- •1.«Диагностика ұғымының шығу тарихы және даму жолдарын сипаттаңыз.
- •2.Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың жалпы принциптерін талдаңыз.
- •3. Ойлау деңгейлерінің диагностикасын дәлелдеңіз.
- •7. Кәсіп таңдау мен кәсіби бағытталудағы диагностикалық мәселелерді талдаңыз.
- •8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.
- •9. Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.
- •12. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •14. Мектепке дейінгі балалармен әлеуметік -педагогикалық диагностикалау жұмыс жүйесімен таныстырыңыз.
- •19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.
- •20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.
- •12 Жылдық білім беруді эксперименттен өткізудегі психологиялық қызмет мына мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі:
- •22.«Қорқыныш», «үрей» ұғымына қысқаша түсінік жазыңыз
- •27. Ойлау қызметін дамытатын әдіс тәсілдерді сипаттаңыз.
- •31.Диагностикалық қызмет көрсету жолдарын сызба арқылы түсіндіріңіз
- •32.«Білім жүйесіндегі тест түрлері», «Тестердің мазмұны» тақырыптарына теориялық талдау жасаңыз.
- •Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы
- •36. Баланың тұлғалық ерекшеліктерін анықтауда белгілі ғалымдардың ойларына сүйене отырып 4-5 мысал келтіріңіз
- •37. Дифференциалдық диагностикалық сұрақтама
- •40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз
- •41.Нейролингвистикалық бағдарламалар.(нлп).Нлб қолданылу техникасынжүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
- •42.Ертегі терапиясының жүргізілу технологиясын қолдану жолдарын сипаттаңыз.
- •44. Оқушыларды оңалту мақсатында музыкалық әуендерді пайдалану үлгісін ұсыныңыз.
- •47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз
- •53. Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •54. Тестің құрастырылу кезеңдеріне қарай топтастырыңыз.
- •55.Диагностикалау үшін ойындарды пайдалану жолдарын ұсыныңыз.
- •Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері Аз формализденген әдістер
- •1. Тест 2. Сауалнама 3. Жобалы техника әдісі4. Психофизиологиялық әдіс5. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдіс
- •1. Бақылау 2. Іс-әрекет нәтижесін анализдеу әдістері 3. Контент-анализ 4. Рөлдік ойын 5. Эксперименттік әдіс
- •56. Есті дамыту тәсілдерін жазыңыз.
- •Есте сақтаудың дұрыс жолы
- •Еске түсіру
- •58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акцентілігін анықтаңыз.
14. Мектепке дейінгі балалармен әлеуметік -педагогикалық диагностикалау жұмыс жүйесімен таныстырыңыз.
Мектепке дейінгі шақ – баланың сезімдік тәжірбиесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезең болып саналады.
Бала тұлғасының қалыптасуы оның құрбыларымен және үлкендермен қарым-қатынас орнатуын анықтайды. Бала өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түседі, «балалар қоғамның » құрылуы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызының арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.
Психодиагностикалық әдістемелерді пайдаланулың жалпы нұсқауы төмендегідей:
кәсіби біліктігі бар немесе баланы жақсы танып білген ересек адам әдістің ішкі, экспертті бағасына назар аударуы керек;
мектепке дейінгі кезеңде экспертті бағалауға, баланың өзіндік бағалауын есепке алу керек, олар әлі де болса ересектердің пікірне сүйенеді;
мектепке дейінгі бала үшін жеке тұлғалық сұрақтарды қолданған жөн.
Мектепке дейінгі бала үшін тест ауызша немесе тест түрінде беріледі.
Мектепке дейінгі баланың дамуын диагностикалау әр түрлі сипатта болады: эмоционалды, моторлы, танымдық процестерін, сонымен қатар тұлғалық ерекшеліктері.
Америкалық ассоциация комитетінде бейімделген мінез-құлық шкаласы өңделді. Эмоционалды күйді немесе қандай бір психикалық бұзылыстарды оқып үйренуге арналған.
Маккарти шкаласы 2,5-8,5 жасқа дейінгі баланың қабілетін оқып үйренуге бағытталған.
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін бағалауға арналған Стэнфорд-Бине және Векслер тестілері қолданады.
Отандық психологтар Л.С. Выготский, А.В.Запорожц, Д.Б. Эльконин. Л.И. Божович еңбектерінде дамудың мәдени тарихи теориясы, психикалық дамуға әсер ететін факторлар, дамудың әлеуметтік жағдайы, оқу мен дамудың арақатынасы, психикалық дамудың қозғаушы күштері сарапталады.
15. Зерттеудің проектілік әдісін талдаңыз
1. Әдіс – оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;
2. Әдіс – табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын , қоғамды жалпы танымды зерттеу;
3. Әдіс – танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі;
Жоба әдісі – студенттің бірнеше пәннен алған білімдерін қолдана білуіне негізделіп, көбіне топпен орындалатын, пәнаралық сипатта болады. Жобаны студенттер өздері орындайды, оқытушы консультация беріп, бағыттап отырады. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі курстық жоба жекелей орындауға негізделген.
Жобалау кезеңдері: жобаны дайындау (тақырыбы мен мақсатын айқындау); жоспарлау (ақпарат көздері мен ақпартты алу тәсілдерін, есеп берудің түрін, жобаның міндеттерін анықтау); ақпаратты іздеу, зерттеу, қойылған міндеттерді шешу; алынған нәтижелерді талдау, шешім шығару; нәтижелер бойынша есеп беру (ауызша, жазбаша); жоба жұмысының бағалануы.
16. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика жүргізу әдістерін тәжірибеде пайдалану жолдарын түсіндіріңіз.
.
17. Кіші мектеп жасындағы балалармен диагностикалық жұмыс жасау жолдарына талдау жасаңыз
Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өмірінегі осы үздіксіз тәрбие үрдісінің ғана жемісі болмақ. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыпаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі болады.
Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осындай болуы олардың жаттауға икемілігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінің, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен көрінеді. А. В. Скрипеченко бастауыш мектеп оқушыларының математикалық ойлауы қабілеттілік пен талдап қорытуға байланысты, ол эксперименттік жолмен 2-ші сынып оқушылары 3-ші, 4-ші сыныптарға қарағанда қабілеті жоғары болады деп көрсетті. 2-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетіне ересектер жақсы әсер етсе, олардағы білім болашақта соғұрлым терең және тиянақты болады.
Кіші мектеп жасындағы балалармен диагностикалық жұмыс |
Іс-ірекеттің мазмұны |
Іс-әрекетті ұйымдастырудың амалдары мен тәсілдері |
|
|
Психодиагностикалық әдістемелері пайдаланудың жалпы нұсқауы төменегідей:
Кәсіби біліктілігі бар немесе баланы жақсы танып білген ересек адам әдістің ішкі, экспертті бағасына назар аударуы керек.
Мектепке дейінгі кезеңде экспертті бағалауға, баланың өзіндік бағалауын есепке алу керек, олар әлі де болса ересектердің пікіріне сүйенеді.
Мектепке дейінгі бала үшін жеке тұлғалық сұрақтарды қолданған жөн.
Мектепке дейінгі бала үшін тест ауызшы немесе тест түрінде беріледі. Кей кездері тапсырмаларды орындау үшін қарындаш және қағазды пайдаланады (қарапайым әрекеттерді орындайды)
Мектепке дейінгі баланың дамуын диагностикалау әр түрлі сипатта болады:
Эмоционалды.
моторлы.
танымдық процестерін.
тұлғалық ерекшеліктері.
18. Вербалдық-логикалық ойлауды бағалау жолдарына ғылыми тұрғыдан анықтама беріңіз.
Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.
Көрнекі-әрекеттік, көрнекі–бейнелік, сөздік–логикалық ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың даму кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі сенімді көрсетілген. Бейнеліп көрсетілген топтастыру (үштік) жалғыз емес. Психологиялық әдебиеттерде бірнеше “жұптық” топтастырулар пайдаланылады.
Егер біреу “Менің жұлдызым сөнді” деп айтса, онда ол онымен дерексізденген тұжырымды беріп отыр, яғни енді жолым болмайды дегені. Алайда бейнелік көрсетулер өзіне ғана тән мәнерлі сипаты бар қосымша бояларды береді. Ол тек жалаң фактіні ғана емес, оған деген қатынасты да береді.
Жұлдызбен салыстыру айтушының көзқарасы тұрғысынан сәтсіздік жайлы емес, елеулі, көтеріңкі, үстем жағдайды, адамның тағдыры туралы айтады. Ол стихиялық кезеңді болып жатқан оқиғаның адамның еркінен тәуелсізділігін ығыстырады, сөйтіп жеке кінәні осымен жойып жібереді. Ол сонымен қатар айтушының сәтсіздіктерге әкелген тағдыры жайлы эпикалық қатынасты да айтады. Бейнелі метафорлық ойлар жалпы ойды адекватты білдіреді, және жалпы жағдайда берілмеген қосымша кезеңдерді және бояуларды кіргізе отырып оның шегінен шығады. Метафоралық ойлар ұғымдар мен бейнелердің жалпы ойларының бірлігінің айқын дәлелдемесі сияқты оның бейнеден, ұғымнан да айырмашылығы болады. Поэтикалық бейне үшін ерекше нәрсе көрнекілік емес, оның мәнерлілігі. Осы жағдайды көркем ойлауды ұғу үшін маңызы бар.
Көркем ойлауда бейненің өзі жалқыны нақтылы бейнелей отырып, сонымен бірге жалпыланған функцияны орындайды; абстрактілі схема болған, ол индивидтің нақты бейнелеуін көрсетеді, толық мәнді көркем бейне жалпыға дейін жоғарылайды. Бейнеде тек жалқыны ғана көру өте қате болар еді. Бейнелер жалқының және жалпының бірлігін береді; олар бір бірімен өзара байланысты болуы қажет, себебі бейнелетін объективті болмыста олар өзара байланыста болады.
Көркемдік ойдауда бейнелер жалпыланған функцияны атқарады, сондықтан да көркем шығарманың бейнелі мазмұны оның идеялық мазмұнын тасушы болады. Егер де көрнекі бейне өзіне идеялық мазмұнды қоса алмаса, онда ылғи да көрнекі бейнелі материалмен жасалатынын көркем шығарма идеясыз, үрдісшіл болар еді, себебі үрдісшілдік және көркем емес бейнелерсіз жалпы формулада мүлдем еш нәрсе бермейтін бейнелерден басқа идеялық мазмұнды беретін шығарма болар еді.
Шын мәнінде кез келген көркем шығарманың қандай да бір идеялық мәні болуы қажет, себебі әрбір көркем шығарма қандай да бір дәрежеде белгілі бір идеологияны бейнелейді. Мәселенің мәнісі ол оны қаншалықты дәрежеде жасайтындығында. Шынайы көркем, бір мезгілде идеялық және көркем шығармада оның бейнелік мазмұны оның идеялық мазмұнын ғана тасымайды, ол оны басқаша білдіреді, және ол дерексізденген формулада және жалпы жағдайда жасауға болады. Бейнелік ойлау, сөйтіп, ойлаудың ерекше түрі болып табылады. Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі.
