Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИАГНОСТИКА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.84 Кб
Скачать

2.Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың жалпы принциптерін талдаңыз.

Принцип дегеніміз –бұл қандай да бір теория, ғылым, білімнің, шығармашылық бағдарламаның негізгі ұстанатын қағидалары, ережелері, сонымен қатар,адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді (бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесіңің  іргетасын қалайтын негізгі қағидалар). Әлеуметтік педагогикалық диагностиканың негізгі принциптеріне: объективтілік, тұтастық, детерминизм, компетентнтілік, персонализация, процессуалдықты жатқызуға болады.

Объективтілік принципі процедура және диагностика нәтижесін шығару барысында максималды объективтілікке (шындыққа)ұмтылу, диагностикалық мағлұматтарды дайындау барысында диагностика жүргізушіге байланысты алдын-ала қабылданған пікірге орай баға беруден, сынаудан аулақ болу. Ереже: диагностика жүргізіліп отырғанобъектіге сәйкес термин және мөлшерге сәйкес адекваты түрде бейнелеу; таңдалған методикалардың сыналатын адамның жасына және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес келуі; диагностикада қолданылып отырған методика мен нәтижесінің ғылыми негізделгендігі; диагностика формасы жіне методтарын оңтайландыру; сапалық және сандық сипаттамалардың үйлесімділігі; диагностикалық іс-әрекеттің икемділігі және тұрақтылығы, мәліметтерді қайта тексеру мүмкіндігі.

Тұтастық принципі, әлеуметтік-педагогикалықдиагностикада объектіні бір-бірімен байланысты компоненттерден тұратын толық жүйе ретінде қарауды міндет етеді; және әдістер жүйесі зерттеліп отырған феноменнің барлық қырларын біртұтас ретінде дәйектеуі қажет. Бұл баланың өмірінің әр түрлі жағдайлары мен шарттарында онымен әр түрлі қатынастағы түрлі адамдармен алынған мәліметтерді салыстыру қағидасы негізінде анықталады; қолданылатын методтардың кешенділігі және сабақтастығы; адамның тұлғалық қалыптасуындағы ішкі факторлар мен сыртқы қоршаған ортаның байланыстылығы және тәуелділігі.

Процессуалдылық принципі дегеніміз – диагностикаланушы процесс пен қасиеттерді өз динамикасында қарастыру, объектінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру барысынд оның өзгеру заңдылығын (құрылымы мен функциясы) да анықтау.Ереже: «негізгі қалыптасқан кесінділермен», яғни заңдылқытар анықталмаған бағалармен ғана шектеліп қоймай, объектідегі даму және деструктивті тенденциясындағы негізгі себептерді анықтау; белгілеу және түзету методтарын үйлестіру; баланың жеке тұлғалық жамуындағы жастық-жыныстық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескеру; т.б.

Детерминизм принципі Диагностика жүргізіліп жатқан адамға өзіндік бағалау нәтижелерін тіркеп беруден аулақ болу, объектінің іс-әрекеті, қарым-қатынасы, т.б.көрінетін ішкі қозғаушы күшін анықтауға бағытталу. Ереже: 1)адамның санасы мен психикасын оның іс-әрекет ерекшелігі мен қарым-қатынасына қарап бағалау; 2) тек қана өзара байланыстылықты ғана емес өзара келісілгенділік құбылыстарын да анықтау; 3) іс-әрекетті басқару барысында эмоционалдық және рационалдық бірлікті ескеру;

Персонализация принципі тұлға бойынан тек жалпы заңдылықтардың жеке даралық көрінуін ғана емес, сонымен бірге дамуының жекелік жолдарын да қарастыруды қажет етеді, ал нормадан ауытқандықты қалыптасудың динамикалық дамудң негативті деп қарамау керек дегенді түсіндіреді. Бұл принцип жалпы және біркелкі емес (дифференциалды) қадамдардағы тұлғалық ерекшеліктерінің анализі барысында толық талданады.

.Компетенттілік принципі диагностика жүргізушіге арнайы дайындығы бар сұрақтар бойынша ғана шешім қабылдауға міндеттейді; зерттелушіге зиян келтіретін әрекеттерді диагностика процесі мен нәтижесінде қолдануға тыйым салу. Ереже: ынтымақтастық (диагностикаға қатысуға зерттелушінің рұқсаты),; қолданылатын методтардың зерттелушіге зияндылығының жоқтығы; диагностика процедурасы мен методтарның қолжетімділігі; қорытындының негізделгендігі; нақтыланғандық және диагностикалық мәліметтердің түзетуде қолданылуы.