Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИАГНОСТИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.84 Кб
Скачать

22.«Қорқыныш», «үрей» ұғымына қысқаша түсінік жазыңыз

Қорқыныш. Жалпыға ортақ психологиялық тіркесте, белгілі психологиялық сөздіктерде көрініс тапқандай, қорқыныш – бұл индивидтің биологиялық немесе әлеуметтік тіршілігіне қауіп төндіретін жағдайда туындайтын эмоция және ол шындығында жүзеге асатын және бейнеленетін қатерге ұласады. Аурудан және қасіреттің басқа түрлерінен ерекшелігі, қорқыныш тым шектен шығып кетеді. Қысым сипатына қарай, интенсивтілік пен қорқынышты бастан кешіру жағы әртүрлі топтарға қарай шоғырланады (қорқыныш, қауіп, үрей). Егер қауіп көзі анықталмаған және санада болмаған болса, онда туындайтын жағдай дүрбелең ретінде қабылданады.

Функциональды түрде алғанда, қорқыныш болғалы тұрған қауіп туралы ескерту болып табылады. Ол қауіптің көзіне назар аудартуға мүмкіндік береді, қауіптен шығып кетудің жолын қарастырады. Қорқыныш аффект жағдайына жеткен кезде (паникалық қорқыныш, үрей), ол адамға анықталған мінез-құлық стереотиптерін таңуға және оны бағындыруға бейім болады (қашу, қорғаныш әрекеті). Адамның әлеуметтік дамуында қорқыныш тәрбие мен білімнің бір құралы ретінде көрініс табады: мәселен, қоғамдық талқылаудан қалыптасатын қорқыныш әлеуметтік мінез-құлықты түзету факторы ретінде қолданылады. ұйымдасқан қоғамдық өмір жағдайында индивид құқықтық, құқық сақтау және басқа да әлеуметтік институттар қорғауына жүгінген сайын адамның қорқынышқа бас июі әдетте теріс бағаланады. Адам, әсіресе еркек адам «батыл», «өжет», «қорықпауға тиіс» және «қорқыныштың алдын ала білуі тиіс» деп бағаланады. Қорқыныштың қалыптасқан әрекеті салыстырмалы түрде алғанда, тұрақты болса да осылай болады. Олар адамдардың толық мағынасыздығын түсінуде де сақталуға қабілетті. Сондықтан тұрақтылық тәрбиесі қорқынышпен қатынаста әдетте адамнан арылу үшін емес, ол бар болған кезде оны өңдеу қабілетіне ие болу үшін қолданылады.

Қысқаша алғанда, қорқыныш қауіппен бірге ілесе жүретін эмоция сияқты анықталады. Қорыққан адамның табиғи реакциясы – жасырынуға тырысу немесе қашып құтылу. Бір нәрседен қорыққан бала тығылып қалады. Бірақ бала өскен сайын тек жасырынып қана жазадан құтылу мүмкін емес екендігін біледі, сондықтан енді ол қашып құтылуды дұрыс көреді. Кез келген адам өз өмірінде көп рет әртүрлі пішінде және дәрежеде қорқынышты бастарынан өткеріп көрген, алғашқы инстинкт қашып құтылу немесе жасырыну болып табылады».

Қорқыныш – бұл қысымның ұлғайтылуы. Н. Коупленд өте дәл жазған: «Жақсы белгілі, ұрыс даласында жауынгерлер өздерін қарсыластарға шабуылға шыққан кезде ол басталғанға дейін жақсы сезінеді. Адамдар өздерін не күтіп тұрғанын білмейтін кезде олар бәрін нашар бағамдайды. Адам өзіне беймәлім нәрсеге қарсы тұра алмайды»

Қорқыныш – бұл күшті теріс көңіл-күй, айрықша жағымсыз эмоция. Қорқыныш сезімі басқа сезімдерге қарағанда, ерекше болып тұрады. Осылайша, жекелей алғанда, К. Изард дәлелдейді: «қорқынышты дүрбелеңмен қатар қойып салыстыруға болмайды. Қорқыныш – бұл барынша анықталған, спецификалық эмоция... Дүрбелең – бұл амал немесе эмоциялар құралы, және қорқыныш эмоциясы – оның тек біреуі ғана». Осыдан бастағанда, «қысқаша анықтама бере кетейік: қорқыныш анықталған және барынша толық спецификалық физиологиялық өзгерістерден, экспрессивтік мінезден және үрей немесе қауіп күтуден келетін сезімдерден шығады».

Л. Китаев-Смык экстремальды жағдайдағы адамдар үшін сезімдік реңк шкаласында екі альтернативті полюс мүмкін деп есептейді. Бір жағынан алғанда, бұл шкалалар – тынышсыздық, мінсіз батыл тәртіп. Бұл бойынша ол көптеген батыстық авторларға қарсы болды; олар негізгі, базалы шкала – қорқыныш шкаласы, үрей шкаласы деп айтқан болатын, ал оған қарама-қарсы континуум – тек қана қорқыныштың «бетпердесі» деген еді. Жекелеген сынақтар мен бақылаулардың нәтижелеріне негіздей отырып, ол мына пікірге қарсы шықты: батылдық – алғашқы қауіптің, өлім қорқынышының кетуінің нәтижесі. Іс жүзінде, барлық әлемдік дәстүр қорқыныштың ролінің күшейтілуіне негізделген. «Біздің батырлықпен жасауға тиіс бірінші әрекетіміз – ол бұл сезімнің ішкі жағын ашып, адамдық батырлыққа түрткі болатын, оның өзіне тән сипаттамасы не екенін көрсету

Н. Шайдер жалпы батырлық, ерлік – бұл бәрінен бұрын өлім қаупінің рефлексі деп есептеген. Өлім алдындағы қауіп табиғи және ол барлық адамға да тән. Бұл осы сезімнің көрініс табуына әсер ететін негізгі қорқыныш. В. Деймз өлімді «жүректегі құртқа» теңестірген. М. Шелер барлық адамдар осы сезімге қатысты анықталған интуицияға ие болуы тиіс деп қорытынды жасаған. Г. Зильбург адамдардың көпшілігі өлім алдындағы қорқынышты сезінбейді - өйткені ол өзінің шынайы келбетін сирек көрсетеді деп есептеген. Мұнымен бірге ешкім де өлім қорқынышынан ада емес. Дүрбелеңнің мазасыздығы, әртүрлі фобиялық жағдайлар, тіпті депрессиялық көңіл-күйдің айтарлықтай бөлігі, өзін өзі өлтіру мен шизофренияның көптеген пішіндері өлім алдындағы қорқыныш сатысынан өтеді. «Адамда өлім алдындағы қорқыныш болмаған жағдайда өмірді сақтау үшін тұрақты түрде энергия жұмсап отыру мүмкін болмаған болар еді» деген аргумент де бар. «Өзін өзі қорғау» деген терминнің өзі қандай да бір шабуылға қарсы күшпен жауап беруді айтады, бұл күштің эмоциональды аспектісі – қорқыныш, өлім қорқынышы деп аталады

Адам барлығынан да үрейленеді, ол тіпті өзінің жақынынан да қорқып, барлығына деген сенімсіздік бойында орнауы мүмкін. Сондықтан мұндай кезде қорқыныштан басқа сезім оның денесінде қалмай, барлығы қорқыныштан құтылуға жұмылып кірісетіні анық. Мұндай қорқыныш қоғамды жікке бөледі, оның мүшелерін қорғануға, бой тасалауға итермелейді. Сол кезде көп рет барлық адам бойындағы қорқыныштар бас көтереді, және ол қорқыныштың соңғы кезеңіне өтеді, ол «фобия» деп аталады. Қазіргі кезеңде бұқаралық ақпараттық құралдарда жаппай жазылып жатқан «фобия» төңірегінде көптеген дау-дамайлар, тартыстар бар. олардың басты себептері кінәрат тудырған адамды, немесе соған жауапты нәрселерді іздеу. Бұл тіптен анықталған ауру қалпымен бірдей, адамдар «фобия» сезімін бастан кешірген кезде өздерінің дәрменсіздіктерін, қолдарынан ештеңе келмейтіндіктерін біледі. Сонымен қорқыныш – бұл көріністер арқылы туындайтын күшті эмоция. Адам үшін қорқыныш үлкен қорғаныштық қасиетке ие. Ол болуы мүмкін қауіп-қатер туралы мәлімет береді, қатердің шығу нүктесіне назар аудартады. Алайда қорқыныш максимальды дәрежеге жетіп, шектен шыққан кезде ол мынадай әрекеттерге салынады: жүгіру, қорғаныш агрессиясы.

Қазіргі кезде өркениетті қоғамда жаңа ұғымдар мен үлгілерді дайындап шығару жүзеге асырылуда. Ештеңе де істеу мүмкін емес – енді олар өздеріне қорқыныш мен үрейдің үлкен бөлігін қосып алатын болады.

