Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_bkh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.73 Кб
Скачать

71.Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы, қасиеттері, касиетері, асқазанда ас қорытылудағы тұз қышқылынынң манызы.

Қарын сөліндегі тұз қышқылының мәні:

  1. пепсиногенді пепсинге айналдырады;

  2. айналасын қышқылдандырып, пепсиннің әсерін күшейтеді;

  3. белоктарды қопсыртып жұмсартып, олардың ішінен фермент енуін женілдетеді;

  4. микробтарды жояды. Мысалы, тұз қышқылы ерітіндісінде тырысқақ ауруы вибрионы 15 мин ішінде өледі;

  5. қарындағы астың 12 елі ішекке өтуіне септігін тигізеді. Тұз қышқылы сіңген химус пилоруске жеткен сәтте шырышты қабық хеморецепторлары тітіркенеді де, пилорус сфинктері босаңсып ашылады, қарын жиырылған кезде ығысып ол онекі елі ішекке өтеді. Қышқылды химус мұндағы хеморецепторларды тітіркендіріп, пилорус сфинктерін жабады. Бұл рефлекс «жабу рефлексі» деп аталады. Пилурустың келесі ашылуы жабу рефлексінің тоқталуына байланысты, яғни он елі ішектегі химустың қышқыл реакциясы бейтараптаранса ғана қарын жағынан орталыққа тебетін серпіністер күшейіп пилорусты аша алады, сөйтіп ас тұзы асты қарыннан он екі елі ішекке біртіндеп өткізеді;

  6. Хемозиннің сүт белогіне тигізетін әсерін жеңілдетеді;

  7. Просекретин гормонын секретинге айналдырып ұйқы безіінің сөл шығаруын күшейтеді;

  8. Қарын сөлінің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді. Онда ас тұзы өте көбейіп кетсе, рилорустың шырышты қабығында бөлінетін гастрон гормонының түзілуі күшейеді. Гастрн гастрин шығуын тежеп қарын сөлін азайтады.

72. Ішек қабырғасында белоктардың шіруі, шіру өнімдерінің химиялық табиғаты, шіру өнімдерінің усыздану жолдары және орны.

Ұйқы безінің протеолитикалық ферменттерінің жепіспеушілігі қорытылмаған белоктардың нәжіспен шығарылуын тудырады. Қорытылмаған белоктар тоқ ішектің микроорганизмдерінің әсерінен ыдырауға ұшырайды. Бұл процесс-ішекте белоктардың шіруі деп аталады. Белоктардың шіруі кезіндегі аминқышқылдарын ішектің бактериялары энергетикалық материал ретінде пайдаланады, соның әсерінен улы заттар-спирттер, альдегидтер, аминдер, күкіртсутегі, фенол, индол, скатол және крезол түзіледі, олар қанға сіңіріледі, егер де уақытында залалсыздандырылмаса, ағзаға зиянды токсикалық әсер етеді. Тоқ ішектің бактерияларында улы заттардың түзілуі аминқышқылдарының дезаминдену және декарбоксилдену реакциялары нәтижесінде жүреді. Декарбоксилдену кезінде өте токсикалық аминдер түзіледі, ал дезаминдену кезінде токсикалық болатын кетоқышқылдар, спирттер және альдегидтер түзіледі.

Улы заттарды залалсыздандыру өнімдері бауырдан қан ағынымен бүйрекке келіп түседі де, ағзадан зәрмен шығарылады. Бауырдың залалсыздандыру қызметі зақымдалған жағдайда улы заттар ағзанығң ауыр улануын және өлімін тудырады. Бауырдың детоксикациялық қызметінің жағдайын бақылау мақсатында Квик әдісі пайдаланылады. Ол үшін науқасқа зиянсыз бензой қышқылының ерітіндісі ішкізіледі де, бұдан соң тәуліктік зәрде бензой қышқылы мен гликоколдан түзілетін гиппур қышқылының мөлшері анықталады. Шығарылған гиппур қышқылының мөлшері бойынша бауырдың залалсыздандыру қызметі туралы қорытынды жаслады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]