- •1‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •2. Тілдің шығуы туралы қазіргі және өткен кезең ойшылдарының, тілші-ғалымдардың пікірлерін салыстырып, ұстанған теорияларының мәнін айқындаңыз.
- •2 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 2 Тіл дыбыстарының психофизиологиялық аспектісі
- •§ 2 Тілдің актив және пассив лексикасы
- •4 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты
- •§ 2 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер
- •4 Лексикалық жүйедегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар.
- •5 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жқмыстар
- •Құбылмалы көл
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен құрамы
- •6 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Сөз формасы және сөзжасамдық модельдер
- •7 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Найман-Ана
- •Тіл біліміндегі функционалды грамматика мәселесі
- •8 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
- •Дүние жүзі тілдерінің генеологиялық жіктелімі
- •10 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Дене мүшелері атаулары
- •Дүние жүзі тілдерінің типологиялық жіктелімі
- •12 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Птицы-символы
- •Жазудың шығу тарихы, дамуы және теориясы
- •Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттың қалыптасу мен дамуы
- •Қазақ тіл білімінде қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Сөздіктер:
- •Глоссарий
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Пән бойынша орындалатын тест тапсырмалары
- •86. Ұғым дегеніміз –
- •87. Сема дегеніміз –
5 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жқмыстар
§ 1 Сөз, ұғым және мағына.
Кеңес және қазақ тілші-ғалымдарының сөз туралы анықтамаларын өзара салыстыра отырып, сөздің қандай белгілерін негіз етіп алғандығын айқындаңыз.
Сөз ‒ ұғым, мағына және дыбыстық жүйеден тұратын, ойдың сыртқы формасы (Потебня А.А. Из записок по русской грамматике. ‒М., 1958. Т.1. С.21). Сөз ‒ тілдің құрылымдық-семантикалық негізгі бірлігі, ол заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, болмыстағы қатынастарын атап білдіреді. Сөз құрылымы жағынан фонетикалық (сөздің дыбыстық көрінісі), морфологиялық (морфемалар жиынтығы), семантикалық (мағыналар жиынтығы) сипатта болып келеді (Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. ‒А., 2002. 292-б.).Сөз ‒ лексикалық және грамматикалық мағынаның бірлігінен тұратын тілдік единица, сөздің лексикалық мағынасында сол сөздің грамматикалық сипатын айқындайтын белгілер болады (Виноградов В.В. Русский язык (Грамматическое учение о слове). ‒М., 1972. С.18). Сөз ‒ зат, құбылыс, әрекет атауы ғана емес, сол заттың, құбылыстың, әрекеттің ұғымы, кейде мағынаның бүтін бір жүйесін құрайды (Виноградов В.В. Основные типы лексических значений слова // Вопр. Языкознания. ‒М., 1953. №5. С.4). Слова являются важнейшем средством для говорящего человека сформировать и закрепить звуковыми знаками добытое из действительности обобщенное знание предметов, явлений и т.д. (Булаховский Л.А. Введение в языкознание. ‒М., 1953. С.19).
Мы должны различать два образа: один, возникающий у нас при произнесении отдельного слова, и другой ‒ при произнесении того или иного словосочетания с этим словом. Весьма вероятно, что первый лишь отвлечение от бесчисленного количества вторых. ... Это «отвлечение» не есть плод научных размышлений, а живой психологический факт, и он может, даже вопреки действительности, представляться как первосущность, а конкретные образы слов в словосочетаниях как модификации этой первосущности (Пешковский А.М. В чем же, наконец, сушность формальной грамматики?// Избранные труды. ‒М., 1959. С. 93-94).
...Единство слова организуется прежде всего его лексико-семантическим стержнем, который является общим у всех его форм. С этой точки зрения безразлично, имеет ли слово одну, несколько форм или образует целую парадигму форм. ... Здесь предложено различать два понятия и два термина ‒ слово и лексема, т.е. лексическая единица языка, как система форм и функций, осознаваемая на фоне структуры языка в целом, или форма слово и слово (Виноградов В.В. О формах слова // Избранные труды: Исследования по русской грамматике. ‒М., 1975. С. 36-37).
Берілген сөздердің ішінен тек номинативті қызметке ие бірліктерді теріп жазыңыздар: дыбыс, ұйым, дүкен, табиғат, адамгершілік, ғана, тек, шалқасынан, етпетінен, кейін, қып-қызыл, қайратты, жалын, тазалау, сүрту, ойбай, аһ, уһ, деді, айтты, сөйлеу, он екі, отыз тоғыз, оқулық, мен, оған, бізбен, алды, жанында, артынан, мә-мә, моһ-моһ, шөре-шөре, мияулау, тырс, тарсылдау, теледидар, Жетіқарақшы, Ақсу, әуп-әуп, әупілдек, Жанар, «Мерседес», өйткені, себебі, мейлі, мен, жалғаулық, шылау, септеулік.
Берілген мәтін негізінде гүл, тұсау сөздерінің иеленетін қосымша мағыналарын (түсіндірмелі сөздікті пайдаланыңыз) айқындаңыз: Ауыл сыртында тұсауымен жайылған бес-алты ат бар (М.Әуезов). Қалың қар аяққа тұсау (Б.Момышұлы). Тұсаукесер рәсіміне қаланың зиялы қауымы мен бұқаралақы ақпарат құралдарының өкілдері, гүл өсіруші әуесқойлар мен мамандар, мектептің биология пәнінің мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Жас баланың тұсауын кесіп, қадамына көп болып қуану қазақтан басқа қай халықта бар? Жоғалтқаным толып жатыр, Тапқаным не, алғаным не. Ұқсап тұрмын жаны гүл, Жайдары бір ұланға. Толып жатыр мендей ақын, Келе жатқан жаңа гүлдеп. Көзім – қорқақ, қолым батыр, Өкпем менің бар ма гүлге (Т.Молдағалиев). Сабағынан үзілген гүлдей солып бара жатқан ой дүниесі бөлініп шығып, ақтық рет өз қиясын шарлап, ең аяулысымен қимай қоштасады (Т.Ахтанов). Үзілген қызғалдақтай өңі солған, Қабырғаң көрсең аяп қайысқандай (С.Сейфуллин).
Берілген жағдаят негізінде ауыс мағынаның жасалу тәсілін анықтаңыздар: аяқ (адам) ‒ аяқ (ауыл), құлақ (адам) ‒ құлақ (домбыра), сүйек (адам) ‒ сүйек (намыс), гүл (өсімдік) ‒ гүл (сұлулық), ит (жануар) ‒ ит (адам мінезі), ақ (түс) ‒ ақ (сүт өнімдері), қызыл (түс) ‒ қызыл (әскер), серебро (металл) ‒ серебро (посуда), яблоко (плод) ‒ яблоко (глазное), рог (коровы) ‒ рог (охотничий), молодой (человек) ‒ молодой (задор), круг (окружность) ‒ круг (друзей) ‒ круг (спасательный), head (голова) ‒ head (нос судна), fork (вилка) ‒ fork (вилы), record (запись) ‒ record (граммафонная пластинка), foot (ступня, нога) ‒ foot (пехота) ‒ foot (подножка, стойка), paper (бумага) ‒ paper (газета), cereal (хлебные злаки) ‒ cereal (каша), frame (рама) ‒ frame (кадр).
«От» сөзіне берілген сөздік-мақала негізінде контекстік қосымша семаларын айқындаңыздар.
1 Қызуы аса күшті алаулаған жалын. Ошақтағы от жалындай жанды.
2 Күш-қуат, қажыр-қайрат, жігер (ауыс). Жүрегінде оты бар ер жігіттер, Осы жауға аттанып кетпек болды.
◊ От көзді ‒ жанары өткір, айбатты. От кешіп, мұз төсенді ‒ өмірдің ащы-тұщысын көп көрді. Отқа салса жанбайды, суға салса батпайды ‒ жаны сірі, мықты. Отқа май құйды ‒ дау-дамайды өршітті. Отқа салды ‒ азап тартқызды, қинады. Отқа табынды ‒ отты пір тұтып, соған сыйынды. Отымен кіріп, күлімен шықты ‒ есікте жүрді, күң болды. Отымның алды, суымның тұнығы ‒ тұңғыш, ең алғашқы бала, келін. Оты өшпеді ‒ шаңырағы иесіз қалмады, аты ұмытылмады. Отпен ойнады ‒ пәлеге ұрынды. Отқа түсті ‒ біреу үшін жанын пида етті. От жүрек ‒ ешнәрседен қорықпайтын батыл, қайсар. От ала келгендей ‒ өте асығыс жүрген адамға айтылады. От алғалы тұр ‒ бәле іздеуге, бүлдіруге дайын тұр. От алып ораққа түсті ‒ ештеңеден тайынбады. От ауызды, орақ тісті ‒ өткір тілді, ділмар, шешен (ҚТС, ).
Маған амандаса келген ауыл адамдары қашан қазан оттан түсірілмейінше түкіріктерін жұтынып, төр алдында жарбиып, отырып алатұғын әдеттері. Қызыл оттың ішінен шыбын жанын шүберекке түйіп аман алып шыққан нағыз бақыттыдай көреді. Термометр айналайын денем от екенін көздеріне шұқып, көрсетіп берді. Кішірек қоңыр көздерінде жалтылдаған от бар. Сыртта от жағып, отын жарып, қызмет қылып жүргендердің біреуі сол (Б.Соқпақбаев).
Берілген мәтін негізінде бір лексика-семантикалық топқа жататын сөздерді көшіріп жазып, олардың арасындағы парадигмамалық қатынасты айқындаңыздар.
