Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy_moloko.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Сүтті сепарирлеу

Сүтті сепарирлеу- өнімді тығыздығы әртүрлі фракцияларға немесе кілегейге және майсыз сүтке сепараторда бөлу процесі.Сепаратор қондырғысында сүт табақшалар арасында жұқа қабатпен жайылады. Жеңіл бөлшектер сепарирлеу қондырғысының айналу осіне, ал ауыр бөлшектер қондырғының шетіне қарай қозғалады. Сепарирлеу сапасына сүттің температурасы, тұтқырлығы әсер етеді, сондықтан, сүттің температурасы 35-40°С болу керек.

  1. сурет . Сүт тазалағыш сепаратор барабанының жұмыс сұлбасы

1-корпус; 2-резеңке сақина; 3-табақша тұғыры; 4- бөлгіш табақшалар пакеті; 5-жаппа корпус; 6-терезе; 7-бекіту гайкасы.

Сүтті гомогендеу

Гомогенизация- май түйіршіктерін өте майда түйіршіктерге бөлу мақсатында механикалық өңдеу процесі. Жаңа сауылған сүтте май түйіршіктерінің мөлшері 2-18 мкм, орташа 4 мкм. Гомогенделген сүтте май түйіршіктерінің мөлшері 1-2 мкм-ге дейін болады.Сүтті гомогендеуге арнайы гомогенизаторды қолданады. Ең кең тараған түрі- клапанды гомогенизатор. Гомогенизатор- үшсатылы плунжерлі насос, тарту құбырында гомогендеу клапаны орналасқан. Плунжерлі насостың әсерінен түзілген қысыммен клапан сәл ашылып, сүт қысыммен өтеді, сонда май түйіршіктері майда бөлшектерге бөлінеді. Гомогендеу температурасы 28-36°С болу керек. Егер гомогендеу пастерлеуден кейін жүргізілсе, онда сүттің температурасы 62-63°С бол керек.Бірақ гомогендеу процесінің ең жақсы нәтижесі сүттің температурасы 60-65°С- та болады. Сүтті гомогендеу қысымы 8-15 МПа.

3-сурет. Клапанды гомогенизатор сұлбасы

Сүтті пастерлеу

Сүтті пастеризациялау дегеніміз- сүтті қайнату дәрежесіне дейін жеткізе қыздыру. Пастеризациялау барысында сүттің дәмі, иісі және қою-сұйықтығы ешбір өзгермей, ауру туғызатын көптеген микроорганизмдер жойылады. Пастеризациялау - ұзақ, қысқа және лезде болып үшке бөлінеді. Ұзақ пастеризациялағанда - сүтті 63- 65 С градусқа дейін ысытады да, осы температурада 30 минуттай ұстайды, қысқа уақытта пастеризациялағанда - сүтті 72-74 С градуста 15-20 секундтай ысытады, ал тез пастеризациялағанда - сүтті 85-87 С градуста лезде ысытып алады. Мұнда сүтті пастеризациялау тем­пературасы мен уақытын мұқият бақылап отыру керек, тек сонда ғана сүттегі зиянды микроорганизмдер жойылуға себеп болады. Сүтті пастеризациялау үшін кейіннен сүтті салқындататын арнайы жабдықты пайдаланады. Пастеризациялаған кезде сүттегі ауру тудыратын бактериялардың споралары өлмейді. Осындай пастеризацияланған сүтті әдеттегі температура жағдайында сақтағанда, олар өсіп-өніп, микроорганизмдер көбейеді де, соның салдарынан сүт тез бұзылады. Сүтті пастеризациялау үшін арнайы машинаны-пастеризаторды пайдаланады. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: сүтті үздіксіз жылытып өңдейтін пастеризатор және сүтті мезгіл-мезгіл ұзақ уақыт пастеризациялайтын пастеризациялық ванна болып бөлінеді. Оның бірінші түріне ОПД-1М барабанды пасте­ризатор, ал екіншісіне ВДП-300, ВДП-600 және ВДП-1000 ванналары жатады.

Сақтау және тасымалдау

Пастерленген сүттің технологиялық үрдісі аяқталғаннан соң ол 0 - 6°С температурада 36 сағаттан артық емес уақыт сақталады және жабық изотермиялық жағдайда тасымалдануы керек. Сүтті алыс жерлерге флягаларда немесе басқа ыдыстарда тасымалдайды, оларды транспортты цистерна деп атайды. Сүтті өңдеу өнеркәсібіне жіберер алдында фермада арнайы ыдыстарда сақтайды. Фермадан өндейтін өнеркәсіптерге сүтті флягтар, автоцистерналар, сүт құбырлары арқылы тасымалдайды. Үлкен көлемдегі (1000 литрдан көп) сүтті цистерналарда машина, темір жолдар, су транспортымен тасымалдайды. Аз көлемдегі сүтті флягаларда, жүк автокөлігімен тасымалдайды, бірақ бұл әдісті қолданғанда жұмыс көп жұмсалады. Автоцистерналар бір немесе бірнеше элипс тәрізді сфералық түптері бар секциялар. Сыртынан секциялар термоизолятормен, ағашпен, пергаментпен қапталған, оның сыртын жұқа көміртекті болатпен қапталған. Ағаш термоизоляцияланған материалын (көбіне металл немесе пенопластты) механикалық бүлінуден, ал сыртқы қабығы ылғалдан қорғайды. Автоцистерналардың сиымдылығы 1250, 2300, 3800, 5000 л болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]