Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_bkh.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.73 Кб
Скачать

123. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары, құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.

Адам ағзасының реттеуші жүйелерінің ішінде гипоталамо-гипофизарлы жүйе ең жоғары сатыда тұр. Гормондардың гипоталамуспен гипофизда түзілуі және бөлінуі бір-бірімен тығыз байлансты. Сүтқоректі жануарлардың нейрогипофизі негізінен 2 түрлі гормон бөліп шығарады: вазопрессин мен окситоцин. Вазопрессин – 9 амин қышқылы қалдығынан құралған қысқв пептид, ол гипофизден бөлініп алынған және синтездік жолмен де алынады. Вазопрессин антидиуреттік гормон деп саналады, ол организмде су-тұз алмасуын біршама тұрақты қалыпта ұстап тұруды реттейді, бүйрек талшықтарында суды кері қарай соруды белгілі деңгейде ұстап тұрады, яғни бөлінетін зәр мөлшерін азайтады. Вазопрессин түзілу процессі бүлінген кезде адамда зәр көп бөлінеді, оның мөлшері тіпті тәулігіне 20л шамасына дейін жетеді. Окситоцин химиялық табиғаты жөнінде вазопресинге ұқсайды. Барлық сүтқоректі жануарлардың окситоцинінде амин қышқылдарының орналасу реті бірдей болады. Окситоцин жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып қысқартады, әсіресе бұл жағдай малдық тууы кезінде, әйелдің босануы кезінде жатыр бұлшық етінде байқалады. Окситоцин желіннің альвеолдарын жиырылтады да, сүттің бөлініп шығуына себеп болады.Желіннің емшегін түршіктіріп қоздырған кезде окситоцин босап шығады, бұл жағдай малы сауған кезде және баланы емізген кезде пайдаланылады. Туып босану қиындап кеткен кезде окситоцин қолданылады.

124. Паратгормон, кальцитонин, минералокортикостериоидтар: минералдар алмасуына әсері. Паратгормонның гиперкальциемиялық және гипофосфатимиялық әсері бар. Бұл гормонның нипокальцемиялық әсерә эффекторлы клеткаларға: суйектің остео кластары, бүйректің тармақты түтіктерінің және ішектің шырышты қабатынаң клеткаларына әсерімен байланысты. Клетка нысаналарда паратгормон аденилациклазаны белсендірілуін және 3+,5+ АМФ тің тузілуінің артуын тудырады, Протеинкиназаларды және сәйкес ферменттерді белсендіреді. Мысалы, сүйек тьканінде паратгормон аденилацетикилазды механизм арқылы остео кластардың жұмысын белсендіреді де, остеобластардың жұмысын тежейді. Осы қос әсернің салдарынан сұйық тьканның резорбциясы, қанға кальций мен фосфаттардың шығарылуы жүреді. Ішекте АМФ қатысуымен паратгормон қанға кальцийдің сіңірілуін күшейтеді. Бүйректе осы механизм арқылы паратгормон тармақты түтіктердің дисталды сигменттерінде кальцийдің реабсорбциясын күшейтеді және түтікті аппараттың проксимальды бөліктерінде фосфатты иондардың реабсорбциясын тежейді.

125. Қандағы глюкозаның дейгейін реттейтін гормондар

Ж: Ұйқы безінің екі гормоны бар: инсулин мен глюкагон. Бұл құбылыстардың барлығында ерекше қызмет атқарады. Инсулин қпнт деңгейін төмендетеді, ал глюкагон оған қарама-қарсы әсер етіп қант деңгейін көтереді. Ағзада инсулин жоқ болса және жетіспесе, қан құрамындағы глюкоза мөлшері көбейеді (гипергликемия) және көп мөлшерде зәрмен бірге бөлініп шығады (глюкозурия). Глюкозамен бірге ағзадан су көп бөлінеді және сырқат адам сусамырлыққа , ашқарақтыққа ұшырайды. Глюкозаны жоғалту салдарынан қордағы зат гликоген көп шығын болады. Майлар мен белоктар ыдырап бөлінеді. Бұл дертті қант диабеті деп атайды. Глюкозаны ағзаның жасушалары пайдалану нәтижесінде оның қандағы деңгейлі мөдшері қалыптан төмендесе, бауырдағы гликоген глюкозаға айналып қанға түседі, ұлпалардың тұрақты қоректенуі қамтамасыз етіледі. Қан құрамындағы глюкоза мөлшері 3,3ммоль\л. Диабет дерті кезінде зәр құрамында азот мөлшері көбейеді, май қышқылдары аяғына дейін тотықпайды, зат алмасудың кетондық денелер көбейеді, ол жағдай ацидозға соқтырады.

Тіпті көпшілік аурулардың шығарған демінде ацетонның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай ауруларда тері аурулары, қызыл иек аурулары, гангренаоңай дамиды. Глюкагон бауырда фосфорилаза жұмысын активтендіреді., ал фосфорилаза глюкогенді глюкозаға ыдыратады. Сөйтіп, қан құрамында глюкозаның концентрациясы артады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]