Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИАГНОСТИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.84 Кб
Скачать

1.«Диагностика ұғымының шығу тарихы және даму жолдарын сипаттаңыз.

Психодиагностиканың ең алғаш дүниеге келген жері-Греция.VII ғасырдан бастап психикалық мәселелерді зерттеу барысында көптеген ғалымдар жұмыс жасады. XVIII ғасырда дүниеге танымды жақтаған кейбір буржуазиялық көзқарастар насихатталды.Психодиагностика психология ғылымының бір саласы ретінде XX ғасырда дами бастады. Психодиагностиканың көзі эксперименталды психологиядан қалыптасты.Ол Германияда 1879 жылы В.Вундтың ең алғашқы эксперименталды лабороториясымен тығыз байлансты.Бұл пәнге қызығушылық психологиялық жұмыстың кеңеюі әрі дамуынан туындап отыр.

Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХХ ғасырдың I жартысынан бастау алады.яғни сол кезеңнен бастап,ең алдымен психология білімінің дамуы басталады.Бұл кезең адам туралы психологиялық эмперикалық білім деп аталады.Талдауда және оны қолдануда шешуші рөлді дәрігердің ойымен сипаттайды.

Психодиагностика әдістемелерінің сандық көрсеткіштерін алу ХIХ ғасырдың I жартысында жүзеге аса бастады.Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірбиелік психология лабороториясы ашылды.Мұнда психодиагностикалау мақсаттары үшін әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолданыла бастады.

«Диагностика» оқыту тәжірбиесінде «білім,білік,дағды,іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен,одан мазмұны,мақсаты жағынан ауқымды. Білім,білік,дағды,іскерлікті тексеру тек нәтижені фактіні ғана көрсетеді. Ал, «Психологиялық диагностика» термині алғаш рет ХХ ғ.20-жылдарында пайда болып,алғашқыда медициналық ғылымда,содан кейіннен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.Дәлірек айтқанда,Психодиагностика (психо... және diagnostikos-айырып тануға қабілетті)-адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын,сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

Диагностика дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады.Сондықтан да педагогикалық диагностиканың мазмұнына келсек, «диагностика» түсінігінің мәні «білім,ептілік және тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең.

Педагогикалық диагностика өзінің мақсаты, міндеті, қолдану саласы бар ғылым ретінде қалыптасып, ғылымға дербес,жеке сала ретінде 20 ғасырдың екінші жартысында бөлініп шықты.

Педагогикалық диагностиканың міндеті:біріншіден,жеке оқыту үдерісін оңтайлы, қолайлы етіп,үйлесімділеу және таңдап алу;екіншіден, оқытудың нәтижесін,болжау аясын,өрісін анықтау;үшіншіден, диагностикалық қателіктерді кемінде ең төменгі деңгейге, ең аз мөлшерге әкелуге әсер ету.Қарастырылып отырған мәселе бойынша ғылыми- әдістемелік әдебиеттерді талдау педагогика диагностика барысында оқуға, оқытуға деген алдын ала жағдайды белгілеп қана қоймай, жоспарлы түзету-оқыту әрекетін және оның талдауын ұйымдастыру үшін жағдайды анықтайды.

Өзінің міндетіне,мақсатына,қолдану саласына сай педагогикалық диагностика әр қашан дербес,тәуелсіз,өз бағытымен дамыған сала.Ол кейбір әдістерді психологиядан алған.Бірақ психологиядан бірнеше он жыл бұрын білім аясын кеңейту үшін медицинаның, билогияның көптеген әдістері мен қалпын алып,осы ғылымдардың негізінде «өскен, дамыған».Өз беделін сақтап, дербес пән, сала болып шықты. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.

“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі.Мəн – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды.Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.

Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.