- •1.«Диагностика ұғымының шығу тарихы және даму жолдарын сипаттаңыз.
- •2.Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың жалпы принциптерін талдаңыз.
- •3. Ойлау деңгейлерінің диагностикасын дәлелдеңіз.
- •7. Кәсіп таңдау мен кәсіби бағытталудағы диагностикалық мәселелерді талдаңыз.
- •8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.
- •9. Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.
- •12. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •14. Мектепке дейінгі балалармен әлеуметік -педагогикалық диагностикалау жұмыс жүйесімен таныстырыңыз.
- •19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.
- •20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.
- •12 Жылдық білім беруді эксперименттен өткізудегі психологиялық қызмет мына мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі:
- •22.«Қорқыныш», «үрей» ұғымына қысқаша түсінік жазыңыз
- •27. Ойлау қызметін дамытатын әдіс тәсілдерді сипаттаңыз.
- •31.Диагностикалық қызмет көрсету жолдарын сызба арқылы түсіндіріңіз
- •32.«Білім жүйесіндегі тест түрлері», «Тестердің мазмұны» тақырыптарына теориялық талдау жасаңыз.
- •Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы
- •36. Баланың тұлғалық ерекшеліктерін анықтауда белгілі ғалымдардың ойларына сүйене отырып 4-5 мысал келтіріңіз
- •37. Дифференциалдық диагностикалық сұрақтама
- •40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз
- •41.Нейролингвистикалық бағдарламалар.(нлп).Нлб қолданылу техникасынжүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
- •42.Ертегі терапиясының жүргізілу технологиясын қолдану жолдарын сипаттаңыз.
- •44. Оқушыларды оңалту мақсатында музыкалық әуендерді пайдалану үлгісін ұсыныңыз.
- •47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз
- •53. Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •54. Тестің құрастырылу кезеңдеріне қарай топтастырыңыз.
- •55.Диагностикалау үшін ойындарды пайдалану жолдарын ұсыныңыз.
- •Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері Аз формализденген әдістер
- •1. Тест 2. Сауалнама 3. Жобалы техника әдісі4. Психофизиологиялық әдіс5. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдіс
- •1. Бақылау 2. Іс-әрекет нәтижесін анализдеу әдістері 3. Контент-анализ 4. Рөлдік ойын 5. Эксперименттік әдіс
- •56. Есті дамыту тәсілдерін жазыңыз.
- •Есте сақтаудың дұрыс жолы
- •Еске түсіру
- •58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акцентілігін анықтаңыз.
44. Оқушыларды оңалту мақсатында музыкалық әуендерді пайдалану үлгісін ұсыныңыз.
Мен әлеуметтік педагог ретінде оқушыларды оңалту мақсатында музыкалық терапияны ұсынғым келеді.
"Терапия" – латын тілінен аударғанда емдеу деген ұғымды білдіреді, сонда музыкалық терапия дегеніміз музыкамен емдеу болып шығады. Қазіргі таңда музыкасыз өмірді елестету әсте мүмкін емес. Үйде, көлікте, сыртта, офисте, жұмыста, барлық жерде музыка бізбен бірге. Музыка біздің өмірімізде адамның өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету жөніндегі өмірлік білім. Музыканы түсіну мен түйсіну оны тынысымен, бұлшық еттерімен, қозғалысымен сезіну болып табылады. Музыканы психотерапия әдісі ретінде қолданудың ең дұрыс нұсқасы әр адамға жеке тұрғыдан ықпал жасу болып табылады. Психотерапияның ортақ мақсаты клиенттерге ойлауы мен мінез-құлықтарын өзгертуге, осылайша едәуір бақытты, өнімді болуға көмектесуде. Ол мақсатқа жету үшін терапевт төменде көрсетілген неғұрлым жеке сипаттағы міндеттерді шешеді:
- оқушының проблемаларын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
- эмоциялық үйлесімсіздікті жояды;
- сезімдердің еркін айқындалуын қолдайды;
- оқушылар проблемаларды қалайша шешуге болатыны жайлы жаңа идеялармен қамтамасыз етеді;
- ойлау мен мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін терапевтік ситуациядан тыс тексеріп көруге көмектеседі. Осындай міндеттердің шешілуінде негізгі үш әдісті қолданады.
Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен, оқушыны көңіл қоя тыңдап, сын жағдайда оған кеңес беруді білдіреді. Қолдау оқушылардың күші мен іскерліктерін сезініп, пайдалануға көмектесуде анықталады.
Екіншіден, бейімсіз мінез-құлықты жою және проблеманы шешудің бейімді жаңа тәсілдерін қалыптастыру.
Үшіншіден, оқушының өзіндік ашылуына, инсайтқа жетуіне, яғни мотивтерін, сезімдерін, дау-дамайлары мен құндылықтарын жақсырақ түсінуге ықпал ету.
Нақты музыкалық шығарманы таңдау педагог, психолог және психофизиологтың талаптарына сай жасалынуы қажет. Музыкалық материалды іріктеу екі тәсілмен жүзеге асырылады:
Бірінші тәсіл терапияны жүргізуші маман әлемдік музыкалық әдебиеттерден біліміне сүйеніп және музыканың эмоциялық мазмұнын қабылдау критерийлерін басшылыққа алып қойылған міндетке сай музыканы іріктейді. Мұнда ұжымдық сараптама (ашық талқылау немесе сауалнама арқылы) жасаудың маңызы зор.
Екінші тәсіл музыка маманы музыкалық шығарманың эмоциялық мазмұнының сипаттамасын алдын-ала дайындайды. Нақтырақ айтқанда қандай музыка терапияға қолданылуы мүмкін екендігін бағдарлайды. Одан кейін шығармалар тізімінен қойылған міндеттерге сай материал іріктелініп алынады.
Төмендегі шығармаларда адам эмоциялары мен сезімдерінің кең диапазоны қамтылған. Классикалық музыканың артықшылығы адамның эстетикалық және интеллектілік эмоцияларына күшті ықпал етуі болып табылады.
- Қорқыныш және өзін-өзіне сенімсіздікті азайту үшін – Шопен "Мазурка", Штраустың "Летущяя мышь", «Весенний вальс», Рубинштейннің "Пьеса" (Фортепианоға арналған).
- Ашуланшақтықты, шаршағанды басу үшін – Бах, "Кантата №2", Бетховен "Лунная соната". «Прелюдия и фуга» ре минор (d moll, a moll).
- Жалпы тыныштандыру үшін – Бетховен "Симфония №6", 2 бөлім, Брамс "Колыбельная", «Венгерский танец 1,5,6» Шуберт "Аве Мария".
- Гипертония белгілері мен өзге адамдармен қарым-қатынастағы кернеулікті жою үшін – Бах. Скрипкаға арналған "Концерт ре-минор", соль минор, ля минор.
- Эмоциялық кернеулікпен байланысты бас ауруды азайту үшін – Моцарт "Дон Жуан", Лист "Венгерская рапсодия №1", Хачатурян "Сюита Маскарад".
- Көңіл-күйді жақсарту, белсенділікті көтеру үшін – Чайковский "Шестая симфония", 3 бөлім, Бетховен "Уверюта Эдмонд".
- Қатігездікті, қызғаншақтықты жою үшін – Бах, "Италянский концерт", Гайдн "Симфония".
- Зейінді шоғырландыру, тұрақтандыру үшін - Чайковский "Времена года", Дебюсси "Лунный свет", Мендельсон "Симфония №5".
45. Диагностикалық әңгімелесудің өзің туралы негізгі тәсілдерін атаңыз.
46. Креативті ойлау әрекетінің диагностикасына кесте құрастырыңыз.
Әдістердің аты |
Сипаттама |
1.Босаңсу |
Босаңсыған жағдайда ми анағұрлым креативті болады: Саябаққа барыңыз, ұйқыны қандырыңыз. |
2.Физикалық салмақ түсіру |
Спортпен шұғылданыңыз. Ми огранизмнің 25 пайыз энергиясын жеп қояды. Сондықтан сізге көп энергия қажет, Компьютер алдында тұрып жұмыс істеңіз. Тұрып тұрған кезде дене азырақ шаршайды, ал бас жақсырақ жұмыс істейді. |
3. С. Медниктің вербальды креативтілік тесті (RAT) |
Жасалған тест жағдай бӛліктерін қайта қҧрамдау ҥрдісі ретінде анықталатын вербалды креативтілікті диагностикалауға арналған. Бҧл жағдайда зерттелушіге байланыс саласы бойынша ӛзара бір-біріне ҧқсамайтын ҥш сӛз ҧсынылады. Зерттелуші олардың әрқайсысы кейбір сӛз ҧйқастарын қҧрайтын бӛлшектерін біріктіретін олардың арасында ассоциациялық байланыс қҧратын тӛртінші сӛзді табуы тиіс. Стимулдық материал ретінде 40 сӛздік триада қолданылады. |
4. Джонсонның креативтілік сауалнамасы |
Тұлғалық қасиеттеріңізді тест сұрақтарына жауап бере отырып, өз бетіңізбен бағалау ұсынылады. Сұрақтарды мұқият оқыңыз. Сұраққа оң жауап бергенде «+», теріс жауап бергенде «-» белгісін «Мен-шынайы» және «Мен-керемет» қатарына қойыңыз. Жауап беруде ұзақ ойланбаңыз, өйткені бірінші басыңызға келген жауап дұрыс болып есептеледі. |
5. Х.Зивергтің «Креативті қабілеттерді анықтауға» арналған тесті |
Д шкаласы дивергентті (стандартты емес) ойлауды анықтауға мҥмкіндік береді. |
6. Торранстың креативтілік тесті |
Суретте аяқталмаған фигуралар салынған. Егер сіз оған қосымша сызықтар салсаңыз, онда сізде қызықты нәрсе немесе сурет пайда болады. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі. Басқа ешкім ойлай алмайтын сурет немесе оқиғаны ойлап табуға тырысыңыз. Әрбір суретке қызықты атау қойыңыз және оны суреттің астына жазыңыз |
