Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Antaev-Zh-T-Ekonomikalyk-teoriynyn-aspektileri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.48 Mб
Скачать

2.Қазақстан Республикасының экономикалық өсу саясаты

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.

Экономикалық өсуге жету барысында қойылған міндеттер:

  1. Мемлекеттің белсенділігімен қатар экономикаға араласуды шектеу.

  2. Қатал монетарлық фискальдық шектеулер қою.

  3. Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия жасау.

  4. Жекеменшікті бекітумен қатар құқықтық қорғау жасау

  5. Жекешелендіру процессін аяқтау (аграрлық секторда).

  6. Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу

  7. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

  8. Индустриалдық технология стратегиясын жасау

  9. Өндіріс диверсификациясын жүрзізу.

  10. Өндіріс салаларының бәсекелік қабілеттілігін дамыту.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі – елдің орнықты дамуы...»

Елдiң орнықты дамуы дегенiмiз қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мүмкiндiктерiне қатер төндiрмейтiн даму болып табылады. Дағдарыс кезеңінен кейін Қазақстан экономикасы дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне кіреді, ол өсуді қалпына келтіру кезеңі және экономиканың сапалы және теңгерімді өсуі кезеңінен тұратын болады.Өсуді қалпына келтіру кезеңінің ұзақтығы әлемдік экономика дамуының үрдістеріне тәуелді болады. Қазақстандық экономиканың ағымдағы даму жағдайларын, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың әлемдік экономиканың даму перспективаларына қатысты болжамдарын ескеріп отырды. Сараптама бойынша, 2012 жылғы ЖІӨ халықтың жан басына шаққанда 2008 жылдың деңгейіне, яғни өткен жылдардағы ең жоғары көрсеткішіне жеткен.Өсуді қалпына келтіру кезеңінде экономиканың теңгерімді және сапалы өсу кезеңіне өту үшін негіз қалыптасады. 2010 – 2014 жылдардағы дамудың сыртқы жағдайларын ескере отырып Қазақстан экономикасы ішкі факторлардың әсерінен дамыды.

Әлемдік экономиканың жандануына және Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуына орай, резервтік қуаттарды іске қосу есебінен өнеркәсіп өндірісінің өсуі қалпына келеді. Сөйтіп, металлургия саласында және тау-кен өнеркәсібінің ілеспе салаларында белсенділік артады.

Бұдан басқа, мұнай өндіру көлемінің арттыруынан көрінетін мұнай және табиғи газ өндіру салаларында белсенділік байқалатын болады.

Экономиканың мемлекеттік секторында белсенділіктің сақталуы,  сондай-ақ Үкіметтің, Ұлттық Банктің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде іске асырылатын экономика секторларын мемлекеттік қолдау шаралары экономикалық белсенділікті қолдауға ықпалын тигізгені айқын.

Мемлекеттік реттеу саясаты макроэкономикалық тұрақтылыққа зиянын тигізбей экономиканың дамуын ынталандыратын, теңгерімді болуы тиіс. Экономиканың теңгерімді және сапалы өсу кезеңінде осындай ұстаным экономиканы «сауықтыруды», оның қайта «қызып кетуін» болдырмауды және перспективада инвестициялардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Инновациялық үрдістердің тиімділігін арттыру және тездетудің түйінді факторына инвестициялық-инновациялық басқару саналады. Бұл әрі фактор, әрі  үйлестіруші, ықпалдастырушы күш. Оның көмегімен инвестициялық және инновациялық кедергілерді жоя отырып, инновациялық-инвестициялық дамудың  стратегиясының тиімді вариантын таңдау арқылы оның ұтымды жолына түсуге көмектеседі.

Экономикалық өсудің тұрақты және серпінді қарқындарын әлемдік экономика дамуының серпініне қатаң байланыстыра отырып қолдауға мүмкін емес болады. Экономикалық дамудың тұрақтылығы экономиканың өсуінің қайнар көздерінің ішкі сұраныс пен ұсыныс факторларына қайта бағдарлауға, олардың өсуді қамтамасыз етудегі рөлінің артуы, ішкі сұранысқа бағдарланған шикізат емес салаларды және экономиканың өзегі деп аталатын – әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттікке ие салаларды дамытуда жүзеге асырылатын болады.

Елді 2010 – 2014 жылдардағы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы Экономиканы әртараптандыруға және саудаланбайтын салаларды дамытуға жәрдемдескен. Индустриализациялау саясатын іске асыру экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және оның сапалы өсуіне ықпал ететін болады.

