- •1‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •2. Тілдің шығуы туралы қазіргі және өткен кезең ойшылдарының, тілші-ғалымдардың пікірлерін салыстырып, ұстанған теорияларының мәнін айқындаңыз.
- •2 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 2 Тіл дыбыстарының психофизиологиялық аспектісі
- •§ 2 Тілдің актив және пассив лексикасы
- •4 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Тіл дыбыстарының акустика-артикуляциялық сипаты
- •§ 2 Сөйлеу тіліндегі фонетикалық процестер
- •4 Лексикалық жүйедегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар.
- •5 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жқмыстар
- •Құбылмалы көл
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен құрамы
- •6 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •§ 1 Сөз формасы және сөзжасамдық модельдер
- •7 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Найман-Ана
- •Тіл біліміндегі функционалды грамматика мәселесі
- •8 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
- •Дүние жүзі тілдерінің генеологиялық жіктелімі
- •10 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Дене мүшелері атаулары
- •Дүние жүзі тілдерінің типологиялық жіктелімі
- •12 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
- •Птицы-символы
- •Жазудың шығу тарихы, дамуы және теориясы
- •Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоөзекті бағыттың қалыптасу мен дамуы
- •Қазақ тіл білімінде қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Сөздіктер:
- •Глоссарий
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Пән бойынша орындалатын тест тапсырмалары
- •86. Ұғым дегеніміз –
- •87. Сема дегеніміз –
7 ‒ Дәріс бойынша орындалатын зертханалық жұмыстар
Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, өз таңдауыңыз бойынша жеті етістікке семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша талдау жасаңыз.
Аспан әлемі маған бас көтермей оқи беруге болатын ғажайып қызық кітаптай боп көрінуші еді. Сол кітапты оқып жатып, Арман ауылына саяхат жасам кетемін. Сонау қиял жетпес жұлдыздарға да талай мәрте барып қайттым.
Мен сан қилы қиялға беріліп жатырмын. Қазір жұрттың бәрі қалың ұйқыда. Адамның күні ертең істейтін жұмысы да, алдағы мақсаты да, көңіліне ұялаған арманы да сұмдық көп қой. Әйтсе де, адамдар соның бәрін ұмытып, тәтті ұйқыға беріледі.
Таң қылаң бере бастады ма, аспандағы бұлт ыдыраңқырады ма, әйтеуір, түні бойы қап-қара боп тұрған терезе жақ бозамықтануға айналды. Иә, әлемге тағы бір жаңа Күн шығып келе жатса керек. Өмірде күн сайын соны көруден артық қуаныш жоқ. Жұрттың бәрі одан тек шапағат күтеді. Әрбір таң арай шашып атқан сәтте біреулерге қуаныш сыйласа, енді біреулерге реніш ала келуі де ықтимал (Келімбетов Н. Жарлы емеспін, зарлымын).
Берілген орыс және қазақ мәтіндерін негізге ала отырып, екі мәтіндегі грамматикалық және лексика-грамматикалық мағыналардың жасалуындағы аналитикалық және синтетикалық тәсілдерге талдау жүргізіңіз.
Мать
И потянулись для Найман-аны пустые дни на опустевшей земле. Она понимала, что на войне люди гибнут, но мысли о том, что сын остался брошенным на поле брани, что тело его не предано земле, не давали ей мира и покоя. Терзалась мать горькими, неиссякающими думами. И некому было их высказывать, чтобы облегчить горе, и не кому было обратиться, кроме как самому Богу.
Конца не было сомнениям. И когда заезжие купцы обмолвились за чаепитием о молодом манкурте, повстречавшемся им в сарозеках, не подозревали они, что тем самым бросили искорку в изболевшую душу Найман-аны. Сердце ее захолонуло в тревожном предчувствии. Мать поняла, что не успокоится, пока, разыскав и увидев того манкурта, не убедится, что это не сын ее. (Ч.Айтматов).
Найман-Ана
Найман-ана тұла бойын билеп алған үрейді, қолының дірілін білдірмеуге тырысып, кеудесіндегі шар еткен жаралы құстың үнін өшіргендей болып, тек бурыл басынан көптен бері түспей келе жатқан қаралы жаулықпен бетін бүркемелей берді.
Сол бір ұйқысыз өткен түнде Найман-Ана Сарыөзекке барып, әлгі мәңгүрт түйешіні іздеп тауып, өз баласы емес екеніне көзі жеткенше жаны жай таппайтынын ұқты. Ұлының соғыс даласында мерт болғанына бұрыннан да ана жүрегі түскір бір түрлі шүбәлана беретін сияқты еді, сол біл зілмәуір зымиян күдік көкейінен қайта көтерілген... Соңырасыз сол күдікпен жүрегі мәңгі сыздап, ұдайы үрей меңдеп жүргенше, өлі-тірісіне біржолата көз жеткізіп қайту керек болды. (Ш. Айтматов).
Берілген мәтін негізінде сөз формаларына формалық және семантикалық тұрғыдан талдау жасаңыз.
Осы жұмыр жер бетінде тек Қарекеңнің ғана баласы осылайша ерекше жаратылған ба, әлде, барлық әке мен баланың арасында болмай қоймайтын заңды алшақтық па, Ерғабыл даладан келгенде кәрі адамның жанын жадыратып, айызы мен мейірін қандырып, ашық-жарқын бір сөйлемейді. Сұрақ қойса ғана қысқаша жауап береді де, өз бетінше бір нәрсемен айналысып тұрғаны, тіпті ештеңе таба алмаса адам түсініп болмайтын қайдағы бір жоқ өлеңді ыңылдап айтып отырады. Мұндағы ата-аналар өзінен жарқын бір сөз естуге ынтық болып, онсыз өткен екі-үш күндері жылға теңеліп кеткенін, ай тентек-ай, бір түсінсейші, ой жіберсейші соған бір. Осындай кездерде Қарекең жарыла жаздайды. Ақыры шыдай алмай: "Ау, айтсаңшы күмілжімей, қайда болдың, не іс істедің? Біз бөтенбіз бе осы саған. Үйде бармыз ба, жоқпыз ба, онымен ісің болмайды ғой жүдә-а. Құдай біледі, кіріп келгенде біз өліп жатсақ «о, өліп қапты ғой мына байғұстар» дейсің де қоярсың. Ұнжырғасы түседі де жүреді», ˗ деп ұрысып кеп алады баяғы. Бірақ, Ерғабыл: «Не айтамын. Тоқтарбектің үйінде болдым. Жатып кет, жатып кет деп жалынған соң бір-екі күн түнедім...» ˗ деп сөзінің соңын жұтып қояды. Ата-ана ашу атаулыны біржолата ұмытып, ұлын жас баладай қарсы алып шешіндіреді, жуындырады. Тамақ береді. Ерғабыл осы кісілердің көңілі қалмасын дей ме, алдына қойған тамақтан аз ғана ауыз тиіп жататын бөлмесіне кіріп кетеді. Екі күні екі жыл боп күткен ата-ана жүрегіндегі сағыныш бәсеңсуі былай тұрсын, баласына көз тоқтатып қарай да алмай өкініп қала береді. Қоңыр күз келіп, жауын-шашынды сіліңгір күн басталды. Ерғабыл жерге көң себетін жұмысшылардың бригадирі болып бекіді. Соңғы кезде ол жұмыстан келген соң бұрынғыдай тасыр-тұсыр ете бермей жақсылап жуынып, шашын майлап, галстугін тағып, мотоциклімен күнде бір жаққа ғайып болады.
Дәріс 8
