- •1‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •2. Тілдің шығуы туралы қазіргі және өткен кезең ойшылдарының, тілші-ғалымдардың пікірлерін салыстырып, ұстанған теорияларының мәнін айқындаңыз.
- •2 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 2 Тіл дыбыстарының психофизиологиялық аспектісі
- •§ 2 Тілдің актив және пассив лексикасы
- •4 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты
- •§ 2 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер
- •4 Лексикалық жүйедегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар.
- •5 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жқмыстар
- •Құбылмалы көл
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен құрамы
- •6 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Сөз формасы және сөзжасамдық модельдер
- •7 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Найман-Ана
- •Тіл біліміндегі функционалды грамматика мәселесі
- •8 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
- •Дүние жүзі тілдерінің генеологиялық жіктелімі
- •10 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Дене мүшелері атаулары
- •Дүние жүзі тілдерінің типологиялық жіктелімі
- •12 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Птицы-символы
- •Жазудың шығу тарихы, дамуы және теориясы
- •Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттың қалыптасу мен дамуы
- •Қазақ тіл білімінде қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Сөздіктер:
- •Глоссарий
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Пән бойынша орындалатын тест тапсырмалары
- •86. Ұғым дегеніміз –
- •87. Сема дегеніміз –
86. Ұғым дегеніміз –
А) зат, құбылыс және іс-әрекеттердің жалпы қасиеттерін санада бейнелендіретін психикалық процесс.
В) санадағы ұғымның сөздік қабыққа бекітілген бөлегі;
С) зат, құбылыс және іс-әрекеттердің жалпы және мәнді белгілерінің адам санасында бейнеленуі;
D) сөздің лексика-семантикалық түсінігі;
Е) лексикалық мағынамен жарыса қолданылатын дерексізденген мағына.
87. Сема дегеніміз –
А) зат туралы абстрактілі ұғымды білдіретін мағынасы;
В) лексикалық мағынамен жарыса қолданылатын дерексізденген мағына.
С) зат, құбылыс, іс-әрекет және оның белгілерінің бейнесімен байланысты мағына; D) сөздің ары қарай бөлшектеуге келетін ең кіші мағыналы бөлшегі;
Е) сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналы бөлшегі.
88. Сөз –
А) форма мен мазмұн бірлігінен тұратын тілдік единица;
В) формалық бірліктерден құралатын тілдік единица;
С) мазмұндық бірліктерден құралатын тілдік единица;
D) лексика-семантикалық құрылымынан тұратын тілдік единица;
Е) лексика-грамматикалық құрылымынан тұратын тілдік единица.
89. Денотаттық мағына –
А) сөздің бағалауыштық мағынасы;
В) сөздің эмоционалды-экспрессивті мағынасы; С) сөздің затпен, құбылыспен байланысып жататын мағынасы; D) зат туралы абстрактілі ұғымды білдіретін мағынасы;
Е) сөздің лексика-грамматикалық мағынасы.
90. Сөздің сигнификативтік мағынасы –
А) сөздің бағалауыштық мағынасы;
В) сөздің эмоционалды-экспрессивті мағынасы; С) сөздің затпен, құбылыспен байланысып жататын мағынасы; D) зат туралы абстрактілі ұғымды білдіретін мағынасы;
Е) сөздің лексика-грамматикалық мағынасы.
91. Үндіеуропалық және германдық шуыл дыбыстардың 1818 ж. Р.Раск ашқан, 1822 жылы Я.Гримм жүйеге келтірген тұрақты сәйкестігі –
А) Гримм заңы;
В) Уорф-Сепир теориясы.
92. Бұл теория бойынша, тіл адамның табиғи дыбыстық белгілеріне еліктеуінен туған –
А) еңбек айқайы теориясы; В) одағай теориясы; С) дыбысқа еліктеу теориясы; D) коммуникативтік теория;
Е) эмоционалды-экспрессивті теория.
93. Белгілі бір қоғамдық салада табиғи тілдерді қолдану тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда жұмсалатын, қолдан жасалған ұлтаралық, халықаралық қатынас құралы –
А) табиғи тілдер; В) жасанды тілдер;
С) халықтық тіл;
D) мемлекеттік тіл;
Е) тайпа тілі.
94. Тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі –
А)руна жазуы; В) пиктографиялық жазу; С)Египет жазуы; D) дыбыстық жазу;
Е) буын жазуы.
95. Шығу тегі бір, туыс тілдерді зерттеумен шұғылданатын тіл білімінің саласы –
А) әлеуметтік тіл білімі; В) сипаттамалы тіл білімі; С) структуралды тіл білімі; D) салғастырмалы тіл білімі;
Е) салыстырмалы-тарихи тіл білімі.
96. Екі түбірді жалғастырушы аффикс
А) конфикс; В) инфикс; С) интерфикс; D) постфикс;
Е) префикс.
97. Екпінге қатысты дыбыстық процесс нәтижесінде сөз соңындағы дыбыстың не буынның түсіп қалуы
А) ассимиляция; В) диссимиляция; С) апокопа; D) синкопа;
Е) аферезис.
98. Белгілі қасиеттеріне қарай шындық құбылысты білдіретін сөздің басқа бір құбылысқа атау болуынан туатын мағына –
А) тура мағына; В) ауыс мағына; С) метафоралық мағына; D) метонимиялық мағына;
Е) синтагмалық мағына.
99. Алдыңғы сөздің соңғы дыбысының әсерімен келесі сөздің басындағы дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Элизияға қарама-қарсы құбылыс.
А) протеза; В) метатеза; С) анлаут; D) аферезис;
Е) элизия;
100. Түбірге жалғанып грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі –
А) морф; В) негіз морфема; С) түбір морфема; D) морфема;
Е) аффикс;