Банктердің ақша ұсынысының қажетті деңгейін және экономиканы несиелендіру көлемін қамтамасыз ету экономиканың өсуін ынталандыратын фактор болып табылады.

Экономиканың өсуі, кіріс деңгейі, жұмыспен қамту және инфляция деңгейі бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторлары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалады. 2010 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай қойылған экономиканың өсу параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында 2010 – 2014 жылдары нақты ЖІӨ-ні 15,7 %-ке ұлғайды. Қазақстанның 2020 жылға қарай ЖІӨ көрсеткіші бойынша жан басына шаққандағы жоғары деңгейлі табысы бар елдердің қатарына кіруін қамтамасыз ету үшін 2014 жылы аталған көрсеткіш 10 мың АҚШ доллары деңгейіне дейін жеткен.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі инфляция деңгейінің төмендеуіне оның орта мерзімді кезеңдегі 2009 жылдың соңында 8,0 – 8,5 %-тен 2014 жылдың соңында 7 %-ке дейінгі деңгейге төмендеуіне ықпал етілді.

Жұмыссыздық деңгейін 2020 жылға қарай 5 %-тен аспайтын деңгейде қамтамасыз ету үшін 2010 – 2014 жылдары оның 7 %-ке дейін төмендеуі жоспарланып орындалған. Жұмыссыздық деңгейінің 2010 жылғы 7,6 %-тен 2014 жылы 7,0 %-ке дейін төмендеген.

Қалпына келтіру кезеңінде дағдарыс кезінде бәсеңдеген салалардың өсу қарқыны, дағдарысқа дейінгі деңгейге жетуі тиіс, одан кейін бірінші қатарға Қазақстанның өндірістік әлеуетін кеңейтуге арналған негіздің іргесін қалау көрініс табады.

2020 жылдарға арналған экономикалық саясаттың мақсаты – экономиканың өсуін қалпына келтіру және экономиканың одан әрі сапалы және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету. ЖІӨ-нің нақты өсуін қалпына келтіру, экономиканың сапалы және теңгерімді өсуі қолайлы макроэкономикалық ортаны қамтамасыз еткен кезде мүмкін болады. Өз кезегінде, орта мерзімді кезеңдегі экономикалық өсудің сапасы мен тұрақтылығы экономиканың «өзегімен» қамтамасыз етілуі тиіс.

Экономикалық саясат шеңберінде қойылған мақсатқа жету үшін мынадай негізгі міндеттер шешілетін болады:макроэкономикалық тұрақтылықты және экономиканың өсуін қалпына келтіруді қамтамасыз ету, «отандық экономиканың «өзегін» қалыптастыру.

Орта мерзімді кезеңдегі негізгі теңгерімді экономикалық өсу инвестициялық үдерістерді және тұтынушылық белсенділікті ынталандыру болып табылады. Инвестициялардың өсу қарқыны жылына орташа 3,6 %-ті құрайтын болады. Бұл белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың жинақталуының жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз етеді. Ал тұтынудың өсуі орташа 2,6 %-ті құрайды. Бұл ретте, мемлекеттік тұтыну үй шаруашылықтарындағы тұтынумен салыстырғанда барынша жоғары қарқынмен өседі.

Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру ел экономикасының дамуына оң әсер етеді.Инвестициялық саясат әлеуметтік-экономикалық жағынан  неғұрлым маңызды, экономикаға және  халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға барынша мультипликациялық әсерін тигізетін қайта бағдарлау ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады.

Инвестициялық бағдарламалардың теңгерімділігін, ел мен өңірлердің инфрақұрылымы мен ресурстық әлеуетінің дамуына орай жеке сектор жобаларын іске асырудың өзара байланыстылығын қамтамасыз ету жүйелі және жедел шаралар қабылдау арқылы бұдан бұрын көрсетілген фискалдық саясат бағыттарымен келісетін екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жүйелі сипаттағы ұзақ мерзімді шара елдің аумақтық-кеңістіктік даму схемасын әзірлеу дегенді білдіреді, ол мемлекет ресурстарын тиімсіз пайдалануды азайтуға, өндірістік, көлік, инженерлік, әлеуметтік, рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту мен халықты таратып орналастыру жүйесін үйлестіруге мүмкіндік береді және жеке сектордың бизнес-бастамалары үшін бағдарлар ұсынады.

Инвестициялық саясаттың алдында тұрған міндеттерді жедел шешу Қазақстанның индустрияландыру картасын  әзірлеу негізінде шешілетін болады, онда ірі инвестициялық жобалардың салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, оларды іске асырудың оңтайлы орындары айқындалып отырды.