- •15.Ферменттер жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері.
- •16.Ферменттер активтігіне әсер етуші факторлар.
- •17. Ферменттер жіктелуі. Негізгі топтвары және топшалары
- •19. Пептидогидролазалар тобы:
- •21. Трансферазалар.
- •22. Оксиредуктазалар
- •25.Флавинферменттер.
- •30. Маңызды витаминдердің жіктелуі және оларға жалпы сипаттама
- •28.Энергия алмасуы,сатылары
- •29. Үшкарбонқышқылының циклы......
- •31.Тиамин-(в1)
- •32. Рибофлавин в2
- •33.Никоинамид рр
- •34.Пиридоксин в6
- •36.Р,с витамині
- •37.Қан түзуге қатысатын витаминдер
- •38.Ретинол а витамині
- •39.Д витамині Кальцеферол
- •40.К және е витаминдері
- •41. Тағамдағы көмірсулар және олардың маңызы. Көмірсулардың асқорыту жолдарндағы қорытушы мен сіңіруші. Көмірсу алмасуындағы бауырдың рөлі.
- •42.Гликогеногенез
- •43.Гликогеннің биосинтезі
- •44. Клеткада глюкоза мен гликогеннің тағдыры.
- •45. Тканьдердегі глюкозаның ыдырау жолдары, процесстердің айырмашылығы мен ұқсастығы.
- •46. Гликозаның аэробты жағдайда ыдырауы, реакциялар жүйелігі, физиологиялық маңызы, энергиялық құндылығы.
- •47. Анаэробты гликолиз, реакция жүйелігі, физиологиялық маңызы, соңғы өнімнің тағдыры.
- •48. Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
- •49. Шөрнек механизмдері, цитоплазмалық надн2 тотығуындағы олардың рөлі. Энергетикалық балансы.
- •50. Глюконеогенез, түзілуге қатысатын заттар, реакцияларының жүру бағыты. Кори циклы және глюкоза-аланин цикл; Физиологиялық маңызы.
- •52. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы, мәні, маңызы, кездесетін жері.
- •53. Көмірсу алмасуының соңғы өнімдері. Олар қандай реакциялар нәтижесінде түзілетінін жазыңыз. Бөлінуі.
- •54. Тағам липидтері, биологиялық маңызы, ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі. Мицелланың құрамы мен рөлі.
- •56. Холестриннің биосинтезі және мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз осы этап жайлы тусіндіріңіз.
- •57. Липидтер алмасуындағы өт қышқылдарының ролі (қорытылуы, сіңірілуі)
- •58. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі.
- •59. Липидтер алмасуындағы бауырдың рөлі.
- •60. Липогенез, липолиз,липонеогенезге сипаттама беріңіз және осы прцесстердің рөлі.
- •61. Липопротеидтер, түрлері, түзілетін орны, липопротеидтер құрамының ерекшклігі мен функциялары. Олардың холестерин және таг алмасуындағы ролі.
- •63. Бмқ тағдыры, тотығуы, энергиялық құндылығы.
- •65. Ацетил- КоА түзілуі жолдары мен оның пайдалануы
- •66. Кетон денесінің биосинтезі, өкілдерінің химиялық табиғаты, тағдыры, организмдегі маңызы
- •71.Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы, қасиеттері, касиетері, асқазанда ас қорытылудағы тұз қышқылынынң манызы.
- •72. Ішек қабырғасында белоктардың шіруі, шіру өнімдерінің химиялық табиғаты, шіру өнімдерінің усыздану жолдары және орны.
- •73. Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі
- •74. Тканьдердегі аминқышқылдарының тағдыры
- •77. Жануарлар организміндегі аминқышқылдарының дезаминденуі, түрлері, процесстің маңызы.
- •83. Организмдегі су алмасуы және судың биологиялық ролі, су алмасуының регуляциясы.
- •88.Бауырдағы заттардың залалсыздандырылуының негізгі механизмдері (бауырдың белок,көмірсу, липид алмасуындағы рөлі)
- •93.Қанның азотты қалдығы.Осы топқа кіретін заттардың химиялық табиғаты.
- •94.Қан плазмасының азотсыз құрамы,өкілдері,химиялық табиғаты,олардың қалыпты мөлшері.
- •95. Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері.
- •97.Эритроциттер химиясы. Газдар тасымалдауға және рН-ын сақтауға гемоглобиннің қатысуы.
- •98.Қанның қышқыл-сілтілі жағдайы. Қанның құрам бөліктерінің қан рН сақтауға қатысуы,сілтілік резерв.
- •99.Гемоглобиннің физиологиялық туындылары, олардың түзілуі, сіңіру спектрлері.
- •111. Гормондар, химиялық табиғаты жалпы қасиеттері. Клетка мембранасы мен гормондар рецепторлары туралы түсінік.
- •112. Зат алмасудың нейрогуморальды реттелуі. Гормондардың мүшелердің қызметі мен метабализм жүйесіндегі орны.
- •116.Қалқанша безі гормондары, құрылысы, түзілуі, әсер ету механизмдері, жануарлар организміне әсері.
- •117. Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары, түзілуі, химиялық табиғаты, әсер ету механизмдері, заттар алмасуына әсері.
- •123. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары, құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
- •125. Қандағы глюкозаның дейгейін реттейтін гормондар
- •126. Кальций мен фосфор алмасуының реттелуіндегі гормондар мен витаминдердің рөлі
- •127. Простогландиндер құрылысы, түзілу жолдары, маңызы.
98.Қанның қышқыл-сілтілі жағдайы. Қанның құрам бөліктерінің қан рН сақтауға қатысуы,сілтілік резерв.
Қан плазмасының қышқылді-сілтілі балансы минералдық заттармен қамтамасыз етілуі,сау адамның ағзасындағы олардың мөлшері төмкендейді:
Калий -3,4-5,3 ммоль\л
Натрий-130-150 ммоль\л
Кальцый-2,3-2,75 ммоль\л
Темір-12-32 ммоль\л
Фосфор-1-2 мкмоль\л
Хлоридтер-97-108 ммоль\л
Магний- 0,7-1,2 ммоль\л
Бикарбанаттар-21-25 ммоль\л
Буферлі негіздері-40-60 ммоль\л
Қанның қышқылды-сілтілі жағдайының басты көрсеткіштері мыналар:
Қан рН 7,36-7,44
рО2 90-100см с.б
рСО2 36-44см с.б
Сүттектік көрсеткіш-қан рН-ы.Қалыпты жағдайда қан плазмасының рН-ы 7,35-7,44.рН жоғарылауы метоболитикалық немесе тыныс алу компенсацияланбаған ж\е субкомбинсацияланған алкалоз кезінде байқалады.рНтөмендеуі метаболитикалық немесе тыныс алу компенсацияланбаған ж\е субкомпенсацияланған ацидоз кезінде байқалады.Көмір қышқыл газының парциальды қысымы-рСО2-тыныс алу жүйесінің функциональды жағдайын көрсетеді,осы жуйенің потологиясы кезінде ж\е метоболитикалық ауытқу кезіндегі компенсаторлы реакциялар нәтижесінде өзгереді.Гиперкапния - рСО2 қалыпты жағдайдан жоғары компенсацияланбаған немесе суб компенсацияланбаған тыныс алу ацидозы кезінде байкалады. Гиперкапния - рСО2 қалыпты жағдайдан төмен-тыныс алу компенсацияланбаған немесе суб компенсацияланбаған алкалоз кезінде байқалады.40 мм сын бағ жоғары болуы тыныс алу ацидозын көрсетеді.
99.Гемоглобиннің физиологиялық туындылары, олардың түзілуі, сіңіру спектрлері.
Адам эритроциттерінде гемоглобиндердің бірнеше түрлері болуы мүмкін- эмбрионалдықтан ересек жағдайға дейінгі түрлері: примитивті гемоглобиндер(НвР)-Говер1 жәнеГовер2, фетальды гемоглобин(НвF), ересек адамдар гемоглобині. Олардың барлығы суббірліктік құрамымен және оттегіге жақындығымен ерекшеленеді. Гемоглобиннің басты қызметі-оттегіні өкпеден тканьдерге тасымалдау болып табылады. Тәулігіне гемоглобин тканьдерге шамамен 600литр оттегіні жеткізеді және шамамен 500литр көмірқышқыл газын шығаруға жағдай жасайды. Гемоглобиннің әрбір грамы 1,34 мл оттегіні қосып алып,оксигемоглобинге айналады. Қанда гемоглобин концентрациясы орташа есеппен 150г/л болатындықтан, қанның бір литрі 201 мл оттегіні байланыстырады. Рентгенқұрылымдық сараптаманың көмегімен Перутц және оның қызметкерлері гемоглобин мен окигемоглобинның суббірліктерінің конформациясы біраз болса да, бір-бірінен ерекшеленетінін анықтады. Оксигенация процесі кезінде суббірліктер бір-біріне қатысты айналады да, соның салдарынан екі бета-суббірліктің гемдері бір-біріне жақын орналасады. Перутцтың ойынша, оттегі альфа-суббірліктердің геміне қосылады да, ал гемоглобин молекуласының соңындағы иондық байланыстар ыдырайды. Оксигемоглобиннің түзілуі кезіндегі тұзды көпірлердің ыдырауы басқа бір қызықты әсерді тудырады.
103)Бұлшықеттердің жиырылу және босаңсу механизмдері.Көлденең жолақты бұлшықеттердің жиырылу сырын білу үшін ет жиырылған кезде миофибрилдердің неліктен қысқаратынын,ал созылған кезде не себептен ұзарып,қалпына келетінін,сондай ақ бұлшықеттің қозуы мен қысқаруы арасында қандай тәуелділік бар екенін білу керек.Бұлшықеттің жиырылып қысқаруы мен қайта босауы саркоплазмадағы миофибрилдердің ұзындығының өзгеруіне байланысты.Олар талшықтың бір ұшынан екінші ұшына дейін созылатын қатар-қатар орналасқан жіпшелер будасы.Миофибрилдерді әрбір 2,5 мкм-ден соң Z мембрана көлденең 2000-дай бөлікке –саркомераға бөледі.Әр саркомераның қақ ортасында 2500-дей жуандығы 10 нм миозин және Z мембрананың екі жағына тіркелген миозиннен екі есе жіңішке-диаметрі 5 нм актин орналасады.Бұлшықеттің жиырылу күші тітіркендіргіштің күшіне,жиілігіне және бұлшықеттің құрылыс ерекшелігіне,функциялық жағдайына байланысты.Бұлшықет мыңдаған ет талшықтары будағынан тұрады. 107.Дәнекер тканьдегі зат алмасу ерекшеліктері. Дәнекер ұлпасы- (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады .
107.Дәнекер тканьдегі зат алмасу ерекшеліктері. Дәнекер ұлпасы- (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады
109.Қалыпты зәрдің физико-химиялық қасиеттері,нормадан өзгеруі. Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен азоттық зат алмасу өнімдерін –мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.
Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар , қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).
Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады.
Зәр — сабанның түсіндей ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді. Қалыпты зәрдің физикалық және химиялық құрамына жүйке - көңілдің тырысуы, бұлшық еттеріне күштің түсуі, тамақтың дәмі және қабылдау тәртібі, ішкен судың мөлшері, қоршаған ортаның температурасы және басқа факторлар әсерін тигізеді. Аталған жағдайлардың әсерінен бөлінген зәрдің сапалық және сандық қасиеттері өзгеруі мүмкін .
Диурездің сандық өзгерістері
Полиурия — тәулігіне бөлінетін несеп көлемінің көбеюі. Ол ағзаға сұйықты табиғи жолмен көп мөлшерде беру немесе изотониялық тұзды ерітінділер, глюкоза сияқты сұйықтарды денеге көп енгізгенде дамиды. Полиурия шақыратын өзгерістер инсулиннің, антидиуретикалық гормонның жетіспеушілігі. Олигоурия және анурия бүйректерге байланысты немесе байланыссыз болып келуі мүмкін. Несептің азаюы немесе мүлдем болмай қалуы несеп тасы ауруында кездеседі, ол тек бір жақ бүйректе болғанның өзінде ренореналдық ауырсыну рефлексі бүйректер қан айналысын нашарлатып, ондағы қысымды төмендетеді. Анурия кейбірде психогенді дамиды, мысалы, қатты қорқып-шошынғанда.
Паллакурия — несепті жиі төгу бірақ ол полиурияға байланыссыз болуы мүмкін. Паллакиурия қуық қабынғанда оның бір белгісі болып байқалады. Кіші дәреттің жиі келуі несеп жолдарындағы рецепторлар тітіркенуінің шегінің төмендеуімен байланысты, рефлекс шапшаң жүреді.
Никтурия — түнде бөлінетін несеп мөлшері күндізгіден көбірек болады. Қалыпты жағдайда күндіз түнге қарағанда несеп 2 есе көп бөлінеді.
110.Қалыпты зәрдің химиялық құрамы,олардың мөлшерінің өзгеру себептері.Ересек адамдарда нормада тәулігіне бөлінетін зәрдің мөлшері-1000-2000 мл және қабылдаған сұйықтықтың көлемінің 50-80% құрарйды.Ересек адамдарда тәуліктік зәрдің мөлшері 500мл-ден төмен және 2000мл-ден жоғары болса патология болып есептелінеді.Полиурия дегеніміз зәрдің көлемінің жоғарылауы.ол сұйықтықтардың көп мөлшерін қабылдау кезінде диурезді жоғарылататын қоректік заттарды қабылдау кезінде байқалады.Олигоурия –зәрдің тәуліктік мөлшерінің төмендеуі.Сұйықтықты аз қабылдаған кезде ,қызба күйінде құсу ,іш өту,улануда,өткір нефритте байқалады.Анурия-зәрдің бөлінбеуі.Ол бүйрек паренхимасының зақымдалуы кезінде, зәр-тас ауруларында ,сынаппен,мишьяк,қорғасынмен улануда байқалады.Тәуліктің зәрдің құрамында 60г құрғақ заттар-органикалық және бейорганикалық заттар болады.Зәрдің органикалық заттарының құрамында:мочевина,зәр қышқылы,креатинин, зәр қышқылы бар.Ал минералды заттарының құрамында:аммонийлітұздар,бикарбонаттар,фосфаттар,Na,K,Ca,Mg және бейорганикалық сульфаттары бар. Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар,калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр(мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәрбөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохромпигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.
