- •1‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •2. Тілдің шығуы туралы қазіргі және өткен кезең ойшылдарының, тілші-ғалымдардың пікірлерін салыстырып, ұстанған теорияларының мәнін айқындаңыз.
- •2 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 2 Тіл дыбыстарының психофизиологиялық аспектісі
- •§ 2 Тілдің актив және пассив лексикасы
- •4 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты
- •§ 2 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер
- •4 Лексикалық жүйедегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар.
- •5 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жқмыстар
- •Құбылмалы көл
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен құрамы
- •6 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Сөз формасы және сөзжасамдық модельдер
- •7 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Найман-Ана
- •Тіл біліміндегі функционалды грамматика мәселесі
- •8 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
- •Дүние жүзі тілдерінің генеологиялық жіктелімі
- •10 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Дене мүшелері атаулары
- •Дүние жүзі тілдерінің типологиялық жіктелімі
- •12 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Птицы-символы
- •Жазудың шығу тарихы, дамуы және теориясы
- •Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттың қалыптасу мен дамуы
- •Қазақ тіл білімінде қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Сөздіктер:
- •Глоссарий
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Пән бойынша орындалатын тест тапсырмалары
- •86. Ұғым дегеніміз –
- •87. Сема дегеніміз –
Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Қазіргі заманғы оқытудың негізі студенттің танымдық іс-әрекеттің әдістерін белсенді игеруі, жеке, тұлға білім берудің мәнін терең түсінуі және өздік дамуды қамтамасыз ететіндей болуы керек. Сондықтан білім беру үдерісінде түрлі оқыту технологиялары қолданылып жатыр.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-технологиялық бағыттағы ой-тұжырымдамалары төмендегідей сипатталады:
- есте сақтауға негізделген білім, яғни осы кезеңге дейін меңгерілген тілдік білімді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын танымдық оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық жүйесіне көшу.
Конспект ‒ белгілі бір мәселе жайлы қысқаша жазылған жазбаша мәтін. Конспект ‒ тақырыптың қысқаша мазмұны. Ол қысқаша формада жазылғанымен, онда тек негізгі ақпарттар ғана қамтылады. Өйткені конспект көлемі түпнұсқадан үш есе аз болуы керек деп саналады.
Конспект жазу ‒ белгілі бір ақпараттың ұзақ уақыт бойы жадта сақталуына негізделеді. Студенттер білім алу үшін оқиды, алған білімді санада ұзақ уақыт бойы сақтау үшін қабылданған тілдік білімді, ғылыми мазмұнды түсінулері, меңгерулері қажет, конспект сол тұрғыдан студенттерге көмектеседі. Сондай-ақ, конспект жазу ‒ аралық бақылау немесе емтихан тапсырудың дайындық формасы. Жазылған конспект бойынша сабақта өтілген материалдарды қайталау жеңілдейді. Өйткені конспект мазмұны термин сөздер, тірек сөздер, негізгі принциптер мен ережелерді, тілдік нормаларды қамтиды. Студент конспект бойынша емтиханға, аралық бақылауға дайындалу үстінде оның жадындағы ақпараттар актуалдана түседі.
Конспект жазу негізінде емтихан материалдарына дайындалу біршама жеңілдей түседі. Егер студент конспектіні өзі жазып, берілген ақпараттармен танысқан болса, лингвистикалық және ғылыми әдебиеттердегі негізгі ақпаратты көмекші материалдардан ажыратып қарай алады.
Конспект түрлері:
‒ Жоспарлы конспект ‒ белгілі бір ғылыми мәселені қарастыруда негізгі мәселелері қамтылған жоспар негізінде жазылады.
‒ Мәтіндік конспект ‒ мұндай конспект түрі дереккөздерден алынатын ғылыми үзінділер мен пікірлерге сүйенеді.
‒ Тақырыптық конспект ‒ белгілі бір ғылыми мәселелердің басын ашуда бірнеше дереккөздерге сүйенеді. Мұндай конспект түрін жүргізу қиын жұмыстардың бірінен саналады.
‒ Еркін конспект ‒ мұндай конспект түрі жоғарыда берілген түрлі конспектілердің өзара үйлесімділігіне құрылады.
Конспектілеу техникасы. Конспектіні жылдам жазуға (оқытушының айтқандарын жазуға үлгеру) төмендегідей тәсілдер көмектеседі:
- қысқарту жүйесі;
- басты мәселені айқындап алу;
- каллиграфиялық жазудан бас тарту;
- ақпаратты схема, таблица немесе кесте түрінде беру.
Реферат (лат. refere ‒ хабарлау, айту) ‒ бір немесе бірнеше дереккөздерден алынған белгілі бір тақырып жөнінде хабарлау. Реферат ғылыми мақалалар мен ғылыми әдебиеттердің мазмұнын сипаттау болып табылады. Жалпы рефераттың бірнеше түрлері көрсетіелді: реферат-конспект; реферат-резюме; реферат-шолу, реферат-баяндама.
Реферат-конспект ‒ белгілі бір тақырып жөнінде жалпы ғылыми ақпаратты құрайды, онда иллюстрациялық материалдар, зерттеу әдіс-тәсілдері, зерттеу нәтижелері және олардың практикалық қолданысы туралы жалпы ақпараттан тұрады.
Реферат-резюме ‒ берілген тақырыптың тек негізгі тұжырымдарын құрайды.
Реферат-шолу ‒ берілген мәселе бойынша бірнеше дереккөздерге сүйене отырып, ондағы түрлі ғылыми көзқарастар өзара салыстырылады.
Реферат-баяндама ‒ берілген ғылыми ақпараттың шынайылығы, оның шешімі бар екендігі, түпнұсқа мәліметтермен өзара салыстырылған, кеңейтілген сипатқа ие.
Реферат құрылымы:
Кіріспе бөлімде осы тақырыптың таңдалуы, автор туралы мәліметтер, таңдалған тақырыптың негізгі проблемалары айқындалады.
Негізгі бөлім мәтін мазмұны, тезис түрінде негізгі тілдік фактілер мен ғылыми тұжырымдамалардан тұрады.
Қорытынды бөлімде зерттелген мәселе жөнінде қол жеткізген нәтижелер мен тұжырымдамалар беріледі.
Рефераттың өзіне тән белгілері:
- реферат мазмұны толығымен баяндалатын дерекккөздің мазмұнына тікелей байланысты;
- негізгі ақпарат ықшамдалмай және субьективті бағасыз нақты мазмұндаудан тұрады;
- тұрақты құрылымға ие.
Жұмыстың ғылыми және практикалық мазмұнына сәйкес пікір (рецензия) беріледі. Пікір мынадай факторларды негізге ала отырып бағаланады:
Қарастырылған тақырып жөнінде автордың эрудициясы, жұмыс авторының зерттеліп жатқан мәселенің өзектілігімен таныстығы, дереккөздермен толық таныстығы, қалыптасқан ғылыми фактілер мен зерттеу нәтижелерін зерттеу жұмысында қолдану дәрежесі.
Автордың ұсынылған білім бағдаламаларынан өзге қосымша ақпараттарды қолдануымен таныстығы, берілген тақырыптыңы жаңашылдығы, берілген ғылыми тақырыпты меңгеру деңгейі.
Автор сауаттылығы, берілген материалдардың өзара логикалық жүйелілікке құрылуы, стандартты талаптарға сай келуі, жұмыстың безендірілуі.
Ескерту: плагиат мәселесі.
Реферат көбінесе студенттердің алған білімдерін қаншалықты дәрежеде меңгергендігінің, қорытындылаудың формасы есебінде алынады. Қазіргі уақытты интернет-ресуртардың дамуы түрлі ғылым салалары бойынша дайын рефераттың таралуына жол ашып отыр. Кейбір ресурстар дайын рефератты сатып алуға немесе тегін жүктеп алуды ұсынуда. Бұл білім сапасының төмендеуіне әкеледі.
Презентация (лат. praesento) ‒ жаңадан қалыптасқан, туындаған қандай да бір жаңа нәрсені қоғамға ұсыну. Презентация (ақпаратты ұсыну тәсілі) ‒ қажетті ақпаратты қабылдаушы жаққа ұтымды түрде жеткізуші ақпараттық құрал.
Мультимедиялық презентация ‒ слайдтар жиынтығы (слайд-шоу), презентацияның мәтіндік мазмұны, баяндамашының нұсқаулықтары, бір файлда сақталған, аудиторияға таратуға арналған материалдар.
Презентация мәтіннің өзара үйлесімділігінен, гипермәтіндік сілтемелерден, компьютерлік анимациялардан, графикалар жиынтығынан, видео, музыкалық және дыбыстық сүйемелдеуден тұрады. Дегенмен презентация материалдарының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес бұлардың барлығының бір жерде болуы міндетті емес. Сонымен қатар, ақпараттың жақсы қабылдануы үшін презентация белгілі бір сюжет, сценарий және құрылымнан тұрады.
Презентацияның ең басты ерекшелігі ретінде оның интерактивті сипатын айтуға болады, бұл қолданушының презентацияны басқару элементі (дистанционды басқару) арқылы қай жерде болса да қолдануға болады деген сөз.
Мультимедиялық презентациялаудың конструкторлары: OpenOffice.org Impress; KPresenter; Stages (бағдарлама); Keynote; SoftMaker Presentations; Multimedia Builder; ProPresenter.
Тезис (грек. θέσις ‒ қалыптастыру, бекіту) ‒ негізгі ой-пікірдің қысқаша түрде берілген сипаттамасы. Тезистер ‒ ғылыми еңбектің, ғылыми мақаланың немесе дипломдық, курстық жұмыстардың негізгі ой-тұжырымдарының қысқаша нұсқасы. Тезис зерттелетін мәселенің кіріспе бөлімінен, сол мәселенің тезистік мазмұны мен тезистік қорытындысынан тұрады.
