капиталдың нарықтық ұсынысы қарыз пайызы мөлшерлемесінің деңгейі әсерінен қалыптасатын, жеке жинақтар қисықтарының сомасы ретінде анықталады.

Жер нарығының ерекшелігі мынада, яғни табиғи ресурстарға баға қалыптастырудың ерекшеліктері жер көлемінің абсолютті шектеулілігімен және сол жер ресурсының өндірушілік қабілетінің қалпына келу мүмкіндігімен тығыз байланысты болып табылады.

Ұдайы өндірілу қасиетіне ие ресурстың (жердің) бағасы оның әкелетін ренталық табысы мен қарыз пайызы мөлшерлемесінің арақатынасы ретінде анықталады. Ұдайы өндіріле алмайтын ресурстың (пайдалы қазбалардың) бағасы пропорционалды түрде нақты пайыз мөлшерлемесі өскен кезде өсіп отырады.

Бақылау сұрақтары

1.Натуралды шаруашылық дегеніміз не?

2.Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері қандай?

3.Тауардың құны қалай өлшенеді?

4.Еңбек бөлінісі дегеніміз не?

5.Ақшаның пайда болу тарихын атап өтіңіз?

6.Ақша қандай қызметтер атқарады?

7.Ақша жүйесінің элементтерін атаңыз?

8.Электронды ақшаларға мысал келтіріңіз?

9.Капитал дегеніміз не?

10. Капитал нарығының ерекшелігі?

Тақырып 1.5. Нарық және бәсеке

Негізгі ұғымдар:Нарық, ақпараттық қызмет, делдалдық қызмет, санациялық қызмет, маржиналық талдау, бәсеке, картель, конгломерат, концерн, монополия, монопсония, олигополия, синдикат.

Дәріс жоспары:

1.Нарықтың мәні мен түрлері

2.Нарықтың құрылымы және оның жіктелуі

3.Бәсеке түсінігі мен түрлері

4.Нарық инфрақұрылымы