Үрей. «Қорқыныш ақыл мен сана шеңберінен шықпай жатып, оған ешбір нәрсе үрейлі болып көрінбейді»

Қорқыныштың шектік дәрежесі – бұл үрей. Қарапайым қорқыныштан айырмашылығы ол қауіп-қатердің болатынын анық сезеді. А. Конан-Дойль (мамандығы бойынша дәрігер) «таза кейпінде» үрейдің эмоциональдық жағдайын сипаттаған болатын: «Бірінші демнен кейін менің ақылым адаса бастады, менің еркім өзімнен кетті, өз-өзімді билей алмай қалдым. Көз жанарымның алдында қалың қою бұл жүзіп жүргендей болды, және аяқ астынан онда өте қорқынышты нәрселер болып жатқанын аңдадым, бұл әлемде мені өлтіруге тырысып жүрген көзге көрінбейтін нәрселердің бар екенін ұқтым. Осы тұманның ішінде қалықтап жүрген бұлдыр бейнелер қандай да бір үрейлі нәрселер келе жатқанын ұқтырды, осы ойдан жүрегім қарс айырыла жаздады.

Сәйкесінше, үрей адамның бойындағы қорқыныштан гөрі басқаша болады. «Үрейдің адам бойындағы кейпі жан төзгісіз күйде жүреді, ол адамды бір орнында қаққан қазықтай тұрғызып қоюы мүмкін, ол адам жәрдем ала алмайтын жағдайда қалып қалады. Яғни үрейдің бірінші типі – ол сол тұрған орнында қаққан қазықтай тұрып қалу, екінші типі – бас-көзі жоқ жүгіріске салыну. Демек, үрейге жүгіріс тән емес. С. Томкинс қорқыныш, таңданушылық пен қызығушылық арасында базалық түрде өзара байланыс бар деп ұққан».

Үрейдің қорқыныштан ерекшелігі, үрейдің кезінде таңғалу да, қызығушылық та болмайды. Жүгіру реакциясы үрей кезінде де мүмкін болады. Үрей – бұл аффект, яғни эмоциональдық кернеудің жоғарғы дәрежесі, ол барынша иррациональды реакцияларға дейін жетеді. Егер қорқынышпен қандай да бір жолмен «күресуге» болса, онда оған «қарсы тұруға» болады, ашық үрей кезінде психологиялық тұрғыдан қарсы тұру мүлдем мүмкін емес. Бұл аффект барынша сананы істен шығарып тастайды және адамның ақылмен ойлану қабілетін жоққа шығарады.

23. Тұйықтылық және оны түзету жолдарын талдаңыз.

Тұйықтық – қоғаммнан оқшауланып, тек өзінің қызығушылықтарымен айналысуы. Тұйық адамдар басқа адамдармен ашық сөйлесе алмай, өз пікірін ашық жеткізе алмай қиналады, себебі олар олардың ойлары басқаларға қызық емес деп ойлап, өз ойларымен, сезімдерімен бөлісуден қорқыды, қысылады.

Жалпы тұйық мінез әр түрлі себептерге байланысты:

  1. Баланың жеке мінезіне

  2. Көру мен есту кемістігіне

  3. Зияттың жетілмеуіне

  4. Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына

  5. Невротикалық өзгерістерге

  6. Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа (госпитализм).

Тұйықтық мінезді түзетудің бірнеше жолдары бар:

  1. Ашық болу. Егерде бір адам келіп сізбен әңгіме бастағысы келсе,одан қашпай ол адамды күліп, жылы шыраймен қарсы алып, арқаңызды тіктеп,оның әңгімесін белсенді тыңдаңыз. Оның қал-жағдайы қалай екенін, басқада мәселелері жайлы қысылмай сұрап, достық ниетте екеніңізді білдіріңіз.

  2. Сұрақ қоя білу – өте маңызды болып табылады. Әңгімелесуші жолдасыңыздан оның болашаққа деген жоспарлары, қызығушылықтары туралы сұрақ қойыңыз. Тергеушілер секілді көп сұрақ қоюдың қажеті жоқ, тек екі-үш сұрақ қосаңыз жеткілікті.

  3. Өзіңіз туралы ақпаратпен бөлісіңіз. Құрбыңыздың сіз туралы қойған сұрағына қысылмай жауап беріп, өзіңіздің қызығушылықтарың туралы қысылмай айта беріңіз.

