- •Курстық жұмыс Тақырыбы: « Қуаттылығы аусымына 34 тонна сүт өндіретін цехтың жобасы »
- •Алматы, 2015
- •Шикізатты қабылдау, дайындау және сапасын бағалау
- •Сүтті сепарирлеу
- •Сүтті гомогендеу
- •Сүтті пастерлеу
- •Сақтау және тасымалдау
- •2.1 Пастерленген сүтті өндірудің технологиялық схемасы мына операциялардан тұрады:
- •Стерилденген сүт
- •Айран технологиясы
- •Қаймақ технологиясы.
- •Сүзбе өндірісінің жалпы технологиясы.
- •Йогурт өнімдерін өндірудің технологиялық үрдісі
- •Сүт өндірісіндегі қондырғылар
- •Сүзбе өндірісіндегі қондырғылар
- •1 Сурет - вк-2,5 ашытқыш ваннасы
- •2 Сурет - вс-2,5 престегіш ваннасы
Сүт өндірісіндегі қондырғылар
Сүт құрамындағы адам организміне қажетті барлық минералды заттардың дұрыс сақталуы үшін, сүт сауылатын сауын аппараттары, сауын қондырғылары, сүт тасу және тиеу қондырғылары, яғни сүтпен жанасатын ыдыстарды сүтпен жанасу кезінде оның ашуына жол бермейтін материалдан жасайды.
РМГЦ-6 танкі аз уақыт шамасында сүт сақтау үшін пайдаланылатын алюминнен жасалынған қондырғы. Қондырғыда жылуды ішке қарай өткізбейтін сырт жағы құрыштан жасалынып қапталынған қорғағышы бар. Араластырғыш, сырттағы температураны көрсетіп тұратын құрал, термометр, жуғыш қондырғы, люк және жарықтандырғыш тұратын қондырғы бар. Көрсеткіш әйнек пен жарықтандырып тұратын қондырғысы түбінде және сүт ағызатын кран 2º-тық бұрышта еңіс етіліп төменгі жағына қарай орналасқан. Сүтті сақтау уақыты 5-6 сағатқа дейін және елімізде сыйымдылығы 5600 литрлік МАЗ автомобиліне жегілетін АЦПТ-56 цистернасы және АЦПТ-53 цистернасы мен АЦПТ 2,8-130 цистерналары да автомобильдерге жегілінеді және кең тараған. Цистерналардың сырты жылы температураны ішке жібермейтін материалдармен қапталынған. Сүтті 10 сағатқа дейін қалыпты температурада (1,5...2º) ұстап, сақтай алады. Елімізде аз уақытта сақталынатын мұздатқыш камералары бар, ашық РПО-1,6 және РПО-2,5, ТО-2-2м³ резервуары мен ТОВ-1-1м³ тік резервуарлары көп пайдаланылады.
Сүтті салқындатып сақтау үшін әртүрлі салқындатқыш танкілер пайдаланылады. Соның ішінде жасанды суықтық құрау арқылы сүтті салқындатқыш МХУ-8 қондырғысы көп тараған. Ол электр қозғалтқышқа қосылған компрессордан, СКВ-60 желдеткіш конденсатордан, ресиверден, ОФФ-10М - кептіргіш фильтрден, ТФ-4-2,5 - жылу алмастырғышынан, ИПП-12 буландырғыштан және басқару автоматты аспаптарынан тұрады. Суытқыш жүйе - фреон-12, айналып тұрған буландырғышқа (суықтық аккумуляторы) суық су жіберіледі де, ол суықтық жылу алмастырғыш арқылы сүтке беріліп, сүттегі жылу температурасын өзіне тартып, қызады да буландырғышқа қайта оралады. Судың салқындауынан фреон кайнап буланады да, ол буды компрессор өзіне сорып алады. Компреccoрдaғы сығылған фреон буы (70...30°С дейін көтеріледі) конденсаторға беріледі. Ол жерде ауамен, жанасу арқасында фреон салқындатқыш конденсаторда сұйықтыққа айналады.
