- •1 Дәріс тақырыбы. Кіріспе бөлім. Көтерім қондырғыларының арналуы мен жіктелуі. Тау техникалық ғимараттар мен көтерім жабдықтар
- •1.1.Шахталық көтерім
- •1.2. Көтерім қондырғыларын топтау
- •2 Дәріс. Көтерім ыдыстары. Жіктелуі. Клеттер мен бадьялар. Құрылымы, қолданылу аймағы
- •Дәріс Скиптер. Құрылымы, қолдану аймақтары, таңдау әдістемесі.
- •Дәріс Көтерім арарқандары. Жіктелуі, конструкциясы
- •Дәріс Бас және ақырғы арқандарды есептеу мен таңдау әдістемесі.
- •6 Дәріс. Көтерім машиналары. Арналуы, жіктелуі. Көтерім машиналарының егізгі конструктивтік схемасы.
- •7 Дәріс Әртүрлі көтерім машиаларын таңдау әдістемесі.
- •–Сур. Ақырғы теңестіруші арқанды көтерім қондырғысының схемасы
- •10 Дәріс Көтерім кинематикасы. Жылдамдық және және үдеу диаграммалары туралы түсінік. Диаграмма элементтері, олардың физикалық мәні.
- •11 Дәріс Көтерім ыдыстарын түсірудің әртүрлі тәсілдеріндегі және әртүрлі жетек түрлерінлегі жылдамдық диаграммаларын есептеу. Жылдамдықтар мен үдеулер нормативтері.
- •6.2.4. Көтерім кинематикасы элементтерін есептеуге мысал
- •12 Дәріс. Көтерім динамикасы. Көтерім динамикасының негізгі теңдеуі және оны сараптау. Көтерім жүйесіндегі барлық қозғалыстағы бөлімдірдің келтірілген массасы.
- •13 Дәріс Көтерім кезеңіндегі қозғалтқыш тегеуріндердің өзгеруі. Үнемді тегеурін және оны есептеу. Көтерім машиаларының редукторлары.
- •14 Дәріс Көтерім қондырғыларының электржетегі. Көтерім қондырғысы қозғалтқышының үнемді қуатын анықтау.
- •15 Дәріс Электрқозғалтқыштың артық салмақ қабылдау қабілеттілігі. Көтерім қондырғысының пәк-і
1 Дәріс тақырыбы. Кіріспе бөлім. Көтерім қондырғыларының арналуы мен жіктелуі. Тау техникалық ғимараттар мен көтерім жабдықтар
Кеніштік көтерім қондырғысы – қазіргі заман техникасындағы ірі тасымалдау құрылымы. Ол пайдалы қазындыларды, адамдарды және материалдарды тасымалдауға арналған. Алғашқы кеніштік көтерім машиналарының пайда болуын, тау-кен жұмыстарының пайда болу кезіңіне жатқызуға болады. Олар тік немесе жазық орналасқан ағаш барабанды (құдықтағыдай) қарапайым конструкциялы болатын және қозғалысқа адамдардың қол күшімен, кейінірек сұйық энергиясымен келтірілетін. Білік көтерім ыдысын тартатын темір шынжыр оралған. Бұл ьретте көтеріп-түсіргенде арқанның оралу ізі барабан бойымен ығысып, көтерім ыдысының тербелісін шақырады. Ол тербелісті болдырмау үшін діңде (копер) орналасқан ауытқышты шкивтер қолданылатын болған.
Алғашқы қарапайым көтерім машиналарының өзіде қарапайым тежегіш құрылымдарымен жабдықталған болатын. Тек бу қозғалтқыштары пайда болғаннан кейін ғана кеніштік көтерім машиналары түбегейлі өзгерістерге ұшырап, техникалық жетістіктердің жоғары сатыларына көтерілді. Россияда қуаты 30 am күші бар алғашқы бу көтерім машинасы 1824 ж. Қойылды.
XIX ғасырдың соңында электр қозғалтқыштары ойлап табылып, кеніштік көтерім машиналарының жеьегі ретінде қолдана бастады. 1891 жылдың өзінде-ақ алғашқы электр көтерім машинасы қондырылды. Электр жетегін қолдану, экономикалық үнем беріп қана қоймай, ең бастысы сенімділіктк және көтерім қондырғысының қауіпсіз жұмысын көтерді.
Қазіргі кезде көтерім машинасы күрделі болғанмен, аса сенімді және үнемді тасымалдау механизмі болып табылады.
1.1.Шахталық көтерім
Шахталық көтерім үшін қазіргі кезде техникада кездесетін тасымалдау механизмдерінің конструкцияларының ішінде ең ұтымдысы – жүкті үзіліспен беретін арқанды көтерім қондырғылары. Мұндай құрылғылардың кемшілігі, үзіліссіз беретін тасымалдау құрылғыларымен салыстырғанда (элеваторлар, конвейерлер) қондырылған қозғалтқыштардың қуаттарының көтеріңкілігінде. Бірақ көтерім үшін элеватор тектес құрылғылар қолдану шахталық жағдайда ұтымсыз, себебі бұл құрылғыларда көзден таса, жөндеуді күрделендіретін бөлшектер көп болғандықтан олардың жұмысы сенімсіз. Сонымен қатар мұндай құрылғылардың механикалық бөліктері қымбат келеді (арқандармен салыстырғанда) және бүкіл көтерім кешенін орналастыру күрделендеі (қозғалтқыштарды орналастыру және бірнеше қозғалтқыштардың синхронды жұмысы). Сондай-ақ арқанды көтерім құрылғыларының жалпы ПӘК-і элеваторлықтардан жоғары.
Шахталық көтерімді жетілдірудегі негізгі бағыттар қандай?
Тау-кен өндірісін жетілдіру ТМД елдерінде де, шет елдерде де ірі жоғары өнімділікті шахталар мен кеніштер тұрғызу бағытында жүргізілуде.
Кен өндірісінде соңғы бірнеше он жылдықтарды жүк көтергіштігі 25-50 т-ға дейінгі скипті, жоғары өнімділікті көп арқанды көтерім құрылғыларының биіктігі 1660 м-ге дейін, ал көтерім ыдыстарының қозғалыс жылдамдығы 12-18 м/с-ке жетеді.
Шет елдердегі тау-кен өндірісінің жалпы даму бағыты, көтерім ыдыстарының жүккөтергіштігін (35 т және жоғары) және қозғалыс жылдамдығын (20 м/с-ке дейін) көтерумен, яғни, көтерім қондырғыларын жалпы ірілендірумен (өнімділік пен қуатты өсіру) сипатталады.
Соңғы кездері шет елдерде көтерім қондырғыларын жетілдіруге қабылданған техникалық шешімдердің негізгілерін келесідей сипаттауға болады:
Шахталық көтерім жүйелерінің дамуы, көп арқанды көтерім қондырғыларын кең қолданумен сипатталады;
Көтерім қондырғыларының өнімділігін жоғарлатуға ұмтылыс көтерім ыдыстарының көлемін (жүк көтергіштігін) өсіруге соқтырады.
Швецияда барлық ірі кеніштер мұнара тектес діндерге қондырылған, жетекші үйкеліс шкивті көтерім машиналарымен жабдықталған. «Кируна» кенішінде ірі көтерім кешені бір- бірінің жанында орналасқан он скиптік көтерім қондырғыларынан тұрады. Олар төрт және алты арқанды үйкеліс шкивті көтерім машиналарымен жабдықталған. Ол кенніш үшін жүк көтергішті 60 т (бір скипті) 12-арқанды көтерім машинасы жобаланған.
Көтерім қондырғыларынң көпшілігі айнымалы тоқты жетектермен жабдықталған (65%) , бірақ жақын арада бұл қатынас тұрақты ток жетектерінің пайдасына өзгереді. Г-Д жүйесіндегі тұрақты ток жетегі ТМД елдерінде де, шетелдерде де ірі көтерім қондырғыларында кең қолданыс тапты. Реттеушілік сипаттамалары бойынша мұндай жетек басқа түрдегі жетектермен салыстырғанда артықшылықтарға ие. Тұрақты тоқты қозғалтқыштарды қоректендіру үшін соңғы жылдары күштік басқарылатын жартылай өткізгіштерді пайдаланады (тиристорларды).
Осылайша, шахталық көтерімді жетілдірудің негігі бағыттары – көтерім ыдыстарының көлемін және көтеру жылдамдығын жоғарлату арқылы жекелеген көтерім қондырғысының өнімділігін өсірумен, жетектің ұтымды түрлерін қолдануда және барлық операцияларды автоматтандыруда болып табылады.
