Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИАГНОСТИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.84 Кб
Скачать

40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз

Социометриялық әдіс - саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.

Бұны әлеуметтік өлшем әдісі деп атайды. Бұл тарихи жағдайдағы эксперименттің бір түрі. Мұнда адамның жеке бас ерекшеліктері мен ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Жүргізілу технологиясы. Қолданылатын негізгі тәсіл – өзара таңдаудың әр-түрлі формалары зерттеудің барысында зерттелетін адам өз пікірін жасырмай айтуы керек (не ұжым мүшелері қалағанын). Ол үшін әдісті табиғи жағдайда жүргізеді. Ол үшін жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Әр сұраққа қатаң зерттеу жұмысын жүргізгенде социограммалық кесте, карта жасалады. Осы картаға түскен таңдау санының қорытындысына қарай топ ішінде кімнің беделі жоғары немесе кімнің төмен себебін анықтап топтағы баламен әр-түрлі жұмыстар жүргізуге болады

41.Нейролингвистикалық бағдарламалар.(нлп).Нлб қолданылу техникасынжүргізілу жолдарына тоқталыңыз.

Нейролингвистикалық бағдарламалау.Нейро-лингвистикалық бағдарлау (НЛБ)1970 жылдың басында Америка қаласы Санта-Круз, Калифорния штатында пайда болды. 1972 жылы жас оқымысты математика мен есептеу техникасында маманданған Ричард Бэндлер белсенді түрде адамдар мен жануарлардың мінез-құлық психологиясындағы бихевиоризмді зерттеді. Сондай-ақ ол гештальт-терапия бойынша семинарияға қатысады. Төрт жылдың ішінде Догсон Гриндердің жетекшілігімен өзінің жеке семинарын өткізуге мүмкіндік болды. Гриндер Наума Хомекидің лингвистика теоретикасын зерттеді. Өздерінің бірінші жұмыстарында «Структура магий» психотерапевт Фриц Перлздің вербалды және мінез-құлықтық моделін жасады.

Осы жұмыстың негізінде Гриндер және Бендлер өздерінің моделіне анықтама берді, яғни «Нейро-лингвистикалық бағдарламалалау» - дене, тіл және мидың арасындағы қарым-қатынасты символдау болып табылады.

Қазіргі кездегі НЛБ-ны жасаушылардың Ішінен Роберт Дилсті атап өтуге болады. Ол қырықтан астам сендіру, динамикалық оқыту, жүйелік ойлау, творчестволық, лидерлік және бизнес тақырыптар аясында кітаптар жазған.

НЛБ субъективті тәжірибенің құрылымын, яғни адамның қайталанбас ішкі әлемін құрудың өзіндік тәсілін, зерттеумен айналысады, сондықтан да ол денсаулықты зерттеу және оған әсер ету үшін қолданылады.

НЛБ көзқарасы бойынша, денсаулық пен ауру субъективті толғаныстар болып табылады. Біз өз денсаулығымыздың деңгейін түйсіктерімізді бағалай отыра өзіміз анықтаймыз.

  • Сіз үшін дені сау болу нені білдіреді?

  • «Дені сау болу» - бұл сөздерді сіз қалай анықтаушы едіңіз?

  • Оны қалай түйсінуге болады?

  • Сіз деніңіз сау екенін қалай білесіз?

Бұл сұрақтар – денсаулықтың жекелей анықтамасының бастылары. Сұрақтар әдейі түрде «денсаулық» туралы емес, «дені сау болу» туралы қойылады.

Әлемнің дербес моделі

Осылайша біріншіден әлем кез келген нақты моделмен немесе әлемнің репрезентациясының арасында айырмашылықтар бар.екіншіден өзіміз шығаратын әлем моделінің екіншісінен айырмашылығы болады. Мұны көптеген түрлі тәсілдермен көрсетуге болады.

НЛБ-да шектеудің 3 категориясын көрсетуге болады. Нейрофизиологиялық, шектеу және дербес.

Адамның рецептор жүйелерін қарастырайық: көру, есту, сезіну, дәм сезу. Адамның көру мүшесі толқындарды, яғни 380-нен 680 миллимикрон интервалда орналасқанда ұстай алады. Бұл интервалдар үлкен немесе кіші жаққа айытқитын толқындар адамның көзіне қабылданбайды. Берілген жағдайда біз сәйкесінше генетикалық нейрофизиологиялық шектеулермен тек қана үзіліссіз физикалық көріністерді ғана қабылдаймыз.

Әлеуметтік шектеулер немесе фильтр, яғни біз оларды әлеуметтік генетикалық факторлар деп атаймыз. Әлеуметтік генетикалық фильтрдің негізіне – біздің тілдік жүйеміз жатады.

Дербес шектеулер - өзіміздің өмірлік тәжірибемізге сүйене отырып, өзіміз шығаратын барлық шектеулерді жатқызамыз.