1-компрессор; 2-конденсатор; З-ресивер; 4-жылу алмастырғыш; 5-кептіргіш фильтр;
6-көрсету қондырғысы; 7-вентиль; 8-буландырғыш; 9-қысым peлеci
МХУ-8 фреонды салқындатқыш қондырғысы
Сұйық фреон ресивер (3), кептіргіш-фильтр (5) және жылу алмастырғыш (4) арқылы өтеді. Сұйық фреонға қарама-қарсы түтік арқылы (4) фреонның суық буы буландырғыш (8) арқылы біp-бipіне қарама-қарсы фреонның араласуынан фреон салқындатылады да, бу ысиды. Жылу алмастырғыштағы сұйық фреон реттегіш термовентилі (7) арқылы өтіп, ол жерде фреон буланады. Термовентиль буландырғышта фреонның булану npoцeci жүріп қайталанып тұруы үшін арнайы жасалынған. Сонда салқындатқыш қондырғыдағы фреон жабық система арқылы қозғалады. Яғни судағы жылулықты тартып алып, aya кеңістігіне жібереді. Жасанды суық құрау арқылы салқындатылған сүт ұзақ мерзімге дейін сақталынады.
Қышқыл сүт сусындарын өндіру аппараттары ішінен ең көп тарағаны ЯІ-ОСВ типтес аппараттар.
Я1-ОСВ аппараты : корпустан, жетек, жуатын құрылғы, люк қакпағы, жоғары және төменгі деңгей сезгілерінен, сынама сұрыптау шүмегі, кедергі термометрі және реттелетін тіреуіштерден тұрады. Корпус - түбі және кақпағы бар ирек түтік түріндегі жылу алмастыру жейдесі және жылу мен ызғар кіргізетін өңеші бар тік цилиндр ыдыс. Ол фенолформальдегидтік пенопластпен ыстық оқшауланған және жұқа каңылтырмен қапталған. Түбіне реттелетін тіреулер жапсырылған.
1-әйнек термометр; 2-кедергі термометрі; 3- сынама шүмегі; 4-жетек; 5-жуғыш құрығы; 6-қақпақ; 7-суық тасығыш кірісі; 8-бұлғауыш; 9-жылуоқшаулағыш; 10-корпус; 11- түп; 12- суык тасығыш шынысы; 13- төменгі деңгей сезгісі; 14- толтыру-босату келтетүтігі; 15- тірсу; 16- люк қакпағы; 17- баспалдақ; 18- көру терезесі, 19- жарықтандырғыш; 20- жоғарғы денгей сезгісі; 21 - ауа клапаны. Я1-ОСВ аппараты
ВК-2,5
ваннасының жартылай
цилиндр түрінде корпусы, ыстық және
суық су өңештері бар жылу алмастыру
кеңістігі, өнімді шығаратын шибер краны
және еденге тұрғызатын төрт тіреуі бар.
Ваннаны сүтпен толтырып, оған ашытқы
қосқан соң сүтті қыздыру және температурасын
тұрақты ұстау үшін «жейдеге» ыстық су
жібереді. Сүт ұйыған соң ыстық суды
төгіп, ұйытқыны салқындату үшін суық
су береді. Шибер-шүмек арқылы даяр
ұйытқыны каптарға салып, қатар-қатар
етіп өздігінен престелетін ваннаға
тордың үстіне қояды.
ВТН-2,5
ваннасынын конструкциясы
да осыған ұксас, ал айырмашылығы ол
тоттанбайтын болаттан жасалған. ТО-2,5
ірімшік жабдықтары жиынтығына ВС-2,5
ваннасы да кіреді. Оның тек ваннасы
алюминийден жасалған. Ванна арбадан
және тордан тұрады, оны ВК-2,5 ваннасынын
шиберлі шүмегінің астына орналастырады.
ВК-2.5 ваннасы: 1-шиберлі кран; 2 - жылуалмастырғыш жейде рубашка; 3-корпус; 4-құбыр; 5-толтыру құбыры; 6-ағызу құбыры
Сипаттамасы :
Сыйымдылығы 2500 литр
Шиберлі кран диаметрі 120 мм
Ұзындығы 3050 мм
Ені 1380 мм
Биіктігі 1070 мм
Массасы 425 кг
