Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_bkh.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

93.Қанның азотты қалдығы.Осы топқа кіретін заттардың химиялық табиғаты.

Қанның қалдық азоты—бұл плазманың белокты емес заттарының азоты,ол қан сары суы белоктарын үш хлор сірке қышқылымен тұнбаға түсірегнде бөлінеді. Қанның қалдың азоты белокты емес табиғаты бар төмен молекулалы қосылыстар түрінде болады,мочевина азоты,аммиактың,индиканның,нуклеотидтердің,нуклеозидтердің,билирубинның,холинның ж\е т.б.азоты.Қалдық азоттың құрастырушы компоненттері белокты алмасудың соңғы өнімдері болып табылады,сондықтан ағзадан шығарылуы к\к.Бұйректің экскреторлы қызметтерінің бұзылуын анықтау мақсатында ж\е бүйректің жетіспеушілік дәрежесін бағалау үшін немесе буындардың мочевина түзуші қызметін бағалау үшін қанның қалдық азотын ж\е оның жекеленген компоненттерін анықтайды.

1.Қалдық азот 14-25 ммоль\л

2.Мочевина 2,5-8,3ммоль\л

3.Зәр қышқылы 0,16-0,57 ммоль\л

ерлерде 0,24-0,57 ммоль\л

әйелдерде 0,16-0,40 ммоль\л

4.креатинин

ерлерде 44-100 мкмоль\л

әйелдерде 44-88 мкмоль\л

5.Креатин

Ерлерде 15-45 мкмоль\л

Әйелдерде 45-76 мкмоль\л

6.Жалпы билирубин 8,5-20,5 мкмоль\л

тура 25%дейін

емес тура 75-100%

94.Қан плазмасының азотсыз құрамы,өкілдері,химиялық табиғаты,олардың қалыпты мөлшері.

Қанның азотсыз органикалық компоненттер тобына көмірсулар ж\е липидтер алмасуларының метаболиттері жатады.

Адам тканінің негізгі көмірсулері-гомополисохарид гликоген,гетерополисахаридтер-гиалурон қышқылы,креатинсульфаттар,хондроитинсульфаттар,гепарин ж\е моносахаридтер-глюкоза,фруктоза рибоза дезоксрибоза болып табылады.адамның қанында ж\е тканьдерде дисахарид сахароза болмайды.Дисахарид лактоза тек сүтте кездеседі.Адамның қан плазмасында тек моносахарид глюкоза мен көмірсулар алмасуының метоболиттері болады.Сондықтан қанның қантты деген термин мүлде сәйкес емес. Глюкоза-адам мен жануарлар ағзасының барлық клеткаларының негізгі энергетикалық материалы болып табылады.Глюкозаның қайнар көзі мен пайдалану жолдарының схемасында адам ағзасындағы глюкоза катаболизмы кезіндегі айналу жолдары мен энергетикалық шығымы көрсетілген.Қан сары суында көмірсулар алмасуының мынадай метаболиттері бар:

1.Глюкоза 3,3-5,7 ммоль\л

2.Сүт қышқылы 1 ммоль\л-ге дейін

3. Белоктармен байланысқан гексозалар 5,8-6,6 ммоль\л

4.Серомукоидпен байланысқан гексозалар 1,2-1,6 ммоль\л

5.Сиал қышқылдары 2,0-2,33 ммоль\л

Глюкоза-қанның маңызды компоненттері болып табылады.Қанда глюкозаның мөлшері қан ағымынаиглюкозаның келіп түсуін ж\е тканьдердің глюкозаны пайдалану жылдамдығын қамтамасыз ететін механизімдердің өткізгіштігіне байланысты болады. Клеткалардың плазматикалық мембранасы тек бос глюкозаны өткізеді,ал фосфорлы эфирлерін өткізбейді.