  4. Адамды түсіне біліңіз. Сұрақ қоймас бұрын адамның көңіл-күйіне мән беріңіз, ол айтқысы келген әзілді түсініп сол адаммен бірге қуаныңыз.

  5. Өзіңізбен қызығушылығы жақын адамдарды үйіңізге шайға немесе қыдырып, әңгіме дүкен құруға шақырыңыз.

  6. Жаңа дүниелерді байқап көріңіз. Бұрын тек кітап оқумен ғана айналыссаңыз, енді басқада бір үйірмелерге барып көріңіз.

  7. Ең бастысы жаныңызға жақын, ішкі жан дүниеңізді түсінетін, сырыңызды бөлісетін адам табуға тырысыңыз.

24. Зейінді дамытатын тәсілдерді тізіп жасаңыз.

Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.

Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды». Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, зиін, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.

Ұсынылып отырған құралда балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын–жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл–күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.

25. Қобалжулық пен ұялшақтылықты түзету жолдарына сызба құрастырыңыз.

26. Есті дамытатын тәсілдерге анықтама беріңіз.

Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады.

Жаттығу.Кроссвордтар мен түрлі логикалық есептерді шешіп, немесе қара өлең атаулыларын жатқа оқып, шет тілдерінен сабақ алу – есте сақтау қабілетінің ең мықты қалыптасуының себепкері екен. Бұл – миға жұмыс берудің ең оңай тәсілдері саналады.

Жүзім шырыны.

Егер біздің ағзамызға осы бір сусынды сіңірер болса, есте сақтау қабілетіміз 20 пайызға жоғарылайды. Ескертетін жайт, шырын – күлгі түстес болуы қажет. Оның құрамында миға пайдалы аксидонттардың үлесі зор.

Физикалық белсенділік.

Жүгіру мен жүру, би жатытығуларына қатысып неғұрлым денені көбірек қозғалтатын әрекеттерге бару – есте сақтауды күшейтеді.Мұндай қарқындылық ми қабатына кислород түсіріп өз әсерін беретін көрінеді.

Дыбыстап сөйлеу.

Әдетте, ақпараттарды дыбыстап қайталап отырсақ – ол жазу процесіне қарағанда жиі есте сақталады. Мәселен, телефон нөмірі, мекен-жай немес есімдер тізімі.

Ұйқы.

Ұйқы – денсаулық кепілі. Ұйқы процесін жақсы адамдар ұзағырақ өмір сүретін көрінеді.  Ұйқы кезінде біздің ағзамыз тыныштыққа құрылады. Ұйқы уақытында гормондар көлемі жылдам өзгеріске түсіп отырады. Ұйқысы жақсы адамның есте сақтау қабілеті қатты дамыған.

Релаксация.

Медитация,йога, массаж секілді адам ағзасын тыныштыққ бөлейтін іс-әрекеттер бұл тарапта өз септігін тигізеді.

Көздің жаттығуы.

Егер адам баласы күн сайын таңертең көзді оңға, солға, жоғары,төмен қаратып 30 секундтай жаттықтырып тұрса, есте сақтау қабілеті 10 пайызға көтеріледі. Бұл – дәлелді қажет етпейтін факт. Ми қабатының екі бөлігі де бір-бірімен тығыз байланыста болып, есте сақтауға өз әсерін тигізеді.

Ассосациялар.

Кез-келген объектіні есте сақтап қалу үшін белгілі бір түске, я болмаса иіске, дәмге байланысты дүниелерді ерекше есте сақатаған дұрыс. Ол – әлгі объектіні жылдам еске түсіруге көмегін береді.

Тамақтану.

Денсаулық пен дұрс тамақтану – есте сақтау қабілетінде үлкен рөл атқарады. Әрине, бұл азықтар – антиоксиданттарға жатады. Жаңғақ, қаражидек, өрік және цитрусты өнімдерді тұтыну – әсіресе тиімді.

Витаминдер.

Бұл жердегі көшбасшы – «В» витамині. «В 12» витаминінің  жетіспеуі -есте сақтау қабілетін толығымен бұзады (балық, ет, жұмытрқа, құс өнімдері т.б).  Мидың жұмыс жасауындағы ең жақсы көмекші. Одан бөлек «С» және «Е» витаминдері де қолайлы.

Ми тарапына жасалынатын осындай жаттығулар арқылы есте сақтау қабілетімізді күшейте отырайық.