Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

15 Дәріс Электрқозғалтқыштың артық салмақ қабылдау қабілеттілігі. Көтерім қондырғысының пәк-і

Кеніштік көтерім қондырғысының жұмысының бас ерекшелігі болып оның айнымалы кестесі саналады. Бұл ретте бірмезгілде орау шеңберіндегі тегеурін және айналу жиілігі өзгереді. Бұл екі мән кезеңді өзгереді, демек олардың мәндері бір көтерімнің толық ұзақтығына тең, уақыт аралығынан кейін қайталанып тұрады.

Жоғарыда орау шеңберіндегі жылдамдық пен тегеуріннің өзгеру заңдары қарастырылған, соларға сәйкес орау органы білігіндегі әп-сәттік қуаттардың мәндерін алдық.

(8.1)

Қозғалтқыш білігінде

(8.2)

Жоғарыда мазмұндалған әдісті пайдалана, қуаттар диаграммасы ауданы бойынша пайдалы шығынды және желіден тұтанатын энергия шығынын анықтау қиын емес.

Бұған дейін тегеуріндер мен қуаттардың әп-сәттік мәндері қарастырылады.

Зауыттар қозғалтқыштарды белгілі берілген қуаттар бойынша жобалайды, оны қозғалтқыштың құрылыстық қуаты деп атайық. Қозғалтқыштың құрылыстық қуатына орау органы шеңберіне түсетін белгілі құрылыстық тегеурін және ең жоғарғы жылдамдық сәйкес келеді. Ең жоғары жыдамдыққозғалтқыштың қалыпты айналу жиілігі бойынша анықталады және көтерімнің ең жоғары жылдамдығына сәйкес келеді, ол тахограмма бойынша анықталады, демек,

(8.3)

Мұндағы Дб- орау органының диаметрі,м; n- қозғалтқыштың айналу жиілігі, мин-1

Қозғалтқыштың құрлыстық қуатының теңдеуі келесі түрді қабылдайды.

(8.4)

Бұдан қозғалтқыш қуаты белгілі болғанда оның құрылыстық тегеурінін анықтауға болады.

Көтерім машинасын есептегенде құрылыстық қуатта, құрылыстық тегеурінде белгісіз болады. Құрылыстық тегеурін мен қуат үш шартты қанағаттандыруға тиісті.

1) Электрқозғалтқыштың қызу шартына:

Fстр≥Fэф,

Мұндағы Fэф – тиімді тегеурін, қозғалтқыштың тиімді қуатына сәйкес келеді, қозғалтқышты пайдалануда қызу шартынан анықталады:

(8.5)

2) Қозғалтқыштың қалыпты артық салмақ қабылдау шартын:

,

Мұндағы Ғмах-көтерім машинасының қалыпты жұмысындағы ең жоғары тегеурін; - рұқсат етілетін артық салмақ.

3) Қозғалтқыштың күрт артық салмақ қабылдау шартын:

,

Мұндағы Ғмах.ман- маневрдегі ең жоғарғы тегеурін; - маневрдегі рұқсат артық салмақ.

Осы шарттарды анықтағаннан кейін есептік құрылыстық тегеурінді анықтауға болады.

Тиімді рұқсат – деп небір тұрақты қуатты түсіну керек, ол қуатпен қозғалтқыш бүкіл көтерім уақытында жұмыс істегендегідей ғана қызуға тиісті. Осыған сәйкес, тиімді тегеуріннің физикалық мәнісі, қозғалтқыш ұзақ жұмыс істегендегі айнымалы кезеңдік салмақпен істегендей қызу бөлетін тұрақты тегеурінді білдіреді.

Осылайша, қозғалтқыш таңдау үшін келесілерді білу керек: 1) қызу шартынан анықталатын тиімді тегеурінді; 2) қалыпты айналу жиілігін;3) тоқ түрін.

Сонымен қатар, таңдалған қозғалтқыш артықсалмаққа тексерілуге тиісті.

Электрэнергиясының жылдық шығыны

Wг=w(Аг+ап)+w`;

Мұндағы Аг-көтерімнің жылдық өнімділігі,т; ап- көтеріммен бір жылда берілетін жыныс; w’ – көмекші операцияларға энергия шығыны (адамдарды, ағаш материалдарды, т.б көтеріп-түсіру).

1т.км-ге электрэнергиясының пайдалы шығыны кез келген көртерім қондырғысы үшін бірдей, демек

1 т.км-ге нақтылы электрэнергия шығыны

1т.км-ге электрэнергия шығыны әртүрлі жүйедегі көтерімдегі өзара салыстыру үшін керек.

Теңестіргіш арқансыз тұрақты орау радиусты және үш кезеңді жылдамдық диаграммалы көтерім жүйесі үшін асинхронды қозғалтқыш желіден алатын энергия шығынының диаграммасы 8.7-сур. көрсетілген, мұндағы N1-1-2-3-4-Nв-Ni ауданы- барабан білігіне шығындалатын энергия, N1-N2-1-N1, 2 - N3-N4-3-2 және 4-N5-N6-4- редуктордағы энергия жоғалымы, N1-N2-Nі-N1 және N5-N’6-N6-N5- аудандары үдемелі және тежемелі қозғалыс кезеңдеріндегі реостаттағы жоғалымдар, N’1-5-6-N2- N’1, N3-7-8-N4-N3 және N5-9-10-N6-N5-көтерім қозғалтқышындағы энергия шығыны (кВт·с) қозғалыстың жеке кезеңдеріндегі энергия шығындарының қосындысы ретінде анықталады.

Осылайша кез-келген жылдамдық диаграммаларындағы энергия шығынын анықтайды.

Бір мезгілде Qп жүгін көтергендегі электр жартылай бекеті шиналарындағы энергия шығыны(кВт·сағ)

(8.38)

Мұндағы Кмт=1,3 –маневр және тежеу кезіндегі энергия шығынын ескеретін коэффициент; қозғалтқыш ПӘК-і; - электр желісінің ПӘК-і.

Көтерім биіктігі Н болғанда 1т.км-ге энергия шығыны

,кВт·сағ

Пайдалы қазындыны және жынысты көтеруге қондырғы тұтынатын жылдық энергия шығыны

Көтерім қондырғысы мен машинаның пайдалы әсер коэффициенті

1т жүкті көтеруге кететін пайдалы қуат (кВт)

Т(с) уақыты ішінде 1т жүкті көтеруде бір көтеру операциясына энергияның пайдалы шығыны. (кВт·сағ)

Көтерім қондырғысының ПӘК-і (электр желідегі жоғалымды ескермей)

Көтерім машинасының ПӘК-і көтерім қондырғысы ПӘК-нен көп болады, себебі оқпандағы бағыттағыш шкивтегі және арқан қаттылығынан кедергілер өседі, демек

Бақылау сұрақтары.

  1. Көтерім электржетегіне талаптарды атап өтініз.

  2. Тұрақты тоқты көтерім қондырғысы жетегінің қолдану аймағын атаныз

  3. Қозғалтқыштың құрлыстық қуатының теңдеуі қандай түрді қабылдайды

  4. ТИімді рұқсат дегеніміз не?

  5. Көтерім қондырғысының пайдалаы әсер коэффимциенті қалай анықталады?