Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
59942975-1.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
408 Кб
Скачать
☆

2 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар

§ 1 Тіл – адамзат баласының тілдік қарым-қатынас жасау құралы

Тілші-ғалымдардың тілдің мәні туралы айтқан ғылыми пікірлері мен тұжырымдамаларына талдау жасаңыз.

Қоғам жоқ жерде тіл де өмір сүре алмайды, адамзат қоғамы да тілсіз өмір сүре алмайды. Тіл ассоциациялар жүйесін түзетіндіктен, бір адамнан екінші адамға берілмейді. Тіл ‒ әрекет, оның ішінде, сөйлеу әрекеті. Әрбір бала сөйлеуді үйрене отырып, қоршаған орта меңгерген зат, нәрсе, құбылыс, әрекет және оны қабылдау арасындағы өзіндік ассоциациялар жүйесін түзуі тиіс. Ол дайын тұрған артикуляцияны пайдаланбайды, ол естіген нәрсені дыбыстауға үйренеді; даяр тұрған грамматикалық парадигмалар жүйесін қолданбайды: ол әрбір сөз формасын айналасынан естіген үлгіге сәйкестендіреді, мен оқимын ‒ сен оқисың, біз жүреміз дегенді үнемі естіп жүрген бала сендер жүресіңдер сияқты тиісті сөз формасын керек кезде қолдана алады. Өзге сөз формалары да дәл осылай меңгеріледі (Мейе А. Введение в сравнительное изучение индоевропейских языков. ‒М., 1938. С. 58).

Адамзат баласына тән интеллектуалды әрекеттің жемісі саналатын сөйлеу әрекеті мен тілдік жүйе белгілі бір масат үшін қолданылады. Қатынас құралы қызметін атқаратын сөйлеу әрекетіне жүргізілген талдаулар негізінде кез келген сөйлеуші адамның мақсаты ‒ өз ойын жеткізу. Сол себепті, лингвистикалық анализге функционалды көзқарас тұрғысынан қарау керек. Функционалды сипат тұрғысынан алғанда, тіл ‒ қандай да бір мақсат үшін қызмет ететін тілдік бірліктер жүйесі. Тілдегі бірде-бір құбылысты жүйе ұғымынсыз қарастыру мүмкін емес (Тезисы Пражского лингвистического кружка. Пражский лингвистический кружок // Сборник статей. ‒М., 1967. С.17).

Все, что напряженными усилиями многих ученых выяснено по вопросу о происхождении языка, убеждает в том, что язык возник как средство общения людей между собою; это общение имело целью сообщение говорящим не названий отдельных представлений, а тех или иных сочетаний представлений, соответствующих душевным его переживаниям, обнаруживающих акты его мышления. Следовательно, словесный знак получили сначала те отдельные восприятия, ощущения, чувство, хотения, а также сочетания соответствующих им представлений, которые возникали в душе говорящего для обнаружения его воли, для утверждения или отрицания чего-либо; и лишь позже, путем расчленения этих словесных знаков, простых или сложных сочетаний, получались слова, означающие отдельные представления (Шахматов А.А. Синтаксис русского языка. 2–изд. ‒Л.,1941. С. 17).

Тіл ̶ қоғамдық құбылыс, сондықтан әлеуметтік сипатқа ие. Дегенмен, тілде жергілікті сөйленістер және тілдің қолданысы мен дамуына әсер ететін әлеуметтік топтар бар. Осы тұжырымдардың тілші-ғалымдардың еңбектерінде қалай сипатталатындығын айқындаңыз.

Ана тіліне кірме сөздердің енуі қажеттіліктен туған дүние екені белгілі. Сондықтан кез келген тіл, ең алдымен, сол тілге енген жаңа ұғымға сәйкес келетін таңбаны, яғни сөзді қабылдайды. Мазмұны мен оның дыбыстық бейнесі бір мезгілде, бір дереккөзден алынады. Шет тілінен енетін кірме сөздер қатарына, әсіресе, географиялық атаулар, кісі есімдері және сол елден тасымалданатын тауар атауларын жатқызуға болады. Егер бұл тауарлар негізінен табиғи дайын өнімдер болса, онда оның атауы да өркениетті, мәдениетті халықтың тілдік жүйесіне енеді. Сондай-ақ, дайын өнімдерді тасымалдау, сол өніммен бірге оның атауын қабылдау өндіруші халықтың өркениетті, мәдени-саяси өмірінің жоғары жетістіктігін танытады. Дегенмен, бұл пікір, бір жақты сипатқа ие. Бұл, әсіресе, техникалық, ғылыми, мәдени ұғымдарға байланысты, олардың өзге тілдер жүйесіне енуі, сол халықтың мәдени-саяси және әлеуметтік-тұрмыс жағдайының жоғары, өркениетті ел екендігін танытады.

Өзге тілден сөз қабылдау процесі шет тілі мен оның мәдениетін өз ана тілінен, өз халқының мәдениетінен жоғары бағалауда жатыр, соның негізінде, сөйлеу тіліндегі өзге тілді сөздер мен оралымдардың қолданылуы жоғары мәдениеттіліктің белгісі ретінде саналады (Пауль Г. Принципы истории языка. ‒М., 1960. С. 462).

Ешбір қоғамдық құбылыс дербес, дара қалпында өмір сүре алмайды. Жазу ‒ мәдени табыс. Жазба тіл ‒ жазба тілге тән сөз қолдану ерекшеліктері негізінде жазу дәстүрі қалыптасқан тіл (Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің сөздігі. ‒А., 2005. -120 б.).

Тіл ‒ таңбалар жүйесі, тілдің таңбалық сипатын мылқауларға арналған Морзе әліппесімен, әскери сигналдармен, символдық таңбалармен салыстыруға болады, дегенмен тілдік таңбалар осы таңбалар жүйесіндегі ең маңыздысы саналады (Соссюр Ф. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. ‒М., 1977. С. 54).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]