- •1.«Диагностика ұғымының шығу тарихы және даму жолдарын сипаттаңыз.
- •2.Әлеуметтік-педагогикалық диагностиканың жалпы принциптерін талдаңыз.
- •3. Ойлау деңгейлерінің диагностикасын дәлелдеңіз.
- •7. Кәсіп таңдау мен кәсіби бағытталудағы диагностикалық мәселелерді талдаңыз.
- •8.Тесті құру технологиясы мен бейімдеу жолдарын сипаттаңыз.
- •9. Жалпы және арнаулы мүмкіндіктер диагностикасының құрылымын түсіндіріңіз.
- •12. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика пәнінің мақсат мен міндеттеріне тоқталыңыз.
- •14. Мектепке дейінгі балалармен әлеуметік -педагогикалық диагностикалау жұмыс жүйесімен таныстырыңыз.
- •19. «Диагностика», «Педагогикалық диагностика», «Әлеуметтік диагностика», «Психодиагностика» ұғымдарына теориялық талдау жасаңыз.
- •20. Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.
- •12 Жылдық білім беруді эксперименттен өткізудегі психологиялық қызмет мына мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі:
- •22.«Қорқыныш», «үрей» ұғымына қысқаша түсінік жазыңыз
- •27. Ойлау қызметін дамытатын әдіс тәсілдерді сипаттаңыз.
- •31.Диагностикалық қызмет көрсету жолдарын сызба арқылы түсіндіріңіз
- •32.«Білім жүйесіндегі тест түрлері», «Тестердің мазмұны» тақырыптарына теориялық талдау жасаңыз.
- •Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы
- •36. Баланың тұлғалық ерекшеліктерін анықтауда белгілі ғалымдардың ойларына сүйене отырып 4-5 мысал келтіріңіз
- •37. Дифференциалдық диагностикалық сұрақтама
- •40. Социометриялық әдістердің жүргізілу технологиясын ұсыныңыз
- •41.Нейролингвистикалық бағдарламалар.(нлп).Нлб қолданылу техникасынжүргізілу жолдарына тоқталыңыз.
- •42.Ертегі терапиясының жүргізілу технологиясын қолдану жолдарын сипаттаңыз.
- •44. Оқушыларды оңалту мақсатында музыкалық әуендерді пайдалану үлгісін ұсыныңыз.
- •47. Д. Векслер шкаласын түсіндіріңіз
- •53. Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •54. Тестің құрастырылу кезеңдеріне қарай топтастырыңыз.
- •55.Диагностикалау үшін ойындарды пайдалану жолдарын ұсыныңыз.
- •Формализацияның жоғары деңгейлі әдістері Аз формализденген әдістер
- •1. Тест 2. Сауалнама 3. Жобалы техника әдісі4. Психофизиологиялық әдіс5. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдіс
- •1. Бақылау 2. Іс-әрекет нәтижесін анализдеу әдістері 3. Контент-анализ 4. Рөлдік ойын 5. Эксперименттік әдіс
- •56. Есті дамыту тәсілдерін жазыңыз.
- •Есте сақтаудың дұрыс жолы
- •Еске түсіру
- •58. Шмишектің тестік сауалнамасы бойынша жас жеткіншектердің акцентілігін анықтаңыз.
27. Ойлау қызметін дамытатын әдіс тәсілдерді сипаттаңыз.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі осы жас кезеңінің ішінде екі сатыда жүретінін ескеру қажет. Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағылар) балалар ойлау әрекетінде нақтылы заттарға, оның дәл баламаларына, бейнеленулеріне сүйенеді. Ал 3-4 сыныптарда оқушылар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игере алады (мысалы: стол – зат есім), олардың логикалық ойлауы анық көрініс беріп, талдау мен топтастыру, жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі оперецияларды жасайды. Осы жас шағындағы балалардың ойлау процессін зерттеуге арналған әдістемелер мол. Олардың ішінен балалардың интеллектуалдық дамуына әсері өте үлкен, логикалық мағынасы барларын осы жерде келтіреміз.
Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі.Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту. Балалардың таным процестерін дамытуға арналған көптеген графикалық және сөздік жаттығулар жасалған.
Ұсынылып отырған графикалық-сандық тест.
Орындау ережесі:1 санынан 19-ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердің ішіне бір сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді және жаттығу орындалмайды.
Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама-қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30-ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне, ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек. Сандарды толық орналастырып болғаннан соң әр диагональ бойында орналасқан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30-ға тең болатындай ретін табу керек. Орындауға 10 минут уақыт беріледі. Егер бірінші реттен ретін таба алмаған бала тағы уақыт беруді өтінсе, оған екінші және үшінші рет орындап көруге мүмкіндік берген дұрыс. Сондықтан орындауға берілген уақыт баланың логикалық ойлауына шектеу қоймауы керек
А.З.Зак ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау және дамыту» әдістемесі. Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық кабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту.
Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.
1-ші тапсырма. «Анаграммалар» әдістемесі.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.
Орындау ережесі: тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз сөздегі әріптердең орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Берілген уақыт ішінде орындалған сөздерді есепке алып, баланың логикалық ойлауының даму деңгейі анықталады.
2-ші тапсырма. А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесі.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгеін анықтау және дамыту.Балардың интеллектуалдық қабілетін экспресс диагностика жасау үшін А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесін қолдануға болады.
Орындау ережесі: оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі. Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемемен жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.
«Балалар, карточкаға жазылған тапсырма бірнеше есептен тұрады. Осы есептерді оқып алып, жақсылап ойланыңыздар. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтары бар.
1-4 есептер өте қарапайым, оларды шешу үшін есептерді жақсылап оқып, мағынасына түсініп, ойланып, оның жауабына тек бір адамның ғана атын жазуларыңыз керек.
5-10 есептерде бір түрлі, мағынасыз әріптер тіркесі, жасанды сөздер қолданылған. Олар 5-6 есептерде көңілді, шапшаң, күшті деген сөздердің мағынасын білдіреді. Бұл есептерді шешу үшін, онда қолданылған жасанды сөздердерді кәдімгі, мағынасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек. Есептерді шешкенде «ойда» мағынасыз сөздерден кәдімгі сөздер құруға болады. Тек 7-10 есептерде ауыстыратын сөздің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу керек.
11-12 есептерде жануарлар туралы мағлұматтар ертегі сияқты, ақиқатқа сай емес нәрселер келтірілген. Бұл есептерді шешкенде жануарлар туралы есеп шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибеден алған білімді пайдалану керек, алайда есептің шартын ұмытпау қажет.
13-16 есептерде берілгендерді талдау нәтижесінде бір есімді жазу керек. Бұрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18 есептердің жауабына бір немесе екі адамның есімін жазуға болады, ал 21-22 есептерде - олардың бірі қайталанса да, міндетті түрде үш адамның есімін жазып, аталған адамның басқалармен ара-қатынасын көрсетіп беру керек.
Жабдықтау: 22 есеп жазылған парақ әр зерттелінушінің қолына беріледі.
Психологқа ескерту: есептер қиындықтарына байланысты үш топқа бөлінеді:
1. 1-ден 18-ге дейінгі есептерде 1 сұраққа жауап беріледі;
2. 19-шы-20-шы есептерде 2 сұраққа жауап беріледі;
3. 21, 22-ші есептерде 3 сұраққа жауап беріледі.
логикалық ойлауды дамыту тестері тек балалардың ғана осы процесін дамытып қоймастан, оны жүргізген психологтың, педагогтың да логикалық ойлауының тереңдеуіне үлкен әсері бар екенін байқадық. Логикалық ойлауды дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолданудың негізгі екі жолын анықтадық:
1. Сабақтарда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану;
2. Арнайы психологиялық шығармашылық тестер мен тапсырмаларды қолданып, баланың ой-өрісін тереңдету.
Өмірдің алғашқы кезеңіндегі ойлау мен сөйлеу мәселелеріне тоқталыңыз.
Біздер бала дамуындағы жаңа құрылымдарды – оның жүруі мен еңбектеу әрекетін және басқа қасиеттерін де естен шығармауымыз керек.
Мен осы бағытта алға қойған мақсатыма жету үшін баланың дағдарыс кезеңі оның организміндегі болатын елеулі өзгерістердің мән-жайын ашып көрсетіп, оларды қай бағытта іздестіріп көру керектігін атап айтуды жөн деп санаймын. Бұл мәселедегі түйін баланың бойындағы қалыптасатын жаңа құрылым жасына қатысты-ау деп ойлаймын.
Баланың жеке басының даму сатылары оның өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасында өрістеп отыратындығын ескеретін болсақ, онда сәбидің, дамуы оның танымының тарихымен байланысты екенін айқын аңғарамыз. Егер мен бұл сұраққа үстірт жауап бергім келсе, онда К.Маркстің «сана дегеніміз қоршаған ортамен қарым-қатынас» деген белгілі сөзін қолданар едім. Шын мәнінде адамның жеке басынын ортамен қарым-қатынасы оның санасының сипатын білдірумен қатар адамның жас даму ерекшеліктеріне орай бұл мәселенің сырын ашып көрсетіп, шындыққа бір табан болса да заңды түрде жақындауды білдіреді. Ал мұндай жайттың мәні ерекше. Өйткені сананын сырын ашып беруде қазіргі ғылыми түсініктерде орашолақтық айқын байқалады. Тілдің санамен тығыз байланысты болатынына күмән келтіре алмаймыз. Мен бұл жерде сөйлеудің санамен байланысты екенін ерекше атап көрсетіп, мәселені тек сөйлеуге әкеп тірегім келмейді. Бұл мәселенің мазмұнын талдауда мен жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай өрлеп отыру арқылы зерттеу қажеттігіне баса көңіл аударғым келеді. Көркемдеп айтқаңда мен бұл драманың өрі басты, әрі екінші актері болуға тиіспін. Маған бала санасының өзгеруі мен оның сөйлеуінің дамуын теориялық жағынан із-дестіру – бұл мәселенің өзегі.
Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс.
Дегенмен сананың баланың сөйлеуді меңгеруде қандай орын алатындығын түсіндіру қиын. Әдетте сана мен сөйлеудің өзара байланысты болатындығы жайында сөз болып, адамнын хайуаннан айырмашылығы осы дыбысты тілінде деген түсінікпен ғана шектеліп келді. Баланың әлеуметтік ортаға қатынасын оның тілінің шығуы мен жүруінің ролі сияқты қызмет атқарады деп санадды. Мұндай пікір аса бағалы бола қоймады. Маған белгілі зерттеулердің бір де бірінде баланың бойында пайда болатын жаңа құрылымдар өзара қаңдай қатынаста болады деген сұрақтың мән-жайын ашып бере алмайды.
Біз генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.
Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.
Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғ дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады,
Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз
Бала дамуьндағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның занды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жекё басына тән сипаты деп түсінуіміз керек.
Әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау іс-әрекетінің моделін құрыңыз.
Әлеуметтік педагогикалық диагностика-бұл педагогикалық ортаға оқушылардың бейімделуі,тұлғаның жағдайвн анықтау,отбасылық жағдайларға байланысты,қоршаған ортаға байланысты,тұлға дамуына байланысты факторлардың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау.
Әлеуметтің педагог өзінің іс әрекеттерінде әлеуметтік диагностикалық қызметтер атқарады.
1.Диагностикалық іс әрекетте әлеуметтік жағдайын ескеру
2.Әр түрлі әдістемелер,әдістемелік нұсқаулар енгізілуі қажет
3.Әлеуметтік диагностикалық зерттеу кезінде жағымсыз,теріс,тенденцияларды тежеп,оны болдырмау бағытында тәжірбиелік әрекет жасау.
Әлеуметтік педагогикалық диагностика негізінде жүргізілетін жұмыс барысы
Таңдау бостандығы
Әлеуметтік шығармашылық
Әлеуметтік ортаға не балаға орта ықпалының әсері
Әлеуметтік қатынастардың жаңа нормаларын құрастыру
Әлеуметтік бейімделу және бейімделе алмау
Әлеуметтік өмір нормаларына үйрену және оған бейімделудегі кедергілерді анықтау
Әлеуметтік бірігу
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика ұғымдарының байланысын сызба арқылы түсіндіріңіз. Тәрбие – тәрбиеленушілер бойында көзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесулерінің процесі. Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесулерінің процес. Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі. Дамыту – адам ағзасындағы сапалық және сандық өлшемдердің өзгеру процесі. Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі. Даму – жеке адамдардың ішкі және сыртқы әлеуметтік және табиғи факторлардың әсерінен қалыптасу процесі . Педагогикалық идеялар - ойлар ғылыми теорияның негізі болып табылады. Идея – бұл ой, зат не құбылыс туралы жалпы ұғым, ол түсінік және анықтау жүйесінде көрінеді. Педагогикалық теория (грек. - «бақылау, зерттеу») – педагогикалық тәжірибенің, практиканың, тәрбиенің, оқытудың, білімнің логикалық жиыны; педагогикалық ойлар жүйесі; заңдылықтың ғылыми түсіндірмесі және мақсат, міндет, мазмұнның негіздемесі, педагогикалық қызметті іске асыру әдістері.Әлеуметтік диагностика – бұл кешенді процесс қоғамдағы өзарақатынаспен себебін білумен байланысты процесті көрсетеді, оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-құқықытық, өнегелі-психологиялық, медико-биологиялық, санитарлық күшін мінездейді. диагностика –бұл мектеп ұжымдарындағы жеке тұлғаның мақсатын индивидуалды қамтамасыз етуі және оқу процесіне дифференциалды ыңғайластыру және тәрбиенің тиімді реализациясына негізгі функцияларды қолданады. Педагогикалық құралдарды қолдана отырып, педагогтар педагогикалық процестерде жеке баланы таныту.Әлеуметтік педагогикалық диагностика –арнайы танымдық процеске ұйымдастырылған жеке адамға әсер ететін ақпараттар жинағы. Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру Теориялық – мәселені қою, мақсатын анықтау, зерттеу пәні мен обьектісі, оның міндеттері мен гипотезасы.Әдістемелік – алынған нәтижелерді өндеу әдістері, зерттеу әдістеме- сін жасау. Эксперимент – тапсырмалар сериясын, жаттығулар кешенін және т.б. өткізу. Аналитикалық – алынған мәліметтердің сандық және сапалық анализі, олардың интерпретациясы, тәжірибиелік ұсыныстар мен қорытындылары.
