Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИАГНОСТИКА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.84 Кб
Скачать

19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.

Диагностика —зерттеу процесі немесе обьект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсілі

Педагогикалық диагностика - оқу-тәрбие процесін тиімді ету немесе оның нәтижесінің қоғам үшін маңызды екенін негіздеу мақсатымен оқу-тәрбие процесінің барысында оның алғы шарттары, жағдайы және нәтижесі зерттелетін іс-әрекет;

Психологиялық диагностика — бұл балаларды белгілі бір уақыт iшiнде тереңдетiлген психологиялық тұрғыда бақылау, олардың оқыту және тәрбиелеу үрдiсi кезiнде жеке мүмкiндiктерiн анықтау, педагогтарға ұсыныстар жасау және ата-аналарға тәрбиелеу, оқыту және дамуға байланысты сұрақтарды шешуге жәрдем көрсету

Психодиагностика (психо... және гр. diagnostikos - айырып тануға қабілетті) — адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын,сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы

20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.

Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Сауалнама – зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуін әлеуметтану өлшем тәсілі.Сауалнама- бұл арнайы іріктеліп алынған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының талапқа сай логикалық құрылысының жиынтығы. Паталогиялық м.қ диагностикалау үшін Шмишек тесті қолданылады. Жеткіншектер акцентуациясын анықтауға арналған Шмишек тесті. Мақсаты: Акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бұл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады.Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған.Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолана беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның түсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.«Мінез акцентуациясын бағалау» тесті.Нұсқау: Сізге 97 сұрақ ұсынылып тұр, олардың әрқайсысына сіз «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруіңіз қажет. Ойлануға көп уақыт жүмсамаңыз. Мұнда «жаман» немесе «жақсы» жауаптар болуы мүмкін емес. Бұл тест барысында келесі мінез құлық паталогиялары анықталынады:

  • Гипертимді,

  • Лабильді,

  • Сенситивтік,

  • Шизоидтық,

  • Эпилептоидтық,

  • Тұрақсыз,

  • Астено-невротик,

  • Демонстративтік,

  • Циклоидтық,

  • Аффектті-экзальтациялық.

21.12-жылдық білім беру жүйесін психолгиялық педагоикалық диагностикалау жолдарына сипаттама беріңіз.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады.

Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына; “Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына”; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттылығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызды зор.

Тұжырымдаманың мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Тұжырымдаманың міндеттері:

  • 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;

  • 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.

  • осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;

Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:

    1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.

    2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.

    3. Жалпы орта білім беру құрылымы.

    4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

    5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

    6. Педагогикалық кадрлар.

    7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.

    8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.

    9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты:

Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:

1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлігігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

3. Оқу-танымдық құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.

4. Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.

5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.

7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.

12 жылдық білім беру және оқу – тәрбие үрдісінде психологиялық қызметті ұйымдастыру жолдары.Дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделікті өмірге қарқындап еніп келеді. «Өзіңді – өзің тани біл» деген Сократ тұжырымының өзектілігі де артып барады. Психология ғылымымен жақсы таныс адам өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас ішкі болмысын танып білуге зор мүмкіндік алады.Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті - психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Б.Ф. Ломов: «Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары»атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгінгі күнде психология әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады» – деп жазады. Осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі – психиканың іс – әрекетте даму принципі болып табылады. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Психологиялық қызметті қазақ қыздар гимназиясының жағдайында ұйымдастыруда осы салалардың бірі – педагогикалық психология саласы айрықша орынды иеленетінін атап өткен жөн.

Бүгінгі күнде оқу дайындығын анықтау көп компонентті. Ол жан – жақты комплексті психологиялық зерттеулерді талап етеді. Л.А. Венгер, А.Л. Венгер, В.В. Холмовской, Я.Я. Коломинский, Е.А. Ташко және т.б. мәліметтер бойынша психологияның дайындықты анықтау құрылымының келесі компоненттері бар.

Қазіргі педогогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құру, оны сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы басты мақсат мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл алты жасар балалардың бойында оқу қызметін меңгерту, олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыттарының бірі ретінде танылуда. Сонымен қатар 12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр.