Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Antaev-Zh-T-Ekonomikalyk-teoriynyn-aspektileri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.48 Mб
Скачать

II бөлім. Нарықтық экономикадағы жеке ұдайы өндіріс

Тақырып 2.1. Фирма және кәсіпкерлік теориясы

Негізгі ұғымдар:Акционерлік қоғам, белсенділік, кәсіпкер, кәсіпорын, өндірістік кооператив, серіктестік, унитарлы кәсіпорын, ұжымдар, фирма.

Дәріс жоспары:

1. Кәсіпкерлік туралы көзқарастар эволюциясы

2. Кәсіпкерліктің мәні мен қызмет түрлері

3. Фирма түсінігі, мақсаттары мен қызметтері

4. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары

5. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы

1. Кәсіпкерлік туралы көзқарастар эволюциясы

«Кәсіп», «кәсіпкерлік»,«кәсіпкер» ұғымдары арабтың ежелгі «касабун» деген сөзінен шыққан. Ол табу, пайда, кіріс, ұтыс, ұтып алу, мамандық, өнер, тіршілік, шаруашылық мағынасында пайдаланылады. Бизнестің көп кездесетін түрі кәсіпкерлік (предпринимательство). Кәсіпкер деген терминді француз экономисті Ричард Кантиллион енгізген.(XVIII ғасырдан бастап).

Атақты ортағасырлық араб ғұламасы Ибн-Хальдун да (1336-1406 ж) кәсіпкерлікті (касб) осы тұрғыдан түсініп, оны адамдардың өз мүмкіндігі адал еңбегі арқылы молшылыққа кеңелу іс-әрекеті деп бағалаған.

Дәлел ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады.

Кәсіпкерлік - белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер – осыған бар күшімен уақытын, жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.

Кәсіпкерлік – белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер - осыған бар күшімен уақытын, жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.

«Кәсіпкерлік» терминіне деген әртүрлі көзқарастардың эволюциясы

Ричард Кантиллион (Richard Cantillion)(1725)

  • Кәсіпкер - өзіне - өзі жұмыс орнын жасайтын адам.

  • Кәсіпкер тұрлаусыздық және тәуекелдік жағдайында жұмыс істейді.

  • Кәсіпкер нарық талаптарына сай іс - әрекет жасауы керек.

Николас Бауде (Nikolas Baudeau) (1767) 

  • Кәсіпкер ең алдымен жаңартпа менеджері.

  • Меншіктенуші мен кәсіпкер арасында айырмашылықтар бар.

Жан Батист Сэй (Jean Baptist Say) (1810)

  • Кәсіпкерлік еңбекте – еңбек, жер, капитал сияқты негізгі өндіріс факторы.

  • Кәсіпкерлер – белгілі бір моралдық және кәсіби қасиеттерге ие болулары қажет.

  • Кәсіпкер тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істейді және әрдайым кәсіпорынның алдында тұрған қиыншылықтарды жеңіп отыруға мәжбүр.

Карл Менджер (Carl Mender)(1871)

  • Кәсіпкер шешім қабылдауда 4 сатыны қолдануы қажет: мәлімет жинау, экономикалық есеп, тауар тандау және өндіріс жоспарының орындауын басқару.

Альфред Маршал (Alfred Marshal) (1890)

  • Кәсіпкер мен менеджердің қызметтерінде айырмашылықтар бар, демек оларға әртүрлі талап қойылады.

Джозеф Шумппетер(1910) 

  • Кәсіпкердің міндеті – капиталды, еңбекті іске қосу, жоспар кұру және оның орындалуын ұйымдастыру.

  • Кәсіпкерліктің мәні өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастырудан тұрады.

- Кәсіпкерлік қызметтің бағыттары:

а) жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;

ә) жаңа өндіріс әдістері;

б) жаңа өткізу нарықтары;

в) жаңа жабдықтау көздері;

г) жаңа ұйым түрлері.

Франк Найт (Frank Knight)(1921)

  • Кәсіпкер - әлеуметтік – экономикалық жаңартпашы. Кәсіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа түрін жасайды – кәсіпкерлік табыс.

  • Кәсіпкер бір мезгілде капитал меншіктенушісі де болуы керек.

  • Кәсіпкердің негізгі міндеттері – ұйымдастыру және бақылау.

Давид Макклеланд (David Mc. Clelland)(1967)

  • Кәсіпкер өз көзқарасын қорғай білуі және қиыншылықтарды жеңе білуі қажет.

Питер Друкер (Peter F.Druker)(1964)

  • Кәсіпкер болашақ нәтижелерді болжай алу, тәуекел ете алу және жігерлік сияқты қасиеттерге ие болуы керек.

  • Бірінші рет пайда табуға мүмкіндік категориясын тигізеді.

Харви Либенстейн (Harvey Leibenstein)

  • Кәсіпкердің міндеті – ресурстарды тиімділігі төмен саладан, тиімділігі жоғары салаға ауыстыру.

  • Кәсіпкер әртүрлі нарықтық жағдайларда жұмыс істей білуі қажет: тұрақты нарық жағдайында сондай – ақ жаңа, белгісіз нарық жағдайында.