Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_bkh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.73 Кб
Скачать

111. Гормондар, химиялық табиғаты жалпы қасиеттері. Клетка мембранасы мен гормондар рецепторлары туралы түсінік.

Гормондар – ішкі секреция бездерінде синтезделінетін биологиялық активті заттар болып табылады. Гормондар зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Гормондардың жіктелуі: 1.Пептид және белокты гормондар . 2. Аминқышқылдарының туындыларына жататын гормондар 3.Стероидты гормондар. Гормондардың қасиеттері : 1. Гормондардың қашықтан әсер етуі, яғни олар өзінің жасалған әсеріне қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биобелсенді заттар өзі жасалған жергілікті жерде ғана әсер етеді. 2. Гормондар организм қызметіне гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. 3. Гормондардың арнайы әсері бар.Белгілі бір гормон жетіспеушілігін басқа гормандармен алмастыруға болады. 4.Биобелсенділігі жоғары болады. 5. Гормондар өте тез, бирақ қысқа әсер етеді. Өте тез әсер етуі оладың молекулалық салмағына байланысты. 6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылысына да әсер етеді. Кейде ағзалар тінінң өсуін күшейтеді, кейде тежейді. 7.Гормондар фермент қатарына жатпайды. Әр түрлі фермент арқылы химиялық процестердің жылдамдығына әсер етеді.

112. Зат алмасудың нейрогуморальды реттелуі. Гормондардың мүшелердің қызметі мен метабализм жүйесіндегі орны.

Тірі жүйелердің өзін-өзі реттеуге қабілеті-тіршліктің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Реттеуші механизмдердің өзгеруі клеткалар мен мүшелердің метаболизмі мен физиологиялық қызметтерінің бұзылуына әкеледі, сонымен бірге тіршілік етудің үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына ағзаның қалыптасу механизмдерінің бұзылуына әкеледі де, бұл ауруды тудырады. Мүшелер, ұлпалар және клеткалар қызметтерімен қатар, ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостазын) қамтамасыз ететін алмасу процесстерін реттеудің механизмдерінің негізгі 2 деңгейі бар:1. Өзін-өзі реттеудің субклеткалық механизмдер деңгейі.2 . реттеудің клетка үстілік механизмдер деңгейі. Өзін-өзі реттеудің субклеткалық механизмдері физико-химиялық заңдарға, ферменттік катализ заңдарына , клеткалық мембраналардың қасиеттері мен қызметтеріне және клеткалық генетикалық аппаратының қызметтеріне негізделген. Реттеудің клетка үстілік механизмдері мен реттеуші жүйелердің қалыптасуы эволюция процессі барысында көп клеткалы ағзалардың қалыптасуымен қатар жүрген және 3кезеңде жүйеге асқан: - бірінші кезеңде клеткалардың біріңғай тірі ағзаға бірігуі бірдей қауымдастықты сақтап қалу мақсатында клеткааралық байланыстың нәтижесінде клеткалардың химиялық заттарды бөлуін тудырады.- екінші кезеңде, көп клеткалы ағзалар клеткаларының ары қарай жіктелуі мен мамандануы барысында клеткалардың белгілі бір тобы қалыптасады, олар көпклеткалы ағзалардың жекелеген клеткалар тобына аса өзгешелік әсері бар органикалық табиғатты химиялық қосылыстарды бөле бастады. Эволюциялық дамудың үшінші кезеңінде реттеудің тасымалдаушы түрінің қалыптасуын қамтамасыз ететін тькандер мен мүшелер жіктеле бастады, оларға эндокринді бездердің қызметі де, бағынатын болды, сонымен қатар олар реттеуші белгіні жеткізуші ретінде химиялық заттарды пайдаланады. Адам және барлық жоғары жануарлардың ағзасында реттеуді нейрогуморальды жүйелік түрі қызмет етеді, онда реттеудің субклеткалық және клетка үстілік механизмдері бір-бірімен тығыз байланысты.

115)Паратгормон дегіміз-полипептид. Ол 83амин қышқылы қалдықтарынан тұрады, м.м 9500. Ал кальцитонин 32 амин қышқылы қалдықтарынан тұрады м.м3600. Екі гормон да Са2+ мен фосфор алмасуына әсер етеді. Олар қандағы ұлпа сұйықтығы,сүйек ұлпасындағы кальций,фосфор мөлшерін рнттейді. Паратгормонның нысана-мөлшері –сүйек ұлпасы мен бүйрек. Ағзадағы паратгормон қалыпты мөлшерден артық болған кезде сүйек ұлпасы бүлініп,бұзыла бастайды,ол гормон жетіспеген кезде қандағы,басқа да организімде кальций мөлшері азая бастайды.Парат гормон қалыпты нормадағы кезде сүйек ұлпас ыеріп кальци мен фосфор еріп шығады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]