Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИАГНОСТИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.84 Кб
Скачать

3. Ойлау деңгейлерінің диагностикасын дәлелдеңіз.

Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.1.Практикалықіс-әрекеттілік.2.Көрнекі-бейнелік3.Сөздік–логикалық.

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

5/ Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.6/ Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

7/ Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.8/ Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі,... Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:-операцияларды меңгеру дәрежесі/анализ,синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау және т.б./ оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу /оқу, оқудан тыс/-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі /тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б./-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі (6.32)Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:1.Ойлаудың икемділігі.2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.3.Ойлаудың сынилығы.

4.Ойлаудың мақсаттылығы.5.Ойлаудың жалпылығы.6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.7.Анықтылығы,дәлелдігі.

4. Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың қазіргі таңдағы қолданысына сипаттама беріңіз.

Әлеуметтік Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Қазіргі таңда педагогикалық диагностика ғылыми және практикалық психологиялық білімнің жеке саласы болып бөлінді. Көптеген педагогикалық диагностикалық әдістемелер пайда болып, тез арада көбейіп кетті. Математика мен физиканың қазіргі әдістері, электрондық педагогикалық диагностиканың құралдары яғни ЭВМ кеңінен қолданылуда.Көптеген елдерде, мысалы АҚШ та, Германияда көптеген ғылыми және практикалық баспаларда жүйелі түрде психологиялық әдістерді сипаттаған. Соңғы жылдары мұндай әрекеттер Ресейде де жасалынған. Бірақ оның ешқандай тұжырымдамасы мен ғылыми негізі жоқ еді. Бұл жағдайда тұжырымдама дегеніміз негізделген , педагогикалық диагностика әдістемелердің классификациялау негізіне салынған жүйе. Ғылыми негіз ретінде педагогикалық диагностика әдістер , олардың ауқаттылығын , күшті және әлсіз жақтарын айтамыз.

5. Интелектуалды дамудың әлеуметтік -педагогикалық диагностикасына тоқталыңыз.

6. Жекелік қасиеттер диагностикасының мәні мен мазмұнын ашып жазыңыз.

Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К.Левин ілімі. Адамның психикалық қасиеттерін құрастыратын:

1) жеке тұлғаның бақыты;

2) темперамент;

3) мінез;

4) қабілет.

Темперамент деп, жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында темперамент 4 типке бөлінеді: холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик. Оларды тәрбиелеу - баланың дамуына ықпал жасап, даму дәрежесіне сүйену. Мінез – адамның адамгершілік – өнегелі және ырықты қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік қасиеттеріне адамдарға қатысты, сезімталдық немесе қатыгездік, ал қоғамдық міндеттерге қатысты жауапкершілік, қарапайымдылық жатады. Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады. Қабілеттер – іс-әрекеттің табыстылығын қамтамасыз ететін жеке-даралық-психологиялық қасиеттер. Қабілеттер жалпы және арнайы (әншілік, математикалық т.б.) болып бөлінеді. Қабілеттер өзара байланысты. Бір қабілет жетекші рөл, басқалары көмекші рөлді атқарады. Адамдар-бірінен жалпы қабілеттерінің үйлесімділігімен де ерекшеленеді. Мәселен, бір адамның әншілік қабілеті жақсы болып, ал математикалық қабілеті нашар болуы мүмкін. (немесе керісінше). Осы қасиеттерді анықтаудың көптеген әдіс-тәсілдері бар. Мысалы, Кэттеллдың 16 факторлық тесті, тұлғалы сұрақтамалар т